Юнисеф — біріккен ұлттар ұйымы- ның (БҰҰ) балалар қоры



жүктеу 30,09 Mb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата20.11.2018
өлшемі30,09 Mb.
#22014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

БАЛАНЫҢ ТІРІ ҚАЛУ 

ЖӘНЕ ДҰРЫС ДАМУ 

ҚҰҚЫҒЫ

«ӘР БАЛАНЫҢ ӨМІР СҮРУГЕ ДЕГЕН АЖЫРАМАС ҚҰҚЫҒЫ БАР».

«ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР БАРЫНША МҮМКІН ДӘРЕЖЕДЕ БАЛАНЫҢ 

ТІРІ  ҚАЛУЫН  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ    МЫҚТЫ  БОЛЫП  ӨСУІН  

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ».

БҰҰ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ, 6-БАП




2010  жылы  Шығыс  Қазақстан  облысы 

еліміздегі сәби өлімі бойынша екінші орында 

болды. 

Мұның  үстіне,  республикалық 



көрсеткіштермен  салыстырғанда,  босану 

үстінде    тұншығудан  (асфиксия)  және 

инфекциядан  нәрестелердің  айтарлықтай 

бөлігі көз жұмды. 

Аталған  себептердің  көбінесе  алдын  алуға 

болатын  еді  әрі  бұл  заманауи  перина-         

тальдық  технологияларды  ендірудің  жеткі-

ліксіздігін және қазіргі заманғы медицинаның 

пәрменді  әдістері  туралы  білімнің  жетіс-

пеушілігін білдіретін еді.  

Аталған  мәселені  шешу  үшін  2011  жылы 

ЮНИСЕФ  ШҚО-да  өңірлік  зерттеу

1

    және 



ана мен бала денсаулығын қорғау (АмБДҚ) 

қызметтерінің  жұмысына  талдау  жүргізді. 

Облыстағы  барлық  босану  жағдайларының  

70%-ы Өскемен қаласындағы Ана мен бала 

орталығында  (АмБО),  Семей  қаласындағы 

Перинатальдық  орталықта  және  Аягөз 

қаласындағы  медициналық  бірлестіктің 

перзентханасында болғаны анықталды. 

Сонымен 

қатар, 


біршама 

босану 


жағдайлары  облыстың  қалған  босандыру 

мекемелерінің  үлесіне  тиген,  олардың 

әрқайсысында жылына 300-ден аз (жылына 

300  босану  жағдайы  қауіпсіз  жүктілік  үшін 

ең  төменгі  деңгей  болып  саналады)  бала 

босандырылған.  Халықаралық  тәжірибе 

асқыну мен өлім-жітім көрсеткішінің жоғары 

деңгейі  жылына  көрсеткіші  300-ден  аз 

мекемелерде  байқалатынын,  ал  осы 

мекемелердің  медицина  қызметкерлерінің 

дағдылары  шектеулі  болатынын  және 

олардың 


біліктіліктерінің 

арттыруына 

мүмкіндіктері болмайтындығын көрсетті. 

ЮНИСЕФ 


зерттеулері 

ШҚО-дағы 

медициналық  мекемелерді  жүйелі  түрде 

біріктіру  және  аналар  мен  балаларға 

көрсетілетін  медициналық  қызметтердің 

сапасын жақсарту қажеттігін анықтап берді.

 

1 Қазақстандағы көмекке қолжетімділікке жасалған 



талдаудың алдын ала нәтижелері мен ана мен бала 

денсаулығын қорғау саласындағы қызмет нәтижелерін 

мына сайттан көруге болады: http://unicef.kz/publication.

html?id=147

ЮНИСЕФ-тің  қолдауымен  Шығыс  Қазақстан 

облысының әкімдігі:



1.

   


Ана мен бала денсаулығын қорғау қызметі-

нің  жұмысын  жақсарту  үшін  Жол  картасын 

әзірлеп, медицина қызметкерлерінің мына: 

   



ана  мен  бала  өлімінің  деңгейін  азайту 

әдістемесін енгізу

      


5 жасқа дейінгі балалардың өсуін, дамуын 

бақылау, оларға қатысты зорлық-зомбылықты, 

жарақат алуын және құқықтарының бұзылуын 

болдырмау шаралары бойынша заңнамалық 

базаны енгізу

    



мамандандырылған көлік қызметін ұйым-

дастыру  және  басқа  бағыттар  бойынша 

дайындықтарын жүзеге асырды.

2.

 

Өскемен  қаласындағы  Ана  мен  бала 



орталығын  ана  мен  балаға  үздіксіз  күтім 

жасайтын  көп  бейінді  қызмет  көрсету 

орталығы  етіп  қайта  құрды,  ол  балалардың 

сапалы  медициналық  көмек  алуына  және 

баланың  дамуындағы  кідірістерді  ертерек 

анықтауға қол жеткізуді қамтамасыз етті. 



3. 

ЮНФПА-мен  бірлесіп  Ана  мен  бала 

орталығының базасында бір мезгілде 30-дан 

астам медицина қызметкерін оқыту мүмкіндігі 

бар  тиімді  перинатальдық  күтім  жасауды 

енгізу  бойынша  ресурстық  және  тренингтік 

орталық  құрды.  Орталықта  ЮНИСЕФ-тің 

сараптамалық  қолдауымен  кәсіби  біліктілігі 

жоғары  нұсқаушылар  командасы  құрылып, 

дайындалды, ол аудандық перзентханаларға 

қолдау және консультативтік көмек көрсетеді.  

            

БАЛАНЫҢ ТІРІ ҚАЛУ ЖӘНЕ ДҰРЫС ДАМУ ҚҰҚЫҒЫ

             



9

СӘБИ ӨЛІМІНІҢ КӨРСЕТКІШІ 

1000 ТІРІ ТУЫЛҒАНДАРҒА 

ШАҚҚАНДА - 



20,7 БОЛДЫ 

(2010 Ж.)

ШҚО-ДАҒЫ 1 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН 

БАЛАЛАРДЫҢ 



60%-ДАН АСТАМЫ

 

СТАЦИОНАРЛАРДА КӨЗ ЖҰМДЫ 



(2010 Ж.)

А ДӘРУМЕНІ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ 

ТАРАЛУЫ 23,2%-ДЫ ҚҰРАДЫ, 

БҰЛ - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ 

САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ (ДДСҰ) 

СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША - 

КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ (2011 Ж.)



Сәтті жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 

соңғы  жылдары  сәби  өлімі  2010  жылғы 

1000  тірі  туылғандарға  шаққанда  20,7 

жағдаймен салыстырғанда 2014 жылы 1000 

тірі  туылғандарға  шаққанда  11,3  жағдайға 

азайды.


 

ШҚО-дағы сәби өлімінің көрсеткіштері  

Жобамен  жұмыс  жасаған  адамдардың 

ойластырылған  әрі  жүйелі  жұмыстарының 

арқасында  мыңдаған  қазақстандық  бала-

лардың  өмірлері  құтқарылып,  жүздеген 

медицина  қызметкерлері  өздерінің  кәсіби 

дағдыларын  жақсартып,  озық  технология-

лармен жұмыс істеу мүмкіндігін алды. 

1 ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 

ресми деректері

Балалардың  денсаулығын  сақтау  мен 

олардың  ауруларының  алдын  алуда 

патронаждық  медбикенің  алатын  рөлі  зор. 

Туған  сәттен  бастап  кейінгі  кезде  де  ол  өз 

участкесіндегі  сәбидің  дамуын  бақылайды, 

баланың  анасына  тамақтану,  гигиеналық 

нормалар,  мінез-құлық  ережелері,  еңбек 

ету  және  демалу  мәселелерін  түсіндіреді. 

Сондықтан  жүкті  әйелдер  мен  жаңа  туған 

нәрестелері  бар  аналар  үшін  патронаждық 

қызмет  көрсету  сапасына  тұрақты  мони-

торинг жүргізудің бала өлім-жітімінің алдын 

алуда маңызы зор. 

Семей  қаласы  мен  қала  маңындағы  ауыл-

дардың  60  медицина  қызметкері  0-ден  2 

айға  дейінгі  балаларға  күтім  жасау  және 

аналарды  өз  денсаулықтары  мен  балала-

рының денсаулықтарына қамқорлық жасауға 

үйрету бойынша білімдері мен дағдыларын 

арттырды. 

Патронаждық  медбикелердің  үйге  келіп 

көрсететін  қызметінің  сапасы  оны  жүзеге 

асыру  мен  басқаруда  кездесуі  мүмкін 

олқылықтарды  уақытылы  анықтау  үшін 

халықаралық тұрғыда мойындалған әдістер 

арқылы бағаланды. 

4  ауданда  (Қатон-Қарағай,  Аягөз,  Үржар 

және Мақаншы) 5 жасқа толмаған балалары 

бар  200-ден  астам  аналар  патронаждық 

медбикелер көрсететін қызмет сапасы тура-

лы сұралды. 

Жобаға ұлттық және халықаралық сарапшы-

лармен бірлесіп деректер жинауға қатысқан 

және  оқу  курстарынан  өткен  жергілікті 

медицина  қызметкерлері  қатысты.  Жоба 

нәтижелері  аналардың  патронаждық  мед-

бикелердің  үйге  келіп  қызмет  көрсету 

жүйесіне  қанағаттанғану  деңгейінің  басым 

көрсеткіштеріне назар аударды. 

Желтоқсанда  жоба  нәтижелері  ұлттық  дең-

гейде ұсынылып, ол елдің өзге өңірлерінде 

іске асыру үшін ұсынылды. 

Мұндай  үнемі  бағалау  өткізу  денсаулық 

сақтау  саласындағы  жазалау  шараларын 

сапаны  бағалаудың  заманауи  тиімді 

әдістерімен  алмастыру  арқылы  болатын 

ілгерілеушілікті бақылауға мүмкіндік береді. 

80%

ШҚО-дағы медицина 



қызметкерлерінің 80%-ы  БЖАКЖ 

(ИВБДВ) әдістерін және 

76%

тиімді перинатальдық күтім (ТПК) 



жасауды үйренді, бұл АмБДҚ  

қызметтерінің жұмыс сапасын 

арттырды

1250


51

А дәруменімен 5 жасқа дейінгі 

бала қамтылды (2013 ж.), 

ол үшін 


педиатр оқу курстарынан өтті; 

нәтижесінде ЖРА-мен ауыру 7 

есеге, диарея және басқа ішек 

ауруларымен ауыру 3 есеге 

азайғаны байқалды.

АжБО-да және Үржар ауданында ана 

мен балаға үздіксіз күтім жасау моделі 

енгізілді, Қазкоммерцбанктің қолдауымен 

реанимациялық жабдықтар сатып алынды.

10



жүктеу 30,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау