Арнайы психолгияның жалпы негіздері


Дамуында бұзылысы бар балалардың қиялы



жүктеу 102,96 Kb.
бет3/44
Дата21.12.2022
өлшемі102,96 Kb.
#40714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯ СҰРАҚТАР (копия)[1]

Дамуында бұзылысы бар балалардың қиялы

Қалыпты дамудағы балалардың қиял қабілеттерін зерттеуге арналған еңбектерде сөйлеу мен қиял арасында тығыз байланысқа айрықша көңіл аударылады. Л.С.Выготский былай деп жазады: «Қиял дамуын бақылағанда бұл функцияның сөйлеу тіліне тікелей қатысты екендігі анықталды, тиісінше сөйлеу тілінің тежелуі – қиял дамуының тежелуі деген сөз». Олардың жұмыс істеуіне анағұрлым көп уақыт керек, әрі тапсырманы орындау барысында әлсін-әлсін үзіліс жасауға тырысады. Жалпы алғанда тілдік патологиясы бар балаларға тән белгілер: қимыл-қозғалыстың аздығы, инерттілік пен қиял процесінің сарқылғыштығы.
Тіл мүкістігі бар балалардың дифференциалданбаған суреттерді (Роршах дақтары) қабылдаудағы санада пайда болатын бейнелерінің саны қалыпты дамудағы балалардан гөрі аз, әрі бейнелермен кеңістіктік операциялар жасау деңгейі төмен.
Бейнеленген суреттер бойынша қойылған сұрақтарға балалардың қайтарған жауаптары бірыңғай, суреттің атын ғана атайды немесе жай сөйлемдерден тұратын қысқа жауаптар қайырады. Балалардағы тілдік кемістік (жұпыны сөздік қор, фразамен сөйлеудің қалыптаспауы, толып жатқан аграмматизмдер т.б.) шығармашылық қиял дамуының тежелуімен ұласып, балалардың сөйлеу шығармашылығына айтарлықтай кедергі жасайды.
Олардың қиялы туралы екі түрлі кереғар пікірлер бар. Бірі – Л.Каннердің дәлелдегеніндей, ЕЖБА бар балалардың қиял әлемі өте бай. Екінші пікір – олардың қиялының қалыптан тыс патологиялық сипаты. Аутистік қиялдардың мазмұнында баланың кездейсоқ естіген ертегілері, әңгімелері, оқиғалары, кинофильмдерден көрген, теле және радио хабарларынан естіген, сондай-ақ нақты өмірде болған, ойдан шығарылған оқиғаларға толы, олар өзара араласып жатады. Балалардың патологиялық қиялдары өте айқындылығымен және бейнелілігімен ерекшеленеді. Қиялдардың мазмұнында көп жағдайларда агрессивтік реңк болады. Балалар күнде сағаттап немесе айлар, жылдар бойына бір әңгімені жалықпай айта беруі мүмкін.

  1. Дамуында бұзылысы бар балалардың зейінінің ерекшеліктері

ПДТ балалардың зейін қабілетін зерттеу саласында Л.И.Переслени, З.Тржесоглава, В.А.Пермякова, С.А. Домишкевич сияқты ғалымдар айналысып,зейіннің келесі ерекшеліктерін ашып көрсетті:
1. Зейіннің тұрақсыздығы(толқымалылығы) баланың жұмыс өнімділігін төмендетеді. Бала 5-15 минуттан артық өнімді жұмыс істей алмайды. 3-7 минут дем алып, келесі тапсырманы орындауға «күш жинайды» және осы уақытта оның зейіні мүлдем басқа нәрсеге ауысып кетеді. «Демалыс» минуттарында ол орындап отырған ісінен мүлдем алыстап, бөгде заттармен айналысып кетеді. Аздаған демалыстан кейін бала қайтадан өнімді жұмысқа кірісе алады.
2. Зейін шоғырлануыың төмендеуі баланың объектіге назарын толық аудара алмауынан көрінеді. Жұмыс өнімділігі төмендейді, қарқыны бәсеңдейді. Бұл әсіресе соматогендік және церебральды-органикалық ПДТ түрлерінде кездеседі.
3. Зейін көлемінің аздығы баланың ақпаратты тұтас қабылдай алмауымен түсіндіріледі. Сондықтан ойындағы, оқудағы, тұрмыстағы мәселелерді тұтас және тиімді шешуде қиналады.
4. Ал зейін таралуының төмендігі, бір уақытта бірнеше тапсырманы орындай алмауынан байқалады. Әсіресе егер ол әрекеттер саналы бақылауды қажет ететін болса.
Мектеп жасына дейінгі саңырау балаларда олардың сау құрбылары сияқты зейіннің негізгі түрі – ырықсық зейін жақсы дамиды. Бұл балалардың зейінін әр түрлі құбылыстар мен қызықты заттар арқылы аударуға болады. Зейіннің тұрақтылығы баланың жасына сай өзгереді. Саңырау бала жыл басында 3 минуттан артық бір іспен айналыса алмаса, жыл соңында жұмысқа қабілеттілік уақыты 10-12 минутқа көбейеді. Тапсырманың түрі өзгерсе тұрақты зейін уақыты 30-40 минутқа дейін ұлғаяды.
Зейіннің барлық түрлері — белсенділік, бағыттылық, ауқымдылық ( көлем, таралу), ауысу, интенсивтілік, шоғырлану, тұрақтылық тәрізді зейін түрлері мен сапаларына көру кемістігі өз ықпалын тигізбей қоймайды. Әйтсе де зейіннің аталған түрлері дамуға қабілетті, кейде сау балалардағыдан да жоғары деңгейде дамуы мүмкін. Сыртқы әсерлердің шектелуі зейін сапаларының дамуына кері әсерін тигізеді. Сипап сезу арқылы немесе зақымданған көру анализаторы арқылы жүзеге асатын қабылдау процесінің баяулығы зейіннің ауысу қарқынына ықпал етеді және қабылданған бейнелердің үзік-үзік, жартылай күйде қалуына себеп болады.


  1. жүктеу 102,96 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау