екіншіден мұғалімнің сол іс-әрекетінің нысаны педагогикалық үдеріс болып
табылады. Сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби қасиеттерін қалыптастыруда
психологиялық-педагогикалық циклдағы пәндер маңызды рӛл атқарады. Педагогика
теориясы біртұтас педагогикалық үдерістегі мұғалім іс-әрекетінің мазмұны мен
функцияларын ашады.
Мұғалімнің кәсіби қасиеттерін педагогика ӛте ерте заманнан бері зерттеп
келеді. Екінші ұстаз Әл-Фараби адамдарды педагогикалық қабілеттеріне қарай
айырып қараған. Ол адамдардың күші жағынан не бір заттарды жылдам таба білу
қабілеті жағынан теңесе алатынын, ал осы қасиеттерге басқаны үйретуде бірі
екіншісінен артық болатындығына, сол сияқты басқаны басқару қабілеті кез келген
адамда бола бермейтініне және әр адамда басқаларды сол қасиеттерін жетілдіруге
ынталандыра алатын қабілет те бола бермейтініне назар аударған болатын.
Мұғалімдерде ӛзінің үлгісімен оқушыларды баурап алатын қасиеттері болу
керектігін ұлы педагог Ян Коменский де айтқан. Осы ой орыс ғалымы К.Д.
Ушинский еңбектерінде де жалғасады. Бұл сұрақ ХХ ғасырдың 20-жылдарында
кеңес педагогикасында да зерттеліп, Т.Маркарьян, П. Парибок еңбектерін жазды.
Олар педагог қасиеттерін қалыптастыруды мақсат етпеді, тек мұғалімнің
профессиограммасын жасаумен шектелді. Онда екі міндет шешілді: бірі «қазіргі
педагог қандай болу керек?» дегенге анықтама беру болса, екіншісі - мұғалімдік
қызметке адамдарды таңдаудың жолдары мен мотивтерін анықтау. Осы негізде
Т.Маркарьян мұғалімдерді екі топқа бӛлді: педагогтің психофизиологиялық сапасы
және кәсіби қызметі. Бірінші топқа денсаулық, кӛңілділік, белсенділік,
шыншылдық, ұқыптылық жатқызылады. Екіншісінде педагогтің іс-әрекетінің
сипатына қарай мұғалімдердің үш типін бӛледі. Олар:
1) әдіскер-маман, топ жетекшісі; 2) балаларды ұйымдастырушы; 3) қоғамшыл.
Ф.Королев
пен
Л.Раскин
мұғалімнің
дүниетанымына,
ұйымдастырушылығына, саяси дайындығына, денсаулығына, дәлдігіне, сӛзінің
анықтығына, байсалдылығына, дәлдігіне, тактісіне, жұмыстағы бастамашылдық
қасиетіне назар аударады.
Мұғалімнің маңызды кәсіби қасиеті - педагогикалық ҥдерісті жҥйелі кӛре
білу. Педагогикалық үдеріс- барлық құрауыштары бір-бірімен тығыз байланыста
болатын, егер бір құрауышы бұзылса, педагогикалық үдерістің жағдайына,
нәтижесіне үлкен әсер ететін мақсатты жүйе. Оның құрауыштарына мақсат, міндет,
мазмұн т.б. жатады. Сондықтан мұғалімнен педагогикалық үдерістің жүйесін кӛре
білу талап етіледі.
Жүйелі көру – педагогтің практикалық қызметіндегі шынайы оқу-тәрбие
үдерісімен үнемі салыстырылып отырылатын педагогикалық үдерістің ойша
эталоны. Ол оқу- тәрбие үдерісін ӛңдеп, әрі қарай жоспарлау үшін қажет.
Мұғалімнің педагогикалық үдерісті жүйелі кӛру қабілетін қалыптастыру одан
педагогикалық теория пен практика синтезін қажет етеді. Ғылымда педагогикалық
құбылыстарды зерттеудің жүйелілік қағидаты бар. Ғалымдар педагогикалық жүйе,
сабақты жүйелі талдау туралы айтқанда, сабақты нақты бір модельде «кӛруді»
айтады.
Педагогикалық үдерісте мұғалім маңызды орын алады. Сондықтан
педагогикалық ҥдерісті талдауды мұғалімге сипаттама беруден (пәнді білуі,
оқушы психологиясын білуі т.б.), оның оқушылар әрекетін басқару стилінен,
талаптарынан т.б. бастайды. Педагогикалық үдеріске оқушылар қатысатындықтан,
талдау сынып не топ сипаттамсына да байланысты болады, сонымен қатар
оқушылардың ӛзара қарым-қатынасына, ұжымдық қызметтің дағдысына,
ұйымшылдық пен тәртіп деңгейіне де байланысты.
М.А. Даниловтың пікірі бойынша «педагогикалық үдерістің ішкі себебі, оның
жетекші ӛзегі - тәрбие мақсаты. Тәрбие мақсаты - рухани байлығы, моральдық
тазалығы және дене күші гармониялық үндесе дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Бұл -
түпкі мақсат. Оған жету үшін педагогикалық үдерістің әр кезеңінде қоғам белгілеп
отырған мақсатқа сай мақсат нақтыланып, міндеттер белгіленеді. Мақсат пен міндет
арасында жалпы мен жекенің арасындағыдай қатынас бар. Сондықтан
педагогикалық үдерістің бұл екі құрауышы бір-бірімен байланыста талданады.
Педагогикалық үдеріс бір мезгілде білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттер
кешенін шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан талдау кезде әр міндеттің бағдарлама
талаптары мен міндеттеріне, оқушылардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне
сәйкестігін анықтау керек.
Педагогикалық үдерістің мақсаты мен міндеттері әлеуметтік талаптар негізінде
анықталып, оқу және тәрбие бағдарламаларында кӛрініс табады. Педагогикалық
үдерістің мазмұнын талдау мақсат пен міндеттің байланысында қарастырылып,
оқушылар мен педагогтің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке алу арқылы
жүзеге асады. Осы қҧрауыштарды және иерархиялық тәуелділікті (мазмұн
міндетке, ал міндет, мақсатқа тәуелді) қарастыра отырып, біз педагогикалық
үдерістің мақсатты, кӛпфакторлы, әлеуметтік және даралық сипатын ескереміз.
Педагогикалық үдерістің келесі құрауышы - қҧралдар. Бұл ұғым педагогикада
түрліше
қарастырылады.
Кӛбіне
құралдарға
кӛрнекі-иллюстративтік
материалдарды, техникалық құралдарды жатқызады.
Ал қазір педагогикалық үдеріс құралына педагогикалық ықпалдың
мүмкіндіктерін анықтайтын құралды жатқызады. Психологтар баланы дамытудың
шарты мен құралы деп оның ӛзінің әрекетін есептейді. Сондықтан педагогикалық
тұрғыдан мақсатты түрде ұйымдастырылған тұлғаны қалыпастыратын әрекеттің
негізгі түрлері тәрбие құралы да бола алады.
Н.Д. Хмель педагогикалық ықпалдың мұндай құралдарына қарым-қатынасты,
ойынды, еңбекті (оқу, қоғамдық, тұрмыстық, ӛндірістік т.б.), табиғатты
қорғаушылық қызметті, көркем қызметті жатқызады. Бұл құралдар әртүрлі
саладағы тұлғаға (интеллектуалдық, эмоционалдық, еріктілік, мотивациялық) ықпал
етеді және оның тиімділігі баланың жас ерекшелігіне байланысты болады.
Педагогикалық әдептілік
Педагогикалық әдеп мұғалімнің шеберлігін танытатын бүкіл қасиетінің,
ізденістерінің жемістері іспетті. Шебер болмай тұрып, әдепті педагог болмақ емес.
Осы пікірдің дұрыстығына мектеп мұғалімдері, басшылары, білім жетілдіру
курсының тыңдаушылары, сырттай оқушы мұғалімдер арасында болмасын
жүргізілген сауалнама жауаптары дәлел болғандай. Бәрі келіскендей, мұғалімнің
Достарыңызбен бөлісу: |