Механиканың негіздері
Өлшеу қателігі – есептеу кезіндегі ақиқат мәннен ауытқу шамасының көрсеткіші. Өлшеу қателегі өлшеудің ақиқаттығын береді. Кез-келген затты есептегенде оның нақты мәнін анықтау қиын болғандықтан, оны есептеу кезіндегі қателіктің қаншалықты екендігін де табу қиын. Бұл жағдайда статистикалық әдістер бойынша осы қателіктердің шамасын ғана болжауға болады. Практикада ақиқат мән орнына шындық ағымдағы мәні қолданылады ол -Ха деп белгіленеді, ол сол мәннің қаншалықты физикалық шамасына жақындығын береді. Ондай мән негізінде орта статистикалық белгісі ретінде алынады. Бұл алынған мән нақты болып келмейді, тек көьірек мүмкін мәнге жатады. Сол себепті есептегенде алынған мәндер мен қатар олардың шамамен аралығы беріледі.
Тәжірибеде бұл абстракталы ұғымды “ақиқат шама” деген шамамен алмастырған жөн. Физикалық шаманың нақты мәні – бұл тәжірибеден алынған және мақсатқа сай сол бір керекті шын мәнге жақын шама болып табылады. Өлшеу нәтижесі - өлшеу жолымен алынған шаманың шын мәнін өзінше жуықтап бағалау. “Қателік” деген ұғым “өлшеу нәтижесінің қателігі” және “өлшеу құралдарының қателігі” деген түсініктемелерден тұратын метрологияның ең маңызды мәселесі.
Қателіктерді келесі үш топқа бөледі: өрескел, жүйелік және кездейсоқ.
Өрескел қателіктер деп өлшеу жағдайына сәйкес емес және әлдеқайда астам өлшеу нәтижесін атайды. Мысалы, өлшеу барысында аспаптың 8 сан мән көрсеткіші 0 сан мәні көрсеткішімен немесе 1 сан мән көрсеткіші 4 сан мәні көрсеткішімен шатастырылып алынды. Мұндай қателіктер бірнеше қайталап өлшеу кезінде айқындалынады, оларды есеп нәтижесіне ескермейді.
Қайталап өлшеу кезінде өлшенетін мән тұрақты немесе басқа заңдылық бойынша өзгеретін қателігі - жүйелік қателіктер деп аталады. Мысалы, өлшеу жағдайындағы температура нормальдік температурадан ауытқуына байланысты немесе өлшеу аспабының көрсеткіш тілі, белгісі нольдік сызықшасынан ауытқуына байланысты болуы мүмкін.
Жүйелік қателіктерді анықтап жою үшін өлшеу аспаптарын мемлекеттік немесе салалық метрологиялық қызмет орындарында тексереді, арнайы өлшеу әдістерін қолданады, бірнеше рет қайталап және өлшеу орындарын өзгертіп, өлшеу аспаптарын ауыстырып өлшеу жұмыстарын орындайды.
Жүйелік қателіктерді өлшеу санын арттыру арқылы азайтуға болмайды. Өлшеу жүйелік қателіктерінің құраушылары – құралдық, әдістемелік және субьективтік. Құралдық қателіктер қолданылатын өлшеу аспабының дәлдігіне байланысты: кинематикалық сұлбасының кемшіліктері; аспап бөлшектері өлшемдерінің, пішін және беттер орналасуының ауытқуы; аспап пайдалану кезіндегі тозуы. Әдістемелік қателіктер қолданылатын өлшеу әдістемелерінің кемшіліктеріне байланысты: өлшеу жұмыстарының нормальдік жағдайының қамтамасыздығы; аспап дұрыс орнатылмауы; өлшеу әдістемесінің қателігі; дәлдікті емес есептеу байланыстарын қолдануы.
Бір мәнді қайталап өлшеу кезінде, әсер етуші факторлар кездейсоқ заңдылық бойынша өзгеруіне байланысты пайда болатын қателік, қездейсоқ қателіктер деп аталады. Мысалы, аспап көрсеткіштерінің тұрақсыздығы, өлшемдерді оқып алу кезіндегі дөңғелету.
Өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті:
- физикалық мән;
- өлшеу әдісі;
- өлшеу жабдығы;
- жұмысты атқарушы;
- өлшеу жұмыстарын атқару жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: |