«Жер жұмыстары» кәсіптік стандарты Жалпы ережелер «Жер жұмыстары»



жүктеу 57,44 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.12.2017
өлшемі57,44 Kb.
#6031


 

ЖОБА  



 

 

 



«Жер жұмыстары» кәсіптік стандарты 

 

1.  Жалпы ережелер 

 

1.  «Жер  жұмыстары»  кәсіптік  стандарты  білім  беру  бағдарламаларын 



әзірлеуге,  оның  ішінде  кәсіпорындарда  персоналды  оқытуға,  қызметкерлер 

мен  білім  беру  мекемелерінің  түлектерін  сертификаттауға,  персоналды 

басқару саласындағы кең ауқымды мәселелерді шешуге арналған.  

2.  Осы  кәсіптік  стандартта    келесі  терминдер  мен  анықтамалар 

қолданылады: 

біліктілік  –  қызметкердің  нақты  еңбек  міндеттерін  сапалы  орындауға 

дайын болу деңгейі; 

біліктілік  деңгейі  –  күрделілігі,  еңбек  қызметінің  стандарттан  басқа 

болуы,  жауапкершілігі  және  дербестігі  бойынша  сараланатын  қызметкерлер 

дайындығы мен құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы; 

ұлттық  біліктілік  шеңбері  (ҰБШ)  –  еңбек  нарығында  құпталатын 

біліктілік  деңгейлерінің  құрылымдалған сипаттамасы; 

ұлттық  біліктілік  жүйесі  (ҰБЖ)  –  еңбек  нарығы  тарапынан  мамандар 

біліктілігіне 

деген 

сұраныс 


пен 

ұсыныстарды 

құқықтық 

және 


институционалды реттеу  тетіктерінің жиынтығы; 

салалық  біліктілік  шеңбері  (СБШ)  –  салада  құпталатын  біліктілік 

деңгейлерінің  құрылымдалған сипаттамасы; 

сала - бір типті  өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің 

негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар 

мен ұйымдардың жиынтығы; 

кәсіби  топ  –  ортақ  интеграциялық  негізі  бар  (ұқсас  немесе  жақын 

мақсаттар,  объектілер,  технологиялар,  сондай-ақ  еңбек  құралдары)  және 

оларды  орындау  үшін  еңбек  міндеттері  мен  құзыреттілігінің  ұқсас жинағын 

болжайтын шағын топтар жиынтығы; 

кәсіби  шағын  топтар  –  еңбек  міндеттерінің  тұтас  жинағымен  және 

оларды  орындауға  қажетті  құзыреттіліктермен  қалыптасқан,  мамандықтар 

жиынтығы; 

кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес 

және  маңызды  болып  табылатын  нақты  еңбек  функциясының  ашық 

сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі; 

кәсіп  –  білімі  туралы  тиісті  құжатпен  расталатын  және  арнайы 

дайындықтың    нәтижесінде  пайда  болған  арнайы  білім,  білік  мен 

практикалық  дағдылар  кешенін  білуді  талап  ететін  адам  еңбегі  қызметінің 

негізгі түрі; 




 

еңбек  функциясы  –  еңбек  үдерісінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттерін 



шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 

БТБА  –  Жұмыс  және  жұмысшылар  кәсіптерінің  Бірыңғай  тарифтік-

біліктілік  анықтамасы. 

2. Кәсіптік стандарт паспорты 

 

3. Кәсіптік стандарттың атауы:  Жер жұмыстары. 



4. Кәсіптік  стандартты  әзірлеу  мақсаты:  Осы  кәсіби  шағын  топтың 

кәсіптер  тізбесін  жасау  және  анықталған  кәсіптер  үшін кәсіп карточкаларын 

әзірлеу. 

5. Кәсіптік  стандарттың  қысқаша  сипаттамасы:  Жер  жұмыстары 

топырақты  қопсытуды,  траншеяны  топырақ  төгуді,  жер  бетін  құрылысты 

салуға дайындау.  

6. Негізгі 

топ: 


Мамандандырылған 

құрылыс 


жұмыстары                 

(жұмыста). 

Кәсіби топ: Құрылыс алаңындағы дайындық жұмыстары (жұмыста). 

 

3. Кәсіп карточкалары 



 

7. Кәсіптер тізбесі: 

жер қазушы, СБШ бойынша 2 біліктілік  деңгей. 

Кәсіп  карточкасы  осы  Кәсіптік  стандарттың  қосымшасында 

келтірілген.

 

 



 


 

«Жер жұмыстары» 



 кәсіптік  стандартына  қосымша 

 

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ:  «Жер қазушы» 

Кәсіп коды 

7129 


Кәсіп атауы 

Жер қазушы 

СБШ бойынша біліктілік 

деңгейі 


БТБА  бойынша біліктілік 

деңгейі 

1-5 


 

Кәсіби білім  деңгейі 

 

СБШ-ның 2-деңгейі 

Жалпы орта білім  болғанда, бірақ  негізгі  ортадан төмен емес кәсіби  дайындық (білім  беру ұйымының  

базасында қысқамерзімді  курстар  немесе мекемедегі  оқытулар). 

Еңбек функциялары 

 

1) Топырақты орнын ауыстыруға дайындау жұмыстарын және  ауыстыру кезіндегі  жұмысты орындау.  



2) Траншейге  топырақ төгу және жаңа төгілген  топырақты тегістеу. 

3) Топырақты төгуге  және басқа жер жұмыстарына әзірлеу  және дайындау жұмыстарын орындау. 

4) Жер беттерін құрылыс салуға дайындау жұмыстарын орындау. 

5) Жер жұмыстары кезінде  қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жұмыстарын орындау. 

6) Топырақты өңдеу және қопсыту жұмыстарын орындау.  

7) Жер беттерін құрылыс конструкцияларын орнатуға дайындау жұмыстарын орындау. 

8) Құрылыс конструкцияларын салу және орнату. 

Еңбек функциясы  1 

 

Топырақты орнын ауыстыруға 



дайындау жұмыстарын және  

ауыстыру  кезіндегі  жұмысты 

орындау. 

СБШ бойынша  біліктілік  деңгейі: 2 

(біліктілік   разряды:  1-5) 

Біліктері мен дағдылары: 

1. Бұрын өңделген топырақты қопсыту. 

2. Қопсытылған топырақты жылжымалы құралға  тиеу. 

3. Жылжымалы құралдан топырақты түсіру. 

4. Габаритті  тазарту. 

Білімі: 

 1. Қол құралының, сайманы мен құрылғыларының мақсаттары мен қолдану ержелерін. 

Еңбек функциясы  2 

Біліктері мен дағдылары: 



 

 



Траншейге  топырақ төгу  және 

жаңа төгілген  топырақты 

тегістеу. 

1. Жаңа төгілген  топырақты тегістеу. 

2. Топырақты көлденеңінен лақтыру. 

3. Топырақты траншейге, оның ішінде  салынған құбыржолдарымен, қазаншұңқырға  және іргетас 

қуысына салу. 

Білімі: 

1. Қол құралының, сайманы мен құрылғыларының мақсаттары мен қолдану ержелерін. 

 

2. Қауіпсіздік  және еңбекті  қорғау  техникасы. 



Еңбек функциясы  3 

 

Топырақты төгуге  және басқа 



жер жұмыстарына әзірлеу 

және дайындау жұмыстарын 

орындау. 

Біліктері мен дағдылары: 

1. 


Қолмен жеңіл,  орташа және ауыр топырақты траншеяларда  және қазаншұңқырда  бекіткіштерсіз   

жиекке (асыра лақтырып) шығарып немесе жылжымалы құралдарға  тиеумен өңдеу. 

2. 

Қатқан топырақты түтінді  газбен еріту. 



3. Топырақты таптағыш құралмен тығыздау. 

Білімі: 

1.  Тассыз топырақтың түрлері мен негізгі  қасиеттерін. 

2. Қатқан  топырақты еріту  және топырақты қолмен траншеяларда   және қазаншұңқырда  бекіткіштерсіз   

өңдеу . 


3. Топырақты қолмен тығыздау. 

4. Қауіпсіздік  және еңбекті  қорғау  техникасы. 

Еңбек функциясы  4 

 

Жер беттерін  құрылыс салуға 



дайындау жұмыстарын 

орындау. 



Біліктері мен дағдылары: 

1.  Беттерді  жоспарлау және тазарту.  

2.  Үймелер мен қия қабақтың кертпешін  және құламасын  кесу. 

3.  Шымды қолмен дайындау. 

4.  Шымды бекіту  үшін  шабақтар  дайындау. 

5.  Жердің  құламасын тұтастай шымдау. 

6. Уақытша  су  бұрғыш  құрылғыларды орнату. 

Білімі: 

1.  Беттерді  жоспарлау тәсілдерін. 

2.  Шымдарды дайындау және салу  тәсілдерін. 

3.  Жердің  құнарлыц қабатын алу және қоймалау тәсілдерін. 




 

4.  Жерасты  суларын уақытша  су бұру тәсілдерін. 



5. Магистралды құбыржолдарына құм ссалу ержелерін. 

6. Қауіпсіздік  және еңбекті  қорғау  техникасы. 

Еңбек функциясы  5 

 

Жер жұмыстары кезінде 



қауіпсіздікті  қамтамасыз ету 

жұмыстарын орындау. 



Біліктері мен дағдылары: 

1.  Тасымалды қоршауларды,  дайын басқыштарды,  инвентарлы көпіршелерді  траншей, ескерту 

сигналдары мен плакаттар арқылы орнату. 

2. Қажет болған жағдайда қауіпсіздік  жұмыстарын: қауіпті  аймақты қорғау,  авариялық сигнал беру 

немесе басқаларды, мысала, электрлік  жылыту кезінде  электрлік  сигнал беруді;  серіктес  терең шурфта, 

құдықта  және т.т. жұмыс істегенде  үстіңгі  жақта кезекшілік  жүргізу.   



Білімі: 

1.  Топырақты қату  қорғау  тәсілдерін. 

2.  Салынған топырақты сумен тығыздау. 

3.   Қауіпті  аймақты қоршауды  ұйымдастыру. 

4.   Қауіпсіздік  және еңбекті  қорғау  техникасы. 

Еңбек функциясы  6 

 

Топырақты өңдеу және 



қопсыту жұмыстарын 

орындау.  



Біліктері мен дағдылары: 

1.  4 топты жерлерді,сондай-ақ  тасты және тассыз қатқан жерлерді  өңдеу. 

2.  Күшейтілген  қазан шұңқырда   және траншеяларда  1-3 топ жерлерін  өңдеу. 

3.  Пневматикалық және электрлендірген  аспаптармен жерлерді  қопсыту және тығыздау. 

4.  Сусымалы құмдарда және ағынды жерлерде (қорыстарда)  траншейлерді  және қазан шұңқырларды 

дайындау  

5.  Қолмен  және пневматикалық аспаптың көмегімен  түсірмелі  құдық  пышағының астында топырақты 

өңдеу. 


Білімі: 

1.  Тасты және қатқан жерлердің түрлері,  негізгі  қасиеттері  және өңдеу  тәсілдері. 

2.  Жерлерді  қазан шұңқырда  және траншейде бекіткіштермен  өңдеу тәсілдері. 

3.  Сусымалы құмдардың және жылжымалы жерлердің (қалқымалар)  түрлері  мен қасиеттері. 

4.  Сусымалы құмдарда және жылжымалы жерлерде (қалқымалар)  жер жұмыстарын орындау ережелері 

мен тәсілдері. 

5.  Жерді  жаншу  әдісімен  өңдеу ережелері  мен тәсілдері. 

6.  Қауіпсіздік  және еңбекті  қорғау  техникасы. 

Еңбек функциясы  7 

Біліктері мен дағдылары: 



 

 



Жер беттерін  құрылыс 

конструкцияларын орнатуға 

дайындау жұмыстарын 

орындау. 

1.  Жерде бөлігінде  кюветтер, тартпалар, астаушалар  салу  және  құрылыс конструкциялары үшін 

шұңқырлар  қазу  жұмыстарын орындау. 

2.  Төрткілдеш  немесе үлгі  бойы беттерді  жоспарлау және тазарту. 

3.  Экскаватор жасаған ойық жақтауларын үлгі  бойынша кесу  және жоспарлау. 

4.  Көтергіш  құрылғылардың және механизмдердің  көмегімен  траншейден және қазаншұңқырдан 

топырақ көтеру. 

5.  Шым құламаларын торларға және қабырғаға,  көпжылдық шөптер егіп  бекіту. 

6.  Дренаж құдықтарын фильтрлі  материалмен толтыру. 

7.  Траншейлер   мен қазаншұңқырды   жылжымалы жерлерде (қорыстарда) ағыны жерлерде тығынды 

бекіту. 


8.  Траншейлер   мен қазаншұңқырды   сусымалы құмдарда тұтастай бекіту. 

9.  Деформацияланған бекіткіштерді  ауыстыру. 

10.  Құдықтар қазу  және оларға ағаш   қималары мен темірбетон сақиналарын орнату. 

11. Түсірмелі  құдықтан топырақ беру. 

12.  Жоспарда құрылыс орнын бөлу. 

13.  Қарапайым геодезиялық  құралдардың көмегімен  биік  белгілерді  анықтау. 

14.  Жерді  жаншығанда  құбырдың отыруын бодырмау. 

15. Құдық пышағынан астынан тастарды және басқа кедергілерді  алып тастау. 

16.  Түсірмелі  құдықты түсіоуге  дайындау және түсіру. 

Білімі: 

1.  Траншеялардан  және қазаншұңқырлардан  топырақты  көтергенде  жүк көтергіш  құрал-саймандарды 

пайдалану ережелерін. 

2.  Жақтаулар  салу  ережелерін, жер учаскелерін  рекултивациялау тәсілдерін. 

3.  Жер құрылыстарын бөлудің  қарапайым тәсілдерін. 

4.  Деформацияланған бекіткіштерді  ауыстыру және су шаруашылығы  мақсатындағы құдықтарды  салу 

ережелері  мен тәсілдерін. 

5.     Бумен, ыстық сумен, электр және отты әдістермен қатқан  топырақты жібіту,   су тарту  құдықтары 

өткенде  топырақты тасымалдау ережелері  және әдістерін. 

6.  Қарапайым геодезиялық  құралдардың құрылымын және пайдалану ережелерін. 

7.  Түсірмелі  құдықтарды  салу  ережелері  мен тәсілдерін. 

8.   Түсірмелі  құдықтарды  салу   тәсілдерін. 

9.  Қауіпсіздік  және еңбекті  қорғау  техникасы. 

Еңбек функциясы  8 



Біліктері мен дағдылары: 


 

 



Құрылыс конструкцияларын 

салу және орнату. 

1.  Күрделі пішінді  көп қабатты жалпақ фильтрлерді  салу. 

2.  Асбест цементті құбырларды перфорациялау жұмыстарын орындау. 

3.  Дренаж құбырларының барлық түрін салу. 

4.  Рекуьтивация кезінде  жердің  құнарлы қабатын салу. 

5.  Жабық төгілмелі   және жақтаулы дренажды  құбыр салып орнату жұмыстарын орындау. 

6.  Ұңғымаларға қолмен бу және су инелерін салу. 

7.  Ішектерді  салу. 

8.  Үгінділерді  (химикатпен сулап) дайындау және оларды салу. 

9.  Электрүйшіктерді  құммен салу. 

10. Құдықтарға түпті және бүйірлі  фильтрлерді  салу жұмыстарын орындау. 



Білімі: 

1.  Қазаншұңқарлар  мен траншейлердің  бекіткіштерін  құру және бөлшектеу  ережелерін. 

2.  Пневматикалық және электрленген құралдың құрылымын. 

3.  Жер жылытқыш  пештердің   құрылымын. 

4.  Қауіпсіздік  және еңбекті  қорғау  техникасы. 

Жеке құзыретіне  қойылатын 

талаптар 

Командада жұмыс істей білу   

Тыңғылықтылық 

СБШ шеңберінде  басқа 

кәсіптермен  байланысы  

7129 

Жол жұмысшысы 

Кәсіптік стандарттың техникалық мәліметтері 

Әзірленген 

 «MG-Build»  ЖШС 

Нұсқа  нөмірі  және 

шығарылған  жылы 

Нұсқа  1, 2014 жыл 



Болжалды қайта қарау  датасы  2017 жыл 

 

жүктеу 57,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау