ЮНИСЕФ — БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ-
НЫҢ (БҰҰ) БАЛАЛАР ҚОРЫ
ЮНИСЕФ-ке Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
Ассамблеясының балалардың құқықтарын
қорғау, олардың негізгі қажеттіліктерін қана-
ғаттандыруға жәрдемдесу және әлеуеттерін
жан-жақты дамыту үшін мүмкіндіктерді
кеңейту қызметін көздейтін мандаты
жүктелген.
ЮНИСЕФ Бала құқықтары туралы конвен-
цияны басшылыққа алады және бұл
құқықтардың балаларға қатысты мінез-
құлықтың мызғымас этикалық қағидаттары
мен халықаралық стандарттарына айналуы
үшін ұмтылады.
ЮНИСЕФ атауы (UNICEF - United Nations
International Children’s Emergency Fund -
Балаларға көмек көрсететін халықаралық
төтенше қор) БҰҰ Бас Ассамблеясының
Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбанына
айналған балаларға көмек көрсету үшін
қор құру туралы шешім қабылдауына орай,
1946 жылы пайда болды. Кейіннен Қор
ЮНИСЕФ қысқарған атауын сақтай отырып,
БҰҰ Балалар қоры атауына ие болды.
ЮНИСЕФ Қазақстандағы жұмысын 1994
жылы бастады. Осы жылы Қазақстан
Республикасының Үкіметі Бала құқықтары
туралы конвенцияға қол қойды.
ЮНИСЕФ-ТІҢ
ШЫҒЫС
ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫНДАҒЫ (ШҚО) ҚЫЗМЕТІ
2011 жылдан 2015 жылға дейінгі ке-
зеңде ЮНИСЕФ пен ШҚО әкімдігі Шығыс
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер-
дің өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған
бірлескен бағдарламаны жүзеге асырды.
Бағдарламаны жүзеге асыруға ең мықты
халықаралық сарапшылар, кәсіби білігі өте
жоғары жаттықтырушылар, консультанттар
мен жергілікті мамандардың басшылығымен
алуан түрлі зерттеу топтары қатысты.
Бағдарламаға нәрестелер мен олардың
аналарының денсаулықтарын сақтау, бала-
лардың өлім-жітімін азайту, дамуында
ерекше мұқтаждықтары бар балалар
үшін мумкіншіліктерді кеңейту және әлеу-
меттендіру, балалардан бас тарту мен
отбасынан айыруды болдырмау, жастарға
қолдау көрсету және олардың қоғамға
қатысуын арттыру, балаларға арналған әділ-
сот жүйесін дамыту және басқа мәселелерге
қатысты жобалар кірді.
Біз өткізілген жұмыстардың барлық бағыт-
тары туралы осы кітапшада егжей-тегжейлі
әңгімеледік. Зерттеу нәтижелерін, қосымша
ақпаратты, осы және басқа кітапшалардың
электронды нұсқасын мына сайттан табуға
және жүктеп алуға болады
:
www.unicef.kz
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН АББРЕВИАТУРАЛАР
ЮНИСЕФ Біріккен
ұлттар ұйымының Балалар қоры
БҰҰ
Біріккен ұлттар ұйымы
ШҚО
Шығыс Қазақстан облысы
БМҚ
Балаға мейірімді қала
ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
АмБДҚ
Ана мен бала денсаулығын қорғау
АмБО
Ана мен бала орталығы
ЮНФПА
Біріккен ұлттар ұйымының халықтың қоныстануы саласындағы қоры
БЖАКЖ
Бала жастағы ауруларды кіріктіріп жүргізу
ТПК
Тиімді перинатальдық күтім
ЖРА
Жедел респираторлы аурулар
ДЕМБ
Дамуында ерекше мұқтаждықтары бар
ИӨБ
Интеллектісінде өзгешеліктері бар
ҮЕҰ
Үкіметтік емес ұйымдар
БАҚ
Бұқаралық ақпарат құралдары
АҚА
Апат қаупін азайту
ЖРО
Жастар ресурстық орталықтары
Б
алаға мейірімді қала (БМҚ) бастамасы
- ЮНИСЕФ-тің Шығыс Қазақстан
облысында (ШҚО) өткізген барлық іс-
шараларының негізі.
Бұл - халықаралық бастама, оның мақсаты
– балалардың құқықтарын жергілікті билік
пен қоғамдастық деңгейінде іске асыру.
Балаға мейірімді қала БҰҰ Бала құқықтары
туралы конвенциясын жергілікті деңгейде
іске асырады. Бұл дегеніңіз, тәжірибеде
балалардың құқықтары жергілікті саясаттан,
бағдарламалар мен бюджеттерден көрініс
табады дегенді білдіреді. Балаға мейірімді
қалада бала белсенді қатысушы болып
табылады, олардың дауыстары мен пікірлері
назарға алынып, маңызды шешімдер
қабылдаған кездерде ескеріледі.
Қазақстанда «Балаға мейірімді қала»
бастамасын іске асыру 2006 жылы басталды,
ол 17 қала мен 4 ауданды қамтиды. Өскемен
мен Семей қалалары бұл бастамаға 2008
жылы қосылды. Балаларға мейірімді қаланы
құру үшін жергілікті билік:
■
балалар мәселелерін бірлесіп күш жұм-
сай отырып шешеді
■
жергілікті бағдарламаларды әзірлеген
кезде балалардың пікірлерін ескереді
■
балалардың құқықтарын іске асыру үшін
үкіметтік емес және коммерциялық ұйым-
дарды, сондай-ақ тұрғындардың өздерін
тартады.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен
ЮНИСЕФ ел ауқымында жүзеге асырылатын
тиімді, мақсатты әрі орнықты модельдерді
дамыту үшін балалардың құқықтарын іске
асыру және әлеуметтік теңсіздікпен күресу
мақсатында бірлесіп жұмыс жасайды.
Бағдарлама сондай-ақ, өңірде балаларға
мейірімді орта құру үшін мемлекеттік орган-
дардың ғана емес, сонымен қатар жергілікті
үкіметтік емес ұйымдарды, университеттер-
ді, жеке секторды, бұқаралық ақпарат құрал-
дары мен алуан түрлі қоғамдастықтарды бі-
ріктіруге мүмкіндік берді.
«БАЛАҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАСЫ