Интербелсенді әдістерді сабақта қолдану



Дата09.05.2020
өлшемі50 Kb.
#30269
түріСабақ
Интербелсенді әдістерді сабақта қолдану


Интербелсенді әдістерді сабақта қолдану

08.11.2017 0 COMMENTS БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗДЕРІ

Білім берудің негіздері


Алимова Акгуль Едиресовна, Интербелсенді әдістерді сабақта қолдану

Мақала авторы: Алимова Акгуль Едиресовна
Жұмыс орны: ММ "Мичурин орта мектебі"
Лауазымы: Математика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 08.11.2017
«Мұғалім  өзінің  білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды, ізденуді  тоқтатысымен  оның  мұғалімдігі  де жойылады» деп   К.Д .Ушинский айтқандай жаңа форматта сабақ беруге көшуіміз керек. Оны жүзеге асырудың бір жолы ол интербелсенді әдістерді сабаққа қолдану.

Интербелсенді әдістер дегеніміз – қарым-қатынасқа жағдай жасайтын жаңа тәсілдер және оларды сабақта қолдану.
Интербелсенді оқу/оқыту дегеніміз – әрекет көмегімен және әрекет арқылы, яғни әрекет жасай отырып үйрену/үйрету.
Бұл әдіс – “бірлесе үйрену немесе бірлескен әрекеттер” идеясын басты назарда ұстайды.  Яғни: топтық жұмыс және жұптық жұмыс арқылы іске асады.

Интербелсенді әдістерді не үшін қазіргі кезде қолдануымыз маңызды?

Ғалымдардың пікіріне сүйенсек,  бүгінде әр адамға дүние жүзіндегі ең ірі кітапханалардың бірі АҚШ Конгресінің кітапханасының қорына пара-пар ақпарат келеді екен. Ал бұл дегеніміз –130 миллионнан астам  ақпарат бірліктері.



Олар мына төмендегі ақпараттардан беріледі

  • 470 тілде жазылған 30 млн. кітап

  • Бүкіл әлемде шығатын миллионнан астам газет атаулары

  • 58 млн. қолжазбалар

  • 4,8 млн. карталар

  • 12 млн. фотосуреттер

  • 2,7 млн. дыбыс таспалары

  • 500 мың микрофильмдер

Және де  бұл ақпараттар әрбір 4 жылда 25% -ға ескіріп отырады.

Н.Ә.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университетінде “Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына” атты лекциясында  “Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін  ескеруге мүмкіндік береді.

Бұл дегеніміз осы ақпараттарды оқушылар өз-өзін дамытуға, өзінің қабілетін дамытуға жұмсауы керек, оған ықпал ететін мұғалімдер. Ықпал ету дегеніміз- ол сапалы білім беру, сапалы білімді интербелсенді әдістерді қолдану арқылы қол жеткізуімізге мүмкіндік бар.

Интербелсенді әдістерді  қолдануды елбасымыз өзі қолдап, қазіргі кезде кең қолданысқа түскен деңгейлік бағдарламаны игеру арқылы мүмкіндік туады.

Ол дегеніміз 7 модульді  игеру. Олар:



  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  • Оқыту үшін және оқуды бағалау

  • Білім беруде АК технологияларды пайдалану

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту

  • Басқару және көшбасшылық

 

Осы 7 модульдің қай-қайсысын қолдансаң да оны іске асыру үшін интербелсенді әдістерді қолдану керек.



Интербелсенді әдістер түрлері:

  • Кластер (топтау)

  • Инсерт

  • Пирамида құру

  • Т кестесі

  • Синектика

  • Бестармақ, бессаусақ

  • Синквейн (5 жолды өлең)

  • Блум таксономиясы

                  (бағалау үшін)

  • Кубизм

  • Өз таңбаңды жаса

  • Бумеранг

  • Қосжазба күнделік

  • Ментальді карта

  • SWOT талдау

  • ЖИГСО

  • Рефлексиялық эссе

  • Галереяны шарлау

  • Мозайка әдісі

  • Кейін-дейін

  • Төрт сөйлем тәсілі

  • Жарнамалау


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау