Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет2/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95

7
Үш ғ а с ы р... Үш б е й н е...
 Ал енді осы жерден тоқтайық. Бағанадан бері орта ғасырда 
өмір сүрген Данте мен Петрарканың рухын неге тербетіп отырмыз? 
Ендеше қазақтың талатты ақыны Жұматай Жақыпбаевты тыңдайық. 
Сен артықсың!
Оған мына таң куә.
Бірақ басқа амал сенде қалды ма?!
Сенің ұлы Суретшің жоқ,
Сондықтан барарсың бір фотогроф алдына.
Сен артықсың!
Болдым бірақ мен сорлы.
Сол сорлылық көтертпейді еңсемді.
Суретші боп жаралмадым,
Бейнеңді
Жазар едім дәрменіммен ең соңғы!
Жұматай да поэзияға үлкен дайындықпен келді. Батыс, Шығыс 
поэзиясындағы ұлы ақындар жырлаған ару бейнесін ол тегін 
сомдаған жоқ. Петрарка Лаурамен көктем айында үш рет кездессе, 
Жұматай да Ләйләмен көктем айында үш рет кездеседі. Өз қиялы нан 
тудырған сұлулыққа өзі ғашық болып, ондаған жыл Ләйләға арнап 
жыр жазады. Жер баспайды. Ғажайып күй кешеді. Арманмен өмір 
сүреді. Ләйлә бейнесі Жұматайдың табынар жалғыз тәңірісі еді. Ұлы 
көктен жерге түспеген ару Ләйлә ақынға бітпейтін азап шекті реді. 
Жұбанбайтын көңіл-күй сыйлайды. Ақыры ғарыш төріне жетелеп 
кетеді...
Бейнең сенің өңге бір, түсте бір кеп,
Диуаналық жолдарға түскенім көп.
Таусылған соң амалым, тұрам ылғи,
Тағы да бір қиғылық істегім кеп.
Іздегенім сен болсаң, таптым қайғы,
Ондай жанға байыздап бақ тұрмайды.
Қисық, қыңыр болса да мен жүрген жол,
Бақыт үшін күреске таптырмайды.
 Ол да Петрарка сияқты өзінің музасы Ләйләға арнаған жыры 
таусылған кезде аңқайып отырып қалады. Көкірегінде қара жердің 
қара құрдымындай (черная дыра) түпсіз терең ойық пайда болады. 


8
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Оны толтыру мүмкін емес еді. Ақын жаны аласұрады. Шарықтап 
көкке ұшады. Бірақ, ұзақ тұрақтамайды. Омақаса құлайды. Енді ол 
мұңды ғазалдар төгеді . 
Жуғам жоқ ащы жаңбырмен,
Жасыған мұңды жанарды.
Шашым да шәркез тағдырмен,
Шатыраш ойнап ағарды.
Қай гүлін сөздің төкпедім,
Жолыңа сенің шын ұлы!
Алқара шашты көктемім,
Арманның жалғыз құлыны
Секілді ең, кеттің ұстатпай...
Сол бір өзіне ұстатпаған арманының соңынан Жұматай да 
мәңгілік сапарына өзі білмей, өзі сезбей, ғажайып бір күй кешіп 
аттанып та кетеді... Петрарка бүкіл Италиясын аралап, құлазыған 
көңіліне медеу іздесе, Жұматай Есентай өзенін жағалап, Марков 
көшесіндегі өз үйінен, әл-Фараби көшесіндегі сыйлас інісі 
Әуезханның үйіне барады. Әуезханның үйін ол Флоренция деп 
атайды. Сол Флоренцияға барып, бір күн қонып, ертеңіне сағат 
11-де үйіне келіп, шалқып, тасып, Ләйлә деп шалықтаған күйінде 
дүниеден өтеді... 
Талантты ақындардың мұндай сәттерін Польшаның ұлы 
жазушысы әрі әдебиет зерттеушісі Ян Парандовский «состояние 
транса» деп суреттейді. Яғни транстық көңіл-күймен жыр жазған 
ақындардың көбісі қайталанбас образдар тудырумен қатар, сол 
шығармаларының тұтқынына һәм құрбанына айналады.
Жұматай маған бір кездері өзінің оң аяғының сол аяғынан бір-
екі сантиметр кем екендігін айтқан. Аттан жығылып, аяғымды 
сындырдым деп. Мен күлгем де қойғам. Себебі оның Петраркаға 
еліктеп отырғанын сездім де, түсіністікпен қарадым. Тағы бірде ол 
ағылшынның атақты ақыны Байронның да бір аяғы бір аяғы нан 
бір-екі сантиметр қысқа екенін айтты. Мен тағы да күлдім. Түсіндім. 
Оның өте атақты болғысы келетінін. 
Иә, ол бар өмірін өзі тудырған сұлулық аңыздарына арнады. 
Сөйтіп өзі де туған халқының есінде әрі сұлу, әрі асқақ Прометей 
жүректі, ерте дүниенің ұлы Гомері жырлаған Аполлонның тоғыз 
музасын жетелеген, кифарасын сұңқылдатқан кербез де сері, 
мәңгілік ғашық Мәжнүн-Жұматай бейнесінде қалды.


9
Үш ғ а с ы р... Үш б е й н е...
Қайтқамын жоқ қайда жүрсем бір беттен, 
Жоқ мені өмір дөкей де еткен, дүр де еткен. 
Дәме етпеймін мен ешқандай жоқтаудан
Дәметпеймін мен ешқандай құрметтен. 
Кетер күнім... Келер, келер ол дағы, 
Бір қаралы шеру шығар жолға әлі. 
Сол бір кезде жан баласы жыламай,
Ләйлә, жалғыз сен өксісең болғаны, – 
деп өзінің қысқа да нұрлы өміріне өзі нүкте қояды. Шынында да, 
Ерке Мәжнүн бейнесіндегі Жұматай ақынның басында бір бәй те рек 
жайқалып тұр. Кеш батса болды, тоғыз музасын жетелеген Аполлон 
оның басында кифарасын құйқылжытып саз төгеді. Өнердің то-
ғыз музасы тұңғиық ойға батады. Ғарыш төрінен шайырдың өмір 
бойы асқақтығымен өзін тәнті еткен ару Ләйләсына деп жи наған ақ 
раушан гүлдері төгіледі. Оның рухы тіршілігіндегі ғажайып түстен 
әлі де арылған жоқ. Ақын рухының өлмейтінін тәңірім бізге тағы да 
тәбәрік етті. 
Асқақ шайыр Жұматай! Рухы биік Жұматай! Сен тіршілігің-
де пенделіктен, майдалықтан биік тұрдың! Ләйлә бейнесі арқылы 
қазақтың қаракөз аруларына ұстынын өлең-жырдан өріп, Тәж-
Махалл салдың! Сол Тәж-Махаллың күннен- күнге, жылдан-жылға, 
ғасырлардан-ғасырларға биіктей берсін! Сенің мәңгі ғашық бейнең 
халқыңның жүрегінен мәңгілік орын алсын!
Болашақ ғасырлардың ару Ләйләлары сені сағынышпен еске 
алатынына мен сенемін!
Қаламдас серігің, 
ақын Зайда ЕЛҒОНДИНОВА.


Әбубәкір ҚАЙРАН
СЕН – РУХСЫҢ, СЕН – АРСЫҢ
Жұматай Жақыпбаевтың рухына
(Қабір басында оқылған өлең )
Арамызда ар едің ғой, Жұма-аға-ай!
Жаңа жауған қар едің ғой, Жұма-аға-ай!
Қайыспайтын нар едің ғой, Жұма-аға-ай!
Кеше ғана бар едің ғой, Жұма-аға-ай!
Мына өмір не боп кетті?!
Бұ қалай – 
Неге теп-тез сөне қалдың шырадай?!
Сүлей едің, 
Сүйкімді едің, 
Сүйікті ең,
Ерте оқ тиіп жараланған киік те ең.
Жанталасып өлген жоқсың күйіктен,
Жан ұшырып қарғып кеттің биіктен.
Бірінші бөлім
ӨЛЕҢНІҢ КЕНЕЖИРЕНІ


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау