312
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттанушылар тарапынан «ең субьективті» тек болып
саналатын лириканы тақырыптық тұрғыдан жіктегенде бұл мәсе-
лені өмірдегі автор тұлғасына қатыссыз шешу мүмкін емес. Өйт кені
тақырып – шығармада бейнеленген өмір шындығы болса, ли ри-
када ол автордың ой мен сезімі арқылы көрінеді. Өмір өлеңде ли-
ри калық кейіпкер бейнесінен танылады. Ал шығармадағы лир и ка-
лық субьектінің, көбінесе, автор өмірбаянымен тығыз байланысты
еке ні даусыз.
Жұматай Жақыпбаев шығармашылығы жөнінде әлі де айтылар
мәселелер көп. Әсіресе, эксперименттік жүйелеу мен сұрып тауды
көп қажет ететін ұйқас, шумақ, бунақ түрлері, ақын қала
мына
ғана тән ажарлау, айшықтау, құбылту түрлері жөнінде де арнайы
тоқталу қажет-ақ еді. Бірақ, біздің жұмысымыздың көлемі көтерме-
гендіктен және көптеген қаламгерлер аузынан айтылған оның
«жұмбақ» сырларын таныту бірінші кезектегі ғылыми ныса
на-
мыз болғандықтан, біз өзіміз негізгі деп тапқан мәселелермен ғана
шектелдік.
Қаламгер шығармашылығынан әдеби қауымға жұмбақ болып
келген ең негізгі нәрсе – ондағы көркемдік көпқырлылық. Ол ең
алдымен шығарманың тақырыптық қырынан көрінеді. Жұматай
Жақыпбаевтың бір өлеңінің өзінде өмір мен қоғамның, адам-
ның, табиғаттың сан алуан мәселелері қоса қамтылады. Мұндай
күрделіліктің ақыннан ерекше шеберлікті талап етері сөзсіз.
Сондай-ақ авторлық және оқырмандық эмоция түрлерінің бірне-
шеуі бір туынды бойында қатар беріле білуі де осы «жұмбақтың» бірі.
Ақын өлеңдерінде мұңды, көңілсіз жайттардың сол сезімдермен
қатар күлкі арқылы қабылдану ерекшелігі осының бір айғағы.
Ал оның сыры туындыгердің лирикалық субъект пен объек-
тінің арасын шебер алмастыра білуімен және сөздік ойындарды
ұтым
ды пайдаланумен де байланысты. Ақын тұлғасының аңыз-
дық сипаты да өлең астарынан аңғарылып отыруы, оның тарихқа,
өмірге, т.б. жайттарға деген көзқарасының ерекшеліктері туын-
дыда бейнеленуі және тура мағынасында мүлде өзге мән бе ретін
сөздік сарындардың жиі кездесуі, тіпті сыртқы композиция түр-
лерінің (шығарма аты, эпиграф, арнау сөздер, т.б) көркемдік мәнге
ие болуы оқырман қызығушылығын туғызатын факторлар. Бірақ
бұл факторлар барлық оқырман ынтасын арттыра алады деу артық.
Ол белгілі бір дайындығы, яғни ақын өмірінен, ол жүрген әдеби
ортадан біршама хабардар және әдеби, тарихи білім деңгейі бар
оқырман үшін ғана ерекше мәнді. Біздің алғашқы тарауда ақын
өміріне қатысты жайттарға көбірек мән беруіміздің де негізгі себебі
осында. Ақын шығармашылығының көпшілік қауым тарапы нан
313
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
ерекше қолдауға ие болмау сыры да осымен байланысты. Ақын ның
қаламдас достарының оны «интеллектуалдық поэзия» өкілі ретінде
көрсеткені [57] әбден дұрыс. Сондықтан жұмысымызда сурет кер
туындыларының көпшілік қауым тануы тиіс тұстарына көбірек
тоқтап отыруды да қаперімізде ұстадық.
Қорыта келгенде, Жұматай Жақыпбаев шығармашы лы ғы дәуір
тынысын танытарлық танымдық мәнімен де, көркем
дік ерек-
шеліктерімен де, авторлық субъективтілікті көрсетер
лік қырла-
рымен де дәуір әдебиетінен ерекше орын алады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мукаржовский Я. Преднамеренное и непреднамеренное в искусстве
//Мукаржовский Я. Исследования по эстетике и теории искуства. М., 1997.
2. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Қысқаша очерк. А.,1998.
3. Ыбырайымов Б. Ой мен сөз. Әдеби сын мақалалар. А., 1985.
4. Нәжімеденов Ж. Өлеңге... //Қазақ әдебиеті. 1981, 6 март; Ыбрайымов
Б. Махаббат жырлары //Қазақ әдебиеті 1985, 16 август; Ергөбеков Қ.
Қолжазбадан кітапқа немесе жабық рецензияның ашық сипаты //Беталыс.
Жастар жастар туралы. А., 1984; Мырзабеков К. Үш ақын. Үш қолтаңба. Бір
түйін //Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. Он үшінші кітап. А., 1988; Негимов
С. Ақындық мәдениет //Жастар жастар туралы А. 1981; Есдәулетов. Ұ.
Албырт сезімдер немесе тұңғыштар туралы сөз //Жастар жастар туралы А.,
1981; Неталиев М. Ән болып біткен құлагер әлгі күліктей //Қазақ әдебиеті
1993, 25 маусым.
5. Белинский В.Г. Разделение поэзии на роды и виды //Полн.собр.соч. т.5.
М., 1954; Гизенбург Л. О лирике. 2 изд., Л., 1974; Поспелов Г.Н. Лирика. М.,
1976; Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973; Бердібаев Р. Поэзия және
машық //Қазақ әдебиеті. 1957, 7 июнь; Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы,
сөз сарасы. А., 1973; Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. А., 1960; Негимов С.
Өлең өрімі. А., 1970; Жәмішов Ә. Жыр жанары. А., 1970; Нарымбетов Ә.
Уақыт шындығы – көркемдік кепілі. Әдеби мақалалар. А., 1989; Мәшһүр-
Жүсіп Қ. Өлең – сөздің патшасы. Зерттеулер. А., 1991. Шапаев Т. Қазақ
поэзиясындағы лирикалық тұлға проблемасы. Кандидаттық диссертация;
Сұлтанғалиева Ж.С. Қазіргі қазақ лирикасындағы мінез мәселесі.
Кандидаттық диссертация; Мұқышева Р. Қазіргі қазақ поэзиясындағы
ұлттық характерді бейнелеу жүйесі. Кандидаттық диссертация.
6. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш //Байтұрсынов А. Ақ жол, А.,
1991; Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. А., 1969; Қабдолов З. Сөз өнері. А.,
1976.
7. Шәріпов Ә. Ж.Саин творчествосы. Канд. дисс. А., 1968; Ысмағұлов Ж.
Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері.
Докт. дисс. А., 1995; Мұсақұлов Ә. Әбділдә Тәжібаевтың ақындық әлемі.
314
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Канд. дисс. А., 1970; Дәуітов С. Ә.Тәжібаев лирикасы. Канд. дисс. А., 1982;
Асылжанов Б. Ақын және өмір шындығы (Әбу Сәрсенбаев творчествосы
хақында). Канд. дисс. А., 1971; Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
лирикасы. Канд. дисс. А., 1975; Шәменов К.С.Торайғыров поэзиясындағы
эстетикалық идеал. Канд. дисс. А., 1959; Тәжіғұлов С. Хамит Ерғалиевтың
ақындық шеберлігі. Канд. дисс. А., 1975; Ізтілеуова С.Д. Қ.Шәкәрім
поэзиясындағы тұлға мәселесі. Канд. дисс. А., 2000; Юсупов Қ.Ө. Жұмекен
Нәжімеденовтың ақындығы. А., Докт. дисс. 1996; Хамидуллаев Н.
Мұқағали Мақатаевтың ақындық шеберлігі. Канд. дисс. А., 1993; Сариев
Ш. 60-70-жылдардағы қазақ лирикасы. Көркемдік ізденістер. Канд. дисс.
А., 1993; Нұрахметов С. Қадыр Мырзалиевтің ақындық шеберлігі. Канд.
дисс. А., 1994; Мутиев З. Фариза Оңғарсынованың лирикасы. Канд.
дисс. А., 2000; Мәмбетов Ж. Ж.Молдағалиевтің ақындық шеберлігі.
Канд. дисс. А., 1998; Аяпбергенов Р. Т.Айбергеновтың ақындық мұрасы.
Канд. дисс. А., 1996.
8. Қамайұлы Ж. Жұмбақ жұлдыз кім екен? //Азия, 1993, тамыз N35;
Құттымұратұлы Қ. Қазақы Мәжнүн //Қазақ әдебиеті 1995, N5, 7 ақпан;
Ақыпбеков Ө. Алтынмен жақша ашқан //Қазақ әдебиеті. 1995, №5. 7 ақпан;
Cоныкі. Заманаларды бетке алған жыр көші //Өркен, 1991, 21 қыркүйек;
Елғондинова З. Менің ертегім. Естелік-эссе, А., 1997; Соныкі. Көңілдің
кейбір сәттері //Қазақ әдебиеті. 1995. №5. 7 ақпан; Соныкі. Оққағар //
Жас алаш. 1995, 16 ақпан; Соныкі. З. Күйші //Егемен Қазақстан. 1995, 4
ақпан; Соныкі. Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде //Егемен Қазақстан.
1996. 10 шілде. Соныкі. Жұматайдың маған жұмбақ Ләйләсі. //Жалын. 1994,
№5-6 Ақдәулетов М. Өлеңнің нұрлы болмысы //Қазақ әдебиеті. 1995, №5,
7 ақпан, Ақдәулетұлы М., Қодар Ә. Ғұмырымды мейірім үшін қидым мен
//Алтын Орда. 2000, 17 наурыз; Ақпанбетұлы Ә. Күнгей елінің кербезі //
Жас алаш, 1995, 16 ақпан; Әлімбек Қ. Мәңгілік тірі жанның төлеңгіттері //
Азия даусы. 1991, желтоқсан; Соныкі, Мәңгілік тірі жанның төлеңгіттері //
Жас алаш, 1995, 16 ақпан; Қайран Ә. Ол бір құшақ музыка //Қазақ әдебиеті.
1995, 7 ақпан; Сонікі. Ол да жұмбақ жан еді //Қазақ елі, 5 қазан. Серікбаев
Б. Бізге өлімнің, сірә, қолы жетер ме? //Парасат. 1991, №9; Қараева Р.
Ақынды сүйген әйелдің мөлдір сезімі мен мөлтек мұңы //Ақ босаға, №2,
1996, ақпан; Сапарбай И. Бекзат болмыс //Егемен Қазақстан. 1995, 4 ақпан;
Қамшыгерұлы С. Азаматтық ақын үні //Алматы ақшамы. 2000, 17 қаңтар;
Ақсұңқарұлы С. Ақын Жұматай Жақыпбаев атты монографияға қосымша.
Жыр-хамса //Жас алаш, 1994, 10 тамыз.
9. Бехер И. Любовь моя поэзия. М., 1965.
10. Шапай Т. Шын жүрек бір жүрек. А., 2000.
11. Қабдолов З. Екі томдық таңдамалы шығармалар. 2 т. А., 1983.
12. Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. А., 1973.
13. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. А., 1960.
14. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы (1930–1940-жыл дар
аралығы). А., 1971.
15. 40-50 және 60-жылдардағы қазақ әдебиеті А., 1998.
16. История казахской литературы в 3-х томах. Т 1, А., 1971.
17. Қирабаев С. Талантқа құрмет. Мақалалар, зерттеулер, портреттер.
А., 1988.
Достарыңызбен бөлісу: |