Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет1/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95


Арнау өлеңдер   естеліктер   зерттеу



Шығармалары
Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу


УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
Ж 21
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
ІSBN 978-601-7337-39-1 (Т.2)
ІSBN 978-601-7337-37-7 (общ.)
 
Жақыпбаев Ж.
Ж 21  Шығармалары (Құраст. З.Елғондинова). – 
 
Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2013.
 Т.2.: 
Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу. – 320 б.
ІSBN 978-601-7337-39-1
Ақын Жұматай Жақыпбаевқа арналған қос томдық жинақтың 
қолдарыңыздағы екінші томына қаламгер туралы ақын-жазушы-
лардың әртүрлі басылымдарда жарық көрген естеліктері, арнау 
өлеңдері және ақын шығармашылығы туралы зерттеу мақалалар 
енгізілді.
© Жақыпбаев Ж., 2013
© «Ан Арыс» баспасы, 2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ 
АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ 
«ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН 
БАСЫП ШЫҒАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ


5
Үш ғ а с ы р... Үш б е й н е...
ҮШ ҒАСЫР... ҮШ БЕЙНЕ...
(Алғысөз орнына)
талияның ұлы ақындары Данте де (1265–1321ж.ж), 
Петрарка да (1304–1374 ж.ж) Флоренцияда дү-
ние 
ге келеді. Данте Беатриче Портинари деген 
жасөспірім сұлу қызға ғашық болады. Қара сөзбен 
және өлеңмен жазылған «Жаңа өмір»  («Новая 
жизнь») кітабында Беатричеге деген махаббатын 
асқақ сезіммен жырлайды. Бірақ, Беатриче тым жас кезінде қайтыс 
болады. Данте уақыт өте келе үйленіп, төрт бала сүйеді. Данте өмір 
бойы алғашқы махаббатына адалдық білдіреді. Ұлы ақын тек қана 
шығармашылықпен айналыспайды, орта ғасырлық Флорен 
ция 
қаласында болып жатқан әртүрлі саяси ағымдарға да араласады. 
Сөйтіп, ақ пен қараның шайқасында қаралар, яғни, шіркеу жеңіп, 
ұлы ақынға жер аударылу немесе отқа өртелу қаупі төнеді. Енді 
Данте өмір бойы туған жерінен айырылып, қуғын-сүргінде өмір 
кешеді. Сол кезде өзінің атақты «Комедиясын» жазады. Ақын ның 
осы шығармасын кейін оның ортасы тәңірлік комедия деп танып, 
ең соңында «Құдіретті комедияға» айналдырады. Бұл туын 
дыда 
орта ғасырға тән жұмақ, тозақ, тазару алаңдарының мистика лық 
бейнелері суреттеледі. Мұнда да басты кейіпкер Беатриче болады. 
Ал Петрарка болса, 1327 жылы 6 сәуірде жұма күні Лаураны 
бірінші рет көреді. Осы бір ғажайып сұлу қызға бір көрген нен 
ғашық болады. Арада тура 21 жыл өткенде, 1348 жылы тағы да сол 
6 сәуірде Лаура дүниеден озады. Петрарка Лаура дүниеден өткеннен 
кейін де оған сонеттерін арнайды. Лаураны жырлап жасы отызға 
келгенде, бүкіл Италияға атағы жайылады. Лаура өмірден өткен соң, 
Петрарка дүниеден баз кешеді. Бүкіл Италияны аралайды. Жал ғыз-
дықты қалайды. Лаура туралы жазуды тоқтатқан соң, оған өмір дің 
бір тиын да құны қалмайды. Ол енді өзінің жолсапарлары ту ралы 


6
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
әңгіме жаза бастайды. Қалам тербемеген тақырыбы қалмайды. Тіпті 
ең соңында ас мәзірін қалай әзірлеу туралы да кеңес береді. Бірақ 
Петрарка жасырын үйленіп, Джованни деген ұл сүйеді. Сол ұлынан 
туған немересі Элетта ұлы ақынды дала гүлдерінен то қылған тәж 
(венок) кигізіп, бақилық сапарына шығарып салады. Бүкіл Рим 
ақсүйектерінің құрметіне бөленген ұлы ақын Петрарка 1374 жылы 
19 шілдеде өзінің отбасында, ұрпақтарының арасында, достары ның 
қолын ұстап жатып дүниеден өтеді. Бір қызығы Данте де, Петрарка 
да туған Флоренциясына жете алмайды. Екеуіне де туған жердің 
топырағы бұйырмайды. Жат жерде жерленеді. 
1630 жылдың мамырында Томмазо Мартиннели деген бір монах 
Петрарканың табытының бір жағын бұзып, оң қолын ұрлап кетеді. 
Қолға түсіп, сот алдында жауап бергенде былай дейді: «Мен ұлы 
ақынның оң қолын Флоренцияға сыйлағым келіп еді. Өйткені 
Италияның екі ұлы ақыны Петрарка мен Дантенің жат жерде 
жерленгенінен бүкіл Флоренция қан жұтуда». Алайда, монах ұрлап 
кеткен Петрарканың оң қолы белгісіз бір себептермен Мадрид 
қаласындағы мұражайда әлі күнге сақтаулы тұр. Монах Томма-
зодан кейін үш ғасыр өткен соң, зерттеуші ғалымдар Петрарка ның 
табытын ашып, оның қаңқасын зерттейді. Сөйтсе, Петрарка ның 
оң аяғы сол аяғынан бір-екі сантиметрге қысқа болып шығады. 
Ұлы ақын өмірінің соңында өзінің ең жақын досы Бокаччоға Лаура 
бейнесінің ойдан шығарылған арман-қиялы екенін мойын дайды. 
Арада ғасырлар өткенде оны зерттеуші ғалымдар Петрарка 
ның 
Лаураны кездестірген 1327 жылғы 6 сәуірдің жұма емес, дүйсенбі 
болғанын дәлелдейді. Ақын өз қиялына өзі сеніп, кейіпкерін ойша 
жерлеп, өмірінің соңында диуаналық, кезбелік ғұмыр кешеді. 
 Ең жақын қаламдас достары Беатриче мен Лаураның ара сын-
дағы ұқсастықты байқап: «Сен Дантені оқыдың ба?» – деп сұрайды 
одан. Дантені оқығанын Петрарка ешқашан мойындамайды. Ал 
Лаура есімді әйелдің туыстары мен күйеуі Лаура қайтыс болған 
соң, Петрарканың сонеттерін арнаған Лаурасы сол деп халықты 
мойындатқысы келеді. 
Лаура бейнесі ақынның ой-қиялының жемісі ме, әлде ол тірі 
адам ба еді? Мәселе онда емес. Петрарканың Лаура бейнесін сомдай 
алғандығында. 
Петрарка замандасы, атақты суретші Симоне Мартиниға Лаура-
ның портретін салдырады. Мүмкін сол кезде Симоне Мартини 
Лаурамен кездескен де шығар. Мүмкін кездеспеген шығар. Ақын-
ның замандастарының айтуына қарағанда, суретші Лаура бей несін 
Петрарканың сонеттеріндегі ақ періштелердің ортасында отыр ған 
Мадонна бейнесінде салған. 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау