2010 жылы ШҚО-да дамуында ерекше
мұқтаждықтары бар (ДЕМБ) 11 489 бала
болды
1
.
Балалардың көпшілігі сапалы
инклюзивті білім алуға қол жеткізе
алмады немесе оны пайдалана алмады,
бұл олардың дамуына және социумға
кіруіне теріс әсер етті. Дамуында ерекше
мұқтаждықтары бар балалар үйде немесе
мамандандырылған мекемелерде білім
алды, енді біреулері, олардың халықтың
осал тобы ретінде қаралып, қоғамның
белсенді әрі бағалы мүшелері ретінде
саналмағандықтан, құрбыларымен мүлдем
араласа алмады. Инклюзивті қоғамның
дамуы, ең алдымен, дамуында ерекше
мұқтаждықтары бар балалардың өз «ішінде»
емес, қоғамның өзінде балалардың игілігіне
кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау
мен жоюға бағытталған.
Аталған жағдай тез арада шешуді талап
етті, сондықтан ЮНИСЕФ жағдайды
жақсарту үшін ШҚО әкімдігімен, Қазақстан
Республикасының негізгі министрліктерімен
және Семей қ. Мемлекеттік медициналық
университетімен (Семей қ. ММУ) күш
біріктірді. 2007–2011 жылдар ішінде
ЮНИСЕФ ҚР Үкіметіне «Арнайы әлеуметтік
қызметтер туралы» Заңның ережелерін
әзірлеу, қабылдау, іске асыру және жетілдіру
мәселесі бойынша қолдау көрсетті. ЮНИСЕФ
сонымен қатар мүгедек балалардың қоғамға
араласу деңгейін өлшеу үшін ШҚО-ны қоса
алғанда, елдегі мүгедектігі бар балалардың
2
жағдайы туралы зерттеулер жүргізіп,
жергілікті деңгейде әлеуметтік араласуына
мониторинг жүргізуге арналған құралдарды
әзірледі.
2013 жылы ЮНИСЕФ Спешиал Олимпикс-
пен (Special Olympics) бірлесіп, ШҚО-да
инклюзивті қоғамды дамыту бойынша
модельдік бағытты әзірлеуді бастады.
Бағыт дамуында ерекше мұқтаждықтары
бар балалардың мұқтаждықтары жоқ
балалармен араласуы үшін алаң жасап,
жаңа достар тауып, өзін қоғамның
толыққанды мүшесі ретінде сезіне білуі үшін
спорттық іс-шаралар мен ойындарға («Жас
атлеттер», «Біріктірілген спорт») тарту
секілді компоненттерден тұрды.
1 «Дамуында ерекше мұқтаждықтары бар балалар» термині
деп «алуан түрлі кедергілерге кездескен кезде олардың
басқалармен қатар қоғам өміріне толық әрі тиімді қатысуына
кедергі келтіруі мүмкін тұрақты физикалық, психикалық,
интеллектуалдық немесе сенсорлық бұзушылықтары бар 18
жасқа дейінгі адамдар» түсініледі.
Екінші компонент («Дені сау атлеттер»)
балалардың көру, есту қабілеттерін,
ауыз қуысы мен денсаулығының жалпы
жағдайын медициналық тексеруден өткізу
және өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым
дағдыларын (мысалы, қалай дұрыс жуыну,
тіс щеткасы мен пастасын қалай дұрыс
пайдалану қажет) үйрену мүмкіндіктерін
берді. Мүгедектігі бар балалардың ата-
аналары «Дені сау отбасы» форумы аясында
тәжірибе алмасып, балаларды тәрбиелеудегі
қиындықтарын бөлісті, денсаулық сақтаудың
маңызды аспектілері туралы біліп, қаладағы/
ауылдағы алуға болатын қызмет түрлері
туралы ақпарат алды.
Үшінші компонент дамуында ерекше
мұқтаждықтары бар балаларды жалпы
медициналық тексеруден өткізу мақсатында
медицина
қызметкерлерінің
білімдері
мен дағдыларын тәжірибеде көрсете
отырып арттыруға бағытталған. Сондай-ақ
жергілікті халықпен қоғамның мүгедектігі
бар адамдарды қабылдауын бағалау және
олардың қоғамға араласуы үшін кезігетін
кедергілерін анықтау бойынша көп жұмыс
атқарылды.
2 Мүгедектігі бар балалардың жағдайына жасалған талдау:
Қазақстан Республикасында инклюзивті қоғамды дамыту,
ЮНИСЕФ сайтынан оқуға болады: http://unicef.kz/publication.
html?id=117
Спешиал Олимпикс 45 жылдан астам
уақыттан бері интеллектісінде өзгешеліктері
бар адамдар үшін спорттық іс-шаралар
ұйымдастырады. Осы жылдар ішінде
әлемнің 180 елінен 4 000 000 адам арнайы
олимпиялық қозғалыстың қатысушыларына
айналды. Қазақстанда Спешиал Олимпикс
қозғалысының дамығанына 23 жылға жуық
уақыт болды. Спорттың 20 түрі бойынша
жүргізілетін жаттығулар мен жарыстарға
мектеп-интернаттардан 18 000 - нан астам
бала, сондай-ақ отбасыларда тұратын
балалар қатысады.
БАЛАНЫҢ ӨЗІНЕ ӘДІЛ ӘРІ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙТЫН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҚҰҚЫҒЫ
17