2015 ж. наурызда ҚР Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігінің,
ҚР Білім және ғылым министрлігінің және
ҚР Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан
Республикасындағы кәмелетке толмағандар
арасында суицидтің алдын алу бойынша
жобаны кезең-кезеңмен ендіру туралы»
бірлескен бұйрығы шықты, ол ЮНИСЕФ-
тің қолдауымен білім беру және денсаулық
сақтау секторы үшін шаралар кешенінің
әзірлемесін айқындап берді.
Бірлескен бұйрыққа сәйкес, кәмелетке
толмағандар арасында суицидтің алдын
алу жөніндегі жоба 2015-2018 жылдар
ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінде,
оның ішінде 2017 жылы Шығыс Қазақстан
облысында енгізілетін болады.
2014 жылы қыркүйекте осы Шығыс Қазақстан
және Қызылорда облыстарындағы суицидтің
алдын алуды бағалау жөніндегі зерттеу
мен ұсынымдар Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени
даму комитетінің арнайы отырысында
қаралды. Отырыс нәтижелері бойынша
министрліктер мен әкімдіктер үшін, оның
ішінде ЮНИСЕФ-тің жәрдемдесуімен іске
асыру үшін бірқатар ұсынымдар берілді.
ЮНИСЕФ-тің ұсынымдары Қазақстан Респуб-
ликасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы
қарашадағы өкімімен мақұлданған Қазақстан
Республикасында отбасылық қатынастарды,
моральдық-этикалық, рухани - адамгершілік
құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жж.
арналған ұлттық іс-шаралар жоспарын жасау
кезінде назарға алынды.
40
ДАМУ МАҚСАТЫНДАҒЫ
КОММУНИКАЦИЯЛАР
«ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ
МАҢЫЗДЫ РӨЛІН ТАНИДЫ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ ӘР ТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР КӨЗІНЕ, ӘСІРЕСЕ БАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК,
РУХАНИ ЖӘНЕ МОРАЛЬДЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ РУХАНИ ІЗГІЛІГІНЕ, СОНДАЙ-АҚ
ТӘН ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН САЛАУАТТЫ ДАМУЫНА ЖӘРДЕМДЕСУГЕ
БАҒЫТТАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР КӨЗДЕРІНЕ ДЕГЕН БОСТАНДЫҒЫН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ.
ОСЫ МАҚСАТТА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР… 13 ЖӘНЕ 18-БАПТАРДЫҢ
ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, БАЛАНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНА ЗАЛАЛ КЕЛТІРЕТІН
АҚПАРАТТАРДАН ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРДАН ОНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТИІСТІ
ҚАҒИДАТТАРЫН ӘЗІРЛЕУДІ КӨТЕРМЕЛЕЙДІ».
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ, 17-БАП.
2014
жылы
журналистерге
арнап
«Қазақстандағы мүгедектігі және психика-
лық-физикалық дамуында ерекшеліктері
бар балалар, олардың қоғамға араласуы»
тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингке
БАҚ, ЖОО және ҮЕҰ-дан 30 өкіл қатысып,
балалар мәселелерін көрсетудің этикалық
және құқықтық нормалары туралы өз
білімдері мен хабардарлықтарын арттырды,
дамуында ерекше мұқтаждықтары бар ба-
лалардың, зорлық-зомбылыққа тап болған,
ата-аналары бас тартқан балалардың
құқықтары мен өмір сүру сапасын көр-
сету бойынша практикалық дағдылар
алды, балалар мүгедектігіне қатысты
терминологияны дұрыс қолдану бойынша
білімдерін кеңейтті.
ЮНИСЕФ бағдарламасындағы ілгерілеу
ұйымның веб-сайтынан, әлеуметтік желілер
парақшаларынан (Facebook желісінде 3 500
тіркелуші), баспасөз хабарламаларында,
жарияланымдарда
2
және өңірлік, респуб-
ликалық газеттерден көрініс тапты. Өткі-
зілетін іс-шараларға ықыласты арттыру
үшін, кездесулерге, конференциялар мен
форумдарға қатысу үшін жоғары лауазымды
тұлғалар, атақты адамдар, олимпиада
чемпиондары, қоғам қайраткерлері және
халықаралық сарапшылар шақырылды.
1 https://www.youtube.com/watch?v=sGj_JsN_ucg&list=PLbY0
KLxpBuZ6giNZ0KOJr63B3PWErmfZP
2 Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың неғұрлым
осал топтарына ерекше назар аудара отырып әл-ауқатын
жақсарту, мына сайттан оқуға болады: http://unicef.kz/publi-
cation.html?id=103.
Х
алық негізінен бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы хабардар бола-
тындықтан, бағдарламаның табысқа жетуі
баспасөзбен және жұртшылықпен тұрақты
түрде өзара іс-қимыл жасауға байланысты
болады.
Бағдарламада ШҚО журналистерімен жүргі-
зілетін жұмысқа айрықша көңіл бөлінді,
өйткені балалардың құқықтарын іске асыр-
ған кезде коммуникацияның маңызы зор.
Олар қарым-қатынас пен мінез-құлықтың
өзгеруіне әсер етеді, сондай-ақ адамдардың
құқықтарды қорғауға неғұрлым көбірек
қатысуын көтермелейді.
2012 жылы ЮНИСЕФ ШҚО БАҚ қызметтері
өкілдерінің қатысуымен балалар мәселе-
лерін көрсетуде этикалық қағидаттар
бойынша медиа-тренинг өткізді. Семинар
барысында 0-3 жастағы балалардан бас
тартудың алдын алу, инклюзивті қоғамды
дамыту,
жастар
мен
жасөспірімдер
мәселелері, денсаулық, жастар арасында
суицидтің
алдын
алу
мәселелері
қарастырылды. Тренинг нәтижелері бойынша
қатысушылар балалар мен жасөспірімдер
мәселелері бойынша мақалалар серия-
ларын дайындады.
2013
жылы
«Даму
мақсатындағы
коммуникациялар: балаларға арналған,
балалар
туралы
және
балалардың
қатысуымен дайындалған медиа-өнімдер»
семинары ұйымдастырылды, онда Семей,
Өскемен және Риддер қалаларынан келген
60-тан астам телевидение, газет өкілдері,
фотосуретшілер, журналистер, аниматорлар,
дизайнерлер, кинопродюсерлер, музыкалық
продюсерлер, сценарийшілер, мемлекеттік
органдар мен ҮЕҰ өкілдері БАҚ-тарда
шетін тақырыптарды жариялаған кездегі
этикалық нормалар мен моральдық
қағидаттар
мәселелерін
қарастырды.
Мұндай мәселелер балаларға зорлық-
зомбылық көрсету, БАҚ-тарда балалардың
фотосуреттерін пайдалану, жетімдік пен
балалардан бас тарту, жасөспірімдер
арасындағы суицид, мүгедектігі бар балалар
мен дамуында ерекше мұқтаждықтары
бар балалар арасында сауалдама жүргізу
секілді тақырыптарды қамтиды. Семинарға
қатысушылар алған білімдерінің арқасында
өңірдегі мәселелерді жеті тақырыптық сюжет
арқылы кеңірек көрсете білді.
1
42
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН
ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША
ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ
«БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ,
ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН
АЙНАЛЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК НЕМЕСЕ ЖЕКЕ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ,
СОТТАРДЫҢ, ӘКІМШІЛІК НЕМЕСЕ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ
ОРГАНДАРДЫҢ ҚАБЫЛДАҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН, БӘРІНДЕ
ДЕ ЕҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ БАЛАНЫҢ МҮДДЕЛЕРІН БАРЫНША
ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ».
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ, 3-БАП.
2012 жылы балалардың жағдайын бақылау
үшін ЮНИСЕФ Мемлекеттік басқару
академиясымен, Статистика агенттігімен,
Дамуды зерттеу институтымен және
Маастрихт басқару мектебімен бірлесіп,
балалардың әл-ауқатына ұлттық зерттеу
жүргізді
1
.
Нәтижесінде, жергілікті биліктің балаларға
қатысты жағдайды дұрыс түсінуі және
жағдай туралы ғылыми негізді хабардар
ету үшін ШҚО-да балалардың өмір сүру
сапасына мониторинг жүргізудің кешенді
жүйесі ұсынылды, бұл балалар осалдығы
мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік
береді.
1 «Қазақстандағы балалардың әл-ауқаты» зерттеуі,
ЮНИСЕФ сайтынан оқуға болады: http://unicef.kz/publication.
html?id=101.
Ә
рбір бала тірі қалуға, толыққанды
дамуға, зиянды әсерлерден қорғалуға,
отбасылық, мәдени және әлеуметтік өмірге
толық қатысуға құқылы.
Балалардың бостандықтарын қамтамасыз
ету
үшін
мемлекеттердің
үкіметтері
балалардың өмір сүру сапасын түсінуі,
жалпы қанағаттану деңгейін анықтауы,
қызмет көрсетіліп жатқандар арасында
көрсетілетін қызмет сапасы мен көлемінің
қабылдануына талдау жасауы және жақ-
сарту мүмкін болатын салаларды жақсартуы
тиіс. Денсаулық сақтау, білім беру, тамақтану
және әлеуметтік әл-ауқат салаларында
қабылданатын шаралардың балалардың
жалпы әл-ауқатына тигізетін әсерін үнемі
өлшеу, балалардың әл-ауқатына жалпыны
тегіс қамтитын мониторинг енгізу қажет.
ЖОБАНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРІ
ПИЛОТТЫҚ ӨҢІР РЕТІНДЕ
ШҚО-ДАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ
ӘЛ-АУҚАТЫНА МОНИТОРИНГ
ЖҮРГІЗУ ЖҮЙЕСІ
СЫНАҚТАН
ӨТКІЗІЛДІ (2013-2014 ЖЖ.)
ШҚО ӘКІМДІГІНІҢ ЭКОНОМИКА
ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК
ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ
МЕН СТАТИСТИКА
ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
БАЗАСЫН ПАЙДАЛАНУ
БОЙЫНША «CENSUSINFO»
СЕМИНАРЫ
ӨТКІЗІЛДІ
ҚҰРАМЫНА БАЛАЛАР ҮШІН
ҚОЛАЙЛЫ ЖӘНЕ МЕЙІРІМДІ
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЖАУАП
БЕРЕТІН БАРЛЫҚ МҮДДЕЛІ
ОРГАНДАР КІРГЕН
ҮЙЛЕСТІРУ
КЕҢЕСІ
ҚҰРЫЛДЫ
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ 4-ТЕН 17
ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ТОПТАРДЫҢ
АРАСЫНДАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ
ӨЗ ӨМІРЛЕРІН СУБЪЕКТИВТІ
ҚАБЫЛДАУЫН ЗЕРТТЕУГЕ
БАҒЫТТАЛДЫ
(103 БАЛА)
ДЕРЕКТЕР ЖИНАУДЫҢ
БІРІНШІ САТЫСЫ
84 САНДЫҚ
КӨРСЕТКІШТІ
ҚАМТЫДЫ
1
2
4
3
5
44
4-7 ЖАС
БАЛАЛАР
ДЕНСАУЛЫҚ
БІЛІМ
МАТЕРИАЛДЫҚ
ӘЛ-АУҚАТ
ОТБАСЫ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК
ЖАҒДАЙЛАР
79%
8-13 ЖАС
БАЛАЛАР
14-17 ЖАС
БАЛАЛАР
95%
92%
93%
83%
90%
96%
92%
95%
86%
100%
88%
БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗ ӨМІРЛЕРІН ҚАБЫЛДАУЫН
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ШҚО әкімдігіне бала өмір сүруінің мынадай
негізгі бес саласына – денсаулық, білім,
материалдық әл-ауқат, отбасы мен әлеуметтік
жағдайлар, қауіпсіздік және қорғау - біріктірілген
7 субъективті және 51 объективті индикатордан
тұратын бала әл-ауқатына мониторинг жүргізу
жүйесі ұсынылды.
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ
45
ӨМІРДЕН АЛЫНҒАН ОҚИҒА:
ҚАЛАЛАРДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМҒА АРАЛАСУЫ
Қ
азақстанның кез келген басқа да
қалаларындағы секілді, Семей қала-
сында да балалар түрлі оқиғаларға,
қамқорлыққа …толы күнделікті өмірді бастан
кешіреді. Алайда өз қоғамына қатысты
балаларды толғандыратын сұрақтардың
жергілікті билік органдарына жетуі екіталай.
Жағдайды өзгерту және жергілікті билік
органдарына олардың баланы қалай
тыңдай алатынын көрсету әрі оларды
бағдарламалар әзірлеуге тарту үшін
ЮНИСЕФ балалармен бірнеше консуль-
тациялар
серияларын
өткізді.
Атап
айтқанда, балалардан өз қаласында оған не
ұнап, не ұнамайтынын көрсететін сауалнама
құрастырып, оны толтыру сұралды. Нәти-
жесінде балаларды ересектер үшін де
маңызды болып табылатын мәселелер
толғандыратыны анықталды.
Мысалы,
12 жасар Виктор Семей қаласы-
ның орталығы жақсы жоспарланғанын,
көше-лерге тас төселгенін айта келіп, ал
қаланың шет жақтарында жолдарға тас
төселмегеніне, соның салдарынан үнемі
шаңы бұрқырап, жаңбырлы күндері батпаққа
айналатынына алаңдайтынын айтады.
Виктор қаланың шет жағына да көңіл бөлінсе
дейді.
8 жасар Диана өзіне биік әткеншектердің
ұнайтынын, бірақ айналасы үнемі шаң
болып жататыны ұнамайтынын жазған. Егер
сиқырлы таяғы болса, ол бәрін әрі әдемі етіп
қойған болар еді.
6 жасар Омар өзі тұратын ауданда бір
төбенің бар екенін, бірақ одан сырғанау аса
ыңғайлы емес екенін айтты. Құм төгілген
алаң бар, бірақ құм аз төгілген Оның достары
аулаға шықпайды, өйткені іштері пысады.
Ауланың сыртында иттер көп, бірақ олар
қаппайды.
11 жасар Шыңғыс өзінің ауласын салған.
Ауласында өсімдіктің көп болғаны оған
ұнайды. Сонымен бірге ол гүлдердің иісін
ұнатады.
Осындай консультациялар арқылы балалар
өздерін ойландырған мәселелер туралы
айтуға мүмкіндік алды. Оның үстіне,
жергілікті билік органдарына ұсынылған
бұл нәтижелер балаларға олармен жүргі-
зілген
консультациялардың
көмегімен
бағдарламаны қалай жақсартуға болатынын
көрсетті.
46
Достарыңызбен бөлісу: |