Ӛтпелі кезеңде 5 балдық шкалаға сәйкестендіруге болады. Ол үшін баға қасына
меңгеру деңгейі кӛрсетіледі (3-кесте)
3-кесте
Оқушылар білімін бағалаудың 5 балдық шкаласы
Кα
Кα<0,7
0,7<Кα<0,8 0,8<Кα<0,9
0,9<Кα=1,0
Оқушы (α
1
)
2 3 4 5
Орындаушы (α
2
) 2
3
4
5
Сарапшы (α
3
) 2
3
4
5
Жасампаз (α
4
) 2
3
4
5
Ескерту: «1» бағасымен толық дайын емес оқушылар бағаланады (Кα< 0,3)
2. 2 Педагогикалық қызмет тҥрлері және диагностикалық ӛлшемдер
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін анықтау диагностикасы үшін Ю.
К.Бабанский, А.Д. Деминцев, Г. А. Победоносцев жасаған ӛлшемдерді пайдалануға
болады. Ол үшін алдымен, мұғалімнің педагогикалық қызметі қандай бӛліктерден
тұратынына тоқтала кеткен жӛн. Педагогикалық әдебиеттерге сүйенсек, мұғалім
қызметі мынадай құрауыштардан (компоненттерден) тұратынын білеміз:
І. Мҧғалімнің дидактикалық тҥзіліс ( конструктивтік) қызметі
Бұл мұғалімнің оқу-тәрбие материалын таңдауы, жоспарлауы, жүйеге келтіруі.
Конструктивтік қызмет мұғалімнің ұйымдастырушылық, коммуникативтік
қызметтеріне ( кейін әңгіме болатын) негіз болады. Мұғалім оқу жоспарына,
бағдарламаға, оқулыққа, әдістемелік құралдарға сүйене отырып: а) сабақ, сыныптан
тыс жұмыстардың мазмұнын жоспарлайды; ә) ӛз қызметінің бірізділігін, жүйелігін
ойластырады; б) оқушылардың қызметінің жүйелілігі мен бірізділігін жүзеге
асыратын жолдарды іздестіреді.
2. Мҧғалімнің ҧйымдастырушылық қызметі - мұғалімнің ӛзі ойластырған
жоспарын тәжірибеде жүзеге асыруы. Бұл қызмет үш саладан тұрады:
а) жаңа білім мазмұнын беруде ( жаңа сабақты түсіндіруде) мұғалімнің ӛз қызметін
ұйымдастыра білуі;
ә) мұғалімнің ӛзінің- әрекетін (нақты жағдайға сәйкес педагогикалық тұрғыдан жол
табу) ұйымдастыра білуі;
б) оқушылардың қызметін (ұжымдық , топтық және жеке) ұйымдастыра білу.
Ӛз еңбегін, уақытын тиімді ұйымдастыра білген шебер мұғалім ғана балалар
ұжымын да ұйымдастыра алады және ұжымның жеке оқушыға ықпалы болатындай
жағдай туғыза алады.
3.Коммуникативтік қызмет мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасын
сипаттайды, яғни бұл қызмет ӛз табиғатында оқытушы мен оқушының, тәрбиеші
мен тәрбиеленушінің бірлескен қызметі. Мұндай қызметтің сәтті болуы ӛзара
қарым-қатынастың қалай құрылуына байланысты болады.
Коммуникативтік қабілетті диагностикалау әдістемесінде коммуникацияны
кӛпфункционалды қарым-қатынас үдерісі деп қарай отырып, үш маңызды құрауыш
бӛліп қарастырылады. Олар: когнитивтік, аффективтік және реттеушілік.
Когнитивтік қҧрауыш – педагогикалық қарым-қатынаста ақпараттар алмасу
мен адамдардың бір-бірін тануы бойынша білімдер жүйесін меңгеру:
- ӛз ойын вербальдық құралдармен білдіру біліктілігі;
-ӛз ойын, сезімін жазбаша бере білу;
-орфографиялық және пунктуациялық
сауаттылықты игеруі;
-қатынастың іскерлік және қызметтік стильдерін білуі;
-ӛзінің эмоциясын вербальді және
басқа құралдармен бере білуі;
-басқа адамның мінез-құлқын болжай және талдай білуі.
Аффективтік қҧрауыш – адамдардың ӛзара қарым-қатынасын қалыптастыра
білу білігі:
- байланысқа түсе білу;
- рефлексияны білуі;
- әріптесінің эмоционалдық жағдайын сезіне білуі;
- әріптесінің мінез-құлқын болжай және талдай білуі;
- әріптесінің зейінін ұстай білуі;
- шиеленіс жағдайды шеше білуі.
Реттеушілік қҧрауыш – бірлескен әрекетті ұйымдастыруда, ӛзінің және басқа
адамдардың мінез-құлқын басқару мен түзету білігі:
- әңгімелесу мақсаты мен
тақырыбын таңдай білуі;
- әріптесіне әңгіменің ӛзектілігін кӛрсете біліп, тыңдай білуі;
- ӛз жауабын түсіндіріп, жауап бере алуы;
- қарым-қатынаста бастамашылдықты сақтай білуі;
-кедергілерді игере білуі;
- ӛзінің эмоционалдық жағдайын меңгере білуі;
- дәлелдей, дәйектей білуі;
- келісім жүргізе білуі;
- сендіре білуі;
- әрекет
етуге ықпал ете білуі;
- «үзіліс» ұстай білуі;
- пікірталасқа түсе білуі.
4.
Гностикалық қызмет- мұғалімнің зерттеумен шұғылдануы:
а) оқушылардың ерекшелігін зерттеуі,
ә) ӛз қызметін жүзеге асыратын құралдар, форма
мен әдістерді зерттеуі,
б) мұғалімнің ӛз жеке басының жетістігі мен кемшілігін зерттеуі.
Біз бұл бӛліктерді тектен-тек талдап отырғанымыз жоқ .Олардың
диагностика анықтауға тікелей қатысы бар, себебі педагогикалық шеберлігін
арттырып, шығармашылық жұмыс жасайтын мұғалімнің қызметі осы бӛліктердің
жан-жақты жүзеге асуымен қамтамасыз етіледі. Ал, неге педагогикалық шеберлік
дейміз. Ӛйткені, шығармашылық жұмыс педагогикалық білімдер жүйесіне