Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірі үстіне
бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін
аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бірі үстіне
бірі үйіліп,
баурын көтеріп қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді.
Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып
шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі
қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін - ең
кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды.
Ін қаңырап қалды... Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз-түні у-шу болып
жатты. Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар өлтірілді. Далада құлындаған
биелердің бірнеше құлындары желінді...
Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды. Көзін ауылға келгесін екі
күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш «Көксерек» деп ат қойып
алды. Ертенді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды.
Баурын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен
шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің
қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында
Көксерек жатады.
Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай да
болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсендеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден
сонша үлкен емес. Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит
мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны
талап та тастайды. Өзге көп ит те ырылдап үріп,
кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып
кетеді.
Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді. Бірақ ержете бастаған сайын бұдан иесі көз
жазып қала берді. Сондай кезде Көксерекке ылғи жау иттер кездеседі...
Көркем шығармада қандай тақырып көтерілген?
Қасқыр інінің қаңырап қалуына не себеп болды?
Құрмаштың күшікке бауыр басып қалуының салдарын болжап көр.
Мәтін негізінде екі сұрақ құрастырып, сыныптасыңнан жауап ал.
3-тапсырма. 1-топ «Көксерек», 2-топ «Құрмаш» портреттерін тірек сөздерді қолданып,
суреттеп бер (асыраушы, қатал, ызалы, қарсы келу, дос көрмейді, жақындатпайды,
аяушылық білдіреді, т.б.).
Перифраз – сөйлемге тілдік өзгерістер
жасай отырып, белгілі бір ойды басқа сөзбен жеткізу.
Перифраз жасау тәсілдері:
Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру.
Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б.
Түпнұсқа: Ауа райы өзгерісі адам денсаулығының нашарлануына әкеп соқты.
Перифраз: Ауа райы өзгергендіктен адам денсаулығы нашарлады.
Синонимдерді қолдану.
Түпнұсқа: Менің апам ажарлы адам.
Перифраз: Менің апам әдемі жан.
9.3 Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер
М.Әуезов «Көксерек», «Қасқыр» әңгімелері
Оқу мақсаттары
8.2.4.1 идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар
желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнынның дамуын
салыстыру және талдау
Сабақ мақсаттары
мәтіндердегі мазмұнының дамуын салыстыру және
талдау
Құндылықтарды дарыту
жауапкершілік, құрмет
Пәнаралық байланыс
биология
АКТ қолдану дағдылары
PowerPoint презентациясы
Бастапқы білім
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Тірек сөздер
бөлтірік, көкжал, шабуыл, бағып-қаққан, қиянат,
қаңырап қалды, иесі
Қажетті ресурстар
Венн диаграммасы, маркерлер, А3 форматындағы қағаз
Сабақтың жүргізілу барысы
Оқылымалды тапсырмасы
1-тапсырма. Кітап мұқабалары мен тірек сөздерге назар аударып, әңгіме мазмұнындарын
болжап көр. Кестеде берілген тірек сөздердің мағынасымен таныс.
2-тапсырма. М.Әуезов «Көксерек» және «Қасқыр» әңгімелерінің үзіндісін оқып,
төмендегі тапсырмаларды орында.
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі (үзінді)
..Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос
көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та
тастайды. Өзге көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді.
Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді. Бірақ ержете бастаған сайын бұдан иесі көз
жазып қала берді. Сондай кезде Көксерекке ылғи жау иттер кездеседі...
…Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Оқушы
Перифраз түрінде
берілген сұрақ
арқылы қажетті
ақпаратты анықтау
1
- берілген сурет пен сұрақтар
негізінде әңгіме
мазұмнын болжайды;
2
-сұрақтар арқылы қажетті ақпаратты анықтайды;
3
-Құрмаш пен Көксеректі 2-3 сөйлеммен сипаттайды;
-тірек сөздерді
орынды қолданады;
Сөздер
Мағынасы
Бөлтірік
қасқырдың күшігі
Көкжал
қасқырдың арланы
Қиянат
адамға жасалған зорлық-
зомбылық
Бағып-қағу
асырау, тәрбиелеу
Қаңырап
қалды
бос қалды