Юнисеф — біріккен ұлттар ұйымы- ның (БҰҰ) балалар қоры



жүктеу 30,09 Mb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата20.11.2018
өлшемі30,09 Mb.
#22014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

            ПРАВО РЕБЕНКА НА ВЫЖИВАНИЕ И ЗДОРОВОЕ ПИТАНИЕ 

3

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ 

ПІКІРЛЕРІ

Екатерина, Олегтің анасы: 

Бүгін  біз  мұндай  іс-шараға  бірінші  рет 

қатыстық.  Бәрі  тамаша  болды.  Спорттық 

жаттығулар  жасадық,  басқа  балалармен 

қарым-қатынас 

жасадық. 

Еріктілер 

балалар  үшін  қызықты  бағдарлама  ұсыну 

үшін  қолдан  келгеннің  барлығын  жасады. 

Осындай  ойындардың  көбірек  болғанын 

қалар едім. Көп рахмет.

Арман, ерікті: 

Бүгін біз мынау әлемді аздап жақсарттық. 

Балалармен ойнай жүріп, бұл күнді көңілді 

өткіздік.  Балаларды  біршама  бақытты 

еттік. Олардың жүздерінен күлкі көргеніме 

қуандым.


ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Татьяна  «Дені  сау  атлеттер»  іс-шарасы 

аясында  диагностика  кезінде  бірінші 

рет  көзінің  жағдайын  тексерді,  соның 

нәтижесінде оған тез арада емдеу қажеттігі 

айтылды.  Татьяна  мен  оның  анасы 

өздерінің  участкелік  көз  дәрігеріне  барып, 

қажетті емін және жаңа көзілдірік алды.




БАЛАНЫ ЗОРЛЫҚ-

ЗОМБЫЛЫҚТАН 

ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҒЫ

«ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР БАЛАНЫҢ ТӘНІНЕ 

ЖАСАЛАТЫН НЕМЕСЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРДЕГІ ЗОРЛЫҚ-

ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ, ҚОРЛАУ НЕМЕСЕ ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ 

БАРЛЫҚ НЫСАНДАРЫНАН, ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОҚ БОЛУЫНАН 

НЕМЕСЕ НЕМҚҰРАЙДЫ ҚАРАУДАН, ДӨРЕКІ ҚАРАУДАН НЕ 

БОЛМАСА ПАЙДАЛАНУДАН, АТА-АНАСЫНЫҢ, ЗАҢДЫ 

ҚАМҚОРШЫЛАРЫНЫҢ НЕМЕСЕ БАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ 

ЖАСАУШЫ БАСҚА АДАМНЫҢ НӘПСІҚҰМАРЛЫҚ ҚИЯНАТЫНАН 

ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА БАРЛЫҚ ЗАҢДЫ, ӘКІМШІЛІК, 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АҒАРТУШЫ ШАРАЛАРЫН ҚАБЫЛДАЙДЫ. 

МҰНДАЙ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ, ҚАЖЕТ БОЛҒАН 

ЖАҒДАЙДА, БАЛАҒА ЖӘНЕ ОҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУШЫ 

АДАМДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК 

БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖАСАУ ҮШІН, СОНДАЙ-АҚ ЖОҒАРЫДА 

АТАЛҒАНДАЙ, БАЛАҒА МЕЙІРІМСІЗДІК ЖАСАЛУЫНА 

БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ

ОЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ, ІСТІ ҚАРАУ, ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУ, ЕМДЕУ 

ЖӘНЕ КЕЙІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШАРАЛАРДАН БАСҚА ДА 

НЫСАНДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН, СОНДАЙ-АҚ, ҚАЖЕТ 

БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, СОТ РӘСІМІН ҚОЗҒАУ ҮШІН ТИІСТІ 

РӘСІМДЕРДІ ҚАМТИДЫ».

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ, 19-БАП.




Б

алаларға  қатысты  зорлық-зомбылық 

барлық елдер мен қоғамдарда кездеседі 

әрі ол барлық әлеуметтік топтарға қатысты. 

Қазақстандағы  2010  және  2012  жылдар 

арасындағы    жағдайды  зерттеу  үшін 

ЮНИСЕФ  пен  ҚР-дағы  Адам  құқықтары 

жөніндегі  уәкіл  мекемесі    интернат 

мекемелері  мен  мектептердегі  балаларға 

қатысты  зорлық-зомбылық  мәселелеріне 

ұлттық экспресс-бағалау жүргізді

1

.



Нәтижелер 

интернат 

мекемелеріндегі 

сұралған  балалардың  50%-ы  және  мек-

тептердегі  сұралған  балалардың    65%-ы 

белгілі  бір  дәрежеде  зорлық-зомбылық  пен 

кемсітушілікке ұшырағанын көрсетті.  

Интернат мекемелерінде тұратын балалар-

дың  құқықтарының  сақталуына  мониторинг 

жүргізу  мақсатында  ЮНИСЕФ  мемлекеттік 

органдар өкілдерінің де, сондай-ақ қоғамдық 

ұйымдар  өкілдерінің  де  пайдалануы  үшін 

арнайы  мониторинг  жүргізу  құралдарын

2

   



әзірледі. 

ШҚО  сонымен  қатар  білім  беру  ұйымда-

рындағы  зорлық-зомбылықтың  алдын  алу 

және  оған  қарсы  күрес  бойынша  алғашқы 

жобаны

3

 өткізу үшін эксперимантальды алаң                            



ретінде қызмет етті. 

Жобаның  негізгі  мақсаты  -  мектептердегі 

зорлық-зомбылық  жағдайларын  анықтау 

және  оларға  әсер  ету  үшін  мектеп  қыз-

меткерлерін  біліммен  және  құралдармен 

қамтамасыз  ету  арқылы  мектептердегі 

зорлық-зомбылықты  болдырмау,  сондай-

ақ  қауіп-қатер  тобындағы  оқушыларды 

мінез-құлқын  өзгертуге  ықпал  ете  алатын 

және  есеп  жүргізуге  мүмкіндік  беретін 

араласу  жүйесімен  қамтамасыз  ету.  Жоба  

мектептерде қауіпсіздік командасын құрудан 

бастап  қауіп  тобындағы  оқушыларға  әсер 

ету  және  қолдау  көрсету  жүйесін  құрумен 

аяқталатын 16 компонентті қамтыды. Жоба 

жемісті  әрі  нәтижелі  болғандықтан,  ұлттық 

деңгейде енгізу үшін ұсынылды.

ШҚО-да  8  мектепте  және  2  интернат 

мекемесінде  балаларға  қатысты  зорлық-

зомбылықтың  алдын  алу  және  оған  қарсы 

күрес  бойынша  пилоттық  жоба  енгізілді. 

Жобаның серіктесі - С.Аманжолов атындағы 

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті  

(ШҚМУ).


Мұғалімдерге, оқушыларға және ата-

аналарға арнап олардың өз рөлдерін 

кеңінен түсіну және зорлық-зомбылық 

немесе кемсітушілік белгілерін 

ерте анықтау үшін нұсқаулықтар, 

басшылықтар әзірленді

 Жағдайларды анықтау және 

мектептен тыс ұйымдар мен 

қызметтерге жолдау үшін іс-

қимылдар шаралары дайындалды

ШҚМУ мен пилоттық мекемелердің 

мамандары зорлық-зомбылықтың 

алдын алудың үш сатылы моделін 

енгізу әдістері бойынша оқудан өтті

Пилоттық мекемелерде қауіпсіздік 

командалары құрылды

1 Қазақстан мектептеріндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты бағалау, ЮНИСЕФ сайтынан оқуға болады: http://unicef.

kz/publication.html?id=85, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік интернат мекемелеріндегі балаларға қатысты зорлық-

зомбылық: Жағдайды бағалау, ЮНИСЕФ сайтынан оқуға болады: http://unicef.kz/publication.html?id=74

2 Қазақстандағы балалар мекемелеріне мониторинг жүргізу бойынша материалдар жинағы, ЮНИСЕФ сайтынан оқуға болады: 

http://unicef.kz/publication.html?id=105

3 Бағдарламаны іске асыру жөніндегі нұсқаулық: Шығыс Қазақстан облысының мектептеріндегі зорлық-зомбылықты болдырмау 

және оған жауап қайтару, http://unicef.kz/publication.html?id=128

            БАЛАНЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҒЫ

             

23



жүктеу 30,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау