300
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Алқа-салқа, түтін емген қыздарға
«Тфулеуден» түкірігім таусылды, – дейді. Мұнда да халықтық
трагедияға айналған сиықсыз суреттің жан ауыртар ауыртпалығын
«таусылған түкірік проблемасы» басып кетеді. Мұнда бейнеленген
қасіретті жан дүниемізбен сезіне отырып, оны мүлде кереғар сезім
арқылы көңілімізге көшіреміз, яғни тағы да езу тарта қабылдаймыз.
Лирикалық объектіге авторлық позицияның бейтараптығын
аңғартатын мұндай көркемдік тәсілдің ойынға ұқсайтындығын
аңғару қиын емес. Әдетте, «ойын деп қолданбалы тәжірибелік
мақсатты, белгілі бір нәтижесі, жемісі жоқ, мақсаты өз ішінде
болатын адам қызметін айтамыз. Ойынға жеңілдік, қамсыздық,
бейғамдық тән» [87].
Л.Толстой, Т.Манн сияқты көптеген әйгілі қалам қайраткер лері
өнердің шын мәнінде ойындық қызмет екенін, оның өзі ойын-
ның өзгеше бір түрі болып табылатынын айтқан дейді В.Е.Хализев
[76.63]. Әрине өнерді, оның ішінде әдебиетті тек қана көңіл көтеру-
дің, шаттыққа бөленудің көзі ретінде ғана бағалау бір жақ тылық-
қа ұрындырары сөзсіз. Сөз өнері өзінің жамандыққа күйін діріп,
адамзат қайғысына ортақтастыра білетіндігімен де қымбат екенін
ешкім жоққа шығара алмайды.
Алайда ойындық бастауларды туындыда өз орнымен қолдана
білу хас шебердің ғана қолынан келеді. Оның жарқын мысалын
А.С.Пушкиннің «Евгений Онегинінен» көре аламыз.
Жұматай шығармашылығын әрлеген сиқырлы саздың бірі де осы
ойындық бояулар екені аян.
Сөз өнеріндегі ойындық реңк шығарманың әр қырынан көрі ніп
отырады. Кейде ол лирикалық кейіпкер бейнесінен аңғарылса, кейде
туындыдағы сөздік қолданыстардан танылады, яғни автор сөзбен
ойнайды. Ақынның өлеңде сөз етіліп отырған мәселенің байы-
бына бармай немесе оны керісінше қабылдап, аңғал кейіпте таны-
латын лирикалық кейіпкері шығармаға юморлық эмоция да ры тады.
Мұның арғы жағынан өмірбаяндық автордың кейіпкерін со лай етіп
көрсеткен шығармашылық «қулығы» да айқын аңғарылып тұ рады.
Бұл тұста туындыгер бөгде рөлге енген актер тәрізді көркемдік
қызмет атқарады. Туындыдан аңғарылатын артистизмнің кілті де
осы.
Бізге бақтың қолы бүгін жетер ме,
Мұқағали, Төлегенге жетпеген? – [25.4] деген жолдарға үңі-
лейікші, айтылып отырған өмірлік жайт – трагедиялық ахуал. Шын
дарындылардың жаны өмірдің шаттығына бөленіп кетпей
тіндігі
тарих дәлелдеген шындық. Мұны Абай «Ойлы адамға қызық жоқ
бұл жалғанда» («Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек») десе,
Мағжан «Сұм өмір абақты ғой саналыға» («Батыр Баян») деген ой
арқылы жеткізді. Жұматай да мұны тап осындай рухани күй зеліс
301
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
арқылы беруіне болар еді. Бірақ ақынның лирикалық кейіпкері
бұл шындықтан стереотипті пайымдауға мүлде ұқсамайтын, тіпті
оған қарама-қайшы түйін жасаған. Өмірде адамдардың бәрі қол
жеткізуге ұмтылатын бақ мұнда, керісінше, нағыз ақындарға қол
жеткізе алмайтын «сорлы» қалыпта алынады. Мұнда өмірдің кереғар
құбылысына деген ирония да жоқ емес. Автор осылайша оқыр ман
жүрегіне түсер салмақты оп-оңай «жеңілдетіп» отыр. Лири калық
қаһарманның әлемді қабылдауындағы поэтикалық аңғал
дықты,
пәктікті және уақ-түйекті елемейтін бейнесін сезінуімен бірге, сөз
болған жайттың, шындығында, жеңіл-желпі нәрсе емес екен дігін
де қоса түйсінеміз. Осындай қатар оянған сан алуан түсініктер мен
сезі м дер арасынан лирикалық субъектінің оқырман жүрегін ауырт-
пай, қиыннан алып шыққан қаһарман бейнесі көңілімізді сергітіп
отырады.
Шығарманың ойындық сипатының қаһарман бейнесінен
ғана емес, автордың образ, ойлау – сөзбен ойнау қасиетінен де
танылатын кездері көп. Мұнда қаламгер комикалық әсер туғызу
мақсатында сөздің мағыналылық өзгермелілігін пайдаланады. Бұл
мәселені арнайы зерттеген А.А.Щербина каламбурдың полисе мия-
ға (көпмағыналыққа), омонимияға, сөздердің дыбысталуы жағы нан
үндесіп келуіне негізделетін түрлері бар екеніне тоқталады [88].
Жұматай жырларында сөзбен ойнаудың ерекше үлгілері бай-
қалады. Ақын шығармаларында саналы түрде сөзді эвфемизм-
ден
діреді. Әдетте эвфемизм дегеніміз «дөрекі, тұрпайы сөз
дер-
дің орнын алмастыру үшін жұмсалынған сөз немесе сөз тір-
кестері» [41.459]. Әрине ақын эвфемизмдері – тап осы мағы нада
қолданылған көркемдік әдіс емес, көркемдік мақсаттан туған
тілдік қолданыстар. Жұматайдың кейбір заттардың атауын алмас-
тырып жеткізуі шынайы эвфемизмдерге ұқсас болып келетін
тұстары да бар. Мәселен, Кеңестік дәуірде ұлт атауларын тікелей,
анықтауыштарсыз жеткізу, берісі – тұрпайылық, әрісі – саяси қате
саналатын. Ал оларды түрлі айқындауыштармен, анықтауыштар-
мен жеткізу әбден дағдылы қалыпқа айналған болатын. Жұматай
бұл сөйлеу түрінің ешқайсысына соқпастан, оны өзінің көркем
эвфемизмдері арқылы береді. Мәселен орыс ақынын «көк жа нар
ақын» [25.10] десе, өзіндік шовинизмі қалыптасқан орыс ұлтын
«өрдегі көсем, қайыңды ел» [25.16] дейді. Ал «грузин» атауын бірде
көне формасымен «күржі» деп, бірде «құрсағын қанжар сәндеген тау
елі» деп бергеніне жоғарыда тоқталғанбыз [25.10].
Жұматайдың көркем эвфемизмді екі түрлі мақсатпен қолдан-
ғанын білуге болады. Біріншіден, тым қарабайыр немесе тікелей айту
этикалық нормаға жатпайтын сөздерді сыпайылап жеткізу үшін,
екіншіден, үйреншікті сөз қолданыстарынан қашық болу үшін, яғни
таза көркемдік мақсаттан туған поэтикалық тәсіл ретінде жұмса ған.
302
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Ақын өз шығармашылығында көркем эвфемизмдерді көп қолда-
ну себебі, бір жағынан, оның туындыларындағы негізгі объектінің
сипатын ашуға қызмет ететін заттық әлемнің мол бейнеленуімен де
байланысты. Туындыларында мол көрініс тапқан заттардың өмір-
дегі атауымен беру қарабайырлыққа, қайталаушылыққа ұрын ды рар
еді. Сол себепті оларды көркем эвфемизмдер арқылы атау туын-
дының эстетикалық қуатын арттыруға қызмет ете алады. Жұматай
туындыларында бейнеленетін көпшілікке етене таныс тіршілік
суреттерінің өзі ерекше тартымдылық қасиетке ие болатыны тап осы
сөздік ойынмен де тығыз байланысты. Бұл қасиет, екінші жағынан,
ақын лирикасына тән жұмбақ сырдың бірі.
Біз жоғарыда келтірген көркем эвфемизмдер зат пен құбылыс
атауын сыпайылап жеткізумен байланысты болса, олардың енді
бір тобы үйреншікті нәрселерді қызықты етіп, ең бастысы, күлкі
шақырарлықтай етіп айту ниетінен туған. Мәселен қаламгер өлеңді
«ұйқасты сөз» [25.22], махаббат сезімін «көкейімнен шық пасты,
шыға алмасты» [25.35], ақшаны «қазыналық билеттер» [25.127], мас
болуды «орысша сәл әндету» [25.273], бұлбұлды «мыңсайрам» [25.57]
деп жеткізеді. Тіпті өмірде бар географиялық атаулардың поэти-
калық варианттарын жасайды. Мәселен, Талдықорған қаласының
атын автор «Талдықала» деп береді. Бұлай ету идиллиялық көңіл
күймен басталған өлеңнің («Көк түлкіше бұлаңдаған көйлегі»...)
пафосын сақтау үшін, яғни қияли әлемге тән суретке беріліп, өзге ше
күйге енген оқырман әсерін реалды өмірді еске түсіретін белгі лер-
мен бұзбау үшін де қажет болған.
Дәл осылайша «Ғұнстан-калейдоскоп» өлеңінде шығарма ның
тарихи калоритіне нұқсан келтірмеу мақсатымен қазіргі ғылы ми
терминнен бас тартып, «петроглифты» «кітаби сурет» [25.107] деп
алмастырады.
Ж.Жақыпбаев лирикасында каламбурдың бұдан өзге де түрлері
бар. «Каламбур омонимдерге, омографтарға, әзіл түріндегі сөз дердің
этимологияландырылуына құрылады», – делінген «Әдебиет
тану
терминдерінің сөздігінде» [41.119]. Ақын өлеңдерінен осы калам бур
түрлерінің барлығы дерлік табылады.
Суреткер қаламына тән этимологияландырылған сөздердің
бірі – «бейшора».
Бағым бастан: «Ей, меңіреу», – деп көшті,
Шекем іші құла түзбен шектесті.
Бейшорамын, кеше ғана шора едім,
Бақытсыз жан болмайды екен текті, есті... [25.264]
немесе
Ақ бетіңнен бір өпкен күн өз едім,
Бейшораның күнін қалай көремін? [25.91]
Достарыңызбен бөлісу: |