Мән-жайы:
Жолдар жөндеушіні жұмысқа қабылдау кезінде арнайы киім және арнайы аяқ киім – керзі етік берілген. Жарты жыл өткеннен кейін арнайы аяқ киім жарамсыз болып қалды және жұмыскерге керзі етік орнына бәтеңке берілді. Тікелей басшы – цех шебері осы жұмыскерді ӘТК ғимаратына, өзінің кабинетіне шақыртып алды. ӘТК ғимаратына жеткеннен кейін және баспалдақ бойынша екінші қабатқа көтеріліп, жол жөндеуші шеберден жаңа тапсырма алды. Баспалдақтан түскен кезінде жұмыскердің бір аяғы баспалдақтың сатысынан тайып кетті және жұмыскер құлаған кезде ауыр жарақат алды. Баспалдақ алаңында шуды естіген көрші кабинеттің жұмыскерлері естіген шуға жүгіріп шығып баспалдақтың төменгі жағында жарақаттанған аяғын ұстап отырған жол жөндеушісін көрді.
Жазатайым оқиғаның себептері:
Жұмыскердің арнайы аяқ киімін пайдалану бөлігінде және кию мерзімін бақылау шебер тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |