Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет89/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95

297
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
Сүймей тұрып сүйеміз деп былжырап,
Қасақана, өп-өтірік тұнжырап,
Қанша адамды алдаймыз біз өмірде,
Қанша сәби сондықтан да жүр жылап [25.62].
Мұның бәрі қаламгердің ел тағдырына, оның болашағына 
деген шын жанашырлығының куәсі. Сондай-ақ Ж.Жақыпбаев-
тың өз кезегіндегі әлеуметтік өзгерістерге үн қосып отырғанды-
ғын көрсетеді. «Тіршіліктің сан алуан сыры мен қыры, өз қоғамы-
ның ділгір, зәру қажеттері ақын өлеңінің таусылмас тақырыбы еді. 
Сондықтан да нағыз ақын туындылары барынша заманалық бо лып 
келетін,» – дейді профессор Р.Бердібаев [72.158].
Ж.Жақыпбаевтың саяси-әлеуметтік оқиғаларды жеке-дара 
тақырып етіп алудан барынша бойын аулақ ұстағандығы байқалады. 
Оны мынадан көруге болады: Жариялылық кезеңін ақын 
ның 
көзі көрді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәсі болды. 
Кеңестік кезеңде етек алған науқаншылықтан қашқан ақын енді 
бұл оқиғаларды жырласа керек-ті. Бірақ олай етпеді. Міне бұл да 
ақын шығармашылығына тән ерекшеліктің бір көрінісі. Алайда біз 
атаған оқиғалар көрінісі ақын шығармашылығында кейде тікелей, 
кейде астарлы түрде және өзге тақырыптармен өзектес көрі 
ніп 
отырған. Жалпы, Ж.Жақыпбаев бір ғана тақырыпты жалаң түрде 
жыр лауды жөн көрмеген ақын. Оның шығармаларының тақы рып-
тық көпқырлылығы жөнінде жоғарыда айтып өттік. Мәселен, ол 
махаббат жырының ішінде-ақ желтоқсан оқиғасының бас айып-
керін сөзбен түйреп өтеді. 
Мен қалқамды жадыратар едім-ау,
Бес-алты айға берсе Колбин орынын [25.97], – деп, бір жағы нан, 
Кеңестік саясат ел басшылығына кездейсоқ адамдарды отыр ғыза 
беруі мүмкін екенін, екінші жағынан, Колбиннің де ол орынға 
лайықты емес екенін аңғартып өткен. 
Спартакты бақытсыз құл дей алман, 
Бақытсыздар – Молотов пен Жданов [25.158], – деген жол дарда 
да осымен өзектес ой орын алған. Кеңестік кезеңде патша үкіметі  нің 
отаршылдық саясатының жалғасқандығын ақын, дәл осылайша, аз 
сөзбен саз жеткізіп отырған. 
Сопымсып отыр, молдамсып мына бір сұр бет, 
Шамасы келсе, Алатауды да монастырь қылмақ, – [25.17] сияқ-
ты жыр жолдары заман шындығын бүкпесіз әрі кең түрде жеткізіп 
тұр. Қаламгер халі мүшкіл тартып бара жатқанын көріп отырып, ана 
тілінің болашағына, елдің келешегіне алаңдаушылық танытады:
Жоғалған шылбырына оралған мұң,
Біздерге қызметші болар бар күн.
Туған ел, алтын бесік, толғантады,
Бүгінің, ертеңің мен одан да арғың.


298
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
***
Жүрміз бе, жоқпыз ба әлде барынша ұнап,
Оларға жеткізді ме дарын шын-ақ?
Қайтар ма ек неше жүздей жыл өткен соң
Қазақша қазақ тілі халін сұрап! [25.61].
Бұл өлеңнің соңғы шумағында солай болса екен деген ақын 
арманының лепті қуаты бар. Туындыгердің «Үйеңкі» өлеңінде де 
осы өзектес азаматтық жүректен шыққан аңсар – арман бар. 
...Өсімдіктердің өсімталдығы
Бітсе екен деймін менің де еліме [25.208]
«Көктеудегі көріністер: Сұр тұсақ, қойшы бала және Гарсия 
Лорка» деген балладасында өз перзентін өгейсіткен фашистік 
мемлекет бейнесі қазақы шаруашылық көріністерімен, яғни қозы-
сын емізбеген тұсақпен параллель түрде беріледі. Мұнда да қалам гер 
ақындар тұлғасын бейбітшілікпен, тыныштықпен және жауыздық-
қа деген ымырасыздықпен егіз ете суреттейді. 
***
Біз Ж.Жақыпбаев шығармашылығынан орын алған өмір 
шындығына және оған деген ақынның көзқарасын, берген бағасын 
сөз еттік. Сол негізде ақын шығармаларының басты тақырыптық 
ауқымы сөз болып, автор өмірінің деректік, өмірбаяндық қырлары 
да қамтылды. 
Жұматай ЖАҚЫПБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ 
ОЙЫНДЫҚ БАСТАУЛАР. КАЛАМБУР ТҮРЛЕРІ
Жұматай жырларын оқыған оқырманның көңілінде көбінесе 
серілік сезімі ұялап, мұңды әлемнің өзін езу тарта қабылдау 
ерекшелігі байқалады. Ақын өлеңі қабылдаушының жан дүниесінде 
бірнеше сезімді қатар оятушы, тіпті кереғар сезімдер шарпы суы-
ның арасында қалдырып, әрі-сәрі күйге түсіруші сиқырлы сазымен 
баурап алатын. Оның туындыларының жұмбақ боп көрінетін тағы 
бір қасиеті осында. Ақынның лирикалық қаһарманының асқақ-
тық пен кішіпейілділік, аңғалдық пен көркем қуақылық қатар 
өрілген бейнесінің автордың өз тұлғасымен керемет үйлесім таба-
тыны да осы тұс. Жұматайдың өмірде де әзілге бейім екендігін, әзіл 
болғанда да жалаң, жеңіл емес, тереңінен тамыр тартқан, аста рында 
ашу-ызасын, наласын тұншықтырған, өмірлік тәжірибенің қат-
пар-қатпарларынан алынған, бірнеше ойды қатар берерлік аса сал-
мақты қалжың болған. Оның өмірде айтқан әзілдерінің ішінен юмор 
мен иронияның ара жігін ажыратып алу қиын. Сонда да әзілдей 


299
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
айтқан кейбір сөздеріндегі иронияны оның қаламдас достары ның 
естеліктерінен көре аламыз. Оның ащы мысқыл-әжуа жоқ әзілдері 
де көп мағыналылық сипатымен көрінеді. Бір ғана мысал кел тірелік. 
Қ.Әлімбек Жұматайдың өмірлік әзілдеріне тоқтала келіп, енді 
бірде облыстық радиодағы журналист досы Тоқтасын Сүгірбековке 
көшеде жолыға қалғанда:
Ассалаумағаләйкум Суан ақын,
Қиярдың бөшкесіндей жуан ақын.
Сені көрсем боламын сүр жегендей,
Бірдеңең қалған жоқ па суаратын, деп әзіл тастапты», – 
 
дейді [27]. Ақын айтқан осы бір шумақ өлеңнің үшінші қатарына 
назар аударалықшы. «Сені көрсем боламын сүр жегендей» деген 
бір жолдың өзі екі бірдей мағына туғызып тұр. Біріншіден, мұнда 
автор досының сыртқы келбетіне, пейілінің кеңдігіне көңілі 
толатындығын білдірсе, екіншіден, өзінің оны көргеннен «шөлдей 
бастайтындығын» сездіріп тұр.
Қаламгердің өмірде әзілге шебер болғанына ақын Б.Серікбаев 
та біршама тоқталған [75.24]. Ал Ө.Ақыпбеков тіпті «Аруана» 
газетінің беттерінде қаламгердің өмірлік әзілдерін бейне 
лейтін 
күлдіргі әңгімелерді «Жатыпатар Жұматай» деген атпен бір неше 
рет жариялады [86]. Мұның барлығы ақын өлеңдеріндегі күлкі-
нің табиғаты автордың өмірлік тұлғасынан тамыр алатын дығын 
көрсетеді. «Сырдың суы сирағынан келмес» ғаламат байсалдылы ғы-
мен танылатын лирикалық субъект ерекшелігі де өлеңнің тап осы 
езу тартқызарлық қасиетімен тікелей байланысты. 
Оқырман назарын шығармаға өзек етілген объектінің мәніне 
емес, оның сыртқы қалыбына бағыттау арқылы күрделі нәрсе ні 
жеңіл қабылдауға ықпал ететін көркемдік тәсілді қазіргі әдебиет-
тануда ойынмен байланыстырып жүр.
Жұматай шығармашылығындағы мұндай ойындық сипаттың 
көріністеріне көптеген мысалдар келтіруге болады. Тіпті оның бәрін 
сарқып біту мүмкін емес. Енді сөзімізді аз-кем дәйектей ке тейік. 
Мәселен мұңды әуенге құрылған өлеңдерінің бірі – «Гүл. Қасида» 
жыр шоғырына үңілер болсақ, мұнда да ойындық белгілер бірден 
көзге түседі. Мұнда халқымыздың өз ардақты ұлдарының тірі кезінде 
қадірін біле бермейтіндігі сияқты жүректі қан жылатар қасиетін: 
«Жынды дейтін ондай жанды Арқада,
Шәйір дейтін ондай жанды Хиуада» – [25.18] деп көңілге салмақ 
түсірмейтіндей жеңілдікпен жеткізеді. Зейініміз халқымыз 
д 
ың 
қасіретті қасиетіне емес, лирикалық кейіпкердің осыны аң 
ғар-
май айтып тұрған аңғал кейпіне ауады. Әрине оқырман мұны ел-
жірей жымия қабылдайды. Немесе «Көк түлкіше бұлаңдаған көй-
легі...» өлеңінде Ләйләсына сырын ақтарып, мұңын шағып отыр ған 
лирикалық қаһарман: 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау