басшылары арқылы; облыс мектептерін зерттеу нәтижесіндегі студенттердің
мәліметтері бойынша.
2.5 Әдістемелік бірлестік жҧмысын диагностика негізінде жоспарлау
(Әдістемелік жұмыстың сапасы қандай? Ойланып кӛрейік!)
Әдістемелік бірлестік жұмысын диагностика негізінде жоспарлауға тоқталмас
бұрын мектеп тәжірибесіндегі мұғалімдерді үнемі ойландырып жүрген үш сұрақ
тӛңірегіндегі пікірлерге кӛңіл бӛлейік:
1-пікір: Кейбір мұғалімдер мектептегі әдістемелік бірлестік ӛзін-ӛзі ақтамайды,
қазір шығармашылық мұғалімдер тобы жұмыс жасаған дұрыс деп есептейді.
Талқылайық: Дұрыс пікір. Ал бірақ сол шығармашылық топты дүниеге келтіретін
әдістемелік бірлестік емес пе, «онсыз мұндай жоғары мәндегі жұмысқа мұғалімдер
дайын ба? » деген сұрақ ойландырмай ма?
2-пікір: Мұғалімдердің ӛз мектептеріндегі әдістемелік бірлестік жұмысына
кӛңілдері толмайды. «Ылғи баяндамалар тыңдай береміз, оның ешбір пайдасы жоқ»
деген пікір
Талқылайық: Мектепішілік әдістемелік жұмыстың тиімділігіне әрбір мұғалімнің
ӛзі мүдделі ғой. Сондықтан оның жұмысын жандандыру мұғалімдердің бұл
жұмысты дұрыс ұйымдастыруына байланысты емес пе? Басқа кімнен кӛруге
болады
3-пікір: Кӛпшілік мұғалімдер мектептегі бірлестік жұмысы «қанағаттандырады»
деп есептейді.
Талқылайық: Ал шын мәнінде, жан-жақты ойланса, «қанағаттандырады» деген
жұмыстың мұғалім кәсіби шеберлігін кӛтеруге ықпалы болмай жатады.
Формализмге мойын ұсыну деген осы емес пе? Әйтпесе, сапасы жоқ жұмыспен бос
уақытты алып, тек санына қанағаттануға болмайды ғой.
Міне, осы пікірлерден байқалып отырғандай, мектептегі әдістемелік қызметтің
жүйесі, мақсаттылығы жоқтықтан әдістемелік бірлестік жұмысы формальды
жүргізіледі. Сондықтан да мұғалімдер педагогикалық қызметтерінің шынайы
бағасын білмей-ақ, қандай жетістігін жетілдіру, қандай кемшілігін түзеу жолдарын
ойластырмай-ақ, педагогикалық- психологиялық тұрғыдан сындарлы бағасын
алмай-ақ жүре береді. Ал нәтижесінде оқушылардың білім сапасына нұқсан
келетіні баршамызға аян. Сол себептен де мектептегі әдістемелік жұмысты қайта
құру мәселесі бәрімізді ойландыруға тиіс. Әдістемелік бірлестік мұғалімдерді ӛз
әдістемелік шеберліктерін арттыруға іздендіретін қозғаушы күшке айналу керек.
Бұл маңызды жұмыстың нәтижелілігі оның бастапқы жоспарлау кезеңіне тікелей
байланысты. Сондықтан бірлестік жетекшісін алдымен «жұмысты жоспарлау қалай
жүзеге асырылады?» деген сұрақ ойландыруы қажет.
Бірлестік жұмысын жоспарлау диагностика кӛрсеткіштеріне негізделуі қажет.
Біз алдыңғы бӛлімдерде диагностиканы анықтау жолдарымен таныстырдық. Келесі
беттерде (1- 24 кестелер) диагностика түрлерін де ұсынып отырмыз. Міне, осы
құжаттарға негіздей жаңа оқу жылына жоспар жасамастан бұрын аяқталғалы
отырған оқу жылының соңында (сәуір айында) диагностикалық зерттеулер