ҚР Өнеркәсіп салаларында еңбек өнімділігін арттырудың негізі факторлары



жүктеу 58,37 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.12.2017
өлшемі58,37 Kb.
#2780


Е.Н. Шаяхметов 

 

ҚР ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ 

 

НЕГІЗІ ФАКТОРЛАРЫ

 

 

Көптеген  кәсіпорындарда  экономикалық  талдау  жасаған  кезде  көбінесе  топтық  факторлар 

бойынша еңбек өнімділігінің өсуін талдау әдістемесін қолданады. Бұл талдаудың мәні белгілі бір 

фактор  немесе  топ  факторлар  алынып,  олардың  еңбек  өнімділігінің  өсуіне  әсерін  жұмыс  күші 

арқылы есептейді. 

Факторлар  бойынша  еңбек  өнімділігінің  талдауы  жалпы  түрде  жүргізіледі.  Ал  ішкі 

өндірістік  резервтердің  топтары  бойынша  еңбек  өнімділігін  талдау  нақты  болады.  Сондықтан  да 

екеуін 


де 

қолдану, 

талдауды 

терең 


жүргізуге 

және 


техникалық, 

технологиялық, 

ұйымдастырушылық,  психофизиологиялық,  әлеуметтік  шараларды  құрастыру  үшін  қажетті 

ақпаратты алуға мүмкіндік береді. 

Еңбек  өнімділігінің  көрсеткіштері  еңбек  үрдісінің  тек  сандық  жағын  көрсетеді.  Демек,  оны 

сапалы бағалау үшін жеке және ұжымдық еңбек нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін арнайы 

талдау қажет. Экономикалық тәжірибеде  еңбектің  сапалы нәтижесін талдау үшін негізгі  екі жағы 

бар.  Бірінші  жағдайда  жеке  жұмысшының немесе  ұжымның  белгілі  қиындық  бойынша  жұмысты 

орындаудың  әлеуетті  мүмкіндіктері  бағаланады.  Мұнда  жұмыскерлерді  аттестациялау  және 

жұмыс орындарын аттестациялау әдісі қолданылады. Екінші жағдайда өндірілген жұмыс бойынша 

бағаланады.  Еңбек  сапасы,  еңбек  қызметінің  нәтижесіне  тәуелді  еңбек  үрдісінің  жиынтық 

қасиеттері  деп  түсіндіріледі.  Бірнеше  кәсіпорындарда  еңбектің  сапалы  нәтижесін  бағалауда  көп 

факторлы талдау негізінде жүргізіледі. Факторлар негізінде: сапа категориясы бойынша өндірілген 

өнімнің  сапасы,  өнімді  тұтынудан  түскен  пікірлер  саны,  өндірістің  ырғағы,  өнім  ақауларының 

қысқаруы т.б. алынады.  

Әрбір  факторлардың  әсері  балл  немесе  индекспен  бағаланады.  Әрбір  фактордың  жалпы 

еңбек нәтижесіндегі үлесі  есептелінеді. Әрбір индекстің максималды мәні бірге тең. Демек, жеке 

факторлардың еңбек нәтижесінің сапасындағы үлесі бірден аз санмен белгіленеді. 

Нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіпорынның  еңбек  көрсеткіштерін  жобалау  өндірілген 

өнім құрылымының және көлемінің жылжуымен байланыстылығы өте маңызды [1]. 

Мұндай  болжамдарды  тапсырыс  портфеліне  байланысты,  ал  тұрақты  өндіріс  кезінде  бір 

жылға  құру  керек.  Кадрлар,  еңбек,  еңбекақы  бойынша  болжамдарды  құрмай-ақ  өндірісті  басқару 

қиын.  Осыған  байланысты  кәсіпорынның  экономикалық  қызметі  нарық  конъюктурасының 

өзгеруіне  оперативті  жауап  беруі  керек.  Еңбек  өнімділігін  болжау,  орташа  өнім  шығару  деңгейі 

мен  базистік  жылмен  салыстыруда  өнім  өндірісінің  еңбек  сыйымдылығын  (және  де  бұл  кезде 

натуралды  көрсеткіштерді  құндық  көрсеткіштерге  қарағанда  пайдалану  жөнді  болады) 

қалыптастыру  ретінде  көрсетіледі.  Көтерме  бағалардың,  өндіріс  номенклатурасының,  өнімнің 

жеке  түрлері  көлемінің  тез  өзгеруі  еңбек  өнімділігінің  өсуін  құндық  нормативтер  негізінде  дәлді 

болжау  мүмкін  емес.  Демек,  нарық  конъюктурасының  өзгеруі  кезінде,  еңбек  өнімділігінің 

натуралды көрсеткіштері алынуы тиіс.  

Еңбек  өнімділігі  өсуінің  мүмкіндігінің  барлық  экономикалық  дәлелдеудің  мағынасы:  еңбек 

өнімділігінің  базалық  деңгейі  бойынша  ӨӨП-дың  санын  және  жоспарланатын  өнім  өндірісінің 

көлемін  анықтау,  содан  кейін  белгілі  бір  фактордың  әсерінен  мүмкін  болатын  еңбек  үнемділігін 

анықтайды. Еңбек үнемділігінің мүмкін көрсеткіші еңбекті адам-жыл сомасында көрсетіледі.  

Еңбек өнімділігінің өсуін болжамдаған кезде келесі факторлар жіктелуін қолдану орынды:           

1.  Өндірістегі құрылымдық өзгерістер:  

 

жалпы  өнім  көлеміндегі  жеке  өнім  түрлерінің  немесе  өндірістің  үлес  салмағының 



өзгерісі. 

2.  Өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату: 

 

өндірістік үрдістердің кешенді механизациясы мен автоматизациясы, озат технологияны 



ендіру; 

 

қызмет жасап отырған жабдықтардың механизациясы; 



 

бұйымдардың  құрастырушылық  және  технологиялық  сипаттамаларын  өзгеруі,  өнімнің 

сапасын жоғарылату; 

 

материалды, отынды, энергияны қолдануды жақсарту; 



 

шикізаттың,  материалдың,  отынның,  энергияның  қолданылып  жүрген  түрлерінің  тиімді 

жаңа түрлерін енгізу немесе ауыстыру. 



3.  Басқаруды, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру: 

 

өндірісті басқаруды жетілдіру; 



 

қызмет көрсету нормалары мен аймақтарын көбейту; 

 

жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту; 



 

ақаудың залалын қысқарту; 

 

нормалар мен өнім шығаруды орындамайтын жұмысшылар санын азайту. 



4.  өнім өндірісінің көлемін өзгерту: 

 

өндірістегі жеке өнім түрлерінің үлес салмағын өзгерту. 



5.  Жаңа кәсіпорындарды енгізу және меңгеру. [2] 

Материалдық-техникалық  факторлар  жаңа  техниканы,  прогрессивті  технологияны,  шикізат 

пен  материалдың  жаңа  түрлерін  қолданумен  байланысты.  Өндірісті  жетілдірудің  міндеті  былай 

шешіледі: 

 

Құрал-жабдықтарды модернизациялау; 



 

Моральді тозған құрал-жабдықтарды жаңасымен ауыстыру; 

 

Өндірістің  механизациялық  деңгейін  жоғарылату:  қол  жұмыстарын  механизациялау, 



кіші  механизация  құралдарын  енгізу,  цехтар  мен  учаскілерде  механизациялау  жұмыстарының 

кешенділігі; 

 

Өндірістің автоматизациясы; 



 

Жаңа прогрессивті технологияларды енгізу; 

 

Жаңа шикізат түрлері мен прогрессивті материалдарды қолдану. 



Материалды-техникалық  факторлар  өте  маңызды,  себебі  олар  затталған  еңбектің  үнемін 

қамтамасыз  етеді.  Ұйымдастырушылық-экономикалық  факторлар  еңбекті,  өндірісті  және 

басқаруды 

ұйымдастыру 

деңгейімен 

анықталады. 

Оларға 

өндірісті 



басқаруды 

ұйымдастырылуының  жетілдіруі  жатады:  басқару  аппаратының  құрылымы,  өндірісті  басқару 

жүйесі, өндірісті басқарудың автоматизацияланған жүйесін енгізу мен дамыту. 

Әлеуметтік-психологиялық 

факторлар 

еңбек 


ұжымдарының 

сапасымен, 

олардың 

әлеуметтік-демографиялық  құрамымен,  дайындық  деңгейімен,  еңбек  белсенділігімен,  моральді-

психологиялық  климатты  қалыптастыратын  бөлімшелерді  және  жалпы  кәсіпорынды  басқару 

стилімен  анықталады.  Табиғи-климаттық  факторлар  өндірістің  жұмыс  істеуі  барысына  маңызды 

әсер етеді. Бұл факторлар құрылыс үрдісін жобалаудың алғашқы кезеңінде есепке алынуы тиіс.  

Саяси  және  заңдылық  факторлар  салық  салудың,  инвестициялаудың,  лицензиялаудың, 

кедендік реттеу және т.б. үрдістерін реттейді, халық шаруашылығының барлық салаларының даму 

бағыттарын анықтайды. 

Меншік  факторы.  Өндіріс  құралдарына  және  еңбек  нәтижелеріне  меншік  формаларының 

өзгеруімен  байланысты  мемлекеттегі  экономикалық  мезанизмнің  өзгеруінің  қазіргі  жағдайында, 

кәсіпорын  экономикасы  да  үлкен  өзгерістерге  ұшырады.  Бұл  кәсіпкерлік  және  бәсекелестік 

базасында жаңа экономикалық қатынастарға алып келеді [3]. 

Жоғарыда  аталған  барлық  факторлар  өзара  тығыз байланысты,  сондықтан  да  олар  кешенді 

түрде  зерттелуі  керек.  Бұл  әрбір  фактордың  әсерін  дәл  бағалау  үшін  қажет,  себебі  олардың  әсері 

бірдей  емес.  Олардың  кейбіреулері  еңбек  өнімділігінің  тұрақты  өсімшесін  берсе,  басқалардың 

әсері өтпелі болып қалады. 

Еңбек  өнімділігі  —  динамикалық  көрсеткіш.  Оның  тек  өзінің  алға  басушылық  өзгерісінде 

мәні  бар.  Нақ  еңбек  өнімділігінің  артуы  ел  көлемінде  экономикалық  өсу  мен  экономика  дамуын 

қамтамасыз ететін негізгі шарт болып табылады.  

Еңбек  өнімділігі  көптеген  факторларға  байланысты.  Еңбек  өнімділігінің  факторлары  –  бұл 

осы  көрсеткіштің  өзгеруіне  себепкер  болатын  объективті  және  субъективті  себептер.  Оларды 

еңбек өнімділігін арттырудың қоры ретінде де қарауға болады.  

Еңбек  өнімділігін  арттырудың  рөлі  мен  оның  негізгі  факторларының  классикалық 

анықтамасын  А.  Смит  «Халық  байлығының  табиғаты  мен  себептері  туралы  зерттеу»  еңбегінде 

берілген.  Ол  «кез  келген  халықтың  жер  мен  еңбегінің    жылдық  өнімі,  басқаша    оның  өндіруші 

жұмысшылары  мен  әлдеқашан  жұмыс  істеп  жатқан  өндіруші  күштердің  санын  арттыру  арқылы 

капиталды,  яғни  қорды  ұлғайту  нәтижесінде  немесе  жұмыс  істеушілерді  өте  тиімді  бөлу  және 

тарату нәтижесінде ұлғаюы мүмкін » деп жазды. [4] 

Еңбек өнімділігі факторлары мынадай топтарға бірігеді:  

1  топ  –  негізгі  капитал  факторлары.  Оның  рөлі  инвестициялар  мен  ұзақ  мерзімді 

материалдық  активтердің  сапасы  мен  даму  деңгейімен  және  пайдалану  дәрежесімен 

байланыстырылады.  Бұл  факторлар  еңбекті  механизациялау  және  автоматтандырумен,  алдыңғы 




қатарлы  технологияларды  енгізумен  және  тиісінше  сапалы  және  тиімді  материалдарды 

пайдаланумен  байланысты.  Бірақ  затқа  айналған  еңбектің  өсуі  бұл  факторлардың  ықпал  етуі 

есебінен  қол  жеткізілген  жұмыс  көлемінің  өсімінен  асып  түспеуі  тиіс.  Алайда,  негізгі  капиталды 

ұлғайту есебінен қол жеткізілген  жұмыс көлемінің өсімін өте дәл анықтау қиын, себебі қызметтің 

кез келген түрі негізгі қорлармен, олардың құрылымымен және қолданылатын технологияларымен 

тығыз байланыста.  

2 топ – әлеуметтік – экономикалық факторлар. Бұл жұмысшылардың құрамы мен біліктілігі, 

еңбек  шарттары,  ұлт  денсаулығы,  қызметкерлердің  еңбекке  көзкарасы  және  т.б.  Бұл  топта 

қызметкерлер  құрамы  мен  еңбек  сапасы  ерекше  рөл  атқарады.  Әрі  әрбір  тұлғаның  жалпы 

жиынтық еңбекке үлесі бірдей емес: біреулері ұжымда әрқашан орташа мәннен көп, ал екіншілері 

орташадан  аз  өндіреді.  Алайда  еңбек  өнімділігін  есептеудің  қазіргі  пайдаланылып  жүрген 

ұжымдық  әдістері  мұны  ескермейді.  Жекеленген  жұмысшының  еңбек  өнімділігі  оның 

қабілеттілігіне,  шеберлігіне  біліміне,  жасына,  денсаулығына  және  бірқатар  басқа  да  себептерге 

байланысты.  Еңбек  өнімділігі  тұрғысынан  жұмыс  қабілеттілігі  мен  еңбек  жемістілігі  орташа 

мәннен  айтарлықтай  жоғары  «өз»  жұмысшысын  табу  маңызды.  Жұмысшылардың  мұндай 

іріктеуіне еңбек сапасын бағалау және кәсіби іріктеу жүйесі көмектеседі.  

3  топ  –  ұйымдық  факторлар.  Олар  еңбекті  ұйымдастыру  мен  басқару  қызметкерлер 

менеджменті  жөніндегі  шаралар  кешенін  қамтиды.  Экономиканың  дамуымен  факторлардың  бұл 

тобының  рөлі  арта  түседі.  Еңбекті  басқару  мен  ұйымдастыру  ұғымы  кәсіпорынның  өлшемі  мен 

тұрған  орнын  таңдаудан,  кооперациялаудан,  өндірісті  ұйымдастыру  формасы  ретінде  мамандану 

мен  қиыстырудан,  сызба,  құрылым  және  кәсіпорында  басқару  стилінен,  оның  бөлімшелерінің 

қызметтік  міндеттерін  анықтаудан  тұрады.  Ұжымдағы  өзара  қарым-қатынас  пен  еңбек  тәртібіне 

әсер  ететін  факторлар  ерекше  топты  құрайды.  Бұл  біріншіден  қызметкерлердің  мақсатты 

міндеттеріне,  жұмысшылардың  мінез-құлқы  мен  ұжымдағы  микроклиматқа  ықпал  ететін 

жұмысшылардың 

құндылықтар 

жүйесі 

және 


өзара 

іс-қимыл 

қағидалары; 

екіншіден, 

жұмысшыларды белсендіру шамалар; үшіншіден, басқарушылық шешімдердің орындалуына және 

қателер мен есептегі жаңылысуларды түзетуге бақылау шаралары [5]. 

Еңбек  өнімділігінің  көрсетілген  факторларының  әрекеті  объективті,  соның  ішінде  табиғи 

және  қоғамдық  әрекет  шарттарымен  байланысты.  Олардың  ішінде  сондай-ақ  климаттық 

жағдайлар  мен  елдің  табиғи  байлығының,  оның  қоғамдық  дамуын  саяси  өмірі  мен  халықтың  әл-

ауқат деңгейін атап өту керек.  

Кейбір авторлар еңбек өнімділігі факторларын тағы да мынадай түрде бөлуді ұсынады:  

 

жанды  және  затқа  айналған  еңбектің  өсуі  факторлары.  Факторлардың  мұндай 



дифференциациясы  еңбектің  қалыпты  үдемелі  аясында  күшейту  резервтерімен  және  негізгі 

капитал үлесін арттыру шараларымен байланысты.  

 

Іс-қимыл  уақытымен  себепші  болған  еңбек  өнімділігінің  өсу  факторлары.  Бұл  топта: 



айтарлықтай  инвестицияны  қажет  етпейтін,  ұйымдық  –  техникалық  шаралармен  байланысты, 

ағымдағы  факторлар:  техника  мен  технологиядағы  түбегейлі  түрленулермен  байланысты, 

перспективалық факторлар; Соңғысының іс-әрекеті уақыттың ұзақ кезеңіне есептелген (әдетте бір 

жылдан көп).  

 

Экономикадағы  рөлі  және  алатын  орнымен  байланысты  факторлар:  жалпы 



экономикалық, сала аралық және салалық, фирма ішілік, жұмыс орындағы. Жалпы экономикалық 

факторлардың  іс-әрекеті  еңбектің  қоғамдық  бөлінуімен,  оның  ішінде  халықаралық,  еңбек 

қорларының  барлығымен  және  пайдалануымен,  өндіріс  құрылымымен  байланысты.  Еңбек 

өнімділігі өсуінің сала аралық және салалық факторлары өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктерімен 

–  оның  мамандануымен,  шоғырлануымен  және  қиыстыруымен,  өндіріс  аралық  кооперациямен 

байланысты. Жұмыс орындағы еңбек өнімділігінің өсу факторлары бәрінен бұрын жұмыс уақыты 

шығынын жою және оны өте тиімді пайдалану шаралары кешенінен тұрады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1. 

Экономика труда / Под ред. В. В. Адамчука. М.: Финстатинформ. 2003. 42-56с.                               



2. 

Яковлев  Р.,  Федорова  М.  Формирование  и  порядок  определения  цены  рабочей  силы  //  Человек  и 

труд. 2001. № 1. 

3. 

«Экономика  негіздері  сызбаларда  және  кестелерде»  Сапарбаев.  Ә.Ж.,  Мақұлова.  А.Т.,  Шәріпова. 



Б.Д. Алматы 2008ж, Бастау 

4. 


Байзаков  С.Б.  Глобальная  конкурентоспособность:  экономические  индикаторы  и  инструменты 

анализа / Под ред. Жусупбековой А.Р., Уразбаева К.А. – Алматы: НЦ НТИ, 2007. – 292 с.  




5. 

Байе  М.Р. Управленческая  экономика  и  стратегия  бизнеса:  Учеб.  пособие  для  вузов  /Пер.  с  англ. 

под ред. А. М. Никитина. — М.: ЮНИТИ, 1999. — 743 с.: ил.  

 

Резюме

 

В  этой  статье  рассмотрены  основные  факторы  повышения    производительности  трудав  сфере 

промышленности РК. 

Summary 

In this article the basic factors of increase  of the labour productivity are

 considered in the field of industry of 

РК. 


 

 

Алматы гуманитарлы-техникалық университеті                                       Түскен күні  06.06.12 г. 

 

жүктеу 58,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау