Юнисеф — біріккен ұлттар ұйымы- ның (БҰҰ) балалар қоры



жүктеу 30,09 Mb.
Pdf просмотр
бет8/12
Дата20.11.2018
өлшемі30,09 Mb.
#22014
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

аса үлкен емес және орта ауырлықтағы құ-

қық  бұзушылықтарды  жасаған  кәселетке 

толмаған жастарға жаңа дивергенция меха-

низмі  енгізілді.  Бағдарламаның  нәтижелері 

ұлттық  деңгейде  саясатты  қалыптастыру 

және  заңнамаларды  жетілдіру  үшін  пайда-

ланылады. 

Әрбір  бала,  мейлі  ол  тіпті  заңмен  қайшы-

лықта жүрсе де, басқалар секілді Қазақстан 

азаматы.  Көптеген  құқық  бұзушы  балалар 

көбінесе  белгілі  бір  жағдайлардың  қыспа-

ғына  түскенде  немесе  ата-аналары  мен 

мемлекет тарапынан тиісті қамқорлық болма-

ған жағдайда тек бір ғана құқық бұзушылық 

жасайды.

Қазақстандағы балаларға арналған әділсот 

жүйесін  одан  әрі  дамыту  қажет,  алайда, 

қазірдің  өзінде,  ШҚО-дағы  пилоттық  жоба-

лардың  нәтижелері  бойынша  20  бала 

полицияның есебінен шығарылды, бірнеше 

кәмелетке толмаған жас тараптардың бітімге 

келуіне  байланысты  қылмыстық  жауап-

кершіліктен  босатылды,  100-ден  астамы 

оңалту бағдарламасынан өтті.

 

Ш

ығыс  Қазақстанда  құқық  бұзушылық 



жасаған кәмелетке толмағандар саны 

2012  жылғы  748-ден  2013  жылғы  657-ге 

дейін  азайды

1



ШҚО-да  осы  кезең  ішінде 

полицияда есепте тұрған балалар саны 2 391 

жасөспірімнен 1 738-ге дейін азайды. Соттар 

құқық  бұзушылық  жасаған  балалардың 

қатысуымен  болған  істерді  шешкен  кезде 

жазалаудың баламалы түрлері қолданылды, 

оның  ішінде  тараптарды  бітістіру  әдісі 

қолданыла  бастады.  Алайда,  сотқа  дейінгі 

де,  сондай-ақ  сот  стадиясында  да  құқық 

бұзушылармен  әлеуметтік  жұмыстар  жүргі-

зілген жоқ. 

Заңмен  қайшылықта  жүрген  балаларды 

оңалту  үшін  қамқорлық  пен  қадағалау, 

консультативтік  қызметтер,  сынақ  мерзімін 

тағайындау,  оқыту  және  кәсіби  даярлау 

бағдарламасы  секілді  кешенді  әрі  жүйелі 

іс-шаралар  мен  мүмкін  болған  жағдайда, 

бас  бостандығынан  айырумен  байланысты 

болмайтын  басқа  да  тәрбиелеу  және  күтім 

жасау әдістерін өткізу қажет. 

Балаларға арналған әділсот аясында дивер-

генцияға (қылмыстық жауапкершілікті сотқа 

дейінгі кезде әсер етудің балама түрлерімен 

алмастыру)  орын бар, ол бойынша қылмыс-

тық  құқық  бұзушылық  жасаған  кәмелетке 

толмаған  жастың  ісіне  сот  рәсімдеріне  не-

месе  сот  талқылауына  жүгінбей-ақ  рұқсат 

етіледі.  Бұл  кәмелетке  толмаған  жастың 

беделіне  таңба  басылмауына  көмектесіп, 

оның ақталуын жеңілдетеді. Сонымен қатар 

дивергенция  өзін  экономикалық  тұрғыдан 

тиімді әдіс ретінде көрсетті. 

Ұлттық заңнама кәмелетке толмаған жасты 

дивергенция бағдарламасына тікелей бағыт-

тауды  көздемейді,  кәмелетке  толмаған 

жастың жасаған құқық бұзушылығын мойын-

дауын немесе оның тарапынан дивергенция 

бағдарламасын  өтуге  келісім  беруін  та-

лап  етпейді.  Сонымен  қатар,  кәмелетке 

толмаған  жасты  сотқа  дейінгі  стадияда 

қандай да бір арнайы әлеуметтік оңалтусыз 

қылмыстық жауапкершіліктен босату кеңінен 

қолданылады,  бұл  қылмысты  қайталап  жа-

сау қаупін тудырады.   

Заңмен қайшылықтағы баланың құқықтарын 

қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарт-

тарға  және  ұлттық  басымдықтарға  сәйкес 

2013  жылы  ШҚО  базасында  тұңғыш  рет 

1 ШҚО-ның бұрынғы Балалар құқықтарын қорғау 

департаментінің деректері.

            БАЛАНЫҢ ӘДІЛСОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҒЫ             

27



ЖОБАНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРІ

ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АЛДЫН 

АЛА ТЕРГЕУ СТАДИЯСЫ МЕН ҚАЙТА БАҒЫТТАУ 

ҮДЕРІСІНДЕ 



ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАР

 ЖҮРГІЗІЛЕДІ 

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА «ФЕНИКС» ДАМЫТУ ЖӘНЕ 

БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ» БАЗАСЫНДА 



ПИЛОТТЫҚ 

ОРТАЛЫҚ

 ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ (2013 Ж.)

ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУДАН ЖАЛТАРҒАН, 

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ МЕН 

КУӘГЕРЛЕРІ БОЛҒАН, ӘКІМШІЛІК, ҚЫЛМЫСТЫҚ 

ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛҒАН 



106 БАЛА

 ӨТТІ


БАЛАЛАРДЫҢ 

ОҚУ ҮЛГЕРІМІНІҢ АРТҚАНЫ, 

ТӘРТІБІ 

МЕН МЕКТЕПТЕГІ ҚҰРБЫЛАРЫМЕН, 

АТА-АНАСЫМЕН ЖӘНЕ ТУЫСТАРЫМЕН 

ҚАРЫМ-

ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАҚСАРҒАНЫ

 АТАП ӨТІЛДІ

НӘТИЖЕСІНДЕ 

МЕКТЕПІШІЛІК ЕСЕПТЕН 8, 

ПОЛИЦИЯНЫҢ ЕСЕБІНЕН 20 БАЛА ШЫҒАРЫЛДЫ

3 ІС ТАРАПТАРДЫҢ БІТІМГЕ КЕЛУІМЕН АЯҚТАЛДЫ



ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ 

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІЛСОТҚА  ҚАТЫСТЫ 



ЗАҢНАМАЛАРҒА ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ

 ҮШІН ҰЛТТЫҚ 

ДЕҢГЕЙДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ 

1

2



4

3

5



6


«Дивергенция»  қателік  жасаған  балалардың  мінез-

құлқын  өзгертетін  үдеріс  болып  табыла  ма?  Өмірдің 

барлық  ережелерін  білмегендіктен  қателік  жасаған 

жағдайларда балаларды сот алдына апарудың қажеті 

бар  ма?  Әсеттің  өмір  тарихы  біздің  мәселеге  жаңаша 

көзқараспен қарауымызға мүмкіндік береді.  

 

Тергеу  хаттамасына  сәйкес,  Әсет  –  көршісінің  саяжа-



йына ұрлыққа түскен 14 жасар бала: ол ұялы телефон, 

телефон үшін төлем жасалған картасын және иіс суды 

алған.    ЮНИСЕФ  қолдау  көрсететін  бағдарламаның 

арқасында  Әсеттің  ісі  дивергенция  орталығына 

берілді. Әсетпен жүргізілген сұхбат кезінде оның басқа 

адамдармен  қарым-қатынас  жасауда  шекараның  қай 

жерде  бөлінетінін  түсінбейтіні  анықталды.  Ол  бөтен 

адамдардың үйіне қандай жағдайда кіруге болатынын, 

қандай  жағдайда  кіруге  болмай-

тынын  білмейді.  Әсет  өзімен 

жағдаяттық  жаттығулар  жасау, 

өз  отбасымен,  туыстарымен 

және  сыныптастарымен  қарым-

қатынасын 

жақсарту, 

оның 


басқа 

адамдарға 

қатысты 

міндеттемелерін  талқылау  арқы-

лы  қарым-қатынас  жасаудың 

этикалық  шекараларын  анықтау 

бойынша жұмыс істеген психолог 

пен  әлеуметтік  қызметкерден 

консультациялар алды. 

Орталық  сонымен  қатар  оны 

автомобиль  жөндеу  салонының 

шеберімен  байланыстырды,  ол 

баламен  жұмыс  істеуге  және 

оны  автомобиль  жөндеуге  үй-

ретуге  дайын  болды.  Әсет 

салонға аптасына екі рет келетін, 

автомобильдің  қосалқы  бөлшек-

терімен  жұмыс  жасауды  үйреніп, 

ең озық дағдыларын жетілдірді. 

Әсет карта мен иіс су алған саяжай 

оның  досының  отбасына  тиесілі 

еді.  Ол  жазда  бұлармен  футбол 

ойнайтын. Ол шай ішіп, теледидар 

қарау үшін көбінесе өзінің досына 

келетін.  Күзде  досының  отбасы 

қаладағы  басқа  пәтерге  көшкен 

кезде  олар  бір  кілтті  Әсетке 

тастап  кеткен.  Ол  шай  ішу  және 

теледидар  қарау  үшін  саяжайға 

бірнеше рет жасырын кірді.  

Мұндай  оқиғалар  осы  тәрізді 

істерді  сотқа  берудің  балаға 

зиянын 

тигізетінін 



көрсетеді. 

Соттылық  Әсеттің  болашақтағы 

мүмкіндіктерін  шектей  отырып, 

өміріне теріс әсер етеді. Керісінше, 

балалар  үшін  достық  ахуал 

қалыптасқан  жерлерде,  мысалы, 

дивергенция  орталығында  мұн-

дай  істерді  қарау  оның  қоғамға 

оңай араласып кетуіне көмектесе 

отырып,  баланың  өміріне  жағым-

ды әсер етуі мүмкін. 

ӨМІРДЕН АЛЫНҒАН ОҚИҒА

            БАЛАНЫҢ ӘДІЛСОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҒЫ             



29


жүктеу 30,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау