Дүйсенбаева Р.Д.,Каримова Г.М.
Арнайы білім беретін мекемелерде бейнелеу ӛнері және
қол еңбекке оқытудың теориясы мен технологиясы
(Оқу-әдістемелік құрал)
Ақтҿбе
2012
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖҼНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТҾБЕ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Арнайы білім беретін мекемелерде бейнелеу ӛнері және қол еңбекке
оқытудың теориясы мен технологиясы
Ақтҿбе
2012
Дүйсенбаева Райхан Дабылдықызы., Каримова Гүлмира Мұсабекқызы
«Арнайы білім беретін мекемелерде бейнелеу ҿнері жҽне қол еңбекке оқытудың
теориясы мен технологиясы» - Оқу-ҽдістемелік құрал- Ақтҿбе, 2012ж, 80 бет
Оқу-ҽдістемелік құралда бейнелеу ҿнеріне жҽне қол еңбекке оқытудың практикалық
негіздері, нұсқаулар, ережелер жҽне сабақ жоспарлары, практикалық жұмысты ҿткізуге
ҽдістемелік нұсқаулар берілген. Ұсынылып отырған оқу құралы 5В010500 -
«Дефектология» мамандығының студенттеріне арналған.
Рецензенттер:
1. Тӛребаева К.Ж., Ақтҿбе МПИ доценті,педагогика ғылымдарының докторы.
2. Тӛретаева Г.І., Ақтҿбе МПИ, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Кіріспе
Оқу-ҽдістемелік құралдың мазмұны «Арнайы білім беретін мекемелерде бейнелеу
ҿнері жҽне қол еңбекке оқытудың теориясы мен технологиясы» оқу пҽнінің
бағдарламасына сҽйкес келеді. 5В010500 -«Дефектология» мамандығының күндізгі жҽне
сырттай бҿлімдерінің үшінші курс студенттерінің білімдерін кеңейту жҽне тереңдетуді
мақсат етеді.
Мүмкіндігі шектелген балаларды еңбекке баулу кҿмекші мектептің жалпы оқу
жүйесі мен түзете тҽрбиелеу жұмысының басты бір бҿлігі болып табылады.
Бастауыш сыныптарда қол еңбегі сабақтары жалпы жҽне арнайы міндеттерге
негізделіп, балаларды кҽсіби еңбекке баулуға дайындайды.
Еңбекке баулу сабақтарының міндеттері:
-
еңбек түрлері туралы қарапайым білім беру:еңбек дағдысын қалыптастыру, ең
қолайлы ҽдістерге үйрету, ҽр түрлі материалдар туралы білім беріп, оларды құрамына
қарай ҿңдеу ҽдісін таңдау, ҿз бетімен еңббектенуді дамыту, еңбекке деген
қызуғышылықты арттыру;
-
ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру: еңбек сабағына кешікпеу, еңбек бҿлмесіне
ұйымдасқан түрде кіру, ҿз жұмыс орнында еңбек ету, онда материалдар мен құралдарды
дұрыс орналастыру, сабақ соңында оларды жинау, ішкі тҽртіп пен сабақ ережелерін білу
жҽне орындау, санитарлық- гигиеналық талаптар;
-
қоршаған орта жҽне еңбек үрдісі туралы түсінікті байыту;
-
ұжымда жұмыс істеудің дайындығы мен қажеттілігін тҽрбиелеу;
-
ақыл-ой тҽрбиесі, сезінуді, қабылдауды дамыту, жоспарлауға үйрету, жұмыс
нҽтижесін ұғыну;
-
адамгершілік тҽрбиесі, ұжымдық тҽрбие, ҿзара кҿмек, еңбекке деген дайындық,
бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, ересектердің еңбектеріне деген жағымды кҿзқарасты
қалыптастыру;
-
дене тҽрбиесі: денені дамыту, қозғалыс қимылын үйлестіру, қол қимылын бақылау,
еңбек қимылының дҽлдігі мен ептілігі, жұмыс тҽсілдерінің дұрыс орындалуы, құралдарды
дұрыс ұстау;
-
сҿйлеу тілін дамыту: сҿздік қорын кеңейту жҽне байыту, сҿз мағынасын дамыту,
толық жҽне сатылы түрде баяндау, сҿйлеу тілінің грамматикалық
құрылысы;
-
эстетикалық тҽрбие: жұмысты тез ғана емес дұрыс жҽне ҽдемі орындауға
тҽрбиелеу, материалдың, ҿнімнің ҽлемдегін сезіну жҽне түсіну, олардың ерекшеліктерін
білу.
Еңбек сабақтарына қойылған осы міндеттермен қоса, түзете білім беру
мекемелеріне оқушылардың ақыл-ой қызметін түзетуге бағытталған арнайы міндеттер де
шешіледі.