Не до конца исправленный вариант



жүктеу 348,72 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі348,72 Kb.
#15044

Желтоқсан айының 10-16 күндері аралығында Ақтау және Жаңаөзен калаларындағы «Өзенмұнайгаз» «Қаражанбасмұнайгаз» компанияларынан босатылған себебімен шеруге қатысып тұрған мұнайшылар арасында «Аман-саулық» қоғамдық қоры әлеуметтік сауаланама жүргізген. Сауалнаманы желтоқсан айының 10-19 күндерінде жүргізу жоспарланған, бірақ өкінішке орай Жаңаөзен қаласында 16 Желтоқсанда орын алған қайғылы оқиғаларға байласты мәлімет жинау кезеңі үзілінді. Сол себептен тек қана 285 респонденттен сауалнама алынды, бірақ алдын ала жоспарда 500ден аса респонденттерден сауалнама алыну ойластырылған еді.

Зерттеу объектісі – өздерін «заңсыз босатылған» деп санап отырған шеруге қатысушылар.

Зерттеу пәні – босатылған жұмыскерлердің өзінің омір сүру деңгейі туралы, әлеуметтік қорғанысы туралы, тұрмыстық және медициналық қызметтерімен қамтамасыз ету туралы пікірлері.

Зерттеу мақсаты – қақтығыстың кең тарауына себеп болған объективті және субъективті жағдайларды бейнелеу; тужырымдар мен ұсыныстар жасау.

Зерттеу міндеті – шынайы кірістерін және олардың өзгерісін анықтау. Оның ішіне есепке алынады отбасы ішіндегі орташең кіріс, үй-жәй, тұрмыс және медицина қызметтерінің қолжеткіліктігі;

наразылық көңіл-күй мен іс-қимылдың қалыптасуындағы мигранттардың ролін анықтау.



Зерттеу әдісі – тікелей face-to-face сұхбат арқылы әлеуметтік сауалнама. Жергілікті 10 волонтерлар жұмырылып, оларды «Аман-саулық» қоғамдық қорының қызметкерлері интструктаждан өткізді. Сауалнаманың мәліметтері SPSS арнайы бағдарламасымен даярланып есептелінді. Талдау үшін жиілілік талдау және кросс-талдау әдістері қолданылды.

Әдетте, әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері репрезентативтікті талап етеді, яғни әлеуметтік құрылымның барлық элементтерінің орын алуын. Іріктеу жиынтығы жалпы жиынтыққа сәйкестігін жасау үшін квоталық іріктеу қолданылады. Бірақ бұл әрекет мүмкін емес, себебі жалпы жиынтық ретінде әр түрлі мекемелерден босатылған жұмыскерлер болып отыр.

Бірақ бұл мекемелердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары және аймақтың әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бір-біріне сәйкес емес. Сол себептен бұл жерде пікірлердің репрезентативтігі туралы әнгіме жүреді.

500 респонденттерден іріктеу жоспарланып отырылған. Оның шектеулері келесі болған еді:

- респонденттердің қолжеткіліктігі (шерудегі мұнайшылыр вахта әдісімен жұмыс жасаған, сол себептен әр түрлі елді мекендерден болған және сауалнама уақытында алаңда болғандар сұхбаттан өткізілген);

- объект құрылымының жүйесіз сипаттамасы, яғни олардың «кадрлар бөлімі» болмаған, кездейсоқ іріктеу тізім қажет етеді;

- форс-мажор жағдайлары – қақтығыстар себебінен сауалнама 16 желтоқсанда 11.00де үзілді. Кейбір анкеталар қабылданбады немесе жоғалды Сол себептен ақырғы іріктеу жиынтығының саны 285 респонденттерден құралды.
1. Жалпы сипаттама

Гендер, респонденттердің ұлты және жасы ерекшеліктері
Ер адамдар басым болды (95,8%). Бұл көрініс офистен тыс жұмыстағы ер-әйелдер өзара қатынасына сәйкес.
Табл 1. Гендер


 

саны

пайызы

ер

273

95,8%

әйел

12

4,2%

жалпы

285

100%


Ұлттық құрам. Жалпы, төл ұлтының өкілдері – қазақтары, 1 өзбек ұлтының өкілі болды.

Сауалнамада қатысқандардың көпшілігінің жасы 41 жастан үлкен.



Кесте 2. Жас санаттары




%

30дан жас

14,1

31-40 жаста

34,3

41-50 жаста

38,3

51ден үлкен

13,4

Жалпы

100,0



2. Әлеуметтік жағдай және миграция
Респонденттердің басым көпшілігі Жаңаөзен және Ақтау қалаларында тұрады, дегенімен ауылдан қатынап жұмыс жасап жүргендер саныда аз емес (Кесте.3), бірақ олар жергіліктілер мен қатар шеруге қатысып отыр. Кейбір респонденттер наразылық акциясындағы өз «кезегін» жіберіп алмау үшін арнайы алыстан келіп отырды. Сонымен наразылық акциясына қатысу мекен жайымен емес нақты мекемеге өкілеттігімен анықталады.
Кесте 3. Мекен жайы





%

қала

69,6

кент

16,7

ауыл

13,7

Жалпы

100,0

Өндірісті диверсификациялау шеңберіндегі кадрларды қайта даярлаудың объективті қиындықтар жоқ. Үштің бірінен астам (39,6%) респонденттер орта білімге ие, 30,5% респонденттердің арнайы орта білімі бар. Жоғарғы білімі бар кісілерде бар (10,4%) және аяқталмаған жоғарғы (5,2%) білімімен кісілер бар. Тек ғана 7,8% респонденттер орталау білімі бар. Байқауларымыз бойынша және белсенді өкілдердің айтуы бойынша жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық өздерінің әріптестерін өз ара қолдауда негізделген және білім денгейне байланысты емес.


Кесте 4. Білім




%

Орталау

7,8

Орта

39,6

Аяқталмаған арнайы орта

4,8

Арнайы орта

32,2

Аяқталмаған жоғарғы

5,2

Жоғарғы

10,4

Жалпы

100,0

Респонденттердің басым көпшілігі (75,5%) некеге отырған. Алаңдағы коп айларға созылған «марафондық» наразылық шарасына байланысты материалдық мәселеден туындап отырған уақытша ажырасу және болек тұру оқиғалары сауалнамада толық бейнеленбеген.


Кесте 5. Сіздің отбасылық жағдайыңыз?




%

Үйленген/Тұрмыс құрған

75,5

Ажырасқанмын

9,2

Үйленбеген/Тұрмыс құрмаған

10,0

Жесір/Зайыбы қайтыс болған

5,4

Жалпы

100,0

Назар аударып қарасақ, сауалдан өткендердің қомақты пайызы (23,4%) төрт балаға ие. Сауалдан өткендердің үштен бірі төрттен астам баласы бар ( Кесте.6), яғни мектепте оқиды ақылы жоғарғы оқу орнында оқиды немесе жұмыссыз.


Кесте 6. Сізде қанша бала бар?

Балалар саны

%

0

1,2

1

8,5

2

22,6

3

29,8

4

23,4

5

10,5

6

2,4

7

1,2

8

0,4

Жалпы

100,0

Босатылған жұмыскерлердің 54,4% отбасында жалғыз жумыс жасап әл-ауқатпен қамтамасыз етіп отырғаны келесі 7 Кестеде көрсетілген. Тек қана 31,3% респонденттер өз жұбайының жұмыс жасайтынын көрсетті.

Респноденттердің 9,5% жұбайының жұмысын немесе табыс көзін көрсетпеген. Мүмкін, оның себебі жоғарыда көрсетілген ерлізайыптылар арасындағы уақытша ажырасуға байланысты қатынастардың беймәлімдігінде.
Кесте 7. Қазіргі кездегі сіздің зайыбыңыздың әлеуметтік жағдайы?





%

Жұмыс жасайды

31,3

Жұмыссыз

54,4

Ақылы оқуда

1,4

Зейнеткер

0,5

Басқа

12,4

Жалпы

100,0

Жалпы аймақ үшін және ішін ара жергілікті экономикалық қақтығысты түсіну үшін оралмандар мәселесінің өзектілігі тереңірек зерделеуді қажет етті.

Респонденттер арасында басқа елдерден көшіп келген мигранттар пайызы (36,2%) 1991 жылдан кейін еліміздің басқа аймақтарынан көшіп келген ішкі мигранттардан асып отыр (24,9%).
Кесте 8. Сіз осында туылғансыз ба әлде басқа жақтан келіңіз ба?





%

Осында туылдым

38,9

Басқа өңірден көшіп келдім

24,9

Басқа елден келдім

36,2

Жалпы

100,0

8 Кестеден осындай түсінік туындайды: «Сіз осында туылғансыз ба әлде басқа жақтан келіңіз ба?» сұрағына жауап бергендердің 36,2% көрші республикалардан көшіп келгенін көрсеткен. Бірақ бұл кесте жағдайды толық бейнелемейді.

Мәліметтер 9 Кестеде нақтыланады, мұнда респонденттер бұл аймаққа көшіп келген уақытын көрсеткен. Жартысынан астам көпшілігі 58,3% бұл жерге Қазақстанның Тәуелсіздігіне дейін басқа аймақтардан, соның ішінде КСРОның басқа кеңестік республикаларынан көшіп келгенін мұнда көреміз. Және тек қана 7,1% біздің экономикамыз өрлей бастаған 2002 жылдан кейін келеді.
Кесте 9. Бұл жерге қашан көштіңіз?





%

1991 жылға дейін

58,3

1992-2001 жылдары аралығында

34,5

2002-2011 жылдары аралығында

7,1

Жалпы

100,0

Келесі кросс-талдаудын 10 Кестеде көре аламыз – «Басқа елден келдім» дегендер арасынан 39,3% респондент 1991 жылға дейін көшіп келген, дәлірек айтқанда көрші ӨзбекКСР және ТүрменКСР келген біздің ортақ КСРО еліміздегі отандастарымыз. Респонденттердің 19,1% «оралман» деп атасақ болады және оның ішінен 2,4% 2002 нен 2011жылға дейін әлеуетіміз өсу кезеңінде келген.


Кесте 10. «Сіз осында туылғансыз ба әлде басқа жақтан келіңіз ба?» және «Сіз қашан көшіп келдіңізсұрақтары бойынша кросс-талдаудың кестесі




Қашан?

1991 жылға дейін

1992-2001 жылдары аралығында

2002-2011 жылдары аралығында

Жалпы

Сіз осында туылғансыз ба әлде басқа жақтан көшіп келдіңіз бе?

Басқа өңірден көшіп келдім

19,0%

17,9%

4,8%

41,7%

Басқа елден келдім

39,3%

16,7%

2,4%

58,3%

Жалпы

58,3%

34,5%

7,1%

100,0%



3. Табыстар, тұрмыстық және экологиялық жағдай, медицина қызметтері

Баспананың қолжетімділігі респонденттер арасындағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Басым көпшілігі (жалпы 41,3%) туысқандарының үйлерінде тұрады немесе жалдаудағы пәтерде, кепілдіктегі пәтерде және ипотека арқылы алынған пәтерлерде тұрады. Бестен бірі бөлігі көркейтілмеген үйде тұрады. респонденттердің 2,1% жақсы жабдықталған үйде тұрады.


Кесте 11. Сіздің (Сіздің отбасыңыздың) осында қандай тұрғын үйіңіз бар?




%

Жақсы жабдықталған үй

2,1

Көркейтілмеген үй

21,0

Өзімнің пәтерім

34,9

Ипотека арқылы сатып алынған

8,9

Несиеге кепілдікке қойылған

10,3

Жалға алынған пәтер

6,4

Туысқандарымның үйінде тұрамын

15,7

Басқалар

0,7

Жалпы

100,0

Ауаның ластанғаны туралы респонденттердің пікірі ортақ. Кейбір айырмашалығы тек қана ластану дәрежесін бағалауда және оның деңсаулыққа кері әсері туралы (Кесте12). Уақытымен өндірістік процестер ауа ластауының дамуын беріп отырады деп айтып өтеді респонденттер.


Кесте 12. Кен орны ауаның ластануына ықпал етеді ма?




%

Әдетте ауа жеткілікті таза

1,1

Ауа жиі ластанған болады

42,6

Әдетте ауа қатты ластанған, әсіресе науқас адамдар қиналады

53,2

Жауап беру қиын

3,2

Жалпы

100,0

Тіпті сапасына қарамай ауыз екі сумен қамтамасыз ету мәселесінің өзі әлі шешілмеген. Кесте 13 бұл мәселенің өзектілігі сумен қамтамасыз етудің кейбір уақытта үзіліп берілуінде көрінеді.


Кесте 13. Ауыз су Сізге үзіліссіз беріледі ма?




%

Иә, үзіліссіз

11,2

Жиі үзіліс болып тұрады

84,9

Жауап беру қиын

3,9

Жалпы

100,0

Ауыз екі сумен қамтамасыз етуге сай ыстық сумен қамтамасыз етуде өте өзекті болып отыр. Әдетте ыстық сумен қамтамасыз ету айтарлықтай төмен көрінетін Қазақстанның басқа аймақтардан айрықша болғаны Маңғыстау облысында бұл мәселелер тең дәрежеде шешілмеген болып бағаланады.

Салыстырып көрсек 84,9% респондент ауыз екі судың қамтамасыз етуінің үзілістеріне көрсетеді (Кесте 13) және 83,8% респондент ыстық судың қамтамасыз етуінің үзілістеріне көрсетеді (Кесте 14). Көптеген респонденттер ыстық судың мүлдем жоқ екендігіне көрсетті (кенттер мен ауылдар).
Кесте 14. Ыстық су Сізге үзіліссіз беріледі ма?





%

Иә, үзіліссіз

10,0

Жиі үзіліс болып тұрады

83,8

Жауап беру қиын

6,3

Жалпы

100,0

Күрделі өмір сүру жағдайының үстіне ауыз екі судың ластануы қосылды (Кесте 15). Көптеген елді мекендерде ауыз су мүлдем жоқ. Тұрғындар водовоздағы тасымалы суды сатып алып ауладағы суқойманы толтырып ұзақ уақыт бойы оны қоректе пайдаланады, ал бұл жағдай өз алдымен санитарлық гигиена тұрғысынан өте қауыпты болып саналады.


Кесте 15. Сіз қалай ойлайсыз, Сіздің ауыз суыңыз таза ма?




%

Су жеткілікті таза

8,2

Су ластанған

68,8

Су қатты ластанған

14,5

Жауап беру қиын

8,6

Жалпы

100,0

Ауыз екі сумен қамтамасыз ету жиі алыстағы қайнар көзден болады. Сумен қамтамасыз ету туралы респонденттердің хабардарлығы келесі Кесте 16 көрсетілген.


Кесте 16. Cіз білесіз бе, Сіздің ауыз суыңыз қайдан?




%

Теңізден

23,9

Тасымалы

16,8

Волгадан

55,4

Жауап беру қиын

3,9

Жалпы

100,0

40,5% респонденттер өз денсаулығын «Жиі ауырамын», «Созылмалы ауруым бар», «Мүгедек» деп бағалайды. Өз денсаулығын қалыпты деп бағалайтын тек қана 11,2% респонденттер (Кесте 17).


Кесте 17. Сіз өзіңіздің денсаулық жағдайыңызды қалай бағалайсыз?




%

Қалыпты денсаулық, әлі шағымданбаймын

11,5

Анда-санда ауырамын

45,5

Жиі ауырамын

31,5

Созылмалы ауруым бар

7,9

Мүгедек

1,1

Жауап беру қиын

2,5

Жалпы

100,0

Медициналық қызметтерді қанағаттанарлықсыз деп бағалауға бірнеше себептер бар (Кесте 18). Жалпы айтқанда, респонденттердің осы ескертулері орын алып отырған кемшіліктерді жөндеуге бағытталған күрделі шараларды бастауға себеп болады.


Кесте 18. Сізді мемлекеттік медициналық қызмет көрсетуде не қанағаттандырмайды?




%

Дәрігерге кіру қиын,кезектің көптігі

71,2%

Дәрігердің кеңестері мен дәріқағаздары сирек көмектеседі

17,9%

Дәрігерлер өте қымбат дәрілерді жазып береді

61,8%

Дәрігерлер әдетте ауруды куәландыратын қағазды жазып бермеуге тырысады

15,8%

Дәрігердің ауыр науқастардың үйіне келуіне қол жеткізе алмайсың

8,1%

«Жедел жәрдем» тек қана бірнеше сағаттан кейін ғана келеді

9,1%

Аруханада орын алу өте қиын

42,1%

Жалпылай алғанда мені медициналық көмек көрсету қанағаттандырады

2,8%

Жауап беру қиын

7,4%

*Жалпы пайыз 100%ға тең емес, себебі бірнеше варианттарды белгілеуге болатын
Аймақта босатылған мұнайшы-жұмыскерлерге қызмет етуге келісім шартқа отырған медициналық мекемелерде ұсынып отырған медициналық қызметтің спектірінің толық еместігі орын алып отыр (Кесте 19). Сол себептен, мекеме қаражатты «босқа» бөліп отырғаны бір жағынан, ал екінші жағынан белгілі бір нақты қызметтерді жасамауы себебінен жұмыскерлер басқа медициналық мекемелерге баруға мәжбүр болды немесе білікті медициналық жәрдемсіз қалып отыруға мәжбүр болып отырды. Немесе бұл жерде біз мұнайшылардың қызметтер тізімі туралы хабарсыздығы туралы айта аламыз, сол себептен сақтандырушылар тарапынан толыққанды ақпарат қажет. Сонымен, мұнай компаниясының өз жұмыскерлерінің әлеуметтік пакеті туралы беріп отырған есебінің теріс жағы бар – осы медициналық қызметтерді сақтандыру ақысы арқылы алудың мүмкінсіздігі.
Кесте 19. Сіз медициналық сақтандыру бойынша мед.мекемеде кызмет алып көрдіңіз бе?




%

Иә, қызметтердің барлық түрлері жасалынды, ризамын

2,6

Иә, бірақ қызметтің барлық түрлері жасалынбады

20,1

Жоқ, мен бұл қызметтерді қажетсінбедім

17,2

Жоқ, маған қызмет көрсетпеді

12,0

Жауап беру қиын

48,2

Жалпы

100,0

Жергілікті дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектерді дереу сәтте алуда күрделі мәселе болып отыр (Кесте 20).


Кесте 20. Қажетті дәрі-дәрмекттердің барлығын Сіз дәріханадан ала аласыз ба?




%

Иә, ассортимент жеткілікті

21,1

Жоқ, тапсырыс беруге мәжбүр боламыз

78,9

Жалпы

100,0


Кесте 21. Өз денсаулығын бағалау және мемлекеттік медицинаға қатынасы арасындағы кросс-талдау




18. Сіз өзіңіздің денсаулық жағдайыңызды қалай бағалайсыз?

Сізді мемлекеттік медициналық қызмет көрсетуде не қанағаттандырмайды

Қалыпты денсаулық, әлі шағымданбаймын

Анда-санда ауырамын

Жиі ауырамын

Созылмалы ауруым бар

Мүгедек

Жауап беру қиын

Дәрігерге кіру қиын,кезектің көптігі

46,7%

74,0%

84,1%

81,8%

100,0%

14,3%

Дәрігердің кеңестері мен дәріқағаздары сирек көмектеседі

6,7%

22,8%

19,3%

13,6%

0,0%

0,0%

Дәрігерлер өте қымбат дәрілерді жазып береді

43,3%

60,2%

77,3%

68,2%

100,0%

28,6%

Дәрігерлер әдетте ауруды куәландыратын қағазды жазып бермеуге тырысады

3,3%

17,1%

20,5%

13,6%

0,0%

14,3%

Дәрігердің ауыр науқастардың үйіне келуіне қол жеткізе алмайсың

6,7%

3,3%

11,4%

18,2%

100,0%

14,3%

«Жедел жәрдем» тек қана бірнеше сағаттан кейін ғана келеді

20,0%

11,4%

3,4%

0,0%

0,0%

28,6%

Аруханада орын алу өте қиын

26,7%

40,7%

52,3%

54,5%

0,0%

28,6%

Жалпылай алғанда мені медициналық көмек көрсету қанағаттандырады

3,3%

4,1%

1,1%

4,5%

0,0%

0,0%

Жауап беру қиын

16,7%

7,3%

2,3%

4,5%

0,0%

57,1%

Респонденттер арасында несиелік қарызы бар отбасылар пайызы жоғары (73,1%) екені мәлім (Кесте 22). Біздің жобалап есептеуіміз бойынша отбасының орташең табысы 46773,1 теңге, ал ай сайын несиелік қарызын өтеу үшін төлейтін қарыздары жобалап есептеуіміз бойынша 53293,6 теңге. Орташа алғанда 5-6 адам құрайтын отбасында адам басына шаққанда табысы 9355 теңге.


Кесте 22. Сіздің жанұяңыздың несиелік қарызы бар ма?




%

Жоқ

26,9

Бар

73,1

Жалпы

100,0


4. Респонденттердің материалдық жағдайы
Босатылған жұмыскерлер үшін сырттан көрсетілетін материалдық қолдау өзекті мәселе болып табылады (Кесте 23). Біздің байқауымыз бойынша шерудегі мұнайшылар арасындағы ынтымақтастық олар арасындағы материалдық өзара көмекте көрінеді: олар «общак», яғни өзара көмектің ортақ кассасын ұйымдастырды. Әлдеқандай себептерге байланысты шерушілерге қосыла алмай жұмыста қалған және жұмысқа қайтып келген жұмыскерлерде осы «ортаға» салым жасап әріптестер алдында әлдеқалай өз кінәсін жұып шайуға әрекеттеген. Бірақ кеңестің шешімі бойынша тек қана ең мәжбүр болғандарға қаржы бөлініп отырды.
Кесте 23. Сізге (Сіздің жанұяңызға) кім материалдық қолдау көрсетеді?




%

туысқандар

38,5

достар

1,4

Ешкім қолдау көрсетпейді

60,1

Жалпы

100,0

Босатылған жұмыскерлердің материалдық жағдайының күрделілігін Кесте 24 бейнелейді. Өздерінің материалдық мәселелерін әр қайсысы әр қалай шешіп отырған. Кейбіреуі материалды жинағына ие болған, кейбіреулері жеке көлігін пайдаланып шеруден бос уақытында такси қызметін жасап жан сақтаған ал кейбіреулері өздерінің жеке акцияларын сол жерде, алаңда өте төмен бағамен сатып отырған.


Кесте 24. Келесі айтылған сөздердің қайсысы Сіздің (Сіздің жанұяңыздың) бүгінгі материалдық жағдайыңызды ең жақсы мінездейді?




%

Бәрінен бас тартуға тура келеді. Тіпті күнделікті шығындарға ақшамызды үнемдейміз

82,3

Күнделікті шығындарға жетеді, бірақ киім сатып алу қыйындау.

17,0

Негізінде ақша жеткілікті, тіпті біз ұзақ уақыт мерзім қолданатын заттарын сатып алуға жинаймыз

0,7

Жалпы

100,0

Осындай ахуал мен жағдайда мамыр айынан бастап болашақтың беймәлімсіздігімен, созылған қақтығысты шешу жолындағы компания басшылығының мақсаты мен босатылған жұмыскерледің мақсаттарының сәйкес еместігімен қоздырылып отырған психологиялық наразылықтың жинақталуы болып отырды.


Кесте 25. «Сіз осында туылғансыз ба әлде басқа жақтан келдіңіз ба?» және «Сізге (Сіздің жанұяңызға) кім материалдық қолдау көрсетеді» сұрақтары бойынша кросс-талдау бойынша кесте

9. Сіз осында туылғансыз ба әлде басқа жақтан келдіңіз ба?

25. Сізге (Сіздің жанұяңызға) кім материалдық қолдау көрсетеді?

Жалпы

туысқандар

достар

Ешкім қолдау көрсетпейді

Осында туылдым

33,3%

1,4%

65,3%

100,0%

Басқа өңірден көшіп келдім

24,4%

2,2%

73,3%

100,0%

Басқа елден келдім

45,5%

0,0%

54,5%

100,0%

Жалпы

35,5%

1,1%

63,4%

100,0%

Осылай қалыптасқан жағдайларда 26 Кестеде көрсетілген күшті пессимистік көңіл мен күтілімдер күмәнсіз. Шеруге қатысуына байланысты қала тұрғындары арасында қолдаушылар мен қарсылар деген қарама-қарсыларға бөліну пайда болып қарсылары кейде шеруге қатысушыларды мазақтап қақтығыс жағдайларын туғызып отырған.


Кесте 26. Бүгінгі күні Сіз БОЛАШАҚҚА қаншалықты сенімдісіз немесе сенімсізсіз?




%

Толығымен сенімдімін

0,4

Сенімдімін деуге болады

4,3

Сенімсіз деуге болады

31,1

Мүлдем сенімсізбін

54,6

Жауап беру қиын

9,6

Жалпы

100,0

Жағдайлар мен ахуал кешені жалпы өзінің өмірімен қанағатсыздықты анықтайды. Мұндай көңіл 87,6% респонденттерде бар (Кесте 27).


Кесте 27. Жалпылай алғанда Сіз өз өміріңізге қаншалықты қанағаттанасыз?




%

Толықтай қанағаттанамын

2,5

Қанағат жақынырақ

4,2

Онша қанағаттанбаймын

38,7

Мүлдем қанағаттанбаймын

48,9

Жауап беру қиын

5,6

Жалпы

100,0

Респонденттердің басым көпшілігі (65,6%) өзінің өңіріндегі өмір денгейі басқа облыстардағыдан қарағанда төмен деп санайды. Олардан қарағанда сабырлырақ пікірде 15,4% респондент: «Бір өңірлермен салыстырғанда біздің өңірдегі адамдар жақсы өмір сүреді, ал екіншісімен салыстырғанда нашар өмір сүреді». Респонденттердің тек қана 0,7% «Басқа өңірлерге қарағанда, біздің өңірде адамдар жақсы өмір сүреді» деп ойлайды. Таң қалдыратын жағдай емес, себебі респонденттердің өзі өзін сезуіне өз өмірін басқалардың өмірімен салыстырудан тәуелді.


Кесте 28. Сіз қалай ойлайсыз, Сіздің өңірдегі тұрғындар басқа аймақтардағы тұрғындардан жақсы немесе нашар өмір сүреді ма?




%

Басқа өңірлерге қарағанда, біздің өңірде адамдар жақсы өмір сүреді

0,7

Бір өңірлермен салыстырғанда біздің өңірдегі адамдар жақсы өмір сүреді, ал екіншісімен салыстырғанда нашар өмір сүреді

15,4

Басқа аймақтарға қарағанда, біздің өңірде адамдар нашар өмір сүреді

65,6

Жауап беру қиын

18,3

Жалпы

100,0

Айта кетсек, болып жатқан жағдайды бағалауда және іс-қимылдық тұжырымда діни фактор ешқандай маңызды емес, себебі 3/4 өздерін «Иланбайтынға қарағанда, дiншiл» деп бағалаған (Кесте 29). Бұл бір қалыпты діндарлықты көрсетеді.


Кесте 29. Өзіңіздің діндарлықғыңыз туралы не айта аласыз?




%

Діншіл адам

24,7

Иланбайтынға қарағанда, дiншiл

73,7

Дiншiлге қарағанда, иланбайтын

0,4

Атеист

1,2

Жалпы

100,0


Кесте 30. Сіз өз құқығыңыздың бұзылуымен, яғни жемқорлықпен, қорқытып пара алушы деректерімен қаншалықты жиі соқтығыстыңыз?




%

Өз басым ондаймен соқтығыспадым

28,2

Бұндай деректермен сирек соқтығыстым

42,5

Бұндай деректермен жиі соқтығыстым

21,4

Жауап беру қиын

7,9

Жалпы

100,0

Бұл сыбайлас жемқорлық туралы көрініс ешқандай айрықша аймақтық жергіліктерді ерекшеліктерді көрсетпейді. Әділетсіз босатылуы туралы, еңбек құқығы бұзылған туралы айғақтың өзі респонденттердің жауабында көрінбегені құқықтық мәдениеттің төмендігін көрсетеді. «Өз басым ондаймен соқтығыспадым» деп 28,2% жауап берген.



Респонденттердің басым көпшілігі наразылық акцияларына қатысқан.
Кесте 31. Сіз наразылық шараларына қатыстыңыз ба?




%

Иә

97,9

Жоқ

2,1

Жалпы

100,0


ИП «Независимый социолог» Айекешов Нурболат Таниевич.
жүктеу 348,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау