Арнайы психологияның мәселелері
Арнайы психология» пәнінің мәселелері, дизонтогенез тҥрлерінің жіктелуі мен параметрлері, даму мҥмкіндігі шектеулі балалардың психикалық және дене бітімдік дамуындағы ӛзіндік ерекшеліктері қарастырылады, яғни даму ауытқуы бар балалардың әрбір категориясына клиникалық, психологиялық және педагогикалық тҧрғыдан жан-жақты сипаттама беріледі.
Баланың психологиялық дамуының жалпы және арнайы заңдылықтары
Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мұның екі жолмен яки бір баланы ұзақ уақыт бойы зерттеп, байқалған өзгерістерді есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындағы балалардың бір-бірінен қандай өзгерістерде болатынын анықтау жолымен жүзеге асуы мүмкін. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б.
Арнайы психологияда даму деңгейлері
Объективтілік қағидасы - ғылыми негізделген дәйектерге сҥйену және зерттеу нәтижелерін логикалық тҧрғыдан талдау, қазіргі заманғы психологиялық теорияларға сҥйену.
Кешенділік қағидасы – дәрігерлік, психологиялық және педагогикалық тексеру болып табылады. Дамуында кемістігі бар бала диагностикалық тексеруге психоневролог, отоларинголог, офтальмолог т.б. дәрігерлер, психологтар, педагог– дефектологтар, логопедтер қатысады.
Жоспарлылық қағидасы – баланы жҥйелі тҥрде зерттеу.
Детерминизм қағидасы – кез-келген қҧбылыстың ӛзіндік себептері атты қағиданы ҧстану.
Кеміс дамудың себептерін есепке алу қағидасы. Бҧл - дамуында кемістігі бар балалардың, психикалық дамуындағы ерекшеліктердің себептерін анықтау қажеттілігі. Ол ҥшін кемістіктің қҧрылымы, тегі және тереңдігі туралы медициналық білім, психологиялық-педагогикалық мәліметтер қажет.
Генетикалық қағида – динамикада, яғни баланың психикасында жалпы даму барысында, іс-әрекет барысында зерттеу.
Әлеуметтік және биологиялық даму деңгейінің ӛзара байланысын есепке алу қағидасы. Яғни, бала дамуына әлеуметтік ортаның әсер етуі және керісінше.
Талдау-жинақтау (анализ-синтез) қағидасы. Л.С. Выготский ілімі бойынша, алғашқы кемістікті есепке алу, негізгі симптомдар және психикалық қосымша асқынулар немесе туынды кемістіктерді талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |