Оқушылардың сөздік қорын молайтып , тез оқуға дағдыландыру
Жанбулатова Қ.А.
№1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Тілдің негізгі элементі-сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз-тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы.
Тілдің негізгі сөздік сөздік қоры-тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі.Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтай отырып, тілдегі жаңа туынды сөздер мен жаңа туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады.Сөздердің негізгі сөздік қорда кең қолданылуы мен ұзақ сақталуы олардың сөз жасау қабілетін дамыта түседі.Сөздік қордың тіл бірлігін сақтап,көне дәуір әдеби ескерткіштерін ұғынуға, тануға мүмкіндік тудырады.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды сұлу тіл. « Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл,бейнелі тіл-қазақ тілі.Бұл тілдің айтқыш та айшықтылығын, сұлу да сұңғылалығын есімізден шығармауға тиіспіз.
Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру- ең маңызды жұмыстардың бірі. Бұл әрине бастауыш сыныптан бастап оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асады.
Бала тілін дамытып қалыптасуына жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі-тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:
- Сөздің оқушылардың күнделікті өмірмен байланыстылығын ескерту;
- Үйретілген сөздің жеңілділігі;
- Бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі.
- Сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;
- Сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескерту.
- Сөздердің тәрбиелік,ізгілік ұғымына сәйкестілігін есепке алу және т.б.
Сөйлеуге байланысты мынадай талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу,дәл сөйлеу,жүйелі сөйлеу және мәнерлі сөйлеу
Сөздік қорының ең маңызды міндеті оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын толықтыратын сөздікті белсенді ету. Жаңа сөздерді есте сақтаудың тәсілдері мен жаттығулары да бар. Олар мыналар:
1.Тақтаға сөз жазып, оны буынға бөлу;
2.Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар( жаттығу жұмыстары);
3.Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;
4.Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар
( әңгіме эссе, мазмұндама,шығарма т.б) жүргізу;
5.Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу;
6.Сөздік жасату.(түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздер,оқушы сөздігі т.б.);
Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде біріншіден, оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін; екіншіден, сөз байлығының, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшелігін; үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс-тәсілдерін алдын ала анықтап белгілеу керек.
Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады:
- Қоршаған ортаны байқату, аңғарту ( табиғатпен,адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру);
- Үлкендермен қарым-қатынас әңгіме өткізу,кездесу ұйымдастыру;
- Арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу.
- Сыныпта және сыныптан тыс оқу (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында т.б. жағдайларда;
Тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру-оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы.Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі –оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдануы,сөйтіп, ойын жүйелі түрде білдіре алуы. Оқушыларымның әр сөзді орынды қолдануы, ойын жүйелі түрде білдіре алуы мені қуантады.Әр сабақта осы жұмыстар бойынша тапсырмалар беріп, оқушылардың өзін сөйлетуге тырысамын.
Достарыңызбен бөлісу: |