Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



жүктеу 0,57 Mb.
бет1/3
Дата13.11.2017
өлшемі0,57 Mb.
#127
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі »

«№3 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Дүниетану

№ 13 секция

Тақырыбы: "Құс төресі – бүркіт "


Жоба авторы:№3 орта мектебінің

4 «Ә» сынып оқушысы:

Болат Дархан Жанарбекулы

Жетекшісі: бастауыш сынып

мұғалімі Кеншілік Гулбаршын

Теміртау, 2014ж
Тақырыбы: "Құс төресі - бүркіт"

Мәселе: Мүмкін , бүркіт биік шыңда емес,аласа тауларда мекендесе, біз ол туралы көбірек біліп , көбірек білер едік.

Мақсаты: Бүркіттің түрлерін, тіршілік ететін жерлерін анықтау, жинақтау, топтау.

Міндеттері:


  1. әдебиеттер жинақтау;

  2. бүркіттің түрлерін, тіршілігін зерттеу, топтау;

  3. бүркіттің негізгі қасиеттерін анықтау;


Болжам : Егер де, біз әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен көшпенді қазақ болсақ, алуан түрлі құстардың адам баласына маңыздылығын түсіне білсек, оларды өз қажетімізге жарата аламыз.

Зерттеу нысанасы: Бүркіттің тіршілігі

Күтілетін нәтиже: Түрлі әдебиеттерді оқи отырып, жергілікті жеріміздегі биік шыңдарға саяхат жасай отырып , бүркіттің маңыздылығын түсіну ; алу

Зерттеу түрі : Теориялық зерттеу жұмысы


Жаңашылдығы: Осы күнге дейін бүркіттің мекендейтін жерлерін және негізгі қасиеттерін оқушының көз – қарасымен ешкім зерттемеген.

Мазмұны:
І .Кіріспе. тақырыбы: "Құс төресі – бүркіт "...................................3 бет
1.1. Ақпараттар және әдебиеттер жинақтау;............................................
1.2. Проблеманы шешу үшін, теориялық зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау;.........................................................................
II.Негізгі бөлім.
2.1. Ұлттық аңшылық дәстүр;................................................................4 бет
2.2. Қазақ салт –дәстүріндегі бүркіт құсының маңызы;.....................5 бет
2.3. Бүркіттің негізгі қасиеттері және түрлері ; ....................................7 бет
2.4 Бүркіттің жабдықтары;.....................................................................10 бет

III.Қорытынды. .........................................................................................12 бет

Қосымша бөлім


1. Сауалнама ..............................................................................................13 бет

2. Пайдаланылған әдебиеттер;...................................................................14 бет
3. Қолданбалы зерттеу жұмысына жүргізу журналы
4. Слайд.
5 Буклет (фотоальбом)
6. Кітапша

Аннотация


Осы тероиялық зерттеу жұмысымда бүркіттің түрлерін, тіршілігін, адамға пайдасын, олардың санының азайып бара жатқандығын анықтап, материалдар жинақтау, қыран құсты зерттеуге үлесімізді қостық. Осы күнге дейін бүркіттің мекендейтін жерлерін және негізгі қасиеттерін және санының акзайып бара жатқандығын оқушы көз – қарасымен ешкім зерттемеген. Сондықтан бүркіт туралы толық мәліметтер жинақтап қысқаша түсіндіруге тырыстық.

Теориялық зерттеу жұмысы 3 бөлімнен тұрады:



  1. Кіріспе.

1.1. Ақпараттар және әдебиеттер жинақтау;

1.2. Проблеманы шешу үшін, теориялық зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау;

II.Негізгі бөлім.

2.1. Ұлттық аңшылық дәстүр ;

2.2. Қазақ салт дәстүріндегі бүркіт құсының маңызы ;

2.3. Бүркіттің негізгі қасиеттері және түрлері ;

III. Қорытынды.


    1. Бүркіттің жабдықтары;

    2. Бүркітті қорғау.

Қосымша.
1. Пайдаланылған әдебиеттер;

2. Слайд.

3. Буклет.

Аннотация


Эта теоретическая проектная работа исследуя виды и жизнь орлов, собрав материал об уменьшении численности этих птиц, внесла небольшой вклад в исследовании орлов. До сих пор места обитания орлов и их характеристики не были исследованы с точки зрения учеников . Поэтому собрав полный материал об орлах мы постарались кратко объяснить.

Теоретическая исследовательская работа подразделена на 3 части.

I .Введение.

1.1. Сбор информации и литературы;

1.2. Чтобы решить проблему , выявить цель и задачи теоретической исследовательской работы ;

II.Основная часть .

2.1. Национальная охотничья традиция ;

2.2. Орёл в казахских традициях ;

2.3. Характеристика орлов и их виды ;

III. Выводы

3.1 Принадлежности для орлов ;

3.2 Охрана орлов .

Дополнение .
1. Использованная литература ;

2. Слайд.

3. Буклет.

Synopsis
In this theoretical design work I investigating different kind of eagls and tleir life , collecting materials about reducation of number these birds.

We have brought the small contribution to research of eagles .Till now places of dwelling of eagles and their characteristics have not been investigating from the point of view of pupils.

There fore hoving collected a full material about eagles we have tried briefly the theoretical design work subdivided into 3 parts:


I Introduction

1.1.Gathering of the information and the literature.

1.2.To solve a problem to find out the purpose and problems of theoretical design.
II The basic part

2.1.National hunting tradition

2.2.Eagle in Kazakh tradition

2.3.characteristics of eagles and their kinds


III Conclusions

3.1.Accessories to eagles

3.2.Protection of eagles
Addition

1.Used literature

2.Slides.

Кіріспе
Менің қазіргі зерттеп жүрген ғылыми жұмысымның негізі- сонау ежелгі бабаларымыздың құсбегілік өнері мұрасын сақтап, ұшқыр тазысы мен жүйрік аты және үкілі домбырасын қайта жаңғыртып дамыту ,соның ішінде қазақтың қыран құсымен жақынырақ таныту болып табылады.

Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім :мен ауылға жазда демалыста нағашы атамның үйіне бардым. Атамның көршісіндегі бүркіт мені өте қызықтырды. Атама көршісіндегі бүркітті жақынырақ көруге қолқа салдым. Атам менің сөзімді жерге тастамай , бүркітті жақынырақ көруге рұқсат берді. Осылай менің бүркітке деген қызығушылығым басталды. Ауылда атамнан да бүркіт жайында көп мағұлмат алып,келе сала апайыма айттым. Ол кісі сөзімді жерге тастамай бірден құптады.

Біздін табиғатта көптеген  жануарлар, өсімдіктер, құстар өте көп. Құстар, жануарла «Қызыл кітапқа» енген. Қазіргі кезде құстың 12 түрі

«Қызыл кітапқа енген» Мемлекеттік Ұлттық Паркінде Бүркіт құсының 1-түрі бар. Бүркіт құсыда қызыл кітапқа енген. Бүркітті адамдар сатып алмайды, тек бір-біріне сыйға тартады. Ежелгі аңыз бойынша, ер жігіттің жеті қазынасы болған – ақылды жары, жүйрік сәйгүлігі, аңшы бүркіті, адал иті, мылтығы, қақпаны мен қазаны. Осы байлықтың барлығы «Жетi қазына» деп аталған.

Бүркіт – киелі, қастерлі құс. Қыран құстың жадағайын қазақ төріне іліп қоятын. Бүркітті ежелден «қасиетті құс» деп қастерлеп, «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Елімізде бүркіт көбінесе Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау таулары мен орман алқаптарында кездеседі.

Қазақ-салт-дәстүріндегі бүркіт құсының манызы
Бүркіт (Aquila chrysaetus) — жыртқыш құстар отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1—2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі.

Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30—35 см) ұшқан кезде “ұшып бара жатқан қанатқа“ ұқсайды. Ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша “алтын қыран“ деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға, құзжартастардың басына, ал далалы жерде — жерге салады. Өте жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды.

Ұсақ және орташа сүтқоректілерді және құстарды ұстайды. Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді. Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек.

Шілде айында алып, қыркүйекте аңға салуға болады. Далада көп ұшырса, аң аулағанда жетістіктерге жетеді. Бұл құсқа 200-300 грамм таза ет береді. Олар жұп болып өте биік жерлерде қоныстанады, ұяларын жартастардың қуыстары мен шоқыларында, кейде ағаш басына орнатады, диаметрі 2 метрге жетеді. Наурыз-сәуір айларында ұрғашысы 1-3 жұмыртқа салады, оларды шамамен бір жарым ай басады. Балапандары 70-80 күн ішінде ұясын тастайды, бірақ ата-анасы оларға ұзақ мерзім ішінде қамқорлық жасайды. Бүркіттің ұясын тауып, балапанын алу өте қиын. Бүркітті әлі ешкім арнайы көбейтіп өсірмейді. Бүркітшілер балапандарды жабайы табиғаттан алып, жастайынан үйрете бастайды.


Келешек бүркітшілерді 7-10 жасынан бастап үйретеді. Алғашында балаға аса үлкен емес құстарды: қаршыға мен тұйғындарды баптауға рұқсат беріледі, ал 14-15 жасынан бүркітті сеніп тапсыра бастайды. Құстың адамды мойындауы өте қиын. Ол үшін олар кемінде үш тәулік ішінде бірге болуы тиіс. Бұл уақыт ішінде адам құсқа ұйқы бермейді және өзі де ұйықтамайды, болмаса құс мұны адамның әлсіздігі ретінде бағалауы мүмкін. Олар өзара мінез күрестіреді. Егер екеуі де осыған төзсе, төртінші тәулікте бүркіт адамды мойындайды. Бірақ құстан үйретілген аңшы жасап, оны өз атын танып, бұйрықтарды орындауға үйрету үшін кемінде тағы 9 ай қажет. .
Бүркіт ішімдік пен шылымның иісін жақтырмайды, сондықтан құспен аңға шығамын дегендер зиянды дағдыларын тастауы қажет. Бүркіт адамдармен 10 жылдан артық тұрмауы тиіс, одан кейін құсты ұрпақ беру үшін еркіндікке жібереді. Қамауда бұл құстар көбеймейді. Табиғи жағдайларда бүркіт 80-100 жыл өмір сүреді. Қазақстанда 15 миллион адам тұрады, ал бүркітшілердің саны елуге жетер-жепес. Сондықтан, қазақ аңшылығының ұлттық дәстүрлерін және құсбегілік өнер мұрасын сақтап, жаңғыртатын адамдар ерекше алғысқа лайық.

Бүркіттің түсі қоңыр. Салмағы 4 килограммға дейін барады.


Қанатының шеткі қауырсындарын шалғысы деп атайды. Ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді қауырсынын «көбесі» деп, қалғандарын «жебесі» деп атайды.

Аяғы 4 саусақты, оның артқысын «тегеуріні», ішкісін «жем басар», ортаңғысын «сығымы», шеткісін «шеңгелі» деп атайды. Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсық аулайды. Тұяқты жануарлардан ақбөкен, елік, таутеке, қара құйрық секілді аңдардың төлін жейді.

Мен көбінесе балапанын ұядан емес, жаңадан ұшыра бастаған кезінде қолға түсіріп, бағып жүрмін. Қара қанат болған кезінде баққан дұрыс.Қазақ бүркітті ерте кезден ұстаған. Аңшылыққа үйреткен.

Алғашында қолынан жем жеуге дағдыландырған. Содан кейін құсты алыста тұрып шақырып, өздігінен келіп жем жеуге баулыған. Мұнан кейін ат үстінде тұрып жемді көрсетіп, шақырып, қолына келіп қонуды үйретеді. Содан соң құсқа жемді аң терісін үстіне қою арқылы алғызып үйретеді. Бүркіт аңға үш тәсілмен – шаншыла, сыпыра және іліп түсу арқылы түседі.
Ұлттық аңшылық дәстүрлері

Бұл өнермен араб шейхтары, ағылшын лордтары айналысады, және ол, әрине, баяғы көшпелілер – қазақтар, татарлар, қырғыздарда және басқа да халықтарда сақталған.1998 жылы Алматы облысының Нұра ауылында «Саятшы» атты ұлттық аңшылық түрлерінің алғашқы клубы ашылған болатын. Жобаның мақсаты – сирек жыртқыш құстардың популяциясын қорғау және аңшылықтың ұлттық дәстүрлеріне қолдау көрсету. Клуб үлкен қорғаушылық және ғылыми –зерттеу жұмысын атқарады. БҰҰ жобасына қатысып, құстар ұя салатын жерлерге жем салып, олардың қыстан аман шығуына көмектескен. Нәтижесінде бір жылдың ішінде бүркіт ұяларының саны 13-тен 53-ке дейін артты. БҰҰ өкілдері мұндай жылдам нәтижеге сенбей, тексеруге келіп, және нәтижеге көздері жеткеннен кейін клубтың керемет жұмысын ерекше атап өтті. Клубтың негізін қалаушы – Мұхаммед Исабеков. Кезінде ол құжат жинап, ақсақалдардың әңгімелерін тыңдап ел аралайтын. Аңшы құстар мұражайын құру туралы ой сол кезде туындаған болатын. Нәтижесінде 2003 жылы мұражай ресми мәртебеге ие болды.


Ғасырлар бойына адамдар тұзақ, тор, қақпан, апан, найза, садақ пен жебе, кейіннен мылтықтың көмегімен аңшылық етіп, азығын тапқан. Құспен аңға шығу көшпелілерде аңшылықтың ең кең тараған түрі болатын. Неғұрлым олжалы және тәжірибелі аңшылар – бүркітшілер немесе құсбегілер – халық арасында үлкен құрмет пен беделге ие болған, ал жабайы құстарды қолға үйрету мен тәрбиелеу өнері ғасырлар бойына жинақталып, мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа табысталып, құпияда сақталған. Қазіргі кезде азық табудың бұл түрінің аса қажеті жоқ, бірақ аңшылыққа деген құмарлық гендік деңгейде сақталған. Барлық елде аңшылық клубтар мен қожалықтар ұйымдастырылып, заң арқылы жануарларды мейірімсіз атып жоюға шектеу қойылып, олардың кейбір түрлерінің популяцияларын реттеу және тіпті бұрын жойылуға жақын қалған түрлерінің санын арттыру мүмкіндігі пайда болды. Құс салып аңға шығу енді спортқа, өнер түріне айналды.

Бүркіттің жабдықтары

Құсбегілердің өзіндік терминдері бар. томаға- құстың басына кигізіп қояды,яғни,иесіне де, басқа да адамдар мен аңдар үшін сақтық шарасы болып табылады. Ертеректе томағаны асыл тастармен көмкеріп, күміспен шегелейтін болған. Құстың иесі томағасын өзі тігіп, ырымдап, көзтимесін деп үкі тағып қоятын болған.



ТОМАҒА

Қыран құстың сирағына тағылатын бауды  аяқбау немесе балақбау деп атайды. Бұл-бау қыран құстың аяғында үнемі бірге жүреді.



Аяқбауды матап байлайтын бауды-шырынбау дейміз. Бұл қолға қондырғанда, тұғырға отырғызғанда керек.

Қыранды қолға қондырғанда, міндетті түрде оң қолға биялай киеді. Ол – ішінде  жұмсақ киіз немесе мата салынған, теріден тігілген қолғап.

Аңшыға жеңіл және құсқа ыңғайлы болу үшін ерге арнайы тұғырықтарды бекітеді Бүркітті қолға үйретіп, аңға салу үшін қажетті бұйымдар: томаға, тамақ бау, балақ бау, балдақ болады. Әрқайсының өз қызметі бар.

Бүркітті-қанаты қатпаған сары ауыз балапан кезінде ұядан алады, тұз тағасын тормен ұстайды.Балапанды үйге әкелгеннен кейін баули бастайды. Құсбегі оны сылап-сипап, мәпелеп, өзіне үйір қылады. Оған алдымен балақбау тағып,томаға кигізеді. Одан 3-4 қадам қашығырақ барып,аяқбаудың ұшынан ұстаптұрып биялайлы қолындағы етке   «Кәл», «кәл» деп шақырып үйратеді Одан соң балығаны қырн бүркіт болса, түлкі яки қоян терісіне сабан, шөп толтырып, сыртына ет қыстырып оны ұзын жіпке байлап,атпен сүйрете қашады да, бүркітті соған түсіреді. Оны далбай тастап, шырға тарту дейді. Далбайдан соң тірі аңдарды шырғалап, балапанды енді соған түсіреді. Оны   «тірілеу» деп атайды. Тірілеуден кейін құс қайыруға келеді. Қайыруға келгелі болса әбден үйренгені.  Құстың  «тілін» табу-оның бабын табу деген сөз. Бабы келген,бағуы келіскен қыран ғана аң-құсқа түсе алады. Қыранның жейтін жемін,ұйқысын құсбегі қатан бақылауға алып отырады.

бүркіттің жабдықтары ұсынылған. Құстарға арналған берперделер – тұмағандардың, аңшы құстарды отырғызатын тұғырықтардың (отырғыштардың) үлкен топтамасы бар. Бүркіт – ауыр құс, оның салмағы үш килограмнан он килограмға дейін жетеді..

Жаяу жүрген кезде тұғырықты адамның беліне бекітеді, ал қолға қашанда арнайы қолғап киіледі. Мұражайда осы бұйымдардың топтамасы да ұсынылған. Мұнда бүркіттердің олжалары да бар: альбинос түлкі, қасқыр, сілеусін, қызыл түлкінің терілері. Үзеңгінің көне түрлерінен қазіргі түрлеріне дейінгі үлкен топтамасы да қызықты. Атақты құсбегілердің (аңшы құстармен аңға шығатын адамдардың) фотосуреттерінің галереясы да бар.


жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау