Педагогикалық
практика бойынша ведомосқа осы 4-курс студент-
практиканттарының мемлекеттік педагогикалық практика бойынша қорытынды
картасындағы балы қойылады.
Сонымен педагогикалық практика нәтижесін диагностикалық карталар
бойынша бағалау не береді? Кестеден кӛрініп отырғандай, қорытынды бағалау
институт әдіскерінің (1), педагог-психологының (2) және ЖОО комиссиясының (3)
бағалауларының жиынтығынан құралады. Бұл тӛрт диагностикалық карта
педагогикалық практиканы қорытындылайтын негізгі кӛрсеткіш болады. Оның
тиімділігі жеке студент-практиканттардың жеке кәсіби- тұлғалық қалыптасу, даму
ерекшеліктерін үздіксіз педагогикалық практикалардың типтік бағдарламасына
сәйкес есепке алумен қатар институт дайындап шығарған мамандардың әдістемелік,
педагогикалық және психологиялық тұрғыдан (тіпті жеке параметрлер бойынша да)
сапалық деңгейлерін анықтауға мүмкіндік беретіндігінде. Сонымен қатар әр
диагностикалық карта нәтижесінде SWOT арқылы басымдық, әлсіз және қауіпті
жақтарының анықталуы маман дайындаушы кафедраның жыл сайынғы түлектерін
кәсіби-педагогикалық дайындаудағы жетістіктері мен кемшіліктерін талқылап, әр
жылғы кӛрсеткіштерді салыстырып, мониторинг жасауларына және жыл сайын
практика сапасы жүйесін жетілдіру жоспарын нақтылап отыруларына мүмкіндік
жасайды. Бағалау объективті болып, жеке тұлғаға бағдарланған іс-әрекеттердің
нәтижесі қызметін атқарады. Ең бастысы « Қазақстан Республикасындағы білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының»
жоғары білім сапасын кӛтеру деген талабына сәйкес болашақ педагогтардың
ӛздерін-ӛздері дамыту жұмысын саналы жүргізулеріне ықпалы зор болмақ.
Практика бойынша комитет педагогикалық практика нәтижелерін жоғарыда
келтірілген диагностикалық карталар бойынша ғана қорытындылап қоймайды.
Мамандар дайындауда институт бойынша белгіленген бірыңғай және
педагогикалық практикалардың типтік бағдарламасы талаптарының орындалу
дәрежесін, яғни 4- курс студенттерінің педагогикалық құзыреттіліктерінің
қалыптасу деңгейін байқау мақсатында практикадан кейінгі байқаулар ӛткізу
арқылы да қорытындылауды жоспарлап отыр. Мысалы, бір мамандық студенттері
пән бойынша оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін зерттеу нәтижелерін
қорғаса, екінші бір мамандық иелері оқушылардың адамгершілік тәрбиесі деңгейін
зерттеу нәтижелерін, ал үшінші мамандық студенттері
дипломдық жұмыстардың
экспериментальдық жұмыстарын жүргізу тәжірибесін қорғайды. Практика
нәтижесіндегі мұндай байқаулардың берері кӛп болады: олардың ішінде бірнеше
маңыздыларына тоқталсақ, біріншіден, студент-практиканттардың практика
барысында мақсатты жұмыс жасауларына әсері болып, олардың мотивациясын
тудырады,
екіншіден,
педагогикалық
қызметтерінің
(конструктивтік,
ұйымдастырушылық, коммуникативтік, гностикалық) қалыптасу деңгейлерін
байқатып, ӛзін сыннан ӛткізу арқылы мамандығына деген сүйіспеншілігі артып,
«енді мен мұғаліммін» деген сезімге бӛленеді, үшіншіден,
студент, әдіскер, педагог-
психолог, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, практика бӛлімі, практика
бойынша комитет қызметкерлерінің бірлескен, ынтымақтасқан біртұтас еңбегінің
нәтижесі болашақ мамандарға үлгі-ӛнеге болады.
ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ДИАГНОСТИКА НЕГІЗІНДЕ АНЫҚТАУ
Кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды
арттыру мақсатында мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
- 2011 жылы білім беру ұйымдарында басшылардан және педагогтардан
басқарудың жаңа дағдылары мен біліктіліктіліктерін арттыруды
талап ететін нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесін енгізу.
- Білім беруде сапа менеджменті жүйесі принциптерінің бірі етіп
мониторинг нәтижелерін есепке ала отырып, білім беру
процесін тұрақты жетілдіру принципін енгізу .
- 2013-2014 жылдар облыстарда
Сапаны бағалау қызметін құру.
Қазақстан Республикасындағы
білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының
«Білім беру менеджменті» бағытынан
2.1 Педагогикалық диагностикалау-мҧғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдау негізі
(п.ғ.д.,академик В.П.Беспалько. Аударған А.Кенжеғұлова)
Теориялық білім болғанмен, оны практикада пайдалануда кӛптеген мұғалімдер
қиналады.
Тұлғаның психологиялық теориясы бойынша мұғалім еңбегі үш құрамдас бӛліктен
тұрады: педагогикалық қызмет, педагогикалық қарым-қатынас, мұғалім тұлғасы.
Педагогикалық диагностиканың кӛпқырлылығына сәйкес алдымен мына
ұғымдардың мәнін ашып алу керек:
диагностика және диагностикалау. «Диагноз
қою» деген қарапайым мағынаны берсе, ал диагностикалау үдеріс болып
есептеледі.
Мектепте мұғалімдерді диагностикалаудың нақты педагогикалық қызмет
профессиограммасы қолданылады. (К.К. Платонов, В.А. Сластенин). Бірақ
ғалымдардың пікірі бойынша олар уақыт талабына сәйкес тұлғалық ӛзгерістердің
динамикасын кӛрсете алмайды.
Кәсіби рефлексия мұғалімге ӛзінің педагогикалық шеберлігін мақсатты түрде
жетілдіруге, ӛзін-ӛзі бағалауға мүмкіндік береді. В.П. Симонов бойынша
педагогтің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін диагностикалау нәтижелерін үш
деңгейде бағалауға болады: оңтайлы (оптимальный), қолжетімдік және сындарлы.
А.В.Христева педагогикалық қызметті талдау және ӛзіндік талдаудың мына
кезеңдерін бӛліп қарастырады:
- мазмұндық –диагностикалық (дайындық-бағдарлы);
- жобалық-мақсатты (талдау мен ӛзіндік талдау мақсаттарын нақтылау);
- технологиялық (кәсіби педагогикалық қызметті үдерісін талдау,ӛзіндік талдау);
Достарыңызбен бөлісу: |