Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институтының Әдістемелік Кеңесі ұсынған Ақтӛбе 2011



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет8/41
Дата06.02.2020
өлшемі1,49 Mb.
#28307
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41

 
 
 
3. 
 
4-курс педпрактикасы бойынша 
 
практика алдындағы және кейінгі    жҧмыстар 
 
Практика алдында: 
1)  Студенттердің осы практика мазмұнына сай теориялық практикалық 
біліммен қарулануы жайлы диагностика жасалады.  
2) Силлабус  таратылады. 
3) Педконсилиум: студенттің   практикаға дайындық (әдістемелік, ғылыми-
зерттеу жұмыстары) диагностикасын талдау; қатынасушылар: 
пр.жетекшісі, әдіскерлер, кафедра меңгерушісі. 
4) Педконсилиум қорытындысы бойынша қосымша дайындық жұмыстары 
5)  Портфолиоға    студенттің  практикаға  дайындық  деңгейін  кӛрсететін 
диагностикалар қорытындысы т.б. құжаттар салынады. 
  Практикадан соң: 
1)  Практика барысында толықтырылған портфолио тексеріледі.   
2)  Студент-практиканттың    жеке  кәсіби-тұлғалық  ерекшеліктеріне 
негізделген есебі тексеріледі, тыңдалады. 
3)  Педконсилиум: қорытынды жасалып, шешім қабылданады.  
4)  Студенттердің 
кәсіби-тұлғалық 
диагностикалары 
талданып, 
конференция ӛткізіледі. 
 
ІІІ.          Баяндамашы  жоғарыдағы  әр  курс  педпрактикасының  мазмұнын 
талдап  болған  соң,  үздіксіз  педагогикалық  практиканың  типтік 
бағдарламасын      жүзеге  асыру  жолындағы    проблемаларды  шешу 
мақсатында педпрактиканы сапалы жҥргізу механизмдерін ҧсынды. 
 
Ҥздіксіз педагогикалық практиканы 
сапалы жҥргізу механизмдері 
 
Пән оқытушысы тарапынан: 
1.      Типтік  бағдарламада  әр  педпрактиканың  базалық  негізі  ретіндегі  
пәндер  кӛрсетілген.  Сондықтан  педпрактиканы  сапалы  жүргізудің  ең 
негізгі  механизмі  -  пән  оқытушысының  сол  пәндерден  студенттерге 
теориялық  білімді  практикада  қолдана  алатындай  сапалы  білім  беруі, 
болашақ  маманның  кәсіби-тұлғалық  құзыреттерін  қалыптастыруды 
жеке  тұлғаға  бағдарлай,  диагностикалық  әдістемелерге  сүйене  жүзеге 
асыруы. 
2.  Педпрактиканың  әр  базалық  пәндері  негізінде  оқу-әдістемелік 
құжаттармен қамтамасыз етілуі. Мұнда да жауапты – пән оқытушысы. 
Ӛйткені  педпрактика  –  базалық  пән  оқытушысы  еңбегінің  нәтижесі, 
айнасы. 


3.  Үздіксіз  педагогикалық  практиканың  типтік  бағдарламасына  сай  пән 
оқытушысы жасақтаған әр практиканың  силлабусы.  
 
 
 
     Кафедра меңгерушісі тарапынан: 
4.  Түлек  шығарушы  мен  педагогика  және  психология  кафедралары 
меңгерушілерінің    бірлесе  атқаратын  жұмыстары:  педконсилиум, 
бақылаудың тиімді формалары. 
5.  Студенттердің  әр  практика  мазмұнына  сәйкес  диагностикалық, 
коррекциялық  жұмыстардың  әдістемелерін  меңгеру  деңгейлерін 
арнайы бақылауда ұстау. 
6.  Әр  студенттің  1-курстан  бастап  4-курсқа  дейінгі  практикалары 
бойынша 
үздіксіз 
жасалған 
кәсіби-тұлғалық 
диагностикалық 
нәтижелері екі кафедраның да негізгі көрсеткіштеріне айналуы.  
7.  Үздіксіз педагогикалық практика  жүктемесін бӛлудің  біртұтастық 
кағидатқа негізделуі. 
8.      Педпрактика  түрлерін  кәсіби,  жоғары  деңгейде  дайындау,  ӛткізу 
және  қорытындылау  жұмыстарын  жетілдіру  мақсатындағы  тұрақты 
семинарлардың ұйымдастырылуы. 

 
Практика  жетекшісінің  ұйымдастырушылық  қабілетінің 
жоғарылығы  және    типтік  бағдарламаны  жүзеге  асыруға  бағытталған, 
педконсилиум  қорытындысына  негізделген  жұмыс  жоспарының 
бекітілуі мен оның орындалуының бақылануы.   
10.  Әр  практикаға  бӛлінген  педагог,  психолог,  әдіскерлердің  кәсіби 
деңгейлері мониторингінің жүргізіліп отырылуы.  
11.  Практика  қорытындысына  арналған  есептің  жеке  тұлғаға 
бағдарлана, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан 
терең талдануы, маман дайындауда нақты ұсыныстардың алынуы.  
 
Институттың практика бӛлімі тарапынан: 
12.Педпрактика  бӛлімі  қызметкерлері  функцияларының  тиімділігі, 
оңтайлылығы. 
13.  Әр  мамандықтың  үздіксіз  педагогикалық  практикасын    дайындау, 
ӛткізу  және  қорытындылау  жұмыстары  бойынша  талдау,  жинақтау, 
тарату,бақылаудың  жоғарыдағы  аталған  механизмдер  негізінде 
ғылыми тұрғыдан жүргізілуі. 
14.  Педпрактиканы  ұйымдастыру  сапасын  жетілдіру  мақсатында  орын 
алып  отырған  проблемаларды  анықтау,  олардың  шешімін  табу 
құзыретінің жоғары болуы. 
 
Мәтінсӛздік 
        Педагогикалық консилиум-оқушылардың (студенттердің) үлгерімі 
мен  тәртібін  тереңірек  қарастыратын,  оларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде 


байқалған кемшіліктерді жоюға дұрыс жол табу мақсатында ӛткізілетін 
мұғалімдердің кеңесі. 
         Педагогикалық 
  диагноз-  оқушы    қабілетінің,  оқудағы 
қиындықтары  мен  тәрбиесіндегі  ауытқуларының  сипаты  мен  кӛлемін 
анықтау. П.д. оқушылардың бағдарламаны меңгеруі жайлы мәліметтер, 
олардың  оқуы  мен  қызметін  бақылау  және  олардың  нәтижелерін 
зерттеу негізінде қойылады. 
         Психологиялық  диагноз-  субьектінің    ӛзекті  жағдайын  және 
психодиагностикалық 
зерттеулердің 
міндеттерін 
 
анықтайтын  
нұсқауларды  жасақтап,  оны  әрі  қарай  дамытуды    бағалау  мақсатында  
субьектінің  жеке-психикалық  ерекшеліктерінің  мәнін  түсіндіру  мен 
сипаттауға бағытталған психодиагност қызметінің нәтижесі. 
        Диагностика-арнайы  әзірленген  ғылыми  әдістер  кӛмегімен 
педагогикалық  үдерістердің,  құбылыстардың  сандық  бағасы  мен 
сапалық талдауы. 
         Білім  берудегі  мониторинг-білім  беру  үдерісінің  қалаған 
нәтижеге 
немесе 
бастапқы 
ұйғарымға 
сәйкестігін 
айқындау 
мақсатындағы тұрақты бақылау, қадағалау. 
             Проблемалық семинар-  бұл ӛнімді педагогикалық қарым-қатынас.   
Ол  күрделі  проблеманы    ұжымдық-топтық  коммуникация  барысында 
шешуге  ықпал етеді. 
 
 
І.3. СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ-ТҦЛҒАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ 
ДИАГНОСТИКАСЫ  
(ӛз тәжірибемізден) 
 
Мемлекеттік  кадр  саясатындағы 
манызды  мақсат  -  еліміздің  әлеуметтік-
экономикалық жоғары карқынмен дамуын 
қамтамасыз 
етуге 
қабілетті, 
интеллектуалдық  және  кәсіби  ресурсын 
құру. 
Нәтижеге  бағдарланған  жалпы  орта 
білім  берудің  жаңа  жүйесіне  кӛшу 
психологиялық-педагогикалық  кадрларды 
кәсіби  даярлауды  ұйымдастырудың  мазмұны  мен  технологияларын,  мақсаттар 
проблемаларын  ӛзектендіреді.  Әдіснамалык  шешімдердің  бірі  кәсіби 
дайындықтың  мақсатты  бағдарына  сәйкес  басшының,  мұғалімнің,  мектеп 
психологының  кәсіби-тұлғалық  құзыреттілігін  қалыптастыру  болып 
табылады. 
12  жылдық  мектептің    педагогы  бірнеше  қүзыреттілікті  игеруге 
міндетті. Олар: арнайы, әлеуметтік, білім беру құзыреттіліктері. 
Арнайы  құзыреттілік  -  ӛзінің  кәсіби  қызметпен  жоғары  денгейде 
айналысатын және ӛзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. 


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау