1-бөлім: Білім. Ғылым. Инновация
1.1 Сабақтың тақырыбы: Ғарыш саласындағы зерттеулер
Оқу мақсаттары
8.1.1.1 Мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар
арқылы көтерілетін мәселені болжау.
8.1.5.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды
қолданып, ауызша мәтіндер құрау.
Сабақ мақсаттары
Мәтінде көтерілетін мәселені болжайды.
Берілген тақырып төңірегінде ауызша мәтін құрайды.
Құндылықтарды дарыту
өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік
Пәнаралық байланыс
астрономия
АКТ қолдану дағдылары
Power Point презентациясы
Тірек сөздер
жерсерік, бағыт, құштарлық, ауқымды, күш жұмсау
Қажетті ресурстар
таратпа қағаз
Сабақтың жүргізілу барысы
Тыңдалымалды тапсырмалары
1-тапсырма. Тірек сөздерді мағыналас сөздермен сәйкестендіріп көр.
Тірек сөздер
Сәйкестендіру
бағаны
Мағынасы немесе синонимі
(әмбебап сөздік - kitap.kz)
1. бағыт
А) мықтылық жасады
2. жерсерігі
Ә) жол желісі
3. құштарлық
Б) кең, аумақты (көлемді, үлкен,
қомақты)
4. ауқымды
В) қызығушылық, әуестік
5. күш жұмсады (тұрақты
тіркес)
Г) жердің жасанды спутнигі
2-тапсырма. Тірек сөздер, суреттер арқылы мәтінде көтерілетін мәселені анықтап көр.
Тыңдалым тапсырмасы
Т
3-тапсырма. Мәтінді бірнеше рет тыңдап, сөйлемдердегі бос орынды толықтыр.
Сұрақтарға тірек сөздерді қолданып жауап бер.
1. Ғарыш технологияларының _____________, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп
отырғаны сөзсіз.
2. Осы уақытта орбитада мыңдаған ______________ ұшып жүр.
3. Қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ______________ байланысты.
4. Ресей, АҚШ, Қытай елдері қандай бағыттарда жұмыс жасайды?
_______________________________________________________________________
5. Ғарыштық ғылыми жобалар үшін қандай қаражат қажет екен? ___________________
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
4-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» Кестеде берілген тапсырмалардың біреуін таңда.
Ауызша дайындалып, сыныппен бөліс.
«С»
Мәтін мазмұнында не қамтылғанын түсіндіріңіз.
Елдердің ғарыш саласын зерттеудегі мүмкіндіктеріне мысал келтіріңіз.
«В»
Ғарыш технологиялардың ғылым мен техника саласындағы жетістіктерін
анықтап, дәлел келтіріңіз.
«А»
Еліміздің ғарыштық ғылыми жобаларды іске асыру жағдайын бағалай
отырып, түйін жасаңыз.
5-тапсырма. «Ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер»
Елімізде ғарыш ғылымындағы жетістіктерді көбейту үшін қандай іс-шаралар қажет деп
ойлайсың? Төмендегі кестені қолданып, ұсынысыңды білдір.
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Оқушы
Мәтін тақырыбы,
тірек сөздер,
иллюстрациялар
арқылы көтерілетін
мәселені болжау.
2
- мәтінде көтерілген мәселеге болжам
жасайды;
3
- мәтінді тыңдап, берілген сөйлемдерді қажетті
сөздермен толықтырып, әр сұраққа ақпарат табады;
Тұрақты тіркестер
мен көркемдегіш
құралдарды
қолданып, ауызша
мәтіндер құрау.
4
- кестенің көмегімен тақырып төңірегінде пікір
білдіреді;
5
- мәтін құрауда тұрақты тіркес, көркемдегіш құралды
орынды қолданады
Мәселенің
туындау себебі
Көтерілген
мәселенің
салдары
Мәселені
шешу
жолдары
1-бөлім: Білім. Ғылым. Инновация
1.2 Сабақтың тақырыбы: Т.Сұлтанбеков «Ғажайып планета» әңгімесі (үзінді)
Оқу мақсаттары
8.1.5.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды
қолданып, ауызша мәтіндер құрау.
Сабақ мақсаттары
ауызша мәтін құрауда тұрақты тіркестер, көркемдегіш
құралдарды орынды қолданады
Құндылықтарды
дарыту
өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік
Пәнаралық байланыс
астрономия
АКТ қолдану
дағдылары
Power Point презентациясы, интерактивті тақта
Бастапқы білім
Ғарыш саласындағы зерттеулер
Тірек сөздер
сиқырлы, жат планеталықтар, ергежейлі, атсалысты
Қажетті ресурстар
суреттер, әңгіме үзінділері басылған таратпа қағаз
Сабақтың жүргізілу барысы
Айтылым
1-тапсырма. Тірек сөздерді төмендегі суреттермен сәйкестендір. Кітап мұқабасы мен
суреттер бойынша «Ғажайып планета» әңгімесінің мазмұнын болжап көр.
2-тапсырма. Т.Сұлтанбековтың «Ғажайып планета»
әңгімесін оқып, төмендегі тапсырмаларды орында.
«ҒАЖАЙЫП ПЛАНЕТА»
(фантастикалық әңгіме үзіндісі)
... Дабыл! Дабыл! Дабыл! – ғарыш кемесі істен шықты, тезірек қосымша кеме басқару
жүйесін іске қосу қажет. Тез қимылдаңдар! – деген адамның қатты даусы шықты. Ол зор
дауысты адам кеме басшысы Тұрлан Мергенұлы болатын. Бір ғана секундтың өзі талай
адамның тағдырын шешеді. Сондықтан да «Ғарыш» кеме флотының тобына асығуға тура
келді. Кеме басшысы Тұрлан Мергенұлы жан-жағын жиі-жиі бақылап ілгері басып келеді.
А
Достарыңызбен бөлісу: |