Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет88/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95

294
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
АҚЫННЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЛИРИКАСЫ
Ж.Жақыпбаев лирикасының шынайылығы оның өз жан-
дүниесіндегі өзгерістерді, бұлқыныстарды көбірек жырға қосуымен 
байланысты. Ақынның көзі тірісіндегі жыр жинақтары әлі Кеңес 
өкіметінің туы қисаймай тұрған кезінде жарық көрді. Ол тұс-
тағы басылым көрген лирикалық өлең жинақтары, дәстүрлі үлгі-
мен, Отанға, компартияға, Ленинге, өкімет басшыларына, КПСС 
съез 
деріне, солардың шешімдері мен оның жүзеге асырылуына 
арналған шығармалардан басталатын. Жұматай жинақтарынан, 
әсіресе, «Шұғынық гүл төркінінен» бұл қасиеттің мүлдем көрінбеуі 
– қаламгердің жасандылықпен жаны қас екендігінің айғағы. Саяси 
мәселелерге туынды арнаса, осындай дәстүрлі сарынға түсе тінін 
және шындықты бүркемелеп, кеңестік саясатты тек дәріптеу мен 
ғана шектелетінін білген ақын бұл тақырыптан аулақ жүрді. Ал сая-
сат пен әлеуметтік мәселенің қатар тұратыны анық. Сондықтан бір 
қарағанда ақын өлеңдерінде әлеуметтік мәселелер мүлде айтыл-
майтындай көрінеді. Ал, шын мәнінде, ақын өлеңдерінен әлеу-
меттік тақырыптың да алатын едәуір үлесі бар. Бірақ ол өзге 
тақырыптармен қатар өріліп келеді және жеке адам мәселе леріне 
қатысты тақырыптардың көлеңкесінде қалып қоятын кездері көп. 
Міне осындай жағдайларға байланысты ақын жарының алаң-
даушылық білдіруінің жөні бар. «Қырық бес жыл ғұмырында боз бала 
мәжнүн де, асқақ мінезді ақын да, даналыққа бой ұрған дарабоз жігіт 
ағасы болып та үлгерген Жұматай жырының табиғаты бай, тари хи 
тағылымы мол. Сондықтан да ақын зерттеушілерінің құлағына алтын 
сырға дей отырып, ақынның оқырман қауымды, әсіресе, жас тарды 
еліктіретін романтикалық сиқырлы сазы бар махаббат лирика  сы на 
ғана дендеп; бір жақты ғана кетпесе екен деген тілегіміз бар. Бойына 
қазақылығымен қатар, батыс пен шығысты тең сіңірген Жұматай 
поэзиясы, жұмбақ та сырлы әлем, әлеуметтік астарлы дүние», – дейді 
ол [47]. Туындыгер шығармашылығындағы азаматтық әуен жөнінде 
сөз қозғаған адамның бірі – Саят Қамшыгерұлы. Ол: «Азамат тық 
– қоғамдық сананың өскелең үрдісімен тығыз байланысты ұғым. 
Ақынның азаматтығы – өзі өмір кешіп отырған кезеңінің нақ-
ты шындығына тамыр жіберген бекем де белсенді позиция. «Ақын 
болу парыз емес азамат болу парыз» дегендей, байқасақ, Жұматай 
ақындығынан азаматтығын жоғары қойған. 
«Қазақтың бәрі сыйса деп аштым айқара
Құшағым менің ерлігін жердің қайтала» деген жолдардан-ақ 
Ж.Жақыпбаевтың елін қалай жақсы көргенін аңғарамыз,» – 
 
дейді [70].
«Поэзиядағы азаматтық әуен ең алдымен ақынның азамат тық 
тұлғасына байланысты» [17.29], – дейді академик С.Қирабаев.


295
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
Ж.Жақыпбаев өлеңдеріндегі саяси-әлеуметтік жағдай-лардың 
көрінісі және соған деген ақынның көзқарасы, берген бағасынан 
оның азаматтық позициясы да танылады. Бірақ ол Жұматайда 
күнделікті тіршілікпен, жеке адам мәселесімен байланыстырыла 
көрсетіледі. Әлеуметтік мәселелерді арнайы тақырып етіп алып, 
оған деген бағасын жалаң түрде айту – Жұматай қаламына жат. 
«Біз «азаматтық әуен» дегенді тек саяси-әлеуметтік тақырыптағы 
лепті ұранға толы көтеріңкі пафостың өлеңдері деп қана түсін-
беуіміз керек. Ең нәзік сезімді сыршыл өлең жазсақ та, мейлі қай 
тақырыпта болмасын, мазмұнында парасат пен адамгершілік идея-
сы жатса – азаматтық лирика дегеніміз сол» [71.151], – деп айт қан 
Ұ.Есдәулетовтің пікірінің Ж.Жақыпбаев өлеңдеріне қатысы мол. 
Кеңестік идеологияға сай кезінде ұранға айналған тақырып-
тардың ішінде Жұматайдың қалам тартқаны болса, ол – халықтар 
достығы тақырыбы. 
Тартады көшін жетектеп ілгері уақыт, 
Күнде бір шығып тұрса күн, күнде бір батып
Ашоканың ақылын қабыл ап әлем,
Ел елмен дос боп, есен-сау жүргені – Бақыт! [24.18], – дейді ол 
«Өкініш. Мангу ағашы» өлеңінде. Сондай-ақ шетел, көршілес 
республикалар өмірін, сондағы жолсапарларында алған әсерлері 
жайында жазылған өлеңдерінде осы тақырыпқа жиі ат басын тіреп 
отырады. Бірақ Жұматайдың бұл тақырыпты жырлауында жал-
ған ұраншылдық, жасандылық танытпайды. Автордың осы мәсе-
леге қатысты шығармашылық концепциясы бойынша, халық тар 
арасындағы достық – жалған сезім емес, ақыл-ойдың, адамгер-
шілігі мол, сұлулыққа құштар сезімнің иесі ғана қол жеткізе ала тын 
ұлы қасиет. Ал мұндай жандар – бірінші кезекте, өнер адам дары, 
ақындар. Ақындардың көп болуы – халықтар достығының басты 
кепілі. Міне осы көркем концепция ақынның өзге ел немесе туыс-
тас халықтар ақындары жөніндегі немесе поэзия фестивальдары на 
арналған өлеңдерінің түгелге жуығында көрініп отырады. 
Мәселен,
Әлемде шаңырақтың жаманы жоқ.
Ішінде жыр оқуға болатұғын [24.11], – 
немесе
Барлық құрлық ақыры басын иді,
Монғол емес, қырғыздың Шыңғысына [25.192], –
немесе
Жуықтау тұрушы еңдер қатерге елі, 
Қадірлі туыстарым жат елдегі –
Қап-қара континенттің Сәбиттері!
Сап-сары континенттің Сәкендері! [25.219], – 


296
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
немесе
Жүрегім шаншиды ғой көл көрмеген
Ақынның филиппиндік азабымен [25.220], – деген сияқты жол дар 
біздің бұл ойымызға айғақ бола алады. Бұдан ақынның шынайы 
жүрек сөзін айтқандығын тани аламыз. 
Ақынның кеңестік саясатпен үйлесімді шыққан, бірақ жасы-
рындылықтан ада өлеңдерінің қатарында «Жаңа бір нұрмен 
корабль мінген жыл келді…», «Тоғызыншы май», «Қазақ даңқы», 
«Панфиловшы», «Құрдасқа құрдас туралы» сияқты шығармаларды 
айтуға болады. Бұларда қоғам өмірінде болып жатқан немесе 
болған оқиғаларға ақынның үн қосуы табиғи қалпында шыққан. 
Мұнда ақын көп қаламгерлердің саяси тақырыпты жырлау бары-
сында плакаттық ұраншылдыққа ұрынатыны сияқты өз қала-
мына тән сипаттан айырылып қалмайды. Ақын бұл туындыларда 
да өзі күнделікті тіршілікте көріп жүрген жайттарды назардан тыс 
қалдырмайды. Қаламгердің өзге туындыларында бар қасиет 
тің 
мұнда да сақталуы – автордың жасандылыққа бой алдырмағанын 
байқатады. Жоғарыдағы аты аталған өлеңдердің алғашқысы Кеңес-
тік Қазақстанның жетістіктерін жырға қосып, оны ел тұрмысы ның 
етене таныс суреттері арқылы көрсетеді.
Қуандым көріп әр үйден ізгі бір келін, 
Ботасын ертіп, бөпесін сүйіп жүргенін. 
Шкала болса шаттықты біздің көрсетер,
Көрер ең оның қаншама көтерілгенін [24.38], – дейді лирика лық 
қаһарман, ел жетістігін әрбір отбасының қуанышымен егіз етіп 
көрсете отырып.
Бұдан өзге айтылған өлеңдер бейбітшілік тақырыбымен сабақ-
тас. Оның бірінде Жеңіс мейрамы, бірінде ел қорғаған ер, бірінде 
атом бомбасы айтылғанымен, түпкі ой өзегі бейбітшілікті дәріптеу 
болып табылады. Бұдан өзге өлеңдерде де ақын соғыс өртінің адам-
затқа әкелер қасіретін жиі еске алады. Мұндайда оның көз алдына 
ең алдымен елестететіні – жас сәбилер тағдыры. Атом бомбасы ның 
зардабы туралы айта келіп,
Жапондар туған жерінен қашты,
Өртеніп жүріп бұл күні.
Хиросимада онымен жасты
Бала жоқ, бәрін қылғыды [25.165], – десе, Филиппиндегі со ғыс 
ылаңына қатысты
Қай күні түзелер деп ғұмырға алаң,
Ұсынды үшінші әлем жырын маған:
Джонкалар, лашықтардан аш-жалаңаш,
Сәбидің бет-бейнесін шырылдаған [25.220], деген сөздерді ай тады. 
Ақын сәбилер көз жасының бейбіт күнде де төгілмеуін тілейді. 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау