306
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
бөгде сөз деп атаған авторлық емес сөз (тікелей авторлық сөзбен
қатар) көркемдік мән иеленуші болып шығады», – дейді В.Е.Хализев
[76.248]. Сөйтіп ол авторлық емес сөз түрлерін стилизациялау,
пародия, аңыздау (сказ), арамәтінділік (интертекстуальность),
реминнисценция деп жіктейді. Осы авторлық емес сөз түрлерінің
ойындық сипаты күшті Ж.Жақыпбаев туындыларынан кездеспеуі
мүмкін емес. Алайда прозаға қарағанда, белгілі бір симметриялық
өлшемге құрылатын поэзиялық туындыларда сөйлеу тілінің түрлі
үлгілерін беру мүмкіндігі аз болғандықтан, стилизациялау, аңыздау
(сказ) сияқты ойлау мен сөйлеу формаларының ерекшелік
терін
таныту қиын. Мұның ішінде поэзиядан пародия, арамә тін ді лік,
реминнисценция сияқты формалар ғана айқын көрінуі мүм
кін.
Жұматай өлеңдерінде мұның алғашқы екеуі байқала қоймағанымен,
реминнисценция түрлері біршама бар.
«Реминнисценция (жаңа латынша remіnіsentіa – еске алу), басқа
бір шығарма туралы еске алуға бағыттайтын көркем мәтін (әсіресе,
поэтикалық) белгісі. Реминнисценция көбіне автордың ырықсыз
түрде бөгде образдар немесе ырғақтық-синтаксистік бағыт
тың
көшірмесін алуы, соңғысы көбіне ырғақтық жады деп аталатын
құбылыстың нәтижесі болып шығады. Біреуден алып пайда-
лану мен еліктеудің айырмашылығы реминнисценция бұлыңғыр
және елене бермейтіндей болып келеді, (ырғақтық реминнис цен-
циядан басқасы), әйтеуір бір авторға тән мотив тақырып кеше нін
(комплекс) еске түсіреді», – делінген сөздікте [29.22].
Алайда реминнисценцияның «оқырман жадын және көп-
құрамды қабылдауын есепке алған автордың саналы түрде» [29.322]
жа рат қан тәсілдері де болады. Ж.Жақыпбаев туындыларында ре-
мин нисценцияның осы екі түрі де кездеседі.
Автордың саналы түрде көркемдік қажетке жаратқан реминнис-
ценция үлгілерінің көбі халық ауыз әдебиеті туындыларындағы
көркемдік жүйені еске түсіріп отырады. Мәселен «Арысқа барғанда»
өлеңінің:
Бір ғажап сурет көрдім деп ертең мақтанам,
Бөгеннің жері бөлектеп маған сақтаған.
Ер қыпшақ Еділ Европадан да көрмеген,
Жалайыр Мұқылай таңғұттардан да таппаған, – [25.6] деген
алғашқы шумағының соңғы екі жолы Кодекс Куманикус, Қыпшақ-
тың жазба кітабындағы
Сенде, менде йоқ,
Сеңгір тавда йоқ,
Утлу ташда йоқ,
Қыпшақта йоқ [93.177], – деген көне түрік жұмбағының елесін
береді. Бұл екеуіне де ортақ бір поэтикалық ойлау жүйесі бар.
Екеуіне де объект етілген зат пен құбылыстың таптырмайтын-
307
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
дығын білдіріп тұр (бірінде – ғажап сурет, екіншісінде – құстың
сүті) және ол таптырмас нәрсені іздеу әрекетінің этникалық топтар-
мен байланыстырылуы – бұл екі туындының арасындағы саналы
шығармашылық байланысты білдіреді.
Ал,
Базардан алып келдім міне бұршақ,
Осыны ексеңдерші, түге, бір сәт, – [25.76] деген жолдар
дың
алғашқысын қазақтың қара өлеңдеріндегі «Базардан алып келген...»
[94] деп басталатын формулалы сөз тіркестерін еске түсіріп, сол
арқылы өмірдің жалғандығы, өткіншілігі, таусылмас жалғас тығы
жөніндегі халықтың поэтикалық ой-сезімін өлеңдегі мағынамен
ұштастыру үшін арнайы солай түзген болуы керек.
Ал,
Бұл ғұмырды қу да сүрген, сұм сүрген,
Тең көріп ем бозадағы былшылмен [25.153], – сияқты жолдар «Боза
үстіндегі сөз боққа арзымайды» деген халық мақалын еріксіз ойға
оралтады.
Ақынның тек халық туындыларына ғана емес, өзге авторлар
шығармаларына қатысты реминнисценциялары да бар. Оның
ішінде М.Шахановпен шығармашылық жарысқа түсу нәтижесінде
пайда болған реминнисценцияның өзгеше түрлері де бар. Мұнда
ол белгілі бір оқиғаның фабулалық қаңқасынан қайталануы
нан
көрінеді. Мәселен, «Ғұндардың жүрегі» өлеңіндегі қарт Жамбылдың
Грузин қызына ғашық болғаны М.Шахановтың «Сұлулықты сезіну
немесе Ғабиден Мұстафинмен әңгіме» атты өлеңіне де желі болған
[95. 16-17] болса, Ш.Уәлихановтың басына қойған құлпы
тасты
диірмен етпек болған нақұрыс жанның жазасын тағдырдан тартуы
жөніндегі «Мерген мәрмәр» өлеңі М.Шахановтың «Қыран
дар
төбеге қонбайды» атты балладасымен ортақ фабулаға құрылған.
Әдеби факторларға деген байыптаулар мен бағалауларды бейнелей
отырып, реминнисценция шығарма әлеміне дендеп енген өзіндік
сын эссеистика сияқты жиі көрінеді (...)», – дейді В.Е.Хализев.
Сөйтіп оған ода мен элегияны айыптаған Пушкиннің «Евгений
Онегинін», сондай-ақ Гогольдің «Шинеліне» оң көзқараста болма-
ған Достоевскийдің «Бейшара адамдарын» мысал етеді [76.255].
Ж.Жақыпбаевтағы М.Шаханов туындыларына қатысты ремин-
нисценция түрлерінің осындай сыни-бағалаушылық сипаты бар деп
танығанымыз дұрыс.
Аспанға шықты-ау асқақтап бала көңіл де.
Арнап ол маған аузынан гүлдер төгісін [25.251].
немесе
Ауызыңнан алқызыл гүл төгіліп,
Анадайдан өзің келе жатқанда [25], – деген жолдардағы «аузы-
нан гүл төгілу» – шығыстық дастандар кейіпкеріне тән сипат [96].
308
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Ал реминнисценцияның персонаждарға да қатысы барын айтып
өттік. «Сөздік мәтіннің жекелеген бөлігі ретіндегі реминнисценция-
лардың сюжет алу, ертерек жаратылған туындыларда бар персо-
наждарды енгізу, еліктеу, сондай-ақ өзге тілдегі шығармаларды еркін
аудару (...) сияқтылармен табиғаты бір» [76], – деген В.Е.Хализевтің
сөзі осының дәлелі. Ж.Жақыпбаевтың «Мамырым менің» өлеңі нің
С.Мұқановтың «Майға сәлемін» еске түсіретін тұстары, олар дың
арасындағы көркемдік ұқсастықтары жөнінде біз бірінші тарауда
тоқталып өткенбіз. Бұлардағы лирикалық кейіпкер тұлғасынан
реминнисценция белгілері анықталады.
Жолықтың, інім. Бұл күнде торықтым, ұғын,
Жалғыздық сезіп, жабырқап молықты мұңым [25.20], – деп өзінен
кейінгі, ізінен ерген іні-қаламгерге мұң шаққан лирика кейіпкері
Мұқағалидың
Кейіме, інім, сен татқан мұңды мен де емгем
Кеткенмін сосын,
Өзімді-өзім жебеумен [97.53], – деп сөйлейтін кейіпкеріне ұқ сап
тұр.
Ж.Жақыпбаевта ырғақтық реминнисценция түрлері де аз да
болса байқалады.
Мәселен,
Жүретұғын кезінде жиі өңінен өпкізіп,
Көрсетем деп қиялдап киеліме тек қызық,
Көк тұманда көп жүрдім, көк тайғақтың суығын,
Сіңірімнен өткізіп, сүйегіме жеткізіп.
Жаяу жүріп, аязбен жағаласып тоңдым мен,
Аяулымның қыр-сырын араласып көрдім мен.
Одан артық құдайдан не тілеймін, жаутаңкөз,
Жүрегі бар, есі жоқ бала ғашық болдым мен [25.20], – деген
шумақтағы лирикалық баяндау түрінің, әсіресе, ырғақтық әуезділігі
Жұмекен Нәжімеденовтің «Темірқазық» өлеңімен үндес. Мысал
үшін салыстыра кетейік:
Айсыз қара түндерге ат құлағын қақтырып,
Тәуекелдің қолына тағдырымды лақтырып,
Талай жорттым жолсызбен,
Айдалада ақ тымық
Барабанын құлақтың тыныштыққа шақтырып.
***
Темірқазық жұлдызын белгілеп ап сонда мен,
Арулардың ауылына адасқан боп қонған ем.
Жалғыз жанған маяктай теңіз кешкен кеме үшін,
Нысана ғып өсіп ем, сенім тұтып сені шын [98.18].
Достарыңызбен бөлісу: |