1
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергіле
Әлеуметтік көмек және арнаулы
әлеуметтік қызметтерге
қолжетімділікті арттыру
Түйінді тұжырымдар:
Кедейшілікпен күресуге арналған әлеуметтік көмек
•
Маңғыстау, Қызылорда өңірлерінің тұрмысы едәуір төмен облыстарында және
Астана қаласында, халық арасында атаулы әлеуметтік көмек шаралары туралы және
жәрдемақыны тағайындау ережелерінің құқықтылық шарттары туралы жеткіліксіз
хабардарлық байқалып отыр.
• Тағайындаудың шектеуші ережелері тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік көмек
бағдарламаларына қатыса алмауына әкеп соқтырады. Зерттеу қорытындылары мұқтаждық
өлшемдерін жоғарылатудың және ықтимал өтініш берушілердің материалдық жағдайын
анықтаудың тәсілдерін қайта қарастырудың қажеттілігін баса көрсетіп отыр.
• Құжаттарды жинаудағы қиндық келтіретін талаптар ықтимал өтініш берушілерді үркітеді
және өтініш беріп жатқан адамдардың жәрдемақыларының кешігіп келуіне әкеліп
соқтыруы мүмкін. Құжаттарды беру барысы жеңілдетілу мүмкін, ал әлеуметтік көмек
бағдарламалары мен жұмыспен қамтылудың жандануы арасындағы үйлестірушілік
механизмдер мен әдістеме жақсартылуы мүмкін.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
• Маңғыстау, Қызылорда өңірлерінің тұрмысы едәуір төмен облыстарында және Астана
қаласында, халық арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ақпараттан хабардар емес,
соның ішінде, қандай қызметтердің бар екендігі, қайда жүгіну, өтінішті қалай беру, және
қызметтерді алудың өлшемдері қандай. Мақсатты ақпараттық жұмыстың жүргізілуі
өмірдегі ауыр жағдайға ұшыраған отбасыларды тезірек анықтауды және хабардар етуді
көмектеседі.
• Көп уақытты шығындау мен алыс қашыктықтар ықтимал өтініш берушілерді өтініш
беруге немесе қызметті пайдаланудан үркітіп немесе қажетті мемлекеттік көмек алуда
қолайсыздық тудырады.
• Мүгедектікке деген негативті қарым-қатынас ата-аналардың баласы үшін көмек іздеуден
бас тартуға мәжбүрлейді. Мүгедектікке деген қоғамның көзқарасын өзгерті үшін
ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу қажет
.
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері халқының
экономикалық және әлеуметтік жағдайын
жақсарту үшін шапшаң және таңқаларлық
жетістіктерге жеткенмен, ұрымтал топтардың
қалтасы қалыңдаған жоқ (Кубедбаева және
Барриентос, 2017; Бабаджанян және т.б.
2015). Қазақстанда кең ауқымды, әрі жетілген
әлеуметтік қорғау жүйесі бар, алайда, осы
2
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергіле
қысқаша шолу көрсететіндей, ұрымтал
отбасылар елеусіз қалмауы үшін жүйеге
бірқатар маңызды өзгерістер енгізу қажет.
Осы саясат мәселелері жөніндегі қысқаша
шолу Қазақстанда әлеуметтік көмекті және
арнаулы әлеуметтік қызметтерді балалы
отбасыларға арнауды және жеткізуді жақсарту
тұрғысынан ұсынымдар береді. Мұнда табысы
төмен отбасыларға және кедей аудандарда
тұратын отбасыларға аталған көмек түрлеріне
қол жеткізуіне қалайша тиімдірек қолдау
көрсетуге болатынына ерекше көңіл бөлінеді.
Ұсынымдар үш аймақта – Қызылорда
облысында, Маңғыстау облысында және
Астана қаласында жүргізілген зерттеуге
сүйенеді, аталмыш зерттеу табысы төмен,
балалы отбасылар аталған көмек түрлеріне
қол жеткізу кезінде тап болатын кедергілердің
дәлелін келтіреді.
Осы зерттеуде аралас әдіс қолданылды,
яғни, табысы төмен отбасылармен
1
және
өмірлік қиын жағдайда қалған отбасылармен
2
,
атап айтқанда, табысы төмен ауданда тұратын
мүгедек немесе тыныс-тіршілігі шектелген
балалары бар отбасылармен сапалық
сұхбаттар жүргізілді және сандық сауалнама
жүргізілді.
Сауалнама
үш
аймақтағы
табысы төмен аудандардағы балалы үй
шаруашылықтарының тіршілігінен көрініс
береді және 47,000 адамды құрайтын үй
шаруашылықтары атынан шамамен 4,000
респондентті қамтиды.
Осы шолу қол жеткізу кезінде туындайтын
кедергілер туралы осы зерттеу айтқысы
келетін басты мәселелерді айқындайды:
(i) тұрмысы нашар отбасыларға арналған
атаулы әлеуметтік көмек; және (ii) арнаулы
әлеуметтік қызметтер, әрі олардың қалай
саясатты қалыптастыра алатынына қатысты
ұсынымдар береді.
Тұрмысы нашар отбасыларға
арналған атаулы әлеуметтік көмек
Тұрмысы нашар отбасыларға
арналған атаулы әлеуметтік көмек
туралы ақпарат (соның ішінде, көмек
алу құқығы және өтініш беру тәртібі)
және ол туралы білетіндер аз
• Сауалнама қатысқан респонденттердің тек
24%-ы ғана атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)
3
туралы және 29%-ы балаларға арналған
мемлекеттік жәрдемақы (МБЖ)
4
туралы есті-
ген. Аймақтар арасында айырмашылықтар,
АӘК туралы Астана қаласында 41%,
Қызылорда облысында 33% және Маңғыстау
облысында тек 15%-ы ғана естіген.
• Маңғыстау облысында көмекке ең мұқтаж
табысы төмен үй шаруашылықтары көмектің
бар екені туралы ең аз білетінге ұқсайды.
Басқа аймақтарда әл-ауқат деңгейі көмек
туралы білу-білмеуге қаншалықты қатысты
екені түсініксіздеу (мысалы, Қызылорда
облысында ең кедейі де, ең ауқаттысы да
олардың ортасындағы топқа қарағанда көмек
туралы біледі).
• Жалпы әлеуметтік көмек туралы білетін
және өздерін соны алуға құқылы деп
санайтын сауалнама респонденттерінің 67%-
ы АӘК алуға және 80%-ы МБЖ алуға өтініш
берген. Олардың үштен екісі көмек туралы
ешбір ақпарат болмағанын айтты (одан да
азырақ бөлігі өтініш беруге және көмек алу
құқығына қатысты ақпараттың болмағанын
жеткізді).
1
Табысы төмен отбасылар келесі көрсеткіштер негізінде анықталды: үй шаруашылығының басшысы ауыл шаруашылығында
немесе көлеңкелі экономикада еңбек етеді; үй шаруашылығының басшысы созылмалы ауруға шалдыққан немесе мүгедектігі
бар; үй шаруашылығында көп бала бар және тұрғылықты жері елді мекен орталығынан алыста орналасқан. Сондықтан, төмен
табыс ұғымы Қазақстан Үкіметі ең төменгі күнкөріс деңгейі тұрғысынан кедейшілік деп анықтаған ұғымнан де кеңірек.
2
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңға сәйкес (2008 жылғы, 2015 жылы қайта қаралған) он бір түрлі ерекше жағдайда
өмір сүретін отбасылар бар – солардың ішінде үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы
мүмкіндіктерінің шектелуі; дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты
бұзылуы; және жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы.
3
Жан басына шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-нан төмен үй шаруашылықтары үшін
4
18 жасқа толмаған балалары бар және ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-нан төмен табысқа өмір сүретін үй
шаруашылықтары үшін
3
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергіле
Диаграмма 1: Облыстар бойынша АӘК бағдарламалары туралы хабардарлық
Acтана
41%
33%
15%
Ұсыным 1:
Тұрмысы төмен отбасыларға
арналған атаулы әлеуметтік көмек
туралы хабардарлықты және
ақпараттың қожетімділігін арттыру
қажет.
Хабардарлықты арттыруға көп күш жұмса-
лып жатса да, зерттеу жүргізілген ең кедей
аудандарда ақпаратқа қолжетімділік шектеулі
сияқты. Біз жүргізген сұхбаттарда сипатталған
ақпарат
тарату
шаралары
негізінен
ақпаратты қала орталықтарында таратудан
тұрады. Оларға қоғамдық хабарландырулар
және кездесулер кіреді. Алайда, ең кедей
аудандардағы табысы төмен сұхбаттасушылар
әлеуметтік көмек туралы негізінен ауыздан
ауызға
таралатын
әңгімелер
арқылы
білетінін жеткізді және әлеуметтік көмек
туралы білмейтіндер санының көптігі осы
ақпарат тарату арнасының әрдайым тиімді
бола бермейтінін көрсетеді. Халықаралық
тәжірибеге сүйенсек, қажет болған кезде
өтініш беру тиісінше хабардар етілмеген
немесе байланысқа шығу қиын адамдарды
қамти алмайды деген қауіп бар (Castañeda
and Lindert, 2005).
Жалпы екі ақпарат көзі де әлеуметтік
көмекке және арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қатысты толығырақ ақпаратты өтініш беруді
бастарда беріп, келесі тұстарды қамтуы
тиіс екені түсінікті: (i) әлеуметтік көмек алу
құқығы; (ii) өтініш беру үшін қандай құжаттар
қажет және оларды қалай алуға болады; және
(iii) өтінішті қайда беру керек. Адамдардың
хабардарлығы мен түсінігін ақпараттық
науқандар және мақсатты топтар арасында
хабардарлықты арттыру көмегімен мектептер,
денсаулық сақтау және полиция арқылы
жақсартуға болады. Әлеуметтік қызметтердің
ақпараттандыру жұмыстарын жүргізе білу
қабілетін күшейту ұрымтал отбасыларын
анықтау үшін және олардың әлеуметтік
көмекке және қызметтерге қолжетімділігін
жеңілдету үшін маңызды. Отбасылар қандай
ақпарат алуға болатынын білуі үшін нақты
белгіленген ақпарат беру орталығы немесе
байланысқа шығуға болатын тұлға болуы тиіс.
Көмек алу құқығын шектеуші
талаптар табысы төмен үй шаруашы-
лықтары атаулы әлеуметтік көмектің
пайдасын көре алмайтынын білдіреді.
• Үй шаруашылықтарын зерттеу барысында
әлеуметтік көмек алуға жүгінгендердің 70%-
ның өтініші белгілі бір сатыда қабылданбаған,
сол қабылданбаған өтініштердің 95%-ның
себебі өтініш берушінің табысы әлеуметтік
көмек алу үшін белгіленген табыс деңгейінен
асып түсуі болған. Табысы жеткілікті деген
баға берілсе де, сапалық сұхбатқа қатысқан
респонденттер өздерін ұрымтал және қиын
жағдайда өмір сүріп жатқанын сезінеді, соның
ішінде, азық-түлік сатып алуға қаражаты
Атаулы әлеуметтік көмек туралы естідіңіз бе?
Дереккөз: үй шаруашылықтарына жүргізілген сауалнама
Маңғыстау облысы
Қызылорда облысы
4
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергіле
жетпейді, сондықтан, аталуы көмекке мұқтаж.
• Жалпы тұрмысы төмен отбасыларға
арналған көмекті алу үшін белгіленген шекті
талаптар тым төмен. Сонымен бірге, өтініші
қабылданбағандар кейбір табыс және мүлік
түрлерін табыс көлемін есептеуге қосу
әділетсіз және орынсыз деп санайды. Мысалы,
мүгедектерге берілетін жәрдемақы және үйде
енді тұрмайтын балаларға берілетін шәкірта-
қы мұқтаждықты тексеру кезінде ескеріліп,
көбінесе үй шаруашылығын әлеуметтік көмек
алу құқығынан айырады. Оған қоса, тұрақты
емес жұмыстан тапқан табысты да ескеру
көмек алғысы келетіндердің табысын асырып
көрсетеді деп есептейді, демек, көмек беру
талаптары алдын-ала дұрыс берілмейді
деген сөз. Кейде мұндай жағдай басқа да
әлеуметтік көмек түрлерінің, яғни, мүгедек-
тік жәрдемақысы, кездейсоқ жұмыстан
түскен кіріс табыс ретінде ескерілетінімен
байланысты.
Ұсыным 2:
Әлеуметтік көмек алу үшін
белгіленген шекті табыс деңгейін
көтеру және мұқтаждықты тексеру
әдісін жаңарту қажет.
Мұқтаждықты тексеру кезінде қиындықтар
туындайтыны анық, «дұрыс» не «бұрыс» әдіс
жоқ. Оның орнына аса мұқтаж жандарға
қажетті
ресурстарды
жеткізуге тиімді
мүмкіндік беретін мұқтаждықты анықтаудың
бастапқы мәресі – саясат жасаушылар-
дың кедейшілікті азайтуға және ең кедей
адамдардың өмірін жақсартуға деген шынайы
ниеті мен талпынысы.
Қазақстанда әлеуметтік көмек алу үшін
белгіленген шекті табыс деңгейі тым төмен
болып келеді және көптеген адамдар
осындай шекті көрсеткіштің кедейлер
арасындағы мұқтаждық деңгейін тиісінше
көрсете алмайды деп есептейді (Carraro et al.,
2017; Babajanian et al., 2015; ILO, 2012). Бұл
мәселе елеусіз қалдырылмаған, үкімет жүйені
бұрынғыдан инклюзивті ету үшін реформа
жүргізуді жоспарлап отыр. Бірақ, тіпті жаңа
ережелер бойынша да шекті табыс деңгейі
төмен болып қала беретін сияқты, салдарынан
көптеген тұрмысы нашар үй шаруашылықтары
көмек алу құқығынан айырылады. Сондықтан,
Қазақстандағы кедейшіліктің нақты ауқымын
нақтырақ анықтай алатын шекті табыс
деңгейін жоғарырақ етіп белгілеуді мақсат
ету күттірмейтін мәселе болып тұр.
Зерттеу нәтижелері АӘК және МБЖ діттеген
мақсаттарына тиімдірек жете алуы үшін
оларды алуға қатысты шекті табыс деңгейі
мен талаптарды бейімдеугі болатын бірнеше
ықтимал жолды ұсынады:
1. Шекті табыс деңгейін көтеру қажет.
Бұл мәселе келешектегі әлеуметтік көмек
реформаларының басты назарында. Шын
мәнінде, зерттеуде айтылғандай, бұл – өмірлік
маңызы бар мәселе. Өздерін әлеуметтік
көмек алу қажет және мұқтаж деп санайтын
көптеген үй шаруашылықтары бар, бірақ,
іс жүзінде олардың құқығы жоқ. Оған қоса,
жақында жасалған таладу көрсеткендей, тіпті
реформалардан кейін де және шекті табыс
деңгейін көтерген күнде де көптеген тұрмысы
нашар үй шаруашылықтары табыс көлеміне
байланысты көмекпен қамтылмай және
құқылы бола алмай қалады екен (Carraro et
al., 2017).
2. Қолданыстағы мұқтаждықты тексеру
ережелерін қайта қарау қажет.
Қолданыстағы
мұқтаждықты
тексеру
ережелерін, яғни, тиісті табыс түрлерін
анықтау және есептеу тәртібін қайта
қарау маңызды. Атап айтқанда, мүгедектік
жәрдемақысы және шәкіртақы сияқты
атаулы көмек түрлері ескерілмеуі керек,
яғни, өтініш берушінің табысы ретінде
саналмауы тиіс. Мұндай жәрдемақылар
өмірінде ұрымтал тұстары (мүгедектік)
бар болғандықтан немесе белгілі бір
жағдайлар (оқу) болатындықтан, қосымша
қажеттіліктері туындайтын, сөйтіп, қосымша
шығынға бататын топтарға өмірлік маңызы
бар демеу көрсетеді. Табыс көлемін
есептеуде белгілі бір атаулы көмек түрлерін
қоспауды ұсынамыз. Атап айтқанда, жалпы
күнкөріс шығындарын емес, мүгедектіктен
туындайтын қосалқы шығындарды өтеуге
арналған мүгедектік жәрдемақысы, сонымен
қатар, шәкіртақылар (Babajanian et al.,
2015). Аталғандардың соңғысы баланың оқу
5
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергіле
орнына баруға және ең жақсы қабілеттерін
шыңдауға кететін қосымша шығындарды
өтеуге арналған. Тұрмысы төмен отбасыларға
арналған атаулы көмек түрлерінің және
белгілі бір халық топтарына берілетін көмек
түрлерінің саясат тұрғысынан мақсаттары
арасында өзара байланыс пен бірізділік
болуы маңызды.
3. Табыс көлемін есептеу ережелері
нақтылануы және жаңартылуы қажет.
Мұқтаждықты тексеру кезінде толық емес
жұмыс күні бойы істелетін жұмысты, кездейсоқ
(тұрақты емес) табысты қосып есептеуге
қатысты айқын және анық ережелер болуы тиіс,
әрі оларды өтініш берушілерге түсінікті етіп
жеткізу керек. Мұндай ережелер кездейсоқ
кіріс жалпы табыс көлемін есептеуде қашан
және қалай ескерілетінін анықтауы тиіс. Олар
өтініш берушілерге толық және түсінікті етіп
жеткізілуі тиіс. Дәл сол сияқты мал ұстаудан
және ауыл шаруашылығындағы жұмыстан
түскен кірісті есептеу де бағаға қатысты
соңғы мәліметтерге, жергілікті жағдайға және
сенімді әдістемелерге сүйенуі тиіс.
4. Көмек алу құқығына қатысты өтініш
берушілердің түсінбестігін жою қажет.
Көмектен автоматты түрде шеттетілетін кез-
келген адам үшін өтініш беру уақытты зая
кетірумен тең, сөйте тұра сандық зерттеу
дұрыс ақпарат берілмегендіктен орын алған
осындай жүздеген жағдайды анықтады.
Құжаттарға қатысты көп ауыртпалық
түсіретін талаптар адмдарды өтініш
беруден тартыншақтануға мәж-
бүрлейді және өтініш бергендердің
көмек алуын кешіктіруі мүмкін.
• Сапалық зерттеу кезінде әлеуметтік көмек-
ке өтініш бермеген (бірақ, өздерін алуға
құқылы деп санаған) адамдардың 10-13%-ы
қажетті құжаттарды жинай алмағандықтан,
өтініш беруді кейінге қалдырған.
• Өтініш беріп, бірақ, онысы қабылданбаған
респонденттер арасында қабылданбаған
өтініштердің 12%-ның себебі құжаттарды
дұрыс тапсырмау болған.
Ұсыным 3:
Құжат беру тәртібін жеңілдету,
әлеуметтік көмек және еңбек етуге
белсенді араластыру саясаттарының
мақсаты мен үйлестірілуін жетілдіру
қажет.
Құжаттарға келетін болсақ, өтініш берушілер
тапсыруға
қиналған
негізгі
құжаттар
жұмыссыздық анықтамасы, алимент туралы
анықтама,
неке
қию/ажырасу
туралы
анықтама және отбасылық жағдайға қатысты
құжаттар болған. Осы құжаттарды алу тәртібін
қалай жеңілдетуге болады?
1.
Өтініш беру үшін жеке тұлғаның өзі
баруына қатысты қиындықтарды азайту
немесе бару жиілігін қысқарту қажет.
Өтініш берушілер жұмыссыздық анықтамасын
алу үшін аудан орталығына және жұмыспен
қамту бөліміне бару керек екенін, әрі алған
анықтаманы үнемі қайта растап тұру керек
екенін жеткізді. Осы анықтаманы басқа да
органдар бере алуына жағдай жасауға болады,
мысалы, жылжымалы әлеуметтік орталықтары,
қазір олар мекен-жай анықтамасын бере
алады, ал осындай қызметтер көрсетілетін
жерлердегі респонденттер барлығы оны
тиімді деп тапты. «Бір терезе» моделіне
қатысты оң пікірлер айтылды, осындай
модельді
институттандыру
мүмкіндігін
қарастыру керек.
2.
Жұмыс туралы анықтамаға қатысты
ережелерді икемдірек ету мүмкіндігін
қарастыру қажет.
Жалғызбасты аналар жұмысынан анықтама
алуда белгілі бір қиындықтарға кез болады,
өйткені, олар көбінесе жарты күндік немесе
жұмыс кестесі икемді орындарда бейресми
істейді. Ондай жұмыс орындары ешқандай
анықтама бермейді. Жалғызбасты ата-аналар
үшін жұмысы туралы анықтама тапсырудан
босатуды ұсынуға болады.
3.
Өтініш берушілерге құжат толтыруға
көмектесу қажет.
Өтініш толтыруға әлеуметтік қызметкерлердің
көмектескені
өтініш
берушілер
үшін
қолайлы болған. Бұл осы зерттеу әлеуметтік
қызметті күшейтуге қатысты берген жалпы
6
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергіле
ұсынымдарымен
байланысты.
Көмек
алушылардың пікірінше, ауданға қарағанда
жергілікті әкімшілік көбірек көмектеседі.
Бұл түсінікті, өйткені жергілікті әкімшілік
шағын халық тобына қызмет көрсетеді,
сондықтан, жергілікті әлеуметтік байланыстар
анарғұрлым тиімді. Аудандық әкімшілік
жұмысын жетілдіру қажет. Ақпарат беру
және үлгілерді толтыруға көмектесу жағын
жақсарту керек. Мінез-құлық кодексі және
қандай ақпарат берілуі тиіс екені көрсетілген
әкімшілік нұсқаулықтарын әзірлеу керек.
Әлеуметтік жұмысты күшейту және әлеуметтік
қызметкерлерді өтініш берушілерге ақпарат
тарату және қажетті құжаттарды жинауда
көмектесуге бекіту маңызды.
Жұмысқа алудың қатал шарттары
адамдардың мінез-құлқына кері
әсерін тигізетінін қарастыру керек.
Жұмыс туралы анықтама тапсыру Қазақстанда
әлеуметтік көмек және еңбек етуге белсенді
араластыру саясаттарының мақсатына және
үйлестірілуіне қатысты біршама қиындықтар
тудырады. Бұл – әлеуметтік көмек жұмысқа
тұрудан тежейтін фактор болуы мүмкін деген
қорқыныштан қабылданған шара. Басқаша
айтқанда, жұмыс табудан гөрі, адамдар
әлеуметтік көмекке иек артатын болады.
Алайда, АӘК және МБЖ алу туралы өтініш беру
тәртібі жұмыспен қамту бағдарламаларына
және мақсаттарына демеу болатындай етіп
қарастырылғанмен, керісінше, оларға қарама-
қайшы әрекет етіп жатыр. Бұл, әсіресе, алыс
жатқан ауылдар тұратын адамдарға қатысты,
олар аз жалақыға қоғамдық жұмысқа
орналасуға мәжбүр. Жалақының аз болғаны
соншалық, жолға кететін шығындар мен
кездейсоқ табыстан құр алақан қалудан
туатын шығындарды есептеген адамдар
қоғамдық жұмыстарға тұрмау туралы орынды
шешім қабылдайды. Әлеуметтік көмек және
жұмыспен қамту салаларының нақты және
ортақ мақсаттары болуы керек, екі салада да
сол ортақ мақсаттарды орындауға бағытталған
бағдарламалар болуы тиіс. Жұмысқа алу
шарттарын қайта қарау қажет, адамдар,
әсіресе, алыс ауылдарда, ұсынылған жұмысқа
тұрғысы келуі үшін қаржылай ынталандыру
шараларын, сонымен қатар, қолайлы жұмыс
кестелерін қарастыру керек.
Сонымен бірге, жұмысқа алу шарттары
жыныстық
ерекшеліктерге
байланысты
ұрымталдықты ескеретіндей етіп бейімделуі
тиіс. Атап айтқанда, әйелдердің толық жұмыс
күні бойы істейтін жұмыстарға тұруына
кедергі келтіретін, әсіресе, кйшкентай
балалары болғанда, үй шаруасы және
үйдегілерге күтім көрсету, ескерілуі тиіс.
Халықаралық жандандыру және бірізділік
саясаттарына жасалған шолу еңбек нарығына
енуді ілгерілетудің «әмбебап» жолы жоқ
екенін көрсетеді (Almeida et al., 2012). Табысы
төмен топтағы адамдардың арасында ер
де, әйел де бар, оларға бірдей әдіс қолдану
жұмыспен
қамтудағы
қиындықтарды,
яғни, оларды еңбек нарығынан сыртқа
тебетін әлеуметтік, экономикалық және
институционалдық факторларды жоя алмауы
мүмкін (Immervoll, 2009). Адамның жұмысқа
немесе жалақысы жақсы жұмысқа тұруына
не кедергі келтіретінін анықтап алу маңызды,
анықталған себебіне қарай адамдардың жеке
басындағы жағдайын және қажеттіліктерін
ескере отырып, шара қолдану қажет. Ол
үшін адамдарды белгілі бір топтарға жіктеу,
бағдарламаларды тиісінше бейімдеу, соның
ішінде, басқа факторлармен жыныстық
ерекшелікке қатысты тежеуші тұстарды
ескеретін дербес іс-қимылдар жоспарларын
жасау қажет.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
Адамдарда арнаулы әлеуметтік қыз-
меттер туралы ақпарарт жоқ, соның
ішінде, қандай қызметтер бар екенін,
қалай өтініш беруді және кімге қыз-
меттер көрсетілетінін білмейді.
• Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
екенін айтқандар арасында басым көпшілігі
өздерін сондай қызметтер алуға құқылы деп
санайды, бірақ, сол үй шаруашылықтарының
өте аз бөлігі ғана, қызмет түріне қарай 10-15%
7
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергіле
ғана, көмек алу туралы өтініш беріп көрген.
• Қызметтерге мұқтаж екенін айтқан, бірақ,
әлі өтініш бермеген респонденттердің үштен
екісі арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы
ешбір ақпараты жоқ екенін айтты.
• Қызметтердің кейбір түрлері бойынша өтініш
беру тәртібіне қатысты (респоденттердің 36%
әлеуметтік-психологиялық қызметтер туралы)
және көмек алу құқығын анықтау ережелеріне
қатысты (әлеуметтік-медициналық және
әлеуметтік-психологиялық қызметтер туралы)
көп түсінбестік бар сияқты.
Ұсыным 1:
көрсетілетін арнаулы әлеуметтік
қызметтер туралы ақпарат беру үшін,
сонымен бірге, оларға қалай жеткізу-
ге болатынын түсіндіру үшін өмірлік
қиын жағдайда қалған отбасыларды
анықтау мақсатында ақпарат тарату
қажет.
Қазіргі таңда көптеген отбасылар мұқтаж
болып отырған арнаулы әлеуметті қызметтерге
қол жеткізе алмай отыр. Мүгедектігі бар
балалардың жағдайында мүгедек баласы бар,
бірақ, арнаулы әлеуметтік қызметтерге әлі
өтініш беріп көрмеген отбасыларды анықтау
үшін ақпараттандыру науқандарын көбірек
жүргізу керек. Мұнда ата-аналардан қызмет
көрсетілуін талап етуде белсенділік таныту жағы
осы тізбектегі жетіспейтін буын болып тұр.
Респонденттер сұраған күннің өзінде
керекті ақпарат берілмегенін және ешбір
ақпараттандыру шаралары арқылы өздеріне
көмек берілуі мүмкін екені хабарланбағанын
айтты. Бір респонденттік айтуынша:
«Ақпараттық
хабарландыру
жоқ.
Хабарландыру жасалмайды. Жәрдема-
қы
туралы
туыстарымыз
немесе
көршілеріміз арқылы өзіміз біліп аламыз.
Әкімдікке барсақ, қызметкерлері жәр-
демақы жоқ деуі мүмкін, ал мен мұны
жоққа шығара алмаймын немесе қайтадан
сұрай алмаймын, бәлкім, бірдеңені дұрыс
түсінбейтін шығармын?»
Зерттеу, сондай-ақ, кейбір отбасыларда
мүгедектікке қатысты ұялу сезімін анықтады,
нәтижесінде кейде мүгедектікке диагноз
қойылмайды немесе тиісінше шаралар
қолданылмайды. Осыған қатысты екі ұсыным
беріледі:
1. Өмірлік қиын жағдайда қалған отабсы-
ларды анықтау үшін ақпараттандыру шара-
ларын көібрек жүргізу қажет.
Бұрынырақта айтылып кеткендей, әлеуметтік
қызметтердің ақпарат тарату қабілетін
күшейту ұрымтал отбасылардың анықтаудың
және оларға қолдау көрсетудің ең тиімді
құралы болып табылатынға ұқсайды.
2. Әлеуметтік қызметтерге өтініш беру тәрті-
бі туралы отбасылар біле алатын мәліметпен
қамтамасыз ететін жария, бірыңғай ақпарат
беру орны болуы қажет.
Ақпарат қандай да болмасын түрде өмірлік
қиын
жағдайда
қалған
отбасыларға
қолжетімді болуы тиіс. Мұндай ақпаратқа
келесілер кіреді: кім қызмет алуға құқылы;
қандай құжаттар керек; қайда өтініш беру
керек және өтініш берудің түрлі сатылары.
Уақытқа және қашықтыққа қатысты
факторлар үй шаруашылықтарын
өтініш беруден және қызметтерді
пайдаланудан тежейді немесе қажетті
көмек алу кезінде қолайсыздықтар
тудырады.
• Сауалнама кезінде өтініш беруге көп уақыт
кететіндіктен, өздерін құқылы деп санаса
да, өтініш бермеген үй шаруашылықтары
шамамен 10%-ды құрайтынын анықтады.
• Адамдар өтініш беруге 32-120 күн
аралығында уақыт жұмсаған және осы уақыт
ішінде өтініш беретін орынған алты ретке
дейін барған (Диаграмма 2)
• Өтініш бермегендердің 30%-ы себептер
арасында қашықтық факторын да атады.
8
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергіле
Диаграмма 2:
Арнаулы әлеуметтік қызметтер санатына өтініш беру барысы мен рәсімдеуіне
кеткен күндер саны
02
04
06
08
0
100
120
140
Ұсыным 2:
Жаңа қызметтерге инвестиция
жұмсаумен қатар, адамдарға қазір
көрсетілетін қызметтерге оңайырақ
қол жеткізу мүмкіндігін беру үшін
жүйені жетілдіруге инвестиция
жұмсау қажет.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге өтініш
берудің түрлі сатылары бар, олар сұратылған
қызмет түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы,
мүгедек балалары бар ата-аналар алдымен
балаларына диагноз қойдыруы тиіс, ол үшін
бала бірнеше апта бойы ауруханаға жатып
шығуы қажет болуы мүмкін, содан кейін
медициналық
куәландыру
комиссиясы-
нан, егер педагогикалық қажеттіліктері
болса, арнайы оқытуға жолдама берумен
айналысатын екінші комиссиядан өтуі тиіс.
Әр сатыда құжат тапсыру сияқты түрлі
әкімшілік талаптар бар. Кейбір респонденттер
әлеуметтік қызметкерден көп көмек көргенін
айтты, бірақ, көпшілігі барлығы өздері, кейде
отбасының және достарының көмегімен
жасағандай әсер қалдырды. Өтініш берушілер
жүйенің ойлы-қырлы иірімдерінде адасып
қалмауы үшін қолдау көрсету керек.
Осыған байланысты жүйенің тек техника-
лық компоненттеріне, яғни қызметтердің
көрсетілуіне ғана емес, сондай-ақ, адам-
дардың жүйенің ішінде жүру тетіктеріне де
стратегиялық тұрғыдан көбірек инвестиция
салу керек. Басқаша айтқанда, de Savigny
and Adam (2009) бойынша «Бір төбе кірпіш
жарамды ғимарат тұрғыза алмайтын сияқты,
жалғыз құрылыс кірпіштері тұтастай бір
жүйені құрай алмайды. Кірпіштер арасында
көптеген түрлі қарым-қатынастар мен
өзара байланыстар болуы керек – біреуі
басқаларына қалай әсер және ықпал етсе,
басқалары, өз кезегінде, оған өз әсері мен
ықпалын тигізеді – осының нәтижесінде
кірпіштер бір жүйені құрап шығады».
Осы
жағдайда
кірпіштер
арасындағы
«цемент» жетіспейді, яғни, өмірлік қиын
жағдайда қалған отбасылар балаларының
қажеттіліктеріне өтейтін түрлі комиссиялар
және қызметтер арасында қиналмастан жүре
алуын қамтамасыз ету үшін көбірек жұмыс
жасау қажет екенін білдіреді.
1. Жүйенің тиімділігін арттыру
Көптеген ата-аналар куәландыру комис-
сияларына бару міндеттілігінен туындайтын
қолайсыздықтарды және кей жағдайда баланы
комиссияға алып келу талап етілетіндіктен,
комиссияға бара алмай қалатындықтарын
айтты. Шынымен, кейбір респонденттердің
жолы болып, комиссияға баласымен бара
алмайтындықтан, жергілікті маман олардың
Әлеуметтік -педагогикалық
Әлеуметтік-психологиялық
Әлеуметтік-медициналық
Әлеуметтік-тұрмыстық
9
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергіле
атынан комиссияға барған. Бұл қалыпты
жағдай емес, бірақ, ата-аналар үшін жергілікті
дәрігердің баланы тексеріп шығып, оның
атынан комиссияға қатысу мүмкіндігін
беру қисынды сияқты. Ал балаларына
медициналық диагноз қойылып үлгерген ата-
аналар неліктен балаларына медициналық
куәландыру комиссиясына апаруы тиіс екенін
түсінбейді. Ата-аналар, сондай-ақ, бала
ауыр мүгедектік түріне шалдыққанда және
жағдайы өзгеруін мүмкін болмаған жағдайда
мүгедектікті екі жыл сайын қайта куәландыру
керексіз екенін жеткізді.
2. Тексеру комиссияларына және арнаулы
әлеуметтік қызметтерге бару үшін көлік
тасымалын жетілдіру
Балалар комиссияға немесе қызмет көрсету
орнына жету үшін арнайы көлікке сенім
артқан жағдайларда қосымша қиындықтар
туындаған. Ата-аналар орынды қысқа мерзім
ішінде тапсырыс беруі керек инватакси
қызметі іс жүзінде а) бос орын жоқ, b)
жеткілікті қаржыландырылмаған және кейбір
жағдайларда c) мүлдем көрсетілмейтін болып
шыққан. Қызметке іс жүзінде қол жеткізе алу
жүйенің тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік
тудыратын «цементтің» өмірлік маңызы бар
бөлігі болып табылады. Балаларды комиссия
алдына алып келу мәселесін икемдірек ету
керек немесе комиссиядан өтуге апаратын
көлік әрдайым дайын тұруы және арзан
немесе тегін болуы керек. Балаға күтім
көрсетушінің жол шығындары өтелмейді,
сондықтан, үй шаруашылығының қаражатына
салмақ түседі.
3. Әлеуметтік қызметкерлердің рөлін
нақтылау және күшейту, әрі олардың еңбегіне
тиісінше ақы төлеу қажет.
Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі
басымдылықтарының бірі – әлеуметтік
қызметкерлердің рөлі мен қызметтерін
күшейту. Дұрыс даярланса, әлеуметтік
қызметкерлер аса маңызды қызметтерді,
соның ішінде, ақпарат тарату, өмірлік қиын
жағдайда қалған отбасыларды анықтау үшін
хабардар ету, қызметтерге жолдау және қол
жеткізуді жеңілдету, әрі жүйелі мониторинг
міндеттерін атқара алады. Практик дә-
рігерлер білікті әлеуметтік қызметкерлер
тапшы екенін және осы салада білімді
мамандарды тарту қиын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкер тым
көп клиенттерге, әр-алуан салада қызмет
көрсететіні, сондықтан, жұмысын ұқыпсыз
және күрделі етіп жіберетіні туралы айтылды.
Егер әлеуметтік қызметкерлерге өмірлік
қиын жағдайда қалған отбасыларды анықтау
және олардың қажеттіліктеріне қарай қолдау
көрсету тұрғысынан қазіргіден де маңыздырақ
сектораралық рөл берілсе, онда әлеуметтік
қызметті кәсіби деңгейге көтеру қажет.
4. Өмірлік қиын жағдайда қалған түрлі
отбасыларға арналған қызметтерге
инвестиция салуды жалғастыру қажет.
Қаражатты арнаулы әлеуметтік қызметтер
бүкіл ел аумағында жеткілікті көлемде
қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін сол
арнаулы әлеуметтік қызметтерді қолдауға
тікелей жұмсалуы тиіс. Бұл, әлбетте, бір
күнде бола қалмайды, қадам-қадаммен орын
алуы керек. Ұзақмерзімді келешекте білікті
қызметкерлерді жалдауға және даярлау-
ға, ауылдық жерлерді инфрақұрылыммен
қамтамасыз етуге қомақты қаржы мен көп
күш керек.
Қызметтерге қолжетімділік түрлі ұсынысқа
қатысты факторлардың, соның ішінде,
жеткілікті даярлығы бар қызметкерлердің
жоқтығынан және сондай мамандарды сақтап
қалудағы қиындықтардан, атап айтқанда,
жалақының аздығынан, және сұранысты
қанағаттандыра алатын инфрақұрылым мен
құрал-жабдық жоқтығынан шектелген. Ең
бастысы, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау
және даярлау үшін, әрі құрал-жабдықты
уақытылы ұсыну үшін қаржылық ресурстарды
қайта үлестіру қажет.
Мүгедектікке қатысты стигма ата-а-
наларды балаларына көмек сұрауға
құлықсыз етеді.
• Көптеген ата-аналар баласының мүгедек
болуына байланысты стигма құрбанына
айналғанын сезінетінін жеткізді, осы жайттың
олардың жанына бататыны соншалық, олар
10
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергіле
баласының мүгедек екенін мойындауға
құлықсыз немесе тіпті мойындаудан бас
тартады. Біздің ойымызша, бұл үйде балаға
лайықты күтім көрсетуге кедергі болады.
• Көбінесе мектеп мәселені анықтап,
ата-аналарды әрекет етуге итермелейді.
Сондықтан, мектепке дейін балалар кішкентай
кезінде емдік шаралардың және оңалту-
сауықтыру қызметтерінен қағылып отырады.
Ұсыным 3:
Қоғамдағы көзқарасты өзгерту үшін және
мүгедектікке қалыптандыруға көмектесу
үшін қоғамда түсіндіру жұмыстарын жүргізу
қажет.
1. Мүгедектікке оң көзқараспен қарауды
ынталандыру
Қоғамның мүгедектікке деген көзқарасын
жақсарту мүгедектікпен өмір сүретіндер
үшін пайдасы мол болады және уақыт өте
келе, балалардың бойындағы мүгедектік ата-
анасының ұялып-қымсынуы кесірінен елеусіз
және емсіз қалу ықтималдығын азайтады.
Сайып келгенде, балалар ерте алдын алу және
оңату-сауықтыру қызметтеріне қол жеткізе
алады дегенді білдіреді, мұндай қызметтер,
кейбір жағдайларда, ерекше қажеттіліктердің
кейбір түрлерін қанағаттандыруға көмектесе
алады. Қоғамда мүгедектікке қатысты
көзқарасты өзгерту үшін ағарту-түсіндіру
жұмыстарын жүргізу қажет.
2. Мүгедектікке қатысты стигманың бетін
қайтару үшін ақпарат тарапту жұмыстарында
әлеуметтік қызметкердің нақты рөл атқаруын
қарастыру қажет.
Әлеуметтік
қызметкерлердің
арнаулы
әлеуметтік қызметтер алуға құқылы болуы
мүмкін үй шаруашылықтарын белсенді
анықтау қажет болғанымен қоса, адамдар
белгілі бір қызметтерді қажет ететінін және
қандай қызметтер бар екенін өз бетінше
анықтай алуы үшін төменнен жоғары қарай
бағытталған әдісті қолдану қажет. Осы
жағдай ата-аналарды көмек іздеуге қалай
итермелеу және хабардар ету туралы кейбір
ұсыныстармен бірге сипатталған:
«Ата-аналар диагнозды білгенде шынымен
есеңгіреп қалады. Кейбір ата-аналар
күйзеліске түсіп кететіні соншалық, бір-
екі жыл бойы өз-өзіне келе алмай жүреді.
Ата-аналар осы ойға үйреніскенше біраз
уақыт өтеді. Ондай балаға көмек неғұрлым
ертерек көрсетілсе, тезірек оңалып
кетеді. Ондай ата-аналарға көмек керек,
оларға баласына қалай көмектесу керек
екені туралы көбірек ақпарат керек...
Министрлік қазір веб-сайт ашқысы келеді,
сонда ата-аналар осындай жағдайда не
істеу керек екенін білетін болады. Кейбір
ата-аналар оңалту орындары бар екенін
білмейді. Бәлкім, теледидар арқылы
бейнебаяндар көрсету керек шығар, веб-
сайт ашу керек шығар. Барлық ата-аналар
Ғаламторды қолданбайды, яғни, басқа
бірдеңе керек, әлеуметтік бейнебаяндар
керек, сонда олар не істеу керек екенін
білетін болады» PPCO Директоры.
Әлеуметтік қызметкерлер қоғамдық стигма
кесірінен ата-анасы мүгедектігі бар екенін
мойындамауы мүмкін балаларды анықтауда
аса маңызды рөл атқара алады.
11
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергіле
«Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол
жеткізудегі кедергілер», ЮНИСЕФ 2017 есебі негізінде Люси Скотт, Джоджина Стердж және
Бабкен Бабаджанянмен дайындалған.
Сілтемелер
Бабаджанян Б., Хаген-Занкер, Дж. И Х. Саломон (2015) Анализ социальных трансфертов для
детей и их семей, ЮНИСЕФ: Астана.
Карраро Л., Роджерс Дж., Рыжикова С. и Серикбай Д. (2016) Техническая поддержка
в улучшении проекта программы целевых денежных переводов для быстрого реагирования
на потребности семьи с детьми, окончательный отчет, OPM: Оксфорд.
Кастаньеда T. и Линдерт K. с Б. де ля Брьер, Фернандес Л., Хуберт C., Ларраньяга O.,
Моника Орозко, и Р. Вигьез (2005) Проектирование и реализация систем целенаправления
домохозяйств: Уроки, извлеченные из опыта Латинской Америки и Соединенных Штатов,
Вашингтон, DC: Всемирный банк.
Дэ Савини, Д. и Адам Т. ред., 2009. Системное мышление для укрепления систем
здравоохранения. Всемирная организация здравоохранения.
Международная организация труда (2012): Методология определения минимального
прожиточного минимума в Казахстане: пути и подходы к совершенствованию. Международная
организация труда.
Кудельбаева A. and Барриентос A. (2017) Десятилетие сокращения бедности в Казахстане
2001-2009: Рост и/или перераспределение? Журнал международного развития
Достарыңызбен бөлісу: |