«Шағын жинақталған Жаңатұрмыс негізгі орта мектебі» КММ
Физика-информатика пәні мұғалімі
Құлдырова Айзада Манарбекқызы
Эссе
Білім беру жүйесінің басты белсенді тұлғасы ретінде заманауи мұғалім.
«Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі,
қандай істі болсын,
бар ынтасымен атқара білуі керек »
В.Маяковский
Білім беру жүйесі- сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әртүрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны деп есептеледі. Білім берудегі басты белсенді тұлға ол –ұстаз.
Ұстаз, яғни мұғалім қазіргі таңда заман талабына сай жан- жақты дамыған, білім жүйесінің кез-келген қыр- сырларын меңгерген, жауапты тұлға ретінде қалыптасқан, әлеуметтік тұрғыда өз міндетін жақсы меңгерген адам. Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Міне, осында айтылған әрбір жаңа ақпараттық технологияларды меңгеріп, оқушылардың білім алуына әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жол таба білуі, заманауи мұғалімнің жүйелі жұмысының нәтижесі деп білемін.
Білім беру ол болашаққа жас кардларды даярлау, Қазақстан Республикасының болашағын қалыптастыру деп білемін. Сол себепті
2019-2020 оқу жылындағы мұғалім мәртебесі туралы саналы пікірлер, құнды реформалар жүзеге асырылуда. 2020 жылы дүние жүзі бойынша аты жаман ауру тарап , білім жүйесінде біраз өзгерістер енгізілген еді, осы тұрғыда білім беру жүйесінде басты, әрі белсенді тұлға ретінде жан-жақты дамыған, заман талабына сай, әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгерген, ақпараттық коммуникациялық технологияларды жоғары дәрежеде қолдана алатын заманауи ұстаз екенін анық және айқын көрсете түсті деп есептеймін.
Қорытындылай келе ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Болашақтың берік тұтқасын қалайтын ол- ұстаз.
Достарыңызбен бөлісу: |