Арнайы психология пәні, міндеттері және әдістері
Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар, ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын, психикалық қызметтерінің ӛзіндік ерекшеліктерін зерттейтін, психология ғылымының дербес саласы. Арнайы психологияның нысаны - туа біткен және жҥре пайда болған, психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар.
мҥмкіндігі шектелген ересек адамдарды қоғамға бейімдеу.
Арнайы психологияның міндеттері:
1. Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамитын баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу.
2. Даму кемістігі бар баланың әртҥрлі категорияларының психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру.
3. Даму кемістігі бар баланың даму механизмін анықтау.
4. Бала дамуындағы бҧзылудың тегін, уақытын, тереңдігін анықтау.
5. Дамудағы кемістіктерге байланысты, ӛзіндік ерекшеліктерді анықтау.
Балалардың жүйкелік-психикалық реакцияларының деңгейлері
Бұл балалар мен жасөспірімдердің түрлі патогендік әсерлерге ететін жүйкелік– психикалық реакцияларының деңгейлері:
• соматикалық–вегетативті (0 – ден 3 жасқа дейін) – ағзаның барлық жүйелерінің жетілмеуінен, осы жаста кез-келген патогендік әсерлерге, жалпы және вегетативтік қозғыштық, дене қызуының көтерілуі, ұйқы мен тәбеттің, ас қорыту жүйесінің бұзылуы тәрізді, соматикалық–вегетативті реакциялар кешенімен жауап береді;
• психомоторлық (4–7 жас) – мидың қыртысындағы қимыл– қозғалыс анализаторы бөліктерінің қарқынды түрде қалыптасуы, оның ішінде, мидың маңдай бөліктері, бұл жүйені түрлі генезді гипердинамикалық бұзылуларға (психомоторлық қозғыштық, тартылулар, тұтығу, үрейлену) сезімтал етеді. Психогендік факторлардың рөлі артады: отбасындағы жағымсыз, жанды жаралайтын қарым–қатынастар, балабақшаға үйрену реакциялары, жағымсыз тұлғааралық қатынастар;
• аффективті (7-12 жас) – кез-келген зияндылыққа бала аффективті компонентпен: аутизациядан бастап, агрессия, невротикалық, аффективті қозғыштыққа дейін жететін реакциялармен жауап береді;
• эмоциональды–идеаторлық (12-16 жас) –пубертаттыққа дейінгі және пубертаттық кезеңдегі жетекші әсерлер. Патологиялық қиялмен, аса қызығушылықтармен, аса құнды ипохондриялық идеялармен, психогендік қарсылық реакцияларымен, оппозициямен, эмансипациямен сипатталад
Достарыңызбен бөлісу: |