жетістіктеріне сәйкестігі, оңтайлылығы, басқалардың шығармашылықпен
қолдануына мүмкінділігі, қоғам дамуы тенденциясына сәйкестігі. Сондықтан әр
әдістемелік бірлестік не жеке тұлғаның ӛзі озық педагогикалық тәжірибеге
жоғарыдағы айтылған белгілеріне қарай талдау жасаса, тәжірибенің мазмұн
жағынан жетіле түсуіне ықпал етеді.
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу мен қорыту әдістемесі
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу деңгейі оның
мақсаты мен
зерттеушінің дайындық деңгейінің дәрежесіне байланысты болады.
Озық
тәжірибені зерттеп, қорытудың үш деңгейі бар. Олар: теориялық деңгей,
әдістемелік деңгей және пракикалық деңгей.
Озық тәжірибені қорытудың
теориялық деңгейі тәжірибе негізіндегі
деректерді жинау және теориялық талдау жасаумен байланысты. Мұндай қорыту
тәжірибенің мәнін, теорияның дамуы үшін қажетті элементтерін, байланыстарын
анықтайды. Бұл деңгейдегі қорытуды ғылыми қызметкерлер, теориялық жағынан
дайындығы бар әдіскерлер, мектеп қызметкерлері жүзеге асыра алады.
Тәжірибенің ғылыми дәйектілігін кӛтеру үшін оқыту мен тәрбиенің жаңа
тәсілдерін қолдана, тәжірибені ұзақ мерзімді, бірнеше қайтара ӛткізудің маңызы
зор. Ол қателіктер жіберуден сақтандырып, бала дамуындағы ӛзгеріс пен білімінің
кӛтерілуін қадағалап, типтік қиындықтарды анықтауға ықпал етеді.
Озық педагогикалық тәжірибені
әдістемелік деңгейде қорыту нәтижесінде
автор тәжірибесіндегі нақты педагогикалық әрекеттердің, оның педагогикалық
технологиясының жүйесі кӛрінуі тиіс. Оңтайлы нәтижеге қол жеткізуді жүзеге
асыруға қажетті жағдайға сипаттама беру әдістемелік деңгейдегі тәжірибені
ӛткізудегі маңызды талап болып есептеледі. Сонымен қатар қорытынды
материалда тәжірибе кезіндегі кездесетін қиындықтар да кӛрсетіліп, әдістемелік
нұсқаулар, кеңестер беріледі.
Озық педагогикалық тәжірибенің
практикалық деңгейінің мақсаты -
мектептегі ең озық тәжірибелі педагогтардың тәжірибесін тарату. Практикалық
деңгей үш негізгі элементтен тұрады: педагогикалық жүйенің нақты сипаттамасы;
тәжірибенің нәтижелілігі; оны пайдаланудың артықшылығы мен болашағы.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу мен қорытудың негізгі
формалары
мыналар:
ашық сабақ, педагогикалық кеңес, өндірістік жиналыс, педагогика
мәселелері бойынша кеңестер, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық
конференциялар, педагогикалық көрме, педагогикалық оқулар, пікір таластар мен
диспут, педагогикалық экскурсиялар , педагогика мәселелері бойынша семинар
сабақтары, педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорыту әдістемесін жасау
практикумы, педагогикалық консультациялар, өзіндік білім көтеру.
Ашық сабақ - барлық мектептерде кеңінен қолданылатын форма.
Тәжірибелі педагогтардың сабақтарына қатысып, ұжым болып талдап, озық
жақтарын анықтап, оның нәтижелілігін қамтамасыз ететін қажетті жағдайды
анықтайды.
Педагогикалық кеңесті ӛткізу алдында арнайы дайындық жүргізілуі керек.
Олар: сабақтарға қатысу, талдау, әдебиеттерді оқып-зерттеу, кӛрме ұйымдастыру,