ЖОҒАРЫ---------------------------------------------------------------
БІЛІМ----------------------------------------------------------
А.Кенжеғҧлова
Жаңа тҧрпатты
мҧғалім:
педагогикалық
диагностика
Ақтӛбе
2011
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты
«Институт-мектеп» ғылыми-педагогикалық зерттеу орталығы
А.Кенжеғұлова
Жаңа тұрпатты мұғалім:
педагогикалық диагностика
Әдістемелік ұсыным
Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институтының
Әдістемелік Кеңесі ұсынған
Ақтӛбе
2011
УДК 37.0 (072)
ББК.74.20...................
К 30
А.Кенжеғұлова
Жаңа тұрпатты мұғалім:педагогикалық
диагностика.
Әдістемелік ұсыным, Ақтӛбе., 2011-120 б.
ISBN 9965-02-350-6
Пікір жазғандар
:
Ә.М.Мұханбетжанова , педагогика ғылымдарының докторы,
профессор.
Г.Т.Шоқым,филология ғылымдарының докторы, профессор
«Жаңа
тұрпатты мұғалім: педагогикалық диагностика» атты
әдістемелік ұсынымда педагогтің кәсіби дайындығы, кәсіби құзыреттілік
пен шеберлік арақатынасы, ол ұғымдардың мәні мен қолданысы,
мұғалімнің кәсіби сапасын анықтау мен кӛтеру, болашақ мұғалімнің
кәсіби қалыптасуында педагогикалық практиканың алатын орнының
маңыздылығы мен педпрактиканы ұйымдастыру, ӛткізу және
қорытындылау кезеңдерінде біртұтастық қағидаларының бұзылмауының
алдын алу мақсатында оны сапалы жүргізу механизмдері қарастырылады.
Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институтының Әдістемелік
Кеңестің шешімі бойынша баспаға ұсынылды.
№ 3хаттама, 17 қаңтар, 2011ж
ISBN 9965-02-350-6
Кенжеғұлова,2011
Мазмҧны
Алғы сӛз----------------------------------------------------------------- 4
І. Жаңа тҧрпатты педагог қҧзыреті
1.1 Жаңа тұрпатты педагогті кәсіби дайындаудың ӛзекті мәселелері-----6
1.2 Педагогикалық практика үдерісінде болашақ мұғалімдердің
жалпыпедагогикалық білім, білік, дағдылар жүйесін қалыптастыру—11
1.3 Студент-практиканттардың кәсіби-тұлғалық деңгейлерінің
диагностикасы-------------------------------------------------------------------- 26
1.4 Педагогикалық практика жағдайындағы студент портфолиосы-------- 36
1.5 Педагогикалық практика бойынша комитет:сапаны басқару
мен бақылау---------------------------------------------------------------------- 41
ІІ. Педагогикалық шеберлікті диагностика негізінде анықтау
2.1 Педагогикалық диагностикалау – мұғалімнің кәсіби шеберлігін
шыңдау негізі--------------------------------------------------------------------- 54
2.2 Педагогикалық қызмет түрлері және диагностикалық ӛлшемдер------ 63
2.3 Ӛзін-ӛзі бағалау және рейтинг әдістері------------------------------------ 67
2.4 Озық педагогикалық тәжірибе мәні----------------------------------------- 70
2.5 Әдістемелік бірлестік жұмысын диагностика негізінде жоспарлау--- 75
2.6 Ӛз мүмкіндіктеріңізді пайдаланыңыздар!---------------------------------- 100
Алғы сӛз
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазақстанның жоғары мектебі
дүниежүзілік білім деңгейіне жетуге және бірыңғай білім беру кеңістігіне енуге
ұмтылуы керек. Алға қойған мақсаттарға жету механизмі Болондық процестің
ӛлшемдерін орындау болып табылады. Олар үш деңгейлі жүйеден тұрады: білім
берудің несиелік технологиясы, оқытушылар мен студенттердің академиялық
ұтқырлығы, сонымен қатар жоғары білім сапасына бақылау» - делінген.
Алдыңғы екі жүйеге енген жоғары оқу орнының алдында білім сапасына
бақылау қызметін жолға қою міндеті тұрады. Білім сапасы қай заманда да ӛзекті
мәселелер қатарында. Ол мемлекеттік бағдарламада аталғандай, педагог
дайындайтын жоғары оқу орындарында бірінші кезекте сапалы даярланған
педагогтармен айқындалады. Басқаша айтсақ, сапалы педагог - білім беру жүйесінің
жаңа парадигмасына сай келетін жаңа тұрпатты педагог.
Білім сапасын анықтайтын және оны жетілдіруге бағыт-бағдар беруге
мүмкіндік беріп, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуына бірден бір ықпал ететін
процесс диагностикалау процесі. Осы екі мәселені біртұтастықта алып қарастырған
бұл әдістемелік ұсынымның болашақта мұғалім боламын деген студентке де, оны
дайындайтын оқытушыға да, жас маманға да, тәжірибе жинақтап, ӛзіндік шеберлігі
қалыптасқан педагогке де, білім беру саласының орта буын басшыларына да ой
салар пайдалы жақтары кӛп.
«Жаңа тұрпатты мұғалім: педагогикалық диагностика» атты әдістемелік
ұсынымда педагогтің кәсіби дайындығы, кәсіби құзыреттілік пен шеберлік
арақатынасы, ол ұғымдардың мәні мен қолданысы, мұғалімнің кәсіби сапасын
анықтау мен кӛтеру, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуында педагогикалық
практиканың алатын орнының маңыздылығы мен педпрактиканы ұйымдастыру,
ӛткізу
және
қорытындылау
кезеңдерінде
біртұтастық
қағидаларының
бұзылмауының алдын алу мақсатында оны сапалы жүргізу механизмдері
қарастырылады.
Әдістемелік ұсыным теориялық және практикалық материалдарды қамтыған.
Әсіресе, жоғары оқу орны мен мектепке қатысты педагогикалық диагностикалаудан
кӛптеген тәжірибелер ұсынылады. Еңбектің соңындағы түрлі зерттеулерге арналған
диагностикалық әдістемелер - әр педагогке таптырмас ақпарат.
Еңбектің 1.2; 1.3; 1.5; 2.4-ші бӛлімдері автордың ӛз тәжірибесі негізінде
жазылған. Сондықтан айтар ұсыныс, тілектер болса, қуана қабылдаймыз.
Автор
Достарыңызбен бөлісу: |