303
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
немесе
Б ейшора, бей қазақтар оқ атқанда,
Намазын үзбей өлген Жанғожадай [25.126].
Бұл жолдардағы «бейшора» сөзін қаламгердің қазақ тілінде
бұрыннан бар «бейшара», яғни «шарасыз» сөзімен үндес етіп
құрғандығы байқалады. Жұматайдың мұнда парсы тілінен енген
«бей» аффиксін төл тіліміздегі «емес» көмекші етістігінің баламасы
ретінде қолданғанын байқаймыз. Ал «шора» сөзі түркі тілдерінде
түрлі мағына береді. Оның ең көне мағынасы «құл» дегенді білдір-
ген. Қазірге дейін кейбір түркі халықтарында бұл сөз осы мағы-
нада жұмсалынады. Ал кейінірек бұл сөз «шерік», «әскер» мағына-
сына да ие болған [89]. Қазақ тілінде бұл сөз тіпті бастапқы мағы-
насына қарама-қайшы мәнде жұмсалынып «мырза», «ел жақсы»
деген мағынада жұмсалынған сияқты. Оған Ақтамберді жыраудың
«Ей, азаматтар, шоралар» деп басталатын өлеңі [42.65] куә бола
алады. Жұматай да «бейшора» деген қолданысты сөздің осы соңғы
мағынасына сүйеніп жасаған.
Ақын поэтикалық тұрғыдан этимологияландырған тағы бір сөз
– «қасоқ». Оның «Қасоқ ғазалдары» өлеңіне жоғарыда біршама
талдау да жасадық. Бірақ мұндағы этимологияландыруды калам-
бурға жатқызу қиын. Өйткені мұнда ойындық сипат байқал майды.
Ақын бұл сөзді «қазақ» атауының шынайы этимологиясы ретінде
берген. Бұл ақынның тарихқа қатысты шығармашылық концеп ция-
сымен байланысты құбылыс. «Қасоқ» сөзі де оның көп өлең де рінде
кездеседі.
Омонимдерде, сөздердің бірдей дыбысталуына құрылған калам-
бур түрлері де біршама баршылық.
Қалай болсын әйтеуір
қасиетті өлең-жыр,
Індетуге, жоюға
Індетті де міндетті, – [24.6] деген жолдардағы «ауыру»
мағынасындағы «індет» сөзі мен оған дыбысталуы жағынан үй ле-
сетін етістікті сәтті пайдалануы ғана емес, олардың шумақ ұйқасы-
мен де үндестіріп, ішкі ұйқас ретінде пайдалануы – хас шеберлік
белгісі. «Өкініш. Мангу ағашы» өлеңінде де осындай калам
бур
түрлері көзге түседі. Мұны «Бәңгілер мұнда мангудей мәңгіге қалды»
[24.17] деген жолдан анық байқаймыз. Үнді тіліндегі ағаш атауы мен
қазақтың «мәңгі» сөзін үйлестіруі, оны да ұйқасқа құруы көңілге
юморлық сезім ұялатады. Осындағы
Қытайлар көрген үйсінді үнді де көрді,
Үнсіз тұр олар қалдырған бұл күнде белгі ..., – [24. 17-18] деген
жолдардағы «үнді» сөзімен «үнсіз» сөзі әрі түбірлік омоним ретін-
де, әрі сөздің екінші бір мағынасындағы антоним ретінде де көп-
мағыналылығымен ойынға айналдырылған. Ақын дыбысталуы
304
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
бірдей сөз тіркестерін де ұйқас ретінде осылайша көркемдік қажет-
тілікке жарата білген.
Атшабар бала, оны да ел келісіп апты,
Зар күйі осы, бұл тойға келісі бапты, – [25.179] деген жолдар
ұйқасы сияқты ерекшеліктер Жұматай шығармаларынан жиі
кездесіп отырады. «Мұң. Бір түн» өлеңінің атын әйгілі араб ертегісі
«Мың бір түнмен» үйлестіруінде де осындай көркемдік мақсат бар.
Туғызбап еді Ақынға ол ақырет нендей,
Оның да күні, апыр-ай, ақыры өткен бе, ей?
Жұрт жұтты мұның қақала мақалаларын,
Брезенттен жасаған котлеттердей, – [25.85] деп алуы мысқыл-
мен жазылған шумақтағы «қақала» деген етістікті жіті бақылап
оқымаған адам «мақала» сөзінің анықтауышы деп қалуы мүм кін.
Әрі бұл екі сөз ішкі ұйқасты құрап тұр. Осы тәсіл арқылы автор
дарынсыздың мақаласының түкке тұрғысыздығын әрі нақты
мағынамен, әрі жоғарыда айтылғандай, жанама туатын әсермен
жеткізіп тұр.
«Тұрақты сөз тіркестері мен фразеологизмдерді ойын арқылы
өңдеуге негізделген каламбур жасаудың белгілі бір тәсілдері бар» –
[90.223] дейді А.Фюрстенберг. Жұматайда фразеологизмдерді өңдеу
байқалмаса да, халық ауыз әдебиетінде жиі қолданылып, тұрақты
ұғымға ие болған тіркестерді пайдалану жиі кездеседі. Мәселен
туыстық атаулардан құралған жұмбақ сипатындағы бас қатыр ғыш тар
(А.Байтұрсынов) қазақ фольклорында мол. Халық ұғымында әбден
қалыптасқан осы көркемдік тәсілдің ізімен Жұматай да өлеңінде
жұбайын «шешемнің келіні» [25.112] деп атайды. Ақын жырау лар
поэзиясында жиі қолданылатын сөз тіркесі негізінде қария ларды
«жазулы хаттар» [25.179] дейді.
Ақын адам аттарын да тікелей көркем табу түрінде беріп кететін
кездері көп. Мәселен тарихи тұлға Бабырды «Барластан шық қан
Сфинкс» [24.12] десе, ақын өзін «Күйші сұлтан, тарихшы бек жиені»
[25.23] деп танытады (Бұл жерде өзінің күйшілігін, төре тұқы-
мынан екенін және Қадырғали Жалайыри шыққан қазақ руына
жиен болатынын аңғартқан). Біз алғашқы тарауда біршама талдаған
«Құрдас жұлдыздар» өлеңінде Сәкенді «Ең Сұлуы», Ілиясты «Ең
Жайсаңы», ал Бейімбетті «Ең Момыны», осы үшеуін «Құрдас
жұлдыздар» деп атап, оны өлеңінің аты етіп қойған. Ақын Ләйләні
бірде «ең ғажайып жан» [25.161], бірде «лироэпос заманынан келген»
[25.160], бірде «тәңірім» [25.15], бірде «Ару ақ күнім» [25.12], – деп
дәріптейді.
Жұматай өлеңдерінде тек заттық мәні бар атаулар ғана емес,
әрекет түрлері де каламбур түрінде берілетін кезі көп. Мәсе лен,
ол орысшадан қазақшаға қысқартылып аударылған өлеңін «Сәл
кішірді сары ұл қара болғанда» деп сипаттайды.
305
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
Міне бұл ерекшеліктердің барлығы оқырман көңіліне
юморлық, кейде ирониялық сезім ұялатушы, комикалық эмоция
дарытушы шығарма қырлары болып табылады. Әрі бұл қасиет
Жұматай жырларын жұмбағы мол дүние ретінде де танытады. Ол
жұмбақты жазбай тану көзі қарақты оқырманға ғана бұйырмақ.
«Оның оқырманына айналу үшін жай ғана поэзия жанкүйері болу
жеткіліксіз, ойлы оқымыстылық та қажет» [33], – деген сияқты
пікірлердің тууы жайдан-жай емес. Олай болатыны – оның
поэзиясында «энциклопедиялық нышан, сипаттың» [68] болуында
ғана емес, біз тоқталып отырғандай, сөздің көп мағыналылы ғына
негізделген ойындық бастаулардың да мол болуымен байланысты.
Ал ақын туындыларындағы бұл ерекшелік оның «күрсінгенін де,
күңіренгенін де ешқашан сездірмейтін» [91], «қандай да айтуға ауыр,
ыңғайсыз нәрселерді қарапайым әзілмен оп-оңай жеткізе білетіні»
[23] сияқты жеке басының қасиетінен туғаны даусыз. Ж.Жақып-
баев туындыларындағы ойындық бояулар – ақын туындыларына
да, оның өмірбаяндық тұлғасына да оқырман қызығушылығын
туғызатын басты фактордың бірі.
Жұматай жырларындағы ойындық бастаулардың түрлері бұл
айтылғандармен шектелмесі анық. Бірақ біз олардың негізгілерін
қамтыдық деп ойлаймыз. «Ойындық жолдар еңбек белсен-
ділігінің құбылыстарын көңіл көтеруге лайықты өңдеп игереді:
драматизмдендірілген пішін, тым күрделі емес және қарабайыр
сюжетінің көптігі, қарапайымдылығы мен үйреншіліктілігі басым
сөз дік қор, оның басты ерекшелігі болып табылады», [92] дейді әде-
биет танушы Н.П.Колпакова. Ж.Жақыпбаев шығармашы лығы нан
осы аталғандардың барлығын табуға болады.
Жұматай ЖАҚЫПБАЕВ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ
МӘТІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Туындының мәтіндік түзілімі де көркемдік сипатқа ие болады.
Бұл ерекшелік автор санасына тікелей қатысты болғандықтан,
қаламгердің өзіндік қолтаңбасын танытуға да қызмет етеді.
«Көркем сөздік туындының мәтіні жазушының шығарма шы лық
еркінен туындайды: ол тудырады және аяқтайды. Сонымен бірге
сөздік мәтіннің жекелеген бөліктері өте күрделі, тіпті автор са на-
сына қатысты қарағанда, даулы сипатта тұруы мүмкін. Ең алды мен:
мәтін әрдайым бір ғана автордың өзіне тән тілдік үлгіде тұрақтай бер-
мейді. Әдеби туындыларда (...) түрлі сөйлеу үлгілері көрініс табады,
яғни ойлау мен сөйлеудің әр алуан үлгілері (тәсілдері, форма лары)
жасалады. Мұндайда әдебиеттанушылар (М.М.Бахтиннің соңы нан)
Достарыңызбен бөлісу: |