Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институтының Әдістемелік Кеңесі ұсынған Ақтӛбе 2011



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет26/41
Дата06.02.2020
өлшемі1,49 Mb.
#28307
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41

ІІ. Педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы қиындықтар:  
 
І. Жаңа бағдарлама мен оқулық мазмұнын игеру. 
2. Оқыту жұмысының түрлерін (формаларын) қолдану. 
3. Оқушылардың белсенділігін сабақ бойына арттыра білу. 
4. Дамыта оқытудың жолдарын қолдану. 
5. Практикалық жұмысты басқару. 
6. Оқушылардың оқи білу дағдыларын қалыптастыру ( жоспарлау, ӛзіне-ӛзі 
бақылау, оқу т.б.) 
7. Оқуға, білімге құштарлығын дамыту. 
8. Оқу еңбегінде кездесетін қиыншылықты және типтік кемшіліктерді анықтау. 
9. Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. 
10. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу. 
 
ІІІ. Ата-аналармен жұмыстағы қиындықтар:  
1.Ата-аналармен ынтымақтастықты жүзеге асыруда. 
2. Үлгермеушіліктің себебін анықтауда. 
3. Тәрбиелік деңгейін анықтауда. 
 
ІV. Бақылау, байқауды жүзеге асырудағы қиындықтар: 
1.Оқушылардың білімін, дағдыларын, машықтарын есепке алу мен бағалау. 
2.Ӛз жұмысының тиімділігіне баға бере білу ( оқыту, тәрбиелеуде). 
Сонымен, біз рейтинг және ӛзіне-ӛзі бағалау әдісі арқылы мұғалім қызметіне қалай 
зерттеу жүргізу керектігінің бір мысалына ғана тоқталдық. Педагог осы тәріздес кез 
келген мәселе бойынша ӛзі параметрлер белгілеп алуына болады. 
 
2.4 Озық педагогикалық тәжірибе мәні 
 
 Педагогикалық тәжірибе - оқу-тәрбие практикасының айнасы. Тәжірибе - ұзақ 
мерзімді  практиканың  нәтижесі  ретінде  педагогикалық  қайнар  кӛз.  Ол  -  үнемі 
жаңартып  отыратын  және  педагог-зерттеуші  үшін  ешуақытта  сарқылмайтын, 
нақты,  тірі  мұра.  Педагогикалық  тәжірибе  практиканың  нәтижесі  ретінде 
шынайылықтың  ӛлшемі  болады:  ол  жаңалықты  иә  мақұлдайды,  иә  жоққа 
шығарады.  Тәжірибе  -  педагогтардың  шығармашылық  ізденістерінің  нәтижесі. 
Онда шығармашылық, жаңашылдық, сонымен қатар дәстүрлілік тоғысады. 
 Шығармашылық - әлеуметтік-тарихи құбылыс. Сондықтан ол философиялық, 
психологиялық  және  педагогикалық  тұрғыда  қарастырылады.  Философиялық 
тұрғыда  шығармашылық  -  табиғи,  әлеуметтік  ӛмірді  адамның    қажеттілігі  мен 
мақсатына  сәйкес  қайта    ӛзгертетін  адамның  әрекеті.  Психологиялық  тұрғыда 
шығармашылық    әрекеттің  әр  түрлі  саласындағы  жаңалықты  бірегей  пайдаланып 
зерттейтін ғылым, жаңалықты ашу жолдары және  интуцияның танымдық рӛлі т.
 б. 
ретінде  танылады.    Педагогикалық  тұрғыда  шығармашылық  инновациялық 
теорияны,  жүйені,  оқу-тәрбие  үдерісінің  технологиясын  жасау  жӛніндегі  ғылым 
болып есептеледі. 


                       С
онымен, шығармашылық жаңалық ашумен, жаңа технология жасаумен 
байланысты.  Олай  болса,    озық        педагогикалық  тәжірибелі    мұғалімнің  
«шығармашылық  зертханасы»  жаңалыққа      негізделіп  құрылу  керек.  Педагогтің  
шығармашылық   зертхананың  негізгі құрауыштары тӛмендегідей: ( 1- сызба) 
 
1- сызба 
 
 
 
 
            Педагогикалық  тәжірибені  зерттеп,  тарату  мәселесін  зерттеуден  біршама 
еңбектер  бар.  М.Н.  Скаткин  «озық  педагогикалық  тәжірибе»  сӛзі  түрлі  ұғымда 
қолданылатынын  айтады.  Кең  ұғымдағы  «озық  педагогикалық  тәжірибе»  ұғымы  - 
жоғары педагогикалық нәтиже, мұғалімнің кӛрсеткен жоғары деңгейдегі шеберлігі. 
Ол мазмұнында жаңалық   болмай-ақ, ғылымда белгіленген қағидалар мен әдістерді 
тиімді  қолдануға  негізделген  тәжірибе  болуы  мүмкін.  Ондай  тәжірибені  
педагогикалық шеберлікті әлі де меңгермеген мұғалімдерге таратуға болады. Ал тар 
ұғымдағы  «озық  педагогикалық  тәжірибе»  -  мазмұнында    шығармашылық 
ізденістің,  жаңаның  элементтері  бар,  «жаңашылдық»  деп  аталатын  тәжірибе. 
Мұндай тәжірибе мектеп практикасына және педагогикалық ғылымға жаңа жолдар 
ашатындықтан, алдымен олар талданып, қорытылып, содан соң таратылуы қажет. 
       Қарапайым  «шеберлік»  пен  «жаңашылдық»  ұғымдарының  да  шекарасын 
ажырату қиын, ӛйткені ғылымдағы бар қағидалар мен әдістерді меңгерген мұғалім 
бір орында тұрып қалмайды, жаңалықтарды қолдана, оларды  дәстүрлі әдістермен  
тиімді  сәйкестендіре  алатын  шебер  мұғалім  келе-келе  «жаңашыл»  болады.  Бұдан 
Идеялар  банкі 
 
Әдебиеттер 
Әдебиеттердің  библиогр. 
кӛрсеткіштері 
Баспа материалдары 
Фильмотека, видеотека, 
фонетека 
Плакаттар, слайдтар, 
картинкалар, фотолар т.б. 
Инновациялық 
педагогикалық тәжірибе 
Шығармашылық 
зертхана 
Ғылыми еңбектер 


шығатын  қорытынды:  кез  келген  оңды  тәжірибені  таратып,  ендіру  керек,  бірақ 
жаңашыл-педагогтардың  тәжірибелерін  терең  жан-жақты  талдап,  қорытып  тарату 
қажет. 
      Ғалымдар 
жетістікке  оңай  қол  жеткізу  үшін  озық  тәжірибені  
жасандылыққа  айналдыратын  келеңсіз  жағдайлардан  сақ  болуға  баса  назар 
аудартады.  Жалт  еткізіп  бір  кӛрсеткен  жасандылықты  «жаңашылдық  тәжірибесі» 
деп  ұғып,  солай    кӛрсететіндер  негізінен  «жаңалық  атаулыдан  қорқатындар»  деп 
атап  кӛрсетеді.  Жаңалық  әуелде  дәстүрліге  қарағанда  әлсіздеу  болады,  егер  ол 
қолдау  таппаса,  сӛніп  қалуы  мүмкін.  Сондықтан  нағыз  озық  тәжірибені  негізсіз 
«жалтылдақтықтан»  қатесіз  ажырата  білуіміз  керек.  Жаңаны  сезіну  үшін 
педагогикалық  кең кӛзқарас,  мектеп  дамуының  перспективасын  терең  түсіне  білу 
қажет. 
     Озық  тәжірибе  пайда  болу  тәсілдері  бойынша  екі  түрге  бӛлінеді 
(М.Н.Скаткин): спонтандық және ҧжымдық.  
     Спонтандық  озық  тәжірибе  -  ішкі  себептермен  немесе  қажетсінуден 
(сыртқы  ықпалмен  емес)  туатын  құбылыс.  Оның  құндылығы  мұғалімнің 
жаңалықты  ӛз  бастамашылдығымен  ойлап  табуында.  Бұл  оның  қажеттілігін 
қанағаттандыру  үшін  шығармашылықпен  жасалатын  ерікті  еңбегі.  Ол  жайында 
мұғалім  ӛз  жұмысын  талдауға,  біреуді  сендіруге,    жетілдіру  жолын  іздестіруге, 
жоспарын  жасап,  оның орындалуы  туралы  біреудің  алдында  есеп  беруге  міндетті 
емес.        Спонтандық  тәсілдің  кемшілігі  де  бар.  Ол  кӛп  жағдайда  ғылым 
жетістіктеріне  сүйенбейді.  Мектеп  алдына  қойылған  ӛзекті  міндеттерді  шешуге 
бағытталуына  кепілдік  бола  алмайды.  Осылардың  бәрі  спонтанды  түрдегі  озық 
тәжірибе  үдерісін  басқаруға  мүмкіндік  бермейді.    Мұндай  кемшілік  ұжымдық 
шығармашылық  ізденіс болғанда ғана игеріледі.  
   Жеке  жұмысқа  қарағанда  ұжымдық  жұмыстың  біршама  артықшылықтары 
бар:  кӛптің  күшімен  күрделі  қиын  шығармашылық    міндеттерді  қысқа  мерзімде 
шешуге  болады,  ізденіс  бағытын,  мазмұны  мен  әдісін  жариялылықпен  терең 
ойластырып  жасауға  болады,  бай  деректі  материалдарды  жинауға  және  олардан 
негізделген қорытындылар жасауға болады.  Ұжымдық озық тәжірибе  мақсатты, 
жоспарлы,  ұйымдасқан  сипатта  болады.    Дегенмен,  ұжымдық  жұмыстың  да 
кемшілігі  болады:  бюрократтық  әрекеттер  басымдылық  күш  алып,  жеке  
шығармашылық ізденісті, қызығушылықты басып тастайды. Сондықтан екі тәсілді 
бір-біріне қарсы қоймай, екеуінің оңтайлы үйлесімділігін іздестіру қажет. 
     Озық  педагогикалық  тәжірибенің  қызметкердің  шығармашылық  деңгейіне 
қатысты  репродуктивтік  түрі  болады.  Бұл  -  педагогикалық  қызметтің  белгілі 
формалары,  әдістері  мен  тәсілдерін    жаңа,  ерекше  тұрғыдан  қарастырып,  жоғары 
сапаға  қол  жеткізетін  тәжірибе.  Сонымен  қатар  озық  педагогикалық  тәжірибенің 
бір-біріне  қарама-қайшы:  тиімді,  тиімсіз  және  рационалды,  рационалсыз 
(В.И.Журавлев);  масштабы  бойынша:  дара,  типтік,  жеке,  топтық,  ұжымдық; 
жаңалығы бойынша: жаңашыл, шығармашыл, репродуктивті түрлері болады. 
    Қандай түрлі озық тәжірибе болмасын оның алдымен мынадай ӛлшемдерге 
сәйкес  келу  қажеттігі  маңызды:  жаңашылдығы,  жоғары    нәтижелілігі, 
перспективалылығы, 
тұрақтылығы, 
ӛзектілігі, 
сабақтастылығы, 
ғылым 


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау