Проблемалық оқыту :
- оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі
- мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
- оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту.
- оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады.
- түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын
қалыптастыру
- кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау
жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |