- теориялық кезең(педагогикалық қызметтің нәтижесі мен үдерісі арасындағы
себеп- салдарлық байланысты оның
мәнін теориялық ой елегінен ӛткізу кезеңі);
- бағалау-рефлексивті;
- коррекциялық (шығармашылық кезең; педагогикалық қызметті жетілдірудің
жолдары мен тәсілдерін белгілеу).
Ӛзін-ӛзі диагностикалау
Я.С.Турбовский пікірі бойынша мұғалімнің кәсіпқойлығын жетілдірудің
«қуатты негізі» - дамудағы тоқыраушылықты байқау, қанағаттанбауды сезіну.
Педагогикалық диагностикалау мұғалімнің кәсіби рефлексиясы мақсаттылық
(болжамдық) сипат алғанда тиімді болмақ, яғни проблема неде, оның себеп-
салдары не, міне, осыларды анықтауда үлкен мән бар. Болашақ мұғалімдерге
кәсіби қызметтерін ӛзіндік диагностикалау педагогикалық құбылыстар
элементтері арасындағы себеп- салдарлық байланыстарды құра білуге,
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіруді ӛзінше кәсіби-педагогикалық
білім негізінде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл орайда диагностика - жас
педагогтің кәсіби ӛсуін ынталандырушы , шынайы таным тәсілі. (Г.А.
Романова,
Педагог-ое
диагностирование
как
основа
непрерывного
профессионального мастерства учителя.// Образовательные технологии , 2008 ,
№2)
Диагностика параметрлері мен критерийлері
Параметрлер. Пән мазмұны дегеніміз - объект, пәндердің, құбылыстардың,
процестердің адам қызметі әдістерінің ақпараттық бейнесі. Олар оқу элементтері
(ОЭ) болып есептеледі.
ОЭ – оқыту мазмҧның арнайы бірлігі. Оның үйреншікті параметрлерді
ӛлшеу бірлігінен (салмақ , ұзынадық , құн т.б.) айырмашылығы ОЭ әр уақытта
тұрақты, константты емес: бір не сол сияқты басқа оқыту мазмұны объектілер мен
құбылыс мәндеріне енудің қажет тереңдігіне байланысты түрлі ОЭ сандарымен
айқындалуы мүмкін.
Оқу элементі ұғымын түсіндірудің ұтымды дидактикалық құралы пәндегі ОЭ
құрамын талдау үшін қолданылатын граф. болып есептеледі. Ондай граф «Оқу
пәніннің логикалық құрылымы» деп аталады.
Кез келген оқыту мазмұны бағдарламада не оқулықта N әрпімен белгіленеді.
Оқу пәнінде қанша ОЭ бар екенін білу ӛте маңызды. Ол үшін оқу пәнінің
логикалық құрылымы болу керек. Сонымен қатар оқу пәнінің мазмұнындағы ОЭ
бӛлудің кестелік әдісін пайдалануға да болады. Әрине, ол үшін ОЭ – объектілер,
заттар, құбылыстар, үдерістер және әрекет әдістері екенін естен шығармау керек.
Әрі қарай осы пән бойынша кез келген баспа кӛзін қолданып (монограф, оқулық,
құрал), арнайы кестеге мәтіндегі кездесетін ОЭ-н нӛмірлеп теруге болады.
Мысалы, «Тұлға» ұғымына талдау жасағанда, кӛптеген оқу элементтерін бӛлуге
болады; тұлға; тұлға құрылымы; генетикалық қасиеттері; т.б. Математика пәні
бойынша мысал келтірсек.
Математика пәні бойынша оқу элементтері және оқу ақпараттарының кӛлемі
ОЭ ұғымы оқу пәнінің кӛлемін белгілеуге, саналы таңдауға ықпал етеді.
Ақпарат битлер немесе екі еселенген бірліктер арқылы ӛлшенеді. Бір
«русского языка» деген сӛзде 12 биттік ақпарат бар. Сондықтан бір оқу
элементінде орташа есеппен Н бит ақпарат болса, онда N оқу элементінде NH
биттік ақпарат болады.
Хабарламада қанша кӛлемдегі ақпарат болуын білу не үшін керек? Оны түсіну
ӛте қарапайым: оқушы - ақпаратты алушы, ӛңдеуші. Оның жұмысы табиғаттың
объекивті заңдылықтарына бағынады. Ақпарат кӛлемін игеру мен оны ӛңдеу
шапшаңдығына қарай әр оқушының ӛзіндік мүмкіндігі бар.
Бір оқу элементі қанша ақпарат ұстап тұрғанын қалай білуге болады? Ол үшін
мына әрекеттер орындалуы керек:
а) пәндегі ОЭ-ні жинақтап алу;
ә) әр ОЭ-ні сӛзбен сипаттау;
б) әр ОЭ-дегі Н-ты санау (сипаттаудағы сӛз саны х 12)
в) Н-тың орташа мәнін есептеу.
Оқушы ақпаратты қаншалықты аз ӛңдеу арқылы жетістікке қол жеткізсе, оқу
үдерісі соншалықты жақсы құрылған болады.
Абстракция сатысы
Абстракция сатысы- пәнді мазмұндаудың ғылыми деңгейі. Ғылым табиғи
тілден формальді, жалпылау және арнайы тілге ауысады. Танымда абстракциялау
үдерісі жүріп отырады. Ғылым дамуындағы 4 саты абстракция сатысы да болады:
бірінші саты –
ғылымда обьект қасиеті, сапалы табиғи тілде сипатталады.
екінші саты –
Қасиет пен сапаны толық зерттеу арқылы объектінің
сапалы теориясы пайда болады (терминологиясы, символикасы
шығады)
Оқу пәні
Оқу элементтері
Математика
Объект: натур. сандар, кӛбейту кестесі, ӛлшеуіш,
процесс, қосу, кӛбейту, бӛлу, алу. Куб: формулалар,
қисық, кестелер
Әрекет: проц. орынд.
Феномендік саты - β
1
Сапалы теория сатысы - β
2
Достарыңызбен бөлісу: |