Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар № 6 жалпы білім беру орта мектебі»Қазақ тілі мен әдебиет пәні мүғалімі Нурсултанова Джаумбиби Жаксилыковна
Қазақ тілі 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ата көрген оқ жонады, ана көрген тон пішеді.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ұлағатты сөздерді түсініп оқып, жаттап алуға баулу.Оқушылардың өткен сабақтарда оқығандарын естеріне түсіре отырып құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырата білуін,есімше, оның жасалуы мен түрленуі, өзіндік ерекшеліктері, атқаратын қызметі туралы түсінік беру;
ә) Дамытушылық: Оқушы бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, танымдық белсенділігін арттыру, алған білімі негізінде ойлау
қабілетін дамытып, шығармашылық қабілетін дамыту; бірінін пікірін бірі тындай білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: Сауаттылыққа баулу, туған тілін қадірлеп, : елін, жерін, салт – дәстүрін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат болуға тәрбиелеу.Ата-анадан алған тәлім- тәрбиесін бойына сіңіруге, кішіпейіл, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, өз бетімен жаттығу орындау
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты өту.
Сабактың көрнекілігі: плакат, сызбалар, қималар, кестелер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеу, кезекшімен сұхбаттасу.
2. Сабақ барысына дайындықты пысықтау.
Үй тапсырмасына шолу:
1.Есімше туралы не білеміз?
2.Есімше қалай жасалады?
3.Есімше түрлене ме? Септелуіне, тәуелденуіне мысал келтіріңдер.
4.Есімше сөйлемде қандай мүше бола алады?
4 тапсырма мәтін әңгімелеу
Сұрақтармен жұмыс:
Қазақ халқының сыйлы тағамының бірі қандай?
Оның тағамдық қуаты қандай?
Майды неден жасайды?
Майды қалай жасайды?
Мына мақалдарды толықтырыңыздар.
Отанын сүй... отқа жанбайды, суға батпайды.
Талапты ерге нұр жау... .
Жолдасын таста... жолда қал... .
Ердің ұял...ы - өл...і, Еменнің иіл...і – сын...ы.
Ата көр... оқ жонады, ана көрген тон пішеді.
Әкеге қарап, ұл өс..., Шешеге қарап, қыз өс... .
(Бос орындарға қойылған есімше жұрнақтары тақтаға жазылады)
Жаңа сабақ:
- Сонымен, балалар, өздерің тақтаға жазған мына қосымшалар сендерге таныс па? Бұл ненің қосымшалары? (Балалар жауап береді)
- Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыз да осы мақал «Ата көрген оқ жонады, ана көрген тон пішеді» тақырыбына арналады. Есімше туралы өткен сабағымыздан білгендерімізді еске түсіре отырып, бүгінгі сабақта біз олардың қандай қызмет атқаратынымен танысатын боламыз. (Сабақтың мақсаты таныстырылады) Мұғалім мағлұмат береді.
Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Отбасында - әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон піәшер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп,ал қыздар аналарының бойындағы қасиет пен өнер ін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
Әрқашан, әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әкенің орны ерекше, қыз тәрбиесінде ананың орны ерекше.Аналары қыздарына болашақта ана болуды, отбасының тірегі, адал жар болуды дәріптеген.
Бірақ, қазіргі уақытта еліміз бойынша ажырасу саны күн санап өсіп, отбасын құру жасы ұлғаюда
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ .
«Әке жүрегі – таудан биік, Ана жүрегі – теңізден терең».
«Қарға баласын – аппағым дейді,
Кірпі баласын – жұмсағым дейді»,- деген мақалдарда үлкен ұғым жатыр деп айтқым келеді.
Жаңа сөздер меңгерту:
сыйлы адам – уважаемый человек
сыпайылық –вежливость
әдептілік –
адамгершілік -
парыз –
көргенді – воспитанный
көрсеткіш - показатель
Дәптермен жұмыс:
Оқушылар өз бетімен оқулықтың 46 бетіндегі 2 тапсырма орындайды.
Жақшаны ашып , сөздерді аударып жазады. Құрмалас сөйлемдер табады.
Көргендік – тәрбиеліктің (показатель). (Поэтому) көргенді кісі басқалармен қарым – қатынасында адамды сыйлап, құрметтеп қарайды, кішіпейіл, сыпайы, кешірімді болады. (Воспитанный) адам басқаның еңбегін, өзіне көрсеткен қызметін сыйлайды, рақметін, алғысын айтуды шын көңілмен өзіне міндет, парыз деп біледі.
Көргенді кісінің өзіне де, қоғамға да, ел – жұртқа да тигізетін зор (польза) – балаларын әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
Керекті сөздер: көрсеткіш, сол себепті, көргенді, пайдасы
Оқушылар кесте бойынша жеке тапсырма орындайды. 1 кесте
|
тазала
|
көр
|
оқы
|
биле
|
сыйла
|
ұста
|
жет
|
-ған
|
|
|
|
|
|
|
|
-ген
|
|
|
|
|
|
|
|
-қан
|
|
|
|
|
|
|
|
-кен
|
|
|
|
|
|
|
|
-мақ
|
|
|
|
|
|
|
|
-мен
|
|
|
|
|
|
|
|
-бақ
|
|
|
|
|
|
|
|
-бек
|
|
|
|
|
|
|
|
-пақ
|
|
|
|
|
|
|
|
-пек
|
|
|
|
|
|
|
|
-атын
|
|
|
|
|
|
|
|
-етін
|
|
|
|
|
|
|
|
-йтін
|
|
|
|
|
|
|
|
-йтын
|
|
|
|
|
|
|
|
-ар
|
|
|
|
|
|
|
|
-ер
|
|
|
|
|
|
|
|
-р
|
|
|
|
|
|
|
|
2 кесте Септеңдер
|
тұрған
|
жүретін
|
алмақ
|
Атау
|
|
|
|
Ілік
|
|
|
|
Барыс
|
|
|
|
Жатыс
|
|
|
|
Табыс
|
|
|
|
Шығыс
|
|
|
|
Көмектес
|
|
|
|
3 кесте Тәуелдеңдер
жақ
|
|
мысал
|
айтар
|
көрген
|
оңаша
|
І
|
менің
|
|
|
ІІ
|
сенің
|
|
|
ІІ с
|
сіздің
|
|
|
ІІІ
|
оның
|
|
|
ортақ
|
І
|
біздің
|
|
|
ІІ
|
сендердің
|
|
|
ІІ с
|
сіздердің
|
|
|
ІІІ
|
олардың
|
|
|
4 кесте Жіктеңдер
жақ
|
|
мысал
|
өткен
|
шығар
|
оңаша
|
І
|
мен
|
|
|
ІІ
|
сен
|
|
|
ІІ с
|
сіз
|
|
|
ІІІ
|
ол
|
|
|
ортақ
|
І
|
біз
|
|
|
ІІ
|
сендер
|
|
|
ІІ с
|
сіздер
|
|
|
ІІІ
|
олар
|
|
|
Ой қозғау; Берілген мақал ішіндегі қарамен жазылған сөздерге талдау жасау
Ү л г і: Есімше - болғанынан. Түбірі – бол - етістік, -ған - есімшенің жұрнагы, -ы - III жақтың тәуелдік жалғауы, -нан - шығыс септігінің жалғауы.
Итпен ойнасаң – үрерсің,
Баламен ойнасаң – күлерсің.
Екі бағандағы сөздерді сәйкестендіріңіз.
Әдепті аспан
Кең көйлек
Ашық көше
Терең тау
Қысқа бала
Биік өзен
Берілген сөз тіркестерінен есімше жаса.
Шаш қиямын. Ертең келеді. Егістікке бар. Дәрігерден келдіңіз . Диплом аламыз.
Сабақты бекіту:
Есімше дегеніміз етістіктің қандай түрі?Қалай жасалады? Мысал келтір.
Есімше сөйлемнің қандай мүшесі болады?
Есімшенің жасалу жолы нешеу?
Сабақтас құрмалас сөйлем деген не?
Сабақтас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
Бағалау: Белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
Үйге тапсырма: Ережені қайталау. 3 тапсырма 46 бет. «Ата көрген оқ жонады, ана көрген тон пішеді» деген мақалға шығарма жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |