Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Мазмұны
|
Кіріспе
|
6
|
1
|
Қазіргі кезеңде оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастырудың теориялық негіздері
|
8
|
1.1
|
Мектеп оқушыларының өзі-өзі бағалауын қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық әдебиеттердегі талдануы
|
8
|
1.2
|
Қазіргі кезеңде оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастырудың мүмкіндіктері мен өлшемдері, көрсеткіштері
|
27
|
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, рухани өміріндегі өзгерістер қазіргі білім беру жүйесінде ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру бағытын көздеп отыр. Еліміздің білім беру жүйесін дамытудағы жаңа бағыттары “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында, ҚР Білім Заңы, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мем-лекеттік бағдарламасы, Елбасы жолдаулары мен 12 жылдық білім беру тұжы-рымдамасы т.б. ресми құжаттарда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын, білімдік және бі-ліктілік, рухани деңгейлерімізді айқындайтын жеке тұлғалық сапаларды дамы-ту мәселесі өзекті етіп көрсетіліп отыр [1-4].
Көрсетілген міндеттерді шешуде жалпы орта білім беру жүйесінің бас-тауыш сатысында оқушылардың танымдық қажеттіліктері мен белсенділікте-рін, қызығушылықтары мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуында маңызды роль атқаратын және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды мәселе – оқушының өзін-өзі бағалай білуі және соған сәйкес, танымдық іс-әрекетін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Сондықтан оқушылардың өзін-өзі бағалауы арқылы жеке тұлғасы қалыпта-сып қана қоймай, білім алу мен оны шығармашылық тұрғыда өзгермелі өмір жағдайына дұрыс пайдалана білу, сондай-ақ болашақтағы бағдарын анықтауда өзін-өзі жетілдіруге көзқарасының қалыптасуына негіз болады. Демек, өзін-өзі бағалау – жеке тұлғаның келешектегі даму бағдары мен өмірлік мақсат-мұрат-тары, перспективалық ұстанымдарының қалыптасуына әсері мол.
Оқушылардың өзін-өзі бақылау, өзін-өзі жүзеге асыру, өзінің мүмкіндікте-рін анықтай білуде “өзін-өзі бағалау” ұғымының мәні мен мазмұнын, механиз-мін анықтау маңыздылығы артуда. Сондықтан педагогика ғылымында бұл мәселені шешу үшін тұлғаны табиғи үйлесімділікте дамыту және оның даралық мүмкіндіктерін ескере отырып, өзін-өзі объективті бағалау арқылы жетілдіру жолдарын іздестіру өзекті күйінде қалып отыр.
Сондықтан оқушылардыңөзін-өзі бағалауын жеке тұлғалық құндылық сапа ретінде қалыптастыру маңызды деп есептейміз. Бұл міндетті шешудің алғышарттары Қазақстандық ғалымдардың дайындаған ғылыми еңбектерінде көрініс тапқан. Ол зерттеулердің мынадай бағыттары бар:
Жеке тұлға қасиеттерін, психологиялық табиғаты мен дара мүмкіндіктері туралы ғұламалар мен қоғам қайраткерлері, ағартушы-педагогтар ой-пікірлері, көзқарастары (әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясcауи, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбергенов, Б.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б.)
Өзін-өзі тәрбиелеу және тәрбие үрдісінде баланың жеке ерекшеліктерін дамыту мәселесінің өзекті бағыттары (Р.К.Төлеубекова, Ә.Мұханбетжанова және т.б.);
Құндылықтарды бағдарлау негіздері мен оқушылардың танымдық әлемін, ішкі рухани мүмкіндіктерін дамыту (Р.Омарова, И.Сманов, Қ.Ералин, А.Ғ.Қазмағамбетов және т.б.);
Оқушыларды оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғалық сапаларын дамытуда болашақ мұғалімдерді даярлау (М.Ә.Құдайқұлов, А.Жолдасбеков, К.М.Беркімбаев және т.б.).
Дейтұрғанмен, мектеп қабырғасында оқушылардың өзін-өзі бағалауын қа-лыптастыруды бүгінгі өмір талабына сай ұйымдастыру қажеттілігі мен оның әдістемелік жағынан жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында; оқушылардың өзін-өзі бағалауының жеке тұлғасының қа-лыптасуындағы әлеуеттік мүмкіндіктері мен оның оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырылмауы арасындағы қайшылықтар біздің зерттеуіміздің өзектілігін анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |