Юнисеф — біріккен ұлттар ұйымы- ның (БҰҰ) балалар қоры



жүктеу 30,09 Mb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата20.11.2018
өлшемі30,09 Mb.
#22014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қ

аламқас  -  19  жастағы  жас  келіншек. 

Ол  Шығыс  Қазақстан  облысының 

шалғайдағы  Малкелді  ауылында  ұлымен 

бірге  тұрады.  Ауылдағы  өзінің  басқа  да 

сыныптастары  секілді  ол  орта  мектепті 

бітірген  бойда  тұрмыс  құрды.  Ол  өзінің 

күйеуімен  және  Асқар  атты  кішкентай 

сәбиімен  бақытты  ғұмыр  кешіп  жатқан, 

алайда  жазатайым  оқиғадан  оның  күйеуі 

қайтыс болды. Әкесі қайтыс болғанда Асқар 

небәрі үш айлық еді. 

ЮНИСЕФ  өткізген  үйде  көрсетілетін 

патронаждық  қызметті  бағалау  барысында 

Қаламқас  күйеуін  жерлеу  барысында 

Асқардың қараусыз қалып, содан ауырғаны 

туралы  айтты.  Малкелді  сияқты  кішкентай 

ауылдарда  денсаулық  сақтау  қызметін 

көрсететін  бірден-бір  өнім  берушілер 

патронаждық  медбикелер  мен  акушерлер 

болып  табылады,  сондықтан  патронаждық 

медбике  Асқарға  өкпесі  қабынған  деген 

диагноз  (пневмония)  қойып,  оны  ауылдан 

300 шақырым жердегі Аягөздегі ауруханаға 

жатқызуға  көмектескен.  Балаға медицина-

лық  көмек көрсетіліп, ол үнемі патронаждық 

медбикенің бақылауы мен күтімінде болған. 

Медициналық  көмек  тек  балаға  ғана  емес, 

сонымен бірге оның анасына да  көрсетілді. 

Қаламқас  сонымен  бірге  патронаждық 

медбикенің  көмегімен  әлеуметтік  қолдауға 

да ие болды, ол жергілікті билік органдарына 

Қаламқастың жағдайы туралы айтып, соның 

нәтижесінде  олар  Қаламқасқа  әлеуметтік 

қызметкерді көмекке жіберді. 

Қазір  Асқар  1  жасқа  толды.  Ол  өзін  жақсы 

сезінеді,  анасымен,  әжесі  және  атасымен 

бірге  тұрады.  Ол  2  жасқа  келген  кезде 

Қаламқас  жергілікті  билік  тарапының 

қолдауымен жергілікті наубайханада жұмыс 

бастауды жоспарлап отыр. 

Оқиға  Қазақстан  секілді  аумағы  үлкен 

мемлекетте, әсіресе Малкелді секілді шағын 

ғана  ауылда  патронаждық  медбикелердің 

үйге  келіп  қызмет  көрсету  жүйесінің 

қалыптасқан  болуы  соншалықты  маңызды 

болатынын  көрсетеді.  Сөйтіп,  үйге  келіп 

көмек  көрсету  жүйесін  осылайша  үнемі 

бағалау  олқылықтар  мен  кемшіліктерді 

анықтап, қызмет көрсету сапасын жақсартуға 

көмектеседі,  түптеп  келгенде,  ол  көптеген 

балалардың тірі қалуына септігін тигізеді.

 

ӨМІРДЕН АЛЫНҒАН ОҚИҒА



БАЛАНЫҢ ӨЗІН ЖАҚСЫ 

КӨРЕТІН ЖӘНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ 

ЖАСАЙТЫН ОТБАСЫНА ИЕ 

БОЛУ ҚҰҚЫҒЫ

«ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ЗАҢ БОЙЫНША БАЛА ҮШІН 

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ МОЙНЫНА АЛҒАН ОНЫҢ АТА-АНАСЫНЫҢ, 

ҚАМҚОРШЫЛАРЫНЫҢ НЕМЕСЕ БАСҚА ДА АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ 

МЕН МІНДЕТТЕРІН НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП, БАЛАНЫҢ ИГІЛІГІ 

ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАУ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ 

МІНДЕТТЕНЕДІ ЖӘНЕ ОСЫ МАҚСАТПЕН БАРЛЫҚ ТИІСТІ ЗАҢ ШЫҒАРУ 

ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ШАРАЛАРЫН ҚАБЫЛДАЙДЫ».

БҰҰ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ, 3-БАП, 2-Т.




«БАЛАЛАРДЫ ИНТЕРНАТ ТИПІНДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ 

ТӘРБИЕЛЕУ  ТЕК БҰЛ НЕҒҰРЛЫМ ЛАЙЫҚТЫ НҰСҚА 

БОЛЫП ТАБЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА ҚОЛДАНЫЛУЫ 

ТИІС. КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАРҒА, ӘСІРЕСЕ ҮШ ЖАСҚА 

ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖАСАУ 

ОТБАСЫЛЫҚ ОРТАДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ТИІС».

ІС-ҚИМЫЛҒА ШАҚЫРУ, ҮШ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫ 

ИНТЕРНАТ ТИПІНДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ 

ТӘЖІРИБЕСІНЕ НҮКТЕ ҚОЮ, БҰҰ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ 

ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ КОМИССАРЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫ 

ЖӘНЕ ЮНИСЕФ. 




Әлеуметтік  қауқарсыздықтың,  әлеуметтік                                                                                             

жетімдіктің, қараусыздық пен қадағалаусыз-

дықтың алдын алу мен оларды болдырмау 

мәселелерін ілгері жылжыту үшін ЮНИСЕФ 

2011  жылдан  бастап  ШҚО  әкімдігімен,  ҚР 

Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  қорғау 

министрлігімен,  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігімен бірлесіп, арнайы әлеуметтік 

қызмет  көрсетуге  және  балалардан  бас 

тартудың алдын алуға кіріктірілген бағытты 

дамыту

1

    бойынша  ынтымақтасып  жұмыс 



істейді. 

ЖҮРГІЗІЛГЕН  ЖОСПАРЛЫ  ӘРІ  ЖҮЙЕЛІ 

ЖҰМЫСТАРДЫҢ  НӘТИЖЕСІНДЕ  ТӨРТ                                                                                    

ЖЫЛ  ІШІНДЕ 

ШҚО-ДА  БАЛАЛАР  ҮЙ-

ЛЕРІНІҢ САНЫ 38%-ҒА АЗАЙДЫ

2

.

2010 жылдың аяғында ШҚО-да 4 263 жетім 

балалар  мен  ата-ана  қамқорлығынан 

айырылған  бала  болды. 

Олардың  ішінде 

0-18 жастағы 1 945 бала балалар үйлерінде 

тәрбиеленген.  Жыл  сайын  шамамен    200 

бала  отбасынсыз  қалып,  мемлекеттік 

интернаттық  мекемелерді  толықтырып 

отырған. 

Перзентханаларға  қалдырылған  сәбилер 

айырықша 

алаңдаушылық 

туғызады. 

Сәбилерден бас тартудағы негізгі себептер - 

баланың ауру боп туылуы немесе туа біткен 

кеселдері, қажетті материалдық қолдау мен 

баспананың  болмауы,  баладан  бас  тарту 

немесе  әкесінің  болмауы,  жақын  туыстары 

мен  мамандар  тарапынан  қолдаудың 

болмауы және т.б. 

Осылайша  балалардың  құқықтарын  қорғау, 

балалардан  бас  тартуды  болдырмау, 

және  аталған  мәселелерді  жергілікті  және 

республикалық  органдармен  серіктесіп 

кешенді  түрде  шешу  тетіктерін  жетілдіру 

қажеттілігі туындады. 

1. Қазақстандағы балаларды 

әлеуметтік қорғаудың 

кіріктірілген жүйесін модельдеу, 

ЮНИСЕФ сайтынан оқуға 

болады: http://unicef.kz/publica-

tion.html?id=144

2. ШҚО білім басқармасы мен 

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын 

қорғау комитетінің деректері

14



жүктеу 30,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау