Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептер үшін) Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 8-сынып



жүктеу 7,04 Mb.
Pdf просмотр
бет50/50
Дата17.01.2020
өлшемі7,04 Mb.
#26985
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

 
 
Қазақ елінің тарихын, оның болмысын, туған жердің әсем табиғатын бейнелеу оның 
басты  тақырыбы  болды.  Ол  –  туған  жері  мен  өскен  елін,  халқының  бірегей  және 
ұмытылып  кеткен  дәстүрлерін  шежіре  ретінде  көркемдеп  жеткізген.  Ол  Шоқан 
Уәлиханов,  Абай  Құнанбаев,  Жамбыл  Жабаев,  Амангелді  Иманов,  Біржан-сал,  тағы  да 
көптеген қазақ халқының ұлы тұлғаларының портреттерін салды. 
 
8-бөлім: Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым»  
 
ЖАҚСЫ ЖІГІТ БЕЛГІСІ 
Жақсы туған жігітті 
Жаным десе жарасар. 
Жақсы ұл туған қатынды 
Ханым десе жарасар. 
Жақсы туған жігітке 
Бүкіл елі таласар. 
Жаман туған жігіттер 
Қара жолдан адасар. 
 
Арғымақ аттың құйрығы 
Сатса жібек, кессе қыл. 
Жақсы жігіт белгісі 
Түзде мырза, үйде құл. 
 
Қошқар болар тоқтының 
Маңдай жері дөң болар. 
Адам болар жігіттің 
Айтқан сөзі жөн болар. 
 
Би болатын жігіттің 
Төбеде болар жұмысы. 
Мерген болар жігіттің 
Жебеде болар жұмысы. 
 
Батыр болар жігіттің 
Көбеде болар жұмысы. 
Қызық көрер жігіттің 
Бүркітте болар жұмысы. 
Жаман болар жігіттің 
Жалаңаяқ, жалаңбас 
Итте болар жұмысы. 
 
8-бөлім: Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым» 
 
 
..Қарабай — Сарыбаймен мерген екен. 
Күні жетіп Сарыбай өлген екен. 
Бұл ауғалы он үш жыл болып қапты, 
Қыз Баян да он төртке келген екен. 
Тал шыбықтай бұралған өзі көрім, 
Мінеки оны айтатын келді жерім, 
Қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян, 
Сипаты жаннан аскан ол бір серім! 


 
 
Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты! 
Шашынын ұзындығы тізін басты. 
Гүл төгілер аузына меруерт тісті, 
Ондай жан дүниеде жаралмас-ты. 
Аппақ көрік 1 мандайы, қылығы наз. 
Малың түгіл басыңды берсеңдағы аз. 
Сыртынан күлімсіреп сөйлессе де, 
Көңілі қош болмайды, баймен араз. 
Жұрт айтатын темірлі күймесі бар, 
Қозы Көрпеш дегенде дүниесі тар. 
Анда-санда болмаса сөйлеспейді, 
Жалғыз жатып Қозы үшін кылады зар 
Киімі Баян кыздың бәрі — жібек, 
Алтын сырға, білезік жаннан бөлек, 
Үлде-бүлде, мамықтан төсектері, 
Екі апаның көңілі тіпті зерек. 
 
9-бөлім: Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер 
 
Халықаралық  табиғат  қорғау  одағының  “Қызыл  кітабы”  –  халықаралық  дәрежедегі 
құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, 
айрықша  қорғауды  қажет  ететін  жануарлар  мен  өсімдіктердің  түрлері  тіркеледі. 
Жануарларды  халықаралық  дәрежеде  қорғау  мәселесі  20  ғасырдың  бас  кезінде  қолға 
алынды.  1902  ж.  Париж  қаласында  алғаш  рет  Құстарды  қорғаудың  халықаралық 
конвенциясына  қол  қойылды.  1948  ж.  ЮНЕСКО-ның  жанынан  Халықаралық  табиғат 
қорғау  одағы  ұйымдастырылды.  Ең  алғашқы  Қызыл  кітап  1963  жылы  жарық  көрді. 
Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 ж. 2 том болып шықты. Оның 
1-томында  сүтқоректілердің  211  түрі,  2-томына  құстардың  312  түрі  туралы  деректер 
берілді.  Кейінгі  жылдары  Қызыл  қітап  толықтырылып,  1-томы  сүтқоректілерге,  2-томы 
құстарға,  3-томы  қосмекенділер  мен  бауырымен  жорғалаушыларға,  4-томы  балықтарға 
арналды,  ал  5-томы  жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  түрлеріне  арналды.  1983  ж.  шыққан 
Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген 
түрлерді  сақтап  қалу  үшін  оларды  зоологиялық  парктерде  қолдан  өсіріп,  көбейту 
шаралары  қолға  алынған.  Соның  нәтижесінде  соңғы  Қызыл  кітапқа  тіркелген 
сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 
түрі  дүниежүзілік  зоологиялық  парктерде  қолдан  көбейтілген.  Халықаралық  табиғат 
қорғау  одағының  Қызыл  кітабын  шығаруға  Құстарды  қорғау  жөніндегі  халықаралық 
кеңес,  Су  құстарын  зерттейтін  халықаралық  бюро,  Жануарларды  қорғау  жөніндегі 
бүкіләлемдік  федерация,  т.б.  ұйымдар  қатысады.  Қызыл  кітап  табиғат  қорғаудың  негізгі 
іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады. 
https://kk.wikipedia.org/ 
10-бөлім: Наурыз және әлем халықтары-ның оны қарсы алу ерекшеліктері 
Наурыз салты туралы ұғым 
         Қазақ  халқы  Наурыз  тойын  өткен  ғасырларда  өте  үлкен  мейрам  ретінде  дабыралы 
өткізген. Осы кезде оның дәстүрлі әдебиеті мен мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-санасы, өткен 
тарихы, бүгінгі мен болашағы көгенкөз жас буын ұрпаққа үгіттеліп отырған.  
1.  Қазақ  халқы  наурыз  күнінен  бір  күн  бұрын  үйлерін  қағып-сілкіп  тазалайды.  Мереке 
күні  киетін  сәнді  киімдерін  әзірлейді.  Мейрам  күні  кір  жумайды.  Кір  жуса  үйден  «құт 
үркеді». Бастан бақ таяды. Егер сол күні білмей кір жуса, қолы қалтақ болады деп нанады. 
Ескі-құсқы  киімдері  болса  жаға  түймесін  үзіп  алып  қалады.  Қалғандарын  отқа  жағып 
жібереді.  


 
 
2.   Қазақтың ежелгі ұғымында 21-наурыз күні жер иесі Қызыр ата даланы аралайды екен.  
3.  Қазақ  халқындағы  Наурыз  күнінің  тағы  бір  басты  ерекшелігі  сол  күні  бір-біріне 
жолыққан адамдар ерекше жылы жүзбен сәлем береді, төс қағыстырып амандасады. Бір –
біріне жаңа жыл тілегін білдіреді. Мәселен,  
Ассалаумаалейкум! 
Ұлыс күн оң болсын, 
Қайда барсаң жол болсын. 
Алдыңнан шығып Қызыр, Ілияс,  
Құрметтеп саған қол берсін.  
4.  Қазақ соғымынан қалған сүр ет, болса қойдың басы, сүт, қатық, тары, бидай, сарымсақ 
қатарлы  жеті  тағамды  қосып,  қазан  толы  «Наурыз  көже»  немесе  «Тілеу  көже»  жасайды. 
Ал,  Ұлыс  күні  ауыл  адамдары  бірінің  үйіне  бірі  қыдырады.  Ұлыс  күнге  арнап  жасалған 
тағамдардан ішіп-жейді. Соның ішінде «Тілеу көжені» тойып ішу ырымы бар. Ал қойдың 
басын  ауыл  ақсақалдарына  таратады.  Жастарға  бермейді.  Себебі,  жасында  кәрілік 
келмесін, әдепсіз болып ауыл ақсақалдарының алдынан өтпесін деген жолды, жоралғыны 
білдіреді.  
5.    Қазақ  Наурыз  күні  таңмен  таласа  тұрады.  Өйткені,  «Ұлыс  күні,  Алланың  жанындағы 
жақсылар  періштесі  жерге  түседі.  Таңмен  таласып,  жақсы  іс  істеген  адамдарға  бақыт 
нұрын  шашады,  құт  береке  дарытады.  Күн  шыққанда  ұйықтаған  адам,  сол  бақыт  пен 
бақтан  құр  қалады»  деп  нанады.  Атам  қазақта  ерте  тұрған  ердің  ырыздығы  артық,  ерте 
тұрған  әйелдің  бір  ісі  артық»  деген  мақал  бар.  Осы  мақалдың  мәнін  мықтап  ұстанған 
аталарымыз  бен  аналарымыз  Наурыз  күні  ерте  тұрған.  Ерлер  қолдарына  кетпен,  күрек 
тағы да басқа құралдар алып, бұлақ көздерін ашады, су жолдарын аршиды. Ағаш егеді. 
Б.Бопайұлы «Наурызнама», 11-12 беттер 
 
11-бөлім: «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» 
 
Қазақстан тарихында мұнай аса маңызды рөл атқарды. Ғылыми сипаттама бойынша, 
«мұнай  –  бұл  газ  тектес  және  басқа  да  заттардың  сұйық  ерітіндісінен  құралған 
көмірсутегінің  күрделі  қоспасы».  Осы  «қара  алтыннан»  алынатын  бірнеше  мыңдаған 
заттардың  тізімі  бір  парақ  қағазбен  бітпейді.  Бір  кезде  Д.И.Менделеевтің  өзі  «пешке 
мұнай жағу оған қағаз ақша жағумен бірдей» деп айтқан еді. 
Қазақстан  аумақтарынан  сонау  ерте  замандарда-ақ  мұнайдың  табылғанын  алғашқы 
деректер  дәлелдейді.  Алайда  Қазақстан  мұнайына  тек  XVII  ғасырдың  соңында  ғана 
патшалық  Ресейдің  тарапынан  ерекше  назар  аударыла  бастады.  XVIII-XIX  ғасырлардың 
өн  бойына  Ресей  өзінің  жетекші  топографтарын,  геологтары  мен  тау-кен  инженерлерін 
Батыс Қазақстанға жіберумен болды. 
1892  жылы  Батыс  Қазақстан  аумағында  орналасқан  жекелеген  жер  телімдеріне 
барлау  жұмыстарын  жүргізу  туралы  орыс  кәсіпкерлерінің  алғашқы  өтінімдері  келіп 
түседі. Доссор, Қарашұңғыл және Ескене жерлеріне тұңғыш өндірістік барлау жұмыстары 
жүргізіледі. 
Қазіргі кезде біздің еліміз табылған мұнай қорының көлемі  жөнінен дүние жүзінде 
12-ші  орында,  газ  бен  газ  конденсаты  жөнінде  –  15-ші  орында  тұр.  Әлемдегі  соңғы  30 
жылда  ашылған  тағы  бір  өте  ірі  мұнай  кен  орны  –  Каспий  теңізінің  солтүстігіндегі 
Қашаған    мұнай    кеніші    еді.  Бүгінде  одан  алынатын  мұнай  қоры  10  млрд.  баррель  деп 
бағаланады. 
Бұл  кен  орнының  ашылуы  Қазақстанды  әлемдегі  ең  мол  көмірсутегі  ресурстарына 
иелік  етуші  негізгі  елдердің  қатарына  кіргізді.  Осыншама  мол  мұнай  қорының  табылуы 
Каспий  аймағына  деген  бүкіл  әлем  елдерінің  қызығушылығын  туғызып,  оның 
инвестициялық тартымдылығын арттырды. 
 
11-бөлім: «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» 
 
11.4  сабақ  


 
 
Менің ғарышқа деген көзқарасым, басқа да адамдардікі сияқты, ерекше болды. Бұл –
тылсым дүние. Бір қызығы, Байқоңыр жерінің ғарыштық болашағы туралы, өз заманында 
Қорқыт  ата  көріпкелдікпен  айтып  кеткен.  Сақталып  қалған  аңыздарда  Қорқыт-атаның 
қасиетті  жерді  іздегені  айтылады.  Оның  соңынан  ылғи  да,  өзі  қатты  қорқатын  өлім  еріп 
жүреді. Ақырында ол ғайыптан: «Егер жердің кіндігін тапсаң, онда аман қаласың» деген 
сөзді  естиді.  Қорқыт  ата  Шығыстың  көптеген  елдерінде  болады.  Еш  уақытта  соғыс, 
табиғат  апаттары  болмайтын  және  өлім  дегенді  білмейтін  жерді  іздеген.  Ол  Жер 
бетінде сондай жердің бар екеніне сенген. 
        Ақырында,  Қорқыт  ата  туған  жеріне,  Сырдарияның  жағасына  қайтып  оралады. 
Өлерінің  алдында  ол  өзінің  қасиетті  жерді  тапқанын  айтады.  Бұл  жер  –  Сырдарияның 
бойы екен. Ол өзі көз жұмған жерін «жер кіндігі» деп атаған көрінеді. Қорқыт ата дәл осы 
жерде өзінің аспанмен және Жаратушымен байланысты сезінгенін айтыпты. 
         Талай  ғасырлар  өткеннен  кейін,  Сергей  Королев  бастаған  кеңес  ғалымдары  ғарыш 
айлағын  салу  үшін  қазіргі  Байқоңырды  таңдап  алды.  Бұл  Қорқыт  ата  жерленген  өңірге 
таяу  тұрған  жер.  Ол  қателеспепті.  Бірнеше  ондаған  ғарыш  айлақтарының  ішінде  
Байқоңыр  өзінің  орналасуы  бойынша  ең  қолайлысы  деп  табылды.  Ол  экваторға  жақын 
орналасқан.  Механиканың  заңы  бойынша  ғарышқа  ұшыру  үшін  отын  аз  жұмсалатын 
көрінеді. Сонымен  бірге  экватордың  өзінде  орналасқан  ғарыш  айлақтарынан  ерекшелігі 
сол, мұнда жауын-шашын жоқтың қасы. Күн жылдың 300 күнінде жарқырап тұрады. 
Шынында,  Байқоңыр  дүние  жүзі  ғарышкерлігінің  бесігіне,  ғарыш  орталығына,  адамдар 
ғарышқа  аттанатын  Жердің  айлағына  айналды.  Дәл  осы  жерде,  қазақ  жерінде,  олар 
ғарышкерлер атанды. 
«Қазақстан жолы», Н.Ә.Назарбаев  
 
12-бөлім: Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті 
 
12.1. Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері 
Айтыс  –  халық  ауыз  әдебиетінің  ерекше  бір  түрі.  Айтыс  қазақтан  басқа  арабтың 
бәдеуилер  тайпасында  және  түрік  тілдес  елдердің  бірқатарында,  ірі  ақындар  айтысы 
Үндістан  халықтарында  бар.  Айтыс  –  әдебиет  жанры  болғанымен,  ертеден  қалыптасқан 
халықтық  дәстүрдің  үлкен  түрі.  Ойын,  той,  ас,  қыз  ұзату,  келін  түсіру  сияқты  қазақ 
тойларына айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін 
көтере түскен.  
Айтыстың  ескі  түрі  деп  есептелетін  бәдік  айтысының  негізінде  адам  баласының 
табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш 
туды, оны айту қиын. 
Айтыстың  дамуы  XIX  ғ.  етегін  кеңірек  жайған.  Осы  дәуірде  өмір  сүрген  атақты 
ақындар:  Шөже,  Балта,  Орынбай,  Кемпірбай,  Сүйінбай,  Омарқұл,  Мұрат,  Сүгір,  Бала 
Омар, Біржан, Сара, т.б.  
Ақындар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтысар тақырыбы 
белгісіз  болады.  Екі  ақын  да  бірін-бірі  тығырыққа  тіреу  үшін,  бірін-бірі  сүріндіру  үшін, 
өмір  құбылыстарын  жұмбақ  етіп  те  тартады.  Мұның  бәрі  ақындардан  сөзге  жүйріктікті, 
білгірлікті,  тапқырлықты  қажетсінумен  қатар,  ел-елдің  шежіресін,  тарихын,  жер  жайын, 
этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен 
ештеңе  өндіре  алмайды,  сайыста  дәрменсіз  болып  қала  береді.  Жаттанды  сөз  қолдану 
ақынға абырой әпермейді. 
Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да ерекше 
орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық 
қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.      
 
http://kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/231-kazak-adebieti/2513-aitis-onin-
tyrleri.html
 
 
 


 
 
13-бөлім: Қазақстан - Байқоңыр-Ғарыш 
 
13.1.Тыңдалым мәтіні /транскрипт/ 
Ғарышкерлер: «Скафандрды тексеру аяқталды»,-деп баяндайды да, беттеріне мөлдір 
пердені түсіреді. Енді ұшуға болады. 
Кеме  іші  суытып  кетті  делік.  Қорқатын  ештеңе  жоқ.  Ғарышкер  скафандрдағы  бір 
тетікті баса қойса, ол жылытқышқа айналады. Ал егер ыстық болса ше? Онда скафандрды 
шешпей-ақ, оның ішін желдетіп алуға болады. Дулығаның әйнегі терлеп кетсе ше? Киім 
дымқыл тартса? Басқа бір тетікті баса қойыңыз. Скафандр лезде құрғап шығады. 
Егер  ешқандай  қиындықтар  болмай,  ғарышкерлер  ғарыштағы  үйлеріне  аман-есен 
жетсе, ол жерде скафандрдың керегі бар ма? Әрине, бар. Ғарышкерлерге ашық кеңістікке 
шығуға тура келеді. Станцияны сыртынан қарап, бақылаулар жасау керек. Сонда қайтпек? 
Ғарышта  аяз  бен  ыстық  қатар  болып  отырады.  Мұндайда  жан  сақтайтын  жалғыз  амал  – 
скафандр. Оның ішінде ауаның қысымы бірқалыпты. Демалуға жеңіл. Скафандр радиомен 
жабдықталған.  Ғарышкерлер  кемеден  қанша  алыстаса  да,  кеме  ішінде  қалған 
жолдастарымен  еркін  сөйлесе  алады.  Жалпы  скафандрды  киім  демей,  жеке  кабина  деп 
атаса, әлдеқайда дұрыс болар еді. Тек бұл кабина металдан емес, жұмсақ, берік әрі сенімді 
материалдан адамның бойына шақтап тігіледі. 
«Негеш» энциклопедиясы 
 
13.4.сабақ 
Төртінші перне немесе Назарбаевтың қолқасы 
Кім көрінген кесімді сөз айта алмайды. Адамның өз беті болады. Өз бетінше өмір 
сүру, өз бетінше шешім қабылдау ер мінез адамның ғана қолынан келетін шаруа. Тоқтарға 
ғарышқа ұшу туралы екі мәрте ұсыныс жасалыпты. Мұның алғашқысында сүйікті ісін 
тастағысы келмегендігі себептен бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан-ақ 
жарияланып кетіп, қызық болған екен. 
Шымбұлақта  демалып  жүрген  жерінде  бір  танысы  телефон  соғып,  “Теледидарды 
қосшы,  сен  туралы  айтып  жатыр”,  дейді.  Онда  Тоқтар  Әубәкіров  ғарышқа  ұшуға 
дайындалып  жатыр  деп хабарлайды.  Өмірбақи  өз  бетінше  өмір  сүріп  келе  жатқан  батыр 
жігіт  өзінің  сыртынан  бұлай  тон  пішкенге  күйіп-пісіп,  “Менің  жеке  өміріме,  тағдырыма 
қол  сұққандары  қалай?”,  деп  тұрғанда  Президент  Назарбаевтың  қабылдауына  таңертең 
келіңіз деген хабар алады. 
Ертесіне  Президентпен  кездесуге  барады.  Барған  бетте  ғарышқа  ұшудан  бас 
тартатынын мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы: 
– Тоқтар, бауырым! – деп майда қоңыр даусымен бауырына тартып сөз бастайды. – Мені 
дұрыс түсін, бұл ұшу сен үшін, я болмаса мен үшін қажет емес, біздің қазақ халқы үшін 
керек. Білесің бе: Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал 
сол  жердің  иесі  –  қазақтар  “Біздің  жерден  біздің  ғарышкер  қашан  шығады?”  деп 
армандаумен  келеді.  Өзіңді  туған  сол  халықтың  арманын  орындаудан  неге  бас 
тартпақсың,  а?  Оның  үстіне  сен  барлық  жағынан  дайын  тұрсың...  Керек  десе,  Кеңес 
Одағының Батырысың! – дейді. 
Аталы сөзге тоқтаған қазақ емеспіз бе: Тоқтар осы сөзге тоқтайды. Бірақ батырдың 
аты  –  батыр  ғой,  Елбасына  өзінің  келісімін  бере  отырып,  бірнеше  шартын  да  қойып 
үлгереді. Онысы Қазақстанның ғарыштық ғылыми бағдарламасы болсын деген тілек еді. 
Талғат  Сүйінбайдың  кітабында  Елбасы  мен  Тоқтар  Әубәкіровтің  арасындағы 
әңгіме түйіні былай көрініс тапқан. 
“Қалайда осы қазір ұшуға тиіссің!”, – деді Елбасы. 
“Ұшамын!..” – дедім мен. 
“Қазағың үшін басыңды қауіп-қатерге тігесің”, – деді ол. 


 
 
“Тігемін!..” – дедім... 
–  Байқоңырдағы  “Энергия”  ғылыми-өндірістік  бірлестігінде  “Халқым  үшін, 
қазағым  үшін  өліп  кетуге  дайынмын!..”  деген  таспаға  жазылған  сөздер  бар.  Қажет  деп 
тапсаң, барып көруіңе болады... 
Тоқтардың ғарышқа ұшу кезеңі қазақтың Азаттық туралы арманының орындалуға 
бет  бұрған  уақытпен  тұспа-тұс  келді.  Елбасымыздың  күш  салуымен  1991  жылғы  21 
қаңтарда Тоқтар Әубәкіровтің кандидатурасы жедел түрде бекітіліп, бас-аяғы төрт айдың 
ішінде  бүткіл  дайындықтан  сүрінбей  өтіп,  1991  жылдың  2-10  қазаны  аралығында 
қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7 тәулік, 22 сағат, 12 минут, 40 
секунд ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды. 
 
Нұртөре Жүсіп «Қыран қазақ» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқу-әдістемелік басылым 
 
Козганбаева Ментай Толеухановна 
Жакыпжанова Асель Сериковна 
Максутова Жансауле Артуровна 
Саулебаева Асия Едиресовна  
Утешова Алмагуль Турбаевна 
Опина Гулим Талгатовна 
Кулмагамбетова Акслу Шинбулатовна 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 
 
Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 
 
8-сынып 
 
 
Әдіскері Н.Ж. Даулеткереева 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мекен-жайы: 010000,  Нұр-Сұлтан қ., Хусейн бен Талал көшесі,  
21/1 ғимараты 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 
«Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы 
 

жүктеу 7,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау