Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институтының Әдістемелік Кеңесі ұсынған Ақтӛбе 2011



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет25/41
Дата06.02.2020
өлшемі1,49 Mb.
#28307
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41

     Бұл  диагностика  бойынша  мұғалімдер  шеберлігінің  деңгейі  туралы  екі    жақты 
қорытынды шығаруға болады. Біріншіден, жеке мұғалімнің  кӛрсеткіші анықталса, 
екіншіден,  мектептегі  бастауыш  сынып    мұғалімдеріне  ортақ  кемшілік  пен 
жетістіктер  анықталады.  Мысалы,  он  бір  ӛлшемнің  бесеуінде  (1,6,8,10,11) 
мұғалімдердің  педагогикалық  шеберліктерінің  орташа  екендігі  анықталып  тұр. 
Сонымен  қатар    соңғы  үшінші,  тӛртінші  мұғалімнің    шеберлік  деңгейлерінің 
тӛмендігін де айқын кӛріп отырмыз. 
 
 
2.3  Педагогикалық диагностикалаудың ӛзін-ӛзі бағалау және рейтинг әдістері 
 
             Мектеп  реформасы мұғалімдерге ӛте үлкен талап қояды: біз  тек білім қорымен 
ғана  қаруланған  адам  дайындап  қоймауымыз  керек,  оларды  еңбек  ету  мен  ӛмір  сүруге 
дайындауымыз  қажет.  Оқушылар  әр  пәннен  белгілі  бір  кӛлемде  практикалық 
дағдыларды  игеріп  шығатын  болуы  керек.  Сонымен  қатар,  мұғалім  бұрынғыдай  оқыту 
мен  тәрбиелеудің  әдістерін,  формаларын  ғана  жетілдіріп  қоймай,      сабақтың  белсенді 
формаларын  кеңінен  қолданып,  оқушылардың  ӛз  бетінше  ойлау  қабілетін  дамытып, 
ӛзбетінше  әрекет  ете  алатын  құзыреттіліктерін  қалыптастыруы    керек.  Бүгінгі  күні 
мұғалімге қойылып отырған мұндай талаптар, жаңа міндеттер де белгілеп отыр. Мұғалім 
ӛзінің  педагогикалық  қызметінің  барлық  түрін  жетілдіріп,  ӛзін  педагогикалық 
шеберліктің,  шығармашылықтың    биігіне    шығаруы  керек.  Оқыту  жүйесінің  жаңа 
парадигмасына  кӛшудің  ӛтпелі  кезеңінде  мұндай  зор  міндетті    орындау    алдымен  
мұғалімнің  жеке бас ерекешілігіне байланысты  болса, екіншіден, білім беру саласының 
қайсысында  болмасын,  яғни  жоғары  оқу  орны  болмасын,  арнаулы  орта  не  жалпы  орта 
білім  беретін  мекемелерде  болмасын,  ондағы  әдістемелік    бірлестік    жұмысының 
мазмұнына да байланысты. 
      Әдістемелік    бірлестік    жұмысының  мазмұны    оның  жетекшісінің  іскерлігіне, 
ізденуіне,  мұғалімдерді  шығармашылық  ізденіске  ынталандыра  ерте  білуіне,  олардың  
кәсіби    шеберлік    деңгейлерін  зерттей    дамыта  білуіне    және  мұғалімдерің    озық 
тәжірибелерін  таратудағы  шеберлігіне  байланысты.  Ең  бастысы,    жетекшінің    ӛз 
әріптестерінің    педагогикалық  қызметіне  талдау    жасау  арқылы  әрқайсысының 
жетістік,  кемшілігін  анық    білетін,  сол  арқылы  әдістемелік  бірлестік    жұмысын 
ұйымдастыра    алатын қасиеті  болғаны  жӛн.  Басқаша   айтқанда,  әдістемелік жұмысты  
педагогикалық  диагностикаға сүйене жүргізе білуі қажет. (Педагогикалық диагностика 
жайында алдыңғы бӛлімде айтқан болатынбыз) 
       Педагогикалық   шеберлікті    диагностика   негізінде  қалай   анықтауға болады? 
Педагогикалық  диагностика  мұғалімдердің  қызметін  зерттеп  білуге,  атап  айтқанда, 
мұғалімнің  оқу-тәрбие  үдерісінде  қандай    әдістерді  қолданатындығын,  олардың  
нәтижелілігін    білуге,  мұғалімдердің  ӛзін-ӛзі  бақылауын  жүзеге  асыруға    мүмкіндік 
туғызады. 
        Обьективті,  әділ  диагностика  жеке  мұғалімнің  қызметін  жан-жақты  түрде 
талдауға  негізделеді  де,  оның  әдістемелік,  педагогикалық  шеберлігін  жетілдірудің 
жоспарын  жасауға,  яғни  қандай  мәселелер  жӛнінен  қиындық  кӛреді  немесе  қандай 


тәжірибелерін әріптестері арасында таратуға болады деген  нақты жұмыстар белгілеуге 
жағдай туғызады. 
        Диагностика  арнайы  зерттеу  нәтижесінде  жасалады.  Педагогикалық  зерттеу 
әдістерінің  түрлері кӛп.  Соның  ішінде академик  Ю.К.  Бабанскийдің  рейтинг және 
өзін-өзі  бағалау  әдісіне  тоқталып  кӛрейік.  Бұл  әдістер  педагогикалық    қызметті 
зерттеудің  ішіндегі  құнды  әдістерінің  бірі.  Ол  құзыретті  адамдар  арқылы 
жүргізілетін  әдістер.  Егер  әдістемелік  бірлестіктің  жетекшісін  сондай  зерттеу 
жүргізетін  адам  деп  қарасақ.  оған  қаншалықты  жоғары  талап  қойылып  отырғаны 
түсінікті.  Сондықтан  да  бірлестік  жетекшісі  ӛзі  де  ізденуден  талмайтын  мұғалім 
болуға  тиіс.  Сонымен  мұғалім  қызметінің  бір  саласына  рейтинг  әдісі  арқылы  баға 
беруден мысал келтірейік. 
 
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын  
арттырудағы мҧғалім жҧмысын бағалау 
      Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырудағы  мұғалім  не  оқытушы 
қызметін рейтинг әдісімен бағалауда бес балдық баға қолданылады. 
«5»-  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  үшін  арнайы  әдістер 
қолданады,  ӛтетін  сабақты  мазмұны,  практикалық  маңызы  жағынан  қызықтыра 
біледі,  оқытудың  әртүрлі  әдістерін  қолданады,  сыныптан  тыс  жұмыс  жүргізеді, 
оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыруда  олармен  жеке  жұмыс 
жүргізеді. 
«4»-  жоғарыдағы  жұмыс  тәсілдерінің  бір  бӛліктерін  қолдану  негізінде  пәнге  деген 
қызығушылықты арттырады. 
«3»-  бұл  жұмыста  оқушылармен  жеке  жұмысты  ескермейді,  пәнге  деген 
қызығушылықты нашар қалыптастырады. 
«2»  -  оқыту  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырмайды  (  сабақта 
формализм  кӛп, әдістер, сабақ  құрылыстары біріңғай т.б.) 
      Мұғалімнің (оқытушының) қызметін зерттеудің нәтижесі жоғарыдағы ӛлшемдер 
бойынша  әр  сапалық  кӛрсеткіштің  орташа  арифметикалық  есебін  шығару  арқылы 
қорытындыланады. Осылайша  мұғалім қызметінің әр қыры туралы мәлімет жалпы 
қорытынды  картаға  түсіріледі  де,  нәтижесінде  мұғалім  қызметінің  бағасын 
шығаруға болады. 
        Мұғалім  қызметіне баға беруде  рейтинг  әдісімен  қоса, мұғалімнің  ӛзіне-ӛзі  баға 
беру  әдісін  де  жүргізген  дұрыс.  Ӛзіне-ӛзі  бағалау  әдісі  мұғалімнің  сол  зерттеліп 
отырған  саласында  қандай  қиындықтар  кездестіретінін  анықтау  үшін  жүргізіледі. 
Қиындықтар сипаты  «ӛте  күшті»,  «орташа»,  «қиналмайды»    деген бағалар  арқылы 
кӛрсетіледі. Тӛменде ӛзіне-ӛзі бағалау үшін алынған сұрақтардан мысал келтірейік. 
 
Дидактикалық қиындықтар 
   І. Жұмысты жоспарлаудан: 
    1.  Тақырыптық жоспарлау. 
     2.  Сабақты жоспарлау.  
     3.  Тәрбие жұмысын жоспарлау.  
     4.Ӛзбетінше білім кӛтеруді жоспарлау. 


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау