Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет87/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95

291
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
де мәтіннен тыс тұрған фабулалық желі аңғарылады. Мұны біз 
ақынның өзге өлеңдермен байланысты және шығарманың сыртқы 
композициясынан байқаймыз. Әдебиеттанушы ғалым Т.Есембеков 
сыртқы композицияға шығарманың атауын, эпиграфын, ақынның 
туындыны кімге арнағанын, шығарманың жазылған мекені мен 
мезгілі жөніндегі жазбаларды айтады [69. 52].
Ж.Жақыпбаевтың ақын Лудмила Скобецкиге арнаған 
өлеңдерінен автордың бір кезде («Шұғынық гүл төркіні» жарық 
көрген 1984 жылға дейін) Львов қаласында болған жастар 
дың 
поэзия фестиваліне барғандығын, «Львовтағы поэзия фестивалі» 
деген өлеңнің атынан және «Молдованың ақын қызы Лудмила 
Скобецкиге» деген автордың қолтаңбасынан, ал ақын қыздың 
келбеті суреткер сезімін толқытқанын шығарма соңындағы 
Осалмын деп мықты жүр,
Шығатындай тақтаға
Күтті залың, күтті жыр,
Қарап өзің жаққа да,
Бір киімің қып-қызыл,
Бір киімің қап-қара.
Қол соғып, жер тебінген
Шолып жұрттың арасын, 
Танысқың кеп төріңмен,
Сен де кетіп барасың – 
Тұмадай көз қарасың, 
Тұла бойың жарасым... [24. 33-34], – деген жолдардан білеміз. 
Сол сапарда өзге ақындармен бірге шыққан экскурсияда Украина-
ның тарихи ескерткіштерін көріп, әсер алғанын «Олесьедегі 
Богдан Хмельницкийдің қамалы» өлеңі әйгілесе, той соңына дейін 
Молдованың ақын қызына деген сезім ұшқынының әбден өршіп 
барып жалынға айналғанын «Лудмила» өлеңі әйгілеп тұр. Мұнда да 
автор «Молдованың ақын қызы Лудмила Скобецкиге» деп қолтаң ба 
қалдырған. 
Ал өзбек қызы Гүлбүбішке арнаған туындылары қаламгер-
дің досы Әлібектің шақыртуымен Өзбекстан жерін аралап қайт-
қан саяхатының жемісі екенін де осылай анықтауға болады. Аты 
қойылмаған үш өлеңнен тұратын жыр шоғырының басына «са  парға 
себепші Әлібекке» деген қолтаңба қойылған. Оның алғашқы екі 
өлеңі Өзбекстан қалаларынан алған әсерін жырласа, соңғы өлең 
Гүлбүбішке деген сезімін өрнектеген. 
«Өзбек әуенінен» өлеңі бастан-аяқ Гүлбүбішке арналған. Шы-
ғармаға Ә.Науаидың «Аһларым ұрсын синә, Уһларым ұрсын синә» 
деген өлең жолдары эпиграф етіліп алынып, жырдың өзін осы 
мазмұнға құрған. Лирикалық кейіпкер қолын жеткізе алмаған ару-


292
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
ды Науаиша қарғаумен аһ ұрады. «Кәшімірдің шәлісі», «Тамсанар-
мын, өңім түгіл түсімде…» өлеңдерінде аты аталмаса да бұл туын-
ды лардың Гүлбүбүшке арналғанын немесе соның бейнесі елестеті-
ліп отырып жазылғанын аңғару қиын емес. Өлеңдегі бейне ленген 
заттық әлем өзбек жерінің нақыштарын көз алдымызға алып ке-
леді. Ақын өлеңдерінде шығыс поэзиясына тән ерекшеліктер осы 
Гүл бүбішке арналған туындыларында көбірек байқалады. Өйткені 
шығыс қызының бейнесін дәл беру үшін сол елдің колоритімен 
беруде осындай тәсіл тиімді болғаны даусыз. 
Сені көріп құба талдай иілген,
Танытқым кеп шеберлік пен тегімді,
Қас устодай пілләдан жіп иірген,
Жаным, ойым бір қиялға берілді [25. 73], – деген шумақтағы «усто», 
«піллә» сияқты өзбек сөздерінің қолданылуы бұл туындының өз бек 
қызына арналғандығына дау туғызбайды. Келесі өлеңдегі 
Сол жүрекке бағышталған жыр өлмес,
Жатқа алғандар ғұмыр кешер мәңгі мас.
Кетем десең, Хиуа жері жібермес,
Жоңғардың жас шәйірімен қаңғыбас [25. 92], – деген жолдарда 
да лирикалық кейіпкер сезімін арнаған арудың өзбек қызы 
екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Ақын мұнда да оның бүкіл 
шығармашылығы өн бойынан көрініп тұратын қала мен дала-
ның бітіспес табиғаты жөніндегі шығармашылық концепциясы 
аңғарылады. Лирикалық каһарман мен өзбек аруының ара 
сына 
сына болып қағылған кедергінің бірі – осы қала мен даланың келі-
сімге келе алмас өзіндік дүниесі ретінде көрсетілгені өлең астары-
нан аңғарылады. Әрине бұл ойды ақын осы өлеңінде бейне легісі 
де келмеген болар. Бірақ шығарма жазылғанға дейін-ақ пайда бо-
ла тын көркем концепция туындыда автор ырқынан тыс та көрініс 
беруі ықтимал. Лирикалық каһарман Шығыс аруына деген сезімін 
жет кізу үстінде өзі жан-тәнімен беріліп кеткен туған даласын, оның 
ерек ше тіршілігін қатар еске алып, оны бір сәт ұмытпайды. Туған 
даласын қимай, Үндідегі ғажап, сиқырлы өмірді тастап, Дешті қып-
шаққа қайтқан («Өкініш. Мангу ағашы») ата-бабаларына тән ойлау 
жүйесі «Тамсанармын өңім түгіл, түсімде…» өлеңіндегі лири   калық 
кейіпкер санасынан да көрінеді. Ұрпақтардың ғасырлар бойғы 
рухани сабақтастығы Жұматай өлеңдерінен осылайша жанама түрде 
бой көрсетіп отырады. 
Жоғарғы үнмен әндететін құс түнде,
Гүр-Әмірше құбылғанда айлы шың.
Той боп жатыр қазір Жоңғар үстінде,
Кенежирен шаппай ма оның бәйгесін? [25.92] дейді өзбек қызына 
сыр ақтарған лирикалық каһарман. 


293
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
Махаббат лирикасынан ақынның өзі жөніндегі өмірлік аңыз 
желілерінің жиі байқалуы – оқырман ынтасын арттырушы негізгі 
фактор екенін жоғарыда айттық. Гүлбүбішке арналған өлеңдер ден 
есімі ауызға алынып отыратын Әлібек достың кім екендігіне деген 
қызығушылық оянатынын жоққа шығару қиын. Ақынның осы 
досына арнаған өлеңдерінен оның кім екендігін біршама аңғаруға 
болады.
Жүзімдік пен мақталықтың шатыры
Жетісайдың аспанында бір сауал [25.108], – дейді мұнда ақын. 
Осыған қарап, жыр арналған тұлға – жетісайлық ақын Әлібек 
Мейірбеков болуы тиіс деп ойлаймыз. Бұдан ақын өміріне қатыс ты 
деректерді әлі де зерттей түсу қажет деген пікір туады.
Ж.Жақыпбаевтың өмірлік негізі бар арулар бейнесін сомда ған 
шығармалары қатарына «Зейпін» өлеңін де жатқызуға болады деп 
ойлаймыз. Ару есімінің ауызға алынуы осыны көрсетеді. 
Бұл шығармалардың бәрінде жеңіл юмордың араласып отыра-
тынын жоғарыда айттық. Енді соған мысал келтіре кетейік. 
Лудмилаға:
Алыс жерден сүйдім сені ақынша, 
Көрген көзге жетер ме екен сол үлгім?
Сені көріп, Түрік қағанатынша,
Атпай, шаппай мен екіге бөліндім [25. 119]. 
Гүлбүбішке:
Шәйір барда шындық жерде жатар ма,
О, Гүлбүбіш, қасидам да көп менің
Ең алғашқы диванымда: Жаһанда,
Өзбектерден сұлу халық жоқ» – дедім [25. 240],
Зейпінге:
Естілмей үнің, көрінбей түрің де көптен,
Ақсиып тұрар адал қыз күлімдеп еппен.
Сары Арқа жақтың самалына ауызша айттым,
«Зейпінді сүйіп, әлпештей жүріңдер!» – деп мен.
Ж.Жақыпбаевтың махаббат лирикасының өзі-ақ жеке-дара 
зерттеуге әбден лайық. Бірақ біздің мақсатымыз ақын шығар-
маларын тұтастай зерттеумен байланысты болғандықтан, бұл 
мәселені жұмысымыздың бір тарауына ғана өзек еттік. Ақын 
өміріне қатысты деректердің молынан көрінетін тұсы да, оған 
деген оқырман қызығушылығын ерекше арттырар тұсы да қалам-
гер шығармашылығындағы махаббат тақырыбындағы өлеңдер 
десек қателеспейміз. Сол себепті бұл өлеңдер автор санасына тән 
белгілерді айқынырақ танытуымен де құнды. 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау