Сабақтың жүргізілу барысы
Мәтіналды жаттығулар
1-тапсырма. Шеңбер бойымен тұрып, жасыл түспен берілген сөздерден бастап
оқы. Осы сөздің мағынасын қызыл түспен жазылған сөздің ішінен тауып айт.
Естимін
Айтамын
Естимін
Айтамын
Естимін
Айтамын
жарасар
дұрыс
түз
батырлар
киген сауыт
жебе
тұлпар
арғымақ
садақтың
оғы
жөн
үйлесер
көбе
үйден алыс
2-тапсырма. Жігіттің бойында қандай қасиеттер болуы керек? Осы туралы ойланып,
жұбыңызбен ой картасын толтыр.
Мәтінмен жұмыс кезеңі
3-тапсырма. Ізбасты шешеннің «Қас жүйріктің белгісі» туындысын тыңда. Мәтін
бойынша жақсы және жаман жігіттің белгісін бөліп жаз.
4-тапсырма. Жұбыңызбен талқылып, сұрақтарға жауап бер.
Шығарма не туралы?
Автор шығарма арқылы қандай ой тастайды?
Автордың пікірімен келісесіз бе?
Шығарма тақырыбы бүгінгі заманда қаншалықты өзекті?
Айтылым
5-тапсырма. «Жігіттерді жақсы мен жаманға бөлуге бола ма?» тақырыбында алты топқа
бөлініп, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша пікір білдір.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Т
Т
А
8.2.
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин әңгімелері
Оқу мақсаттары
8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың
композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -
әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру
Сабақ мақсаттары
Әңгіменің композициялық құрылымын анықтайды;
кейіпкердің әрекетіне баға береді.
Құндылықтарды дарыту Адамгершілік
Бастапқы білім
«Жақсы жігіт белгісі»
Тірек сөздер
Қанағат, әке тәлімі, шеше ақылы
Сабақтың жүргізілу барысы
Мәтіналды жаттығулары
1-тапсырма. Сөздерді мағынасына сай орналастыр.
1. ____________ - жылқының тұяғы тозбау үшін қағылатын темірден жасалған құрал.
2. ____________ - ақырын, асықпай жүру.
3. ____________ - өзінің қасына алып, бірге жүру.
4. ____________ - барға ризашылық ету.
5. ____________ - бірнәрседен қалған қалдық.
6. ____________ - босқа, бекерге.
7. ____________ - шебер адам.
Мәтінмен жұмыс кезеңі.
2-тапсырма. Әңгімелерді түсініп оқы. Екі әңгіменің мазмұнын салыстыр.
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір
ескі тағасын көріп, баласына айтты: — Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп
алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі
қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие
сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына
түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер
өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ
қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды.
Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір
Шығармадан үзінді
тыңдап, тақырыбы мен
идеясын анықтайды.
Сұрақтарға жауап береді;
шығарманың тақырыбын бүгінгі өмірмен салыстырады;
өмірден мысалдар келтіреді.
Пікірталасқа қатыстып, өз
пікірін сенімді дәлелдейді
Өзіне тиесілі қалпаққа сай ой білдіреді;
сенімді сөйлейді;
дәлел келтіреді.
О
Ертіп жүру, таға, ұста, аяңдап жүру, қанағат, құр, қиқым.
О
әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі
тоқтап тұрып айтты: — Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп
алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің
орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп
жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.
Бір уыс мақта
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып,
ақыл айтты: - Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да
керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала
киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады: -
Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп. Шешесі: - Балам, сол да жерде
қалмайды,- деді. Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел
көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана
алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен: - Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны
неғылады? – деп сұрады. Әжесі айтты: - Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан
сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық
етеді,- деді.
(Ыбырай Алтынсарин)
3-тапсырма.Мәтіндер бойынша «Шын немесе жалған» тапсырмасын орында.
Шын
Жалған
Тағаны бірге алып жүруге бала бірден келісті.
Әке тағаны ұстаға сатты.
Тағаны сатқан ақшаға әкесі шие сатып алды.
Әкесі жол бойына балаға бір шиеден қолына беріп отырды.
Соңында әкесі баласына өз ақылын айтты.
Шешесі шапан жамап отырды.
Қыз мақтаның қиқымын терезеден лақтырды.
Мақтаның қиқымын жел ұшырып әкетті.
Шешесі қызына өз ақылын айтты.
4-тапсырма. Әңгімелердің композициялық құрылымын анықтап жаз.
Мәтіннен кейінгі кезең
5-тапсырма. Кейіпкерлердің әрекеті туралы не ойлайсың?
Сюжеттің басталуы - оқиға
басталмастан бұрынғы
жағдай, қоғамдық орта,
оқиға орны суреттеледі.
Сюжеттік байланыс –
әрекеттің басы, тартыстың
басталуы.
Шарықтау шегі – ең негізгі
маңызды оқиғалардың
өрбуі.
Шешім – көріністердің
соңғы сахнасы, оқиғалар
мен тартыстардың
аяқталуы.
О
Достарыңызбен бөлісу: |