Аутистикалық спектр бұзылыстары бар балалар және олармен түзете-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.
М.А. Шонова
«Орал қаласының психологиялық – педагогикалық
түзеу кабинеті» педагог-психолог
Түйіндеме: Мақалада ерте мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы аутистикалық спектр бұзылысы бар балалардың ерекшеліктері, түрлері және олармен түзете - дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы қарастырылған.
Қазіргі заманда бүкіл әлемде аутистік бұзылыстары бар балалардың саны өсуде. Егер бұдан 10-20 жыл бұрын бала аутизмі 10 000 баланың 3-4-нде байқалса, ал қазір оның саны 10-нан 20-ға дейін көбейді. Аутизмі бар балалардың санының өсуі оларға түзету көмегінің дұрыс және дер кезінде көрсетілуінің қажеттілігін көрсетеді. Аутист баланың жанұясының қажеттілігіне, талабына деген қоғам мен әр түрлі қоғамдық институттардың (балабақша, мектекп, әлеуметтік орта) жағынан түсінушілікті қажет етеді. Қоғам жағынан осындай түсінушілікті қамтамасыз ету үшін аутист балаларды оқыту мен әлеуметтік дамыту саласында ағарту жұмысын жүргізу және оны құзіреттілігін арттыру өте маңызды.
Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:
1. Жалғыздықты жақсы көру
2.Ешқашан адамдармен көзбе-көз кездеспеу
3. Мимикасының, дауысының, жестарының болмауы
4. Бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі
болып өзгермеуі керек
5. Эмоциялық тұрғыдан ешкім мен араласпау
6. Біркелкі қимылдарды қайталай береді
О.С. Никольская бала аутизмін негізі 4 топқа жіктейтін психологиялық классификацияны ұсынды. Оның пікірі бойынша аутизм балаларда әр түрлі түрде байқалуы мүмкін: 1. болып жатқаннан мүлдем, толық безу; 2. белсенді түрде шеттеген; 3. аутистік қызығушылықтарға берілген; 4. қарым-қатынас пен өзара әрекет жасауды ұйымдастырудың өте қиындығы.
1-топ. Бұл аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулау, еш нәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытын түңілумен өткізеді. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиспесең бірнеше сағаттар бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді.
2-топ. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысымен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немес алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.
3-топ. Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген бетінде қорқыныш бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз, бір сөзді қайталай береді, күрлмеліп сөйлейді, қимылдары импулсьсивті, яғни отырып-отырып аяқастынан жүгіріп кетеді, өзін-өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керісінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды,тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.
4-топ. Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, көздеріне қарай алады, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айту, алдауды білмейді.
Түзете-дамыту жұмысында мына принциптері ұстану маңызды:
- баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
- шаршап кетпеуін анықтау;
- ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
- арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
- жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Түзете-дамыту үрдісінде түрлі жаңа технологияларды қолдану бала ағзасының компенсаторлы мүмкіндіктерін белсендіріп, ауытқушылықтарды жеңуге, алдын алуға мүмкіндік туғызады. Осы компенсацияның негізінде мүмкіндігішектеулі балалардың қабылдаудың сақталған түрін жүзеге асыру, және баланың психикалық функцияларын дамыту қолайлы жүзеге асады.
Түзету-дамыту жұмысымда АВА-терепия әдісі, сенсорлық интеграция әдісі, РЕСS (ПЕКС) –карточкалар арқылы баламен қарым-қатынасқа түсу жүйесі әдістерін қолданамын.
Аутист балаларды оқытуда жаңа технологияларды қолданудың артықшылығы – оқу материалын визуалды түрде елестете алу қабілеті болып табылады.
Ақпаратты көрнекі түрде көрсету қандай іс-әрекет болсын оның әсерлілігін жоғарылатады. Арнайы білім беруде бұл әсердің маңызы зор. Заманауи құралдарды, диагностикалық әдістерді және технологияларды қолдану баланың тек сол кездегі ғана функциясын анықтамай, сол кезде пайда болатын обьективті қиындықтарды анықтап, оларды қолжетімді тәсілмен жеңуге көмектеседі.
Яғни, аутизмі бар балалармен жұмыс жүргізу барысында түрлі технологияларды қолдану – баланың сауығуына барынша мүмкіндік береді. Ең алдымен баламен қарым-қатынас орнату оңайға түседі, қызығушылығы оянады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Башина В.М.Аутизм в детстве.-М.:Медицина-1999.
2.Гилберт К., Питерс Т. Аутизм.: Медицинское и педагогическое воздействие: Книга для педагогов- дефектологов-М.Владос.-2003.
3.Каган В.Е. Аутизм у детей –М.: Медицина, 1981.
4. Лебединский В.В.,Никольская О.С.и др. Эмоциональные нарушения в детском возрасте и их коррекция.-.:МГУ-1990.
5. Лебединский В.В.,Никольская О.С Диагностика раннего детского аутизма.-М.: Просвещение-1991.
Достарыңызбен бөлісу: |