Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығының ерекшеліктері
Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Бізге қоғам қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға лайықты азамат, азаматша тәрбиелеу-балабақшадан басталады» деген болатын.
Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпаққа уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан - жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Демек, бала - біздің болашағымыз болса, баланың болашағы біздің қолымызда. Сондықтан да заман талабына сай жан-жақты, білімді жас ұрпақты тәрбиелеуде таным ұғымына үңіліп, оны дамыту жұмыстарын қолға алдым.
Құзырлылық – бұл адамның белгілі бір мәселелерді шеше алу қабілеттілігі. Ол адамның білім-білік дағдысына орай қабілеті, сол сияқты өз қабілетіне сенімділігі мен оны пайдалана білу деңгейіне байланысты мотивациясы. Маман құзырлығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол өз қызметіне ерік-күш, материал, уақыт, жүйке сияқты ресурстарды аз жұмсай отырып, нәтижеге жете алатындығы дәлелдеген қағида. Яғни, педогог құзырлығы оның кәсіби қызметінің басты шарты болуы тиіс. Өзін- өзі басқару мен өзін-өзі бағалауға үйрету – біліктілікті жетілдіру жүйесіндегі педогогтың кәсіби құзырын қалыптастыру, бір жағынан мұғалімнің ішкі жеке ресурстарын дамытуға бағытталса, екінші жағынан, ол мемлекет пен балабақша сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс.
Латын тілінен аударғанда «құзырлық-өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, қандай да бір негізі бар ой- тұжырым және тиімді әрекет жасай білуі тиіс.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» -дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Еліміздің тірегі білімді, рухты ұрпақ.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет - тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты тәрбиелеу, тиянақты білім беру.
Сондықтан бүгінгі таңда тәрбиешінің алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекетімен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті ,отбасындағы, қоғамдағы ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
«Құзыреттілік - бала іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі,ал құзырет дегеніміз алға қойған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық»
Бүгінгі қоғам мүлдесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық дәстүр қалыптасқан, инабатты да иалы, мейірімді, адамгершілігі мол, рухани бай азаматты тәрбиелеп өсіру- балабақшаның бірден–бір міндеті. Бұл міндеттің жүзеге асырылуына үлес қосатын тәрбиеші-педогог екені белгілі. Ол өзінің кәсіби шеберлігі, біліктілігі, құзыреттілігі арқылы баланың бойына тәрбие, білім нәрін сіңіретінін біледі. «Егер бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайратты - бәрі бірге жұмсалады»,- дей келе, «ақылы, ішкі, сезім, қайрат қатынасатын болғандықтан... үшеуін бірдей тең тәрбие қылу - тәрбиешінің міндеті», - деген ойды М. Жұмабаев анық айтп көрсеткен . Бұл ойды түйіндесек, балалардың өмірінде мектепке дейінгі ұйымның, оның ішінде тәлім-тәрбие беріп отырған тәрбиеші-педогогтың алатын орны маңызды да ерекше.
Тәрбиеші – педогог жас ұрпақтың рухани жетекшісі. Сондықтан да оның кәсіби біліктілігін атап айтсақ:
- оқу – тәрбие процесін заман талабына сай жүргізілетін, әдіс- тәсілдерді түрлендіріп отыратын, дамымалы білім ортасынан сіңісіп кете алатын маман болуы.
- мектепке дейінгі далалардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты білу;
- балалардың ойын, оқу, еңбектегі ерекшелігін ескере білетін біліктілігінің қалыптасуы;
- педогогикалық жаңа әдіс- тәсілдерді меңгеріп, жаңаша жұмыс істейтін білуге қабілеттілігі;
- жаңа технологияларды меңгерген, кәсіби құзыреттілігі жоғары шебер, адамгершілік, кісілік қасиеттері басым маман болуы.
Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы педогог-тәрбиешілер үшін стандартта арнайы талаптар жүйесі және педогог сипатын бақылаушы технологиялық карта белгіленген:
- Кәсіби құзыреттілігі;
- Бала жасына сай анатомо – физиологиялық, психологиялық, дәрігерлік білімнің болуы;
- Әр балаға жеке білім беру бағытын әзіреуі;
- Отбасымен іс- әрекет ұйымдастыруы;
- Салауатты өмір маңызын түсінуі;
- Сауатты, эмоционалды, мәнерлеп сөйлеуді;
- Тілдік минимум шегінде мемлекеттік ана тілі және басқа тілде қатынас жасай алуы;
- Балаларға білім берудің тиімді тәсілдерін меңгеруі;
- Эстетикалық талғамының жоғары болуы;
- Шығармашылық қабілетін қандай да бір іс-әрекетте көрсету;
- Бала пікірін құрметтеу;
- Эмоциялық қолайсыздықтарды жеңе білу;
Осыған орай, қазіргі таңда балабақша тәрбиешілеріне келесі бірыңғай әдістемелік талаптар қойылады:
1. Педогог баланың өмір мен денсаулығына, баланың психологиялық–физиологикалық ерекшеліктеріне сәйкес өз іс-әрекеті нәтижесінің сапасына жеке жауаптылықта болады.
2. педогогикалық білімі, талдау және зерттеу дағдысы бала да
- Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болу
- Оқыту мазмұнын жаңғырта отырып, тиімді әдіс- тәсілдерді кеңірек қолдану
- Адамгершілік қасиеттерін күнделікті өмірдегі қоршаға ортамен таныстыра отырып тәрбиелеу
- Баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту.
- Баланың сөйлеуін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгерту
- Бүлдіршіндердің адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, нормасы, тәртіптік ережесін қалыптастыру
- Өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметпен, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу.
- Балалардың қоршаған дүние, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктің тұтас бейнесін қалыптастыру
- Баланың танымдық дамуы, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру, танып-білуге қызығушылығын арттыру.
- Балалардың бойында эстетикалық сезімді дамыту, бейнелеу, көркемдік-тілдік, музыкалық іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту.
Бала бақшадағы алғашқы таным ол көруден, сезінуден басталады.Оны бала бойына қалыптастырудың тиімді жолы-ойын арқылы жеткізіп, қалыптастыру.
Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымақ емес. Ойын – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу.
В. А. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын - дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деген.Ойын- бала бойында танымды қалыптастыруға апаратын бірден-бір жол деп санаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |