«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



жүктеу 4,63 Mb.
бет1/30
Дата01.01.2018
өлшемі4,63 Mb.
#6819
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ

(3 ЖАСТАН БАСТАП 5 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ)

БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН

«ЗЕРЕК БАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫНА

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Астана 2009

Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық - Астана, 2009. - 185 б.

Құрастырушылар: Т.М. Калашникова, Г.Н. Новогренко, Н.И. Матвиенко, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының Қостанай филиалының мамандары

Рецензенттер:

Н.Н. Ниязбаева - педагогика ғылымдарының докторы, ҚМУ-нің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі

Р.К. Сандыбаева - Қостанай облысы, Ұзынкөл білім беру бөлімінің бас маманы

О.И. Шипунова - Қостанай қаласы, №14 балабақшасының тәрбиешісі
Берілген әдістемелік нұсқау ҚР МЖМБС-2008 бағдарламалық-әдістемелік кешенінің бөлігі болып табылады және 3-5 жастағы балалармен «Зерек бала» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын педагогтерге арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2009


МАЗМҰНЫ





Түсіндірме жазба







Әдістемелік тәсілдер







«Денсаулық» білім беру саласы







«Қатынас» білім беру саласы







«Таным» білім беру саласы

68




«Шығармашылық» білім беру саласы

103




«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

143




Қолданылған әдебиеттер

161




Қосымша

162


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын нормативті-құқықтық (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, бағдарламалар) жетілдіру жағдайында педагогикалық үрдісті ғылыми-әдістемелік жағынан жаңарту көкейкесті мәселе болып отыр.

Педагогтерде бала қайталанбас жеке тұлға ретінде оның құзіретті дамуына ықпал ететін, ұжымды қажет ететін, өзін педагогтермен «ынтымақтастық педагогикасы» ұстанымына сәйкес ұйымдастырылған және бағытталған әртүрлі іс-әрекет арқылы байытуды қажет ететін, педагогикалық үрдістің біртұтастығы жөніндегі түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Зерек бала» бағдарламасының әдістемелік нұсқаулығы әзірленді.

Мақсаты: мектепке дейінгі балалар ұйымның кәсіби құзыретті, 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін меңгерген, жаңашылдық мүмкіндікке ие, шығармашылығын, өзін әрдайым жетілдіріп отыратын педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттер:

- педагогтің өз педагогикалық қызметін қайта ойластыруы;

- мектеп жасына дейінгі балалар мен педагогтердің жаңашыл педагогикалық іс-әрекетін ынталандыру және бағыттау;

- 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуге, үйлесімді дамытуға мүмкіндік беретін мектепке дейінгі балалар ұйымында сапалы білім беру ортасын құру;

- мектепке дейінгі балалар ұйымындағы білім беру процесін дидактикалық мақсат пен міндеттерді қолайлы шешуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялық режимге көшіру;

- 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі нәтиженің сапалы болуына қол жеткізу.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыру механизмінің маңызды бөлімі екі бағытта: балалардың тіршілік әрекеті мен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, кіріктірілген бес білім беру саласынан тұратын педагогикалық үрдіс болып табылады.

Әдістемелік нұсқаулықтың құрылым құрамдас бөлігі әдістемелік тәсілдер мен педагогикалық үрдістерді әдістемемен қамтамасыз ету болып табылады.

1. Әдістемелік тәсілдер педагогикалық үрдісте ұйымдастыру есебінен болатын бес білім беру саласында әзірленген.

Мектепке дейінгі балалар ұйымының жұмысын жаңа Мемлекеттік стандарт пен бағдарламалар негізінде ұйымдастыру іс-әрекет ұстанымдарын жаңартуды қажет етеді. Әдістемелік нұсқаулар төмендегі ұстанымдарға негізделеді:

- бала өмірін қатаң түрдегі реттеуден шеттеу;

- эксперимент жасау, ұжымдық әрекет түрлерін кеңінен қолдана отырып, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың әр түрін қолдану;

- баланың іс-әрекет түрлерін және мақсатқа жету жолдарын өз бетімен таңдауы;

- педагогтер үшін балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруда әдістемелік тәсілдерді қолдану.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптерін өзгерту баланы ақпараттты селқос қабылдаушы рөлінен біліктер мен дағдыларды белсенді меңгерушіге, оқыту және тәрбиелеу процесінің тең құқықты қатысушысына айналдырады.

Педагогикалық процесті ұйымдастыруға жаңаша тұрғыда қарау жолдары:

- педагогикалық процесті ұйымдастыруға шығармашылық тұрғыдан қарау;

- мектеп жасына дейінгі баланың физиологиялық ерекшеліктеріне және негізгі іс-әрекетіне сай келмейтін жаппай ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуден шеттеу;

- баланың даму деңгейіне ұдайы бақылау жүргізу, қорытынды жасау, әрі қарай жетілуін болжау.

Жаңа әдістер педагогикалық процесті ұйымдастырудың 3 негізгі дидактикалық принципінің жүзеге асыруын қарайды: бала ойыны, қарым-қатынасы, еңбегі, эксперимент жасау мен іздену іс-әрекеттері барысында іске асатын кіріктіру, саралау, дараландыру.

Әдістемелік нұсқаулар бес білім беру саласының барлық саласы бойынша перспективалық жоспарлармен бекітілген.

Жаңа календарлық-тақырыптық жоспарлау бірнеше қадамдарды қарастырады:

- білім, білік, дағдыларын мерзімге бөлу;

- берілген тақырып бойынша білім, білік, дағдыларының мазмұнын анықтау.

Жоспарлау төмендегідей белгілі бір нәтижеге қол жеткізуді қарастырады:

- балаларға білімді жеткізудің ақпараттық бөлімінің мазмұнын азайту;

- бала іс-әрекетінің процесінде біліктер мен дағдыларды меңгеруге бөлінетін уақыт мөлшерін көбейту.

Мұның барлығы мектепке дейінгі білім берудің сапасын жоғарылатуда технологиялық жағынан тиімді және дәстүрлі жолмен салыстырғанда оқыту сапасын жоғарылату және баланы дамытудың қолайлы жағдайын құрайды.

Жоспарлау шеңберінде оқыту сапасын басқару шарттарының бірі болып табылатын педагог іс-әрекетінің шығармашылық пен дербестік нышандары бар.

2. Педагогикалық процесті әдістемелік қамтамасыз ету.

Педагогикалық процесті әдістемелік қамтамасыз ету жаңа стандарт негізінде педагогикалық процесті жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша төмендегідей нормативтік-әдістемелік құжаттар нұсқаулықтарда ұсынылған:

- 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекетін бөлу үлгісі;

- оқу жұмыс жоспары;

- технологиялық карта.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетін бөлу үлгісі

Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін бір айға ІІ сәбилер тобы, ортаңғы топ, ересектер тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «кестесінің» үлгісі құрастырылады (қосымшаны қараңыз).

Кестені құрастыру барысында педагог балалардың жас ерекшелігі мен балалардың денсаулығына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің психикасы мен денсаулығына әсерін ескеру қажет.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бөлу барысындағы ең маңызды кезеңі бес білім беру саласын апта мен айларға дұрыс кезектестіру мен кіріктіруі болып табылады.
Оқу жұмыс жоспары

Оқу жұмыс жоспары жыл бойы бес білім беру саласында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің саны мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бөлу үлгісімен сәйкестендіруді қарастырады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің перспективалық жоспар үлгісі

Перспективалық жоспар үлгісі бала тұлғасын кешенді дамытуды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлаудың жүйелілік мәселесін шешуде көмектеседі.

Перспективалық жоспар үлгісі мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктері ескерілетін, олардың әртүрлі жаста дамыту міндеттерін, ересектер мен балалардың өзара әрекет етудің ең қолайлы формасын, барлық білім беру саласын қамти алатын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің формасы мен мазмұнын таңдаудың негізі болып табылады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің перспективалық жоспар үлгісі бір жылдық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мөлшерін анықтайды.
Циклограмма

Циклограмма күн тәртібін (режим) және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін шамалып бөлу (кесте) негізінде бес білім беру саласын кіріктіру логикасында апта аясында бала әрекетін тиімді бөлуді қарастыратын матрица;

Педагогикалық процесті ұйымдастыруда педагог-тәрбиешілерге бес білім беру саласын кіріктіру шарттастығында педагогикалық процестің екі бағытын өзара байланыста және тұтастықта көру үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің және циклограмманың кестесін міндетті түрде сәйкестендіру қажет.
Технологиялық карта

Технологиялық карта — оқыту мен тәрбиелеу процесінде нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын және жаңғыртудың жоғары деңгейіне ие ұйымдастырыған оқу әрекетінің алгоритмі. Технологиялық карта педагог-тәрбиеші деңгейіндегі де, бала деңгейіндегі де оқу іс-әрекетін басқару кешенінен тұрады. Қандай да бір басқару әрекеттерінің сипаты оқу іс-әрекетінің кезеңдерімен байланысты.

Технологиялық карта бойынша жұмысты ұйымдастыру педагогтерді мотивациялаудың жақсы факторы болып саналады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ойынға айналады, оның барысында балалар ойлау, зейін, есте сақтау, сөйлеу және т.б. процесстердің жылдамдығын арттыру бойынша жаттығуларына болады.

Технологиялық картамен жұмыс алғашқы жылы педагогтерге қиынға соғуы мүмкін, алайда жинақталған жұмыс тәжірибесі, оқу материалдары кейінгі жылдарда педагогтерге түсетін салмақты айтарлықтай жеңілдетіп, жұмыстың тиімді болуына жағдай жасайды.

Алдағы уақытта тәрбиешілерде технологиялық карта мен циклограммадан тұратын өз каталогтары болады деп болжаймыз.

Сонымен қатар, педагог күнделікті және әр жыл сайын білім беру бағдарламалары негізінде карталарды тақырыптарды жоспарлы оқып-үйренуде қолдана алатынын атап өту қажет. Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындалуға кететін уақытты азайтып, бала оқытудағы педагог жұмысының сапасын арттыруға, денсаулығын сақтауға көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Осылайша, беріліп отырған технологиялық картаның үлгісі оқыту сапасын жақсартуды, педагогтің шығармашылықпен айналасуына уақыт бөлінуін қарастырады және олардың кәсіби біліктілік деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Технологиялық карта педагогке кез келген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне аз уақыт ішінде дайындалып, жоғары деңгейде өткізуіне мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі оқыту сапасын басқару ҚР МЖМБС-1.001-2009 белгілеген талаптарды орындаудың әдіс-тәсілдері, құралдары енетін біртұтас жүйе болып табылады. Мектепке дейінгі білімнің білім беру процесіне арнайы басқару құралын — циклограмманы, технологиялық картаны енгізу педагогтерге осы процесті өз бетінше педагогикалық процесті құруға және тақырыпқа, мақсатқа, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқауына сәйкес кез-келген әдістемелік элементтерді таңдауына мүмкіндік береді.

Педагогикалық процесті жаңадан құра отырып, педагог әр уақытта да, ең алдымен, балалардың дамуына көңіл бөлуді есінде сақтағаны жөн. Екіншіден, баланың қай жаста болмасын, біраз өмірлік тәжірибесі бар екенін жете түсіну керек. Балалық шақта алған әсер баланың есінде және жүрегінде сақталып қалады. Бала жанын қорғап, аялау керек. Баланың жақсы дамып, жетілуінің маңызды факторы жеке тұлғаның құндылықтарын, қажеттіліктерін қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде әлеуметтік институт (отбасы, балабақша, қоғам) тарапынан қойылатын талаптар мен нұсқаулардың маңызы ерекше. Мұның барлығы жеке тұлға ретінде балаларға қатысты, олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтары, өзі жөніндегі түсініктері назарға алынады. Ересектер балалардың ой-пікірімен, көзқарастарымен санасып, оларды тыңдай білгендері жөн. Әлеуметтік орта баланың кемшіліктеріне баса назар аудармай, жеке басының жағымды күшті жақтарына бағытталуы тиіс.

Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби білім берудің мән-маңызын «Бала өсіргің келсе дана жүректі, қатты ұста, үйрет білім мен ізетті» ұлағатты сөздерімен анық бейнелеген.

Ұсынып отырған әдістемелік жүйенің көп еңбектенуді қажет ететінін, іс-әрекетті ұйымдастырудың жоғары мәдениетін қажет етеді. Тәрбиешіге баланы күні бойы және осы күн ішінде көре білуге үйренгені жөн.

Педагог мектеп жасына дейінгі баланың бір күні оның қажеттіліктері: ойыны, танымы, өзін көрсетуі, қарым-қатынасы қанағаттандырылатын адам өмірі екенін түсінетініне біз сенім артамыз.

Әдістемелік тәсілдер
«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қазіргі уақытта бала денсаулығы білім беру процесінің мақсаты мен нәтижесі ретінде ғана емес, педагогикалық іс-әрекеттің сапасын және тиімділігін бағалау критерийі ретінде де қарастырылады. Денсаулық, физиология тұрғысынан алғанда, адам ағзасының әлеуметтік ортаға автономды реакциясы түріндегі бейімделу процесі ретінде қарастырылады. Физиолог А.В. Коробов «Денсаулық қоршаған ортаның түрлі жағдайларында адамға өмір сүруге, еңбектенуге, жағымсыз факторларға қарсы тұруға мүмкіндік беретін жай-күйі» деген анықтама береді.

Денсаулық - адамның негізгі және нағыз жетістігі. Әрине, денсаулық тек қана адамның ғана емес, сонымен бірге қоғамның да ісі. Адамдардың денсаулығы медицина мен денсаулық сақтауға ғана емес, өмірдің табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларына да байланысты. Медицина ғылымдарының докторы, профессор И.И. Брехманның пікірі бойынша «Адам денсаулығы - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық пісіп-жетілуінің, мәдениетінің және жетістігінің көрсеткіші, айнасы».

Әлеуметтанушылар адам денсаулығын денсаулыққа біртұтас жүйе ретінде көп әсер ететін жеке тұлғалық қасиеттер мен мәдениет призмасы арқылы қарастырады: адамның биологиялық қажеттілігін түрлендіреді, мінезін, өмір салтын, әдеттерін ретке келтіреді, қоршаған ортаға және өзіне қарым-қатынасын қалыптастырады. Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымы денсаулыққа «дене, рухани, әлеуметтік саулық» деген анықтама береді. Г.Л. Апанасенконың анықтамасы бойынша «денсаулық ағзаның түрлі қызметтерінің энергетикалық, иілімділік және реттеушілік қорларын анықтайтын, патогенді факторлардың әсеріне тұрақтылықпен және патологиялық процестің орнын толтыру қабілеттілігімен сипатталатын, сонымен бірге биологиялық және әлеуметтік қызметтердің негізі болып табылатын ағзаның біртұтас динамикалық жай-күйі».

Денсаулық компоненттері:

- соматикалық;

- әлеуметтік-тұлғалық;

- жеке психикалық;

- рухани адамгершілік.

Соматикалық компонент генотип, зат алмасу, дене дамуының деңгейі, конституция түрі, ағза жүйелерінің қызметінен тұрады.

Жеке психикалық компонент жеке тұлғаның эмоционалды-еріктік және интеллектуалдық саласы, мидың жарты шарларының доминанттылығы, темперамент және психиканың басқа да қасиеттерінен тұрады.

Әлеуметтік-тұлғалық компонент түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, әлеуметті бейімделуді (мақсат қою, қажеттіліктер, талаптану деңгейі мен дәрежесі) қаматамасыз ететін әлеуметтік шартталған адам психикасы қасиеттерінен тұрады.

Рухани-адамгершілік компонентті ғалымдар жеке тұлғалық компонент ретінде белгілемейді, өйткені адамның рухани жан-дүниесі жеке тұлға аясынан асып түседі.

Бала психикасының дұрыс даму көрсеткіштерінің ішінде негізгі және қосымша түрлері бар.

Негізгі көрсеткіштер:

- елегізу, есепсіз қорқыныш сезімі;

- кею, ашулану, ерегесу сезімі;

- жабыңқы жағдай;

- айыпты болу сезімі.

Бұл көрсеткіштерді бала психикасының қалыпты болуының негізі ретінде алуға болады. Бала психикасының қалыпты болуы үшін баланы өзін-өзі бағалауға, бақылауға үйреткен жөн, сонда ғана бала барлық жағдайларда өз бетімен жол таба алатын болады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулықты нығайтудың кешенді бағдарламасы — балалар мен қызметшілердің аман-есен болуы, денсаулығын сақтау саласындағы актілер, шаралар және әрекеттер; денсаулық саласындағы медициналық қызмет, балабақша ішіндегі салауатты орта және білім беру.



Баланың денсаулығын қалыптастыру орны бүгінгі күні, өкінішке орай, тәжірибелері көп жағдайларда жеткіліксіз ата-аналар да, ауру балалармен және аурулармен айналысатын медициналық мекемелер де емес, білім беру жүйесі болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі білім берудің мақсаты тек педагогикалық мақсат емес, сонымен бірге денсаулық сақтау тиімділігі: ағзаның тиімді қызметтік жай-күйін, балалардың жұмыс қабілеттілігінің тұрақты деңгейін сақтау (гигиенашы дәрігерлердің мәліметтері бойынша ауру балалардың жұмысқа қабілеттілігінің деңгейі сау балалармен салыстырғанда 1,5 есе төмен болады) болып табылады.

Ересектер (педагогтер мен ата-аналар) әрбір баланың дамуы мен өсуін оңтайландыру үшін барлық балалардың жоғары деңгейде дамуын қамти отырып, баланың, отбасының жағдайларына, экологиялық мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қарамастан бар күштерін салулары тиіс.

Теледидар, бейне, компьютерлік және бейне ойындарға көп уақыт жұмсау баланың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы екі жастан кіші балалардың бейне және теледидар алдында отыру уақытын қысқартуды және баланың ақыл-ойын дамыту үшін күнделікті қатынаста (ойын, әңгімелесу, ән айту, ертегі, әңгіме оқу) болуды, ал ересек жастағы балаларға күніне 1-2 сағаттан аспайтын балаларға арналған бағдарлама қарауды ұсынады.

Әдістемелік нұсқау бала психикасын, денесін және моторикасын дамыту сапасын қамтамасыз етеді.

«Денсаулық» білім беру саласындағы негізгі әдістемелік бағыттардың қысқаша мазмұны:

- балалардың бөлмеде, таза ауада дене қимылдарын жақсартатындай және ұзақ уақыт барысында қимыл-қозғалыстарына кедергі жасамайтындай қоршаған ортадағы қауіпсіздіктерін қамтамасыз етіңіз;

- балаларды спорт залында және таза ауада өтетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолдары оңай жететін, түрлі әрекет жасауға көмектесетін (биіктік, мөлшер, орналасқан жері) материалдармен қамтамасыз етіңіз;

- мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық процессте балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауап беріңіз;

- сақтандыру шараларына назар аударып, медициналық көмек көрсете отырып, балалардың денсаулығына қамқорлық жасайды; тиімді сапалы тамақтандыру мен күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, ойындар ұйымдастыруды қамтамасыз етіңіз;

- өз ұлтының және басқа ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетіне барабар бала денесінің дамуына жағдай жасаңыз;

- балаларға қауіпті жағдайлар мен зорлық-зомбылық көрсету тәрізді әлеуметтік жағдайларды түсінуге көмектесіңіз.
Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар

Бала денесінің дамуына әсер ететін қимыл белсенділіктерін қамтамасыз ету.

Дене жаттығулары мен қимылды ойындарға қызығушылықтарын қолдау.

Балаларды түрлі материалдар және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Құрал-жабдықтарды педагогикалық, гигиеналық және эстетикалық талаптарды есекере отыра таңдау және топ бөлмесінде орналастыру.

Қимылдау түрлеріне (лақтыру, көтерілу) жағдай жасау.

Дененің әртүрлі қалыпта қозғалуына жағдай жасау.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға лайық құрал-жабдықтар қолдану және оларға басшылық жасауға жағдай туғызу.

Қимыл белсенділігін арттырудың қауіпсіз болуы үшін қауіпсіз құрал-жабдықтарды қолдануға жағдай жасау.

Балаларға жаңа қимыл-қозғалыс дағдыларын (секіртпемен секіру, суда жүзу) меңгерту.

Заттармен ойындарды әзірлеу, заттарды лақтыруға, домалатуға және тосып алуға жаттықтыру.

Ересектер мен баланың арасындағы әрекеттерді құру. Мысалы, орындық, таяқша, қорап, құрсаулардан кедергілер құрастыру және тапсырмалар беру: «Қораптың, орындықтың астынан, таяқшаның жанынан жүгіріп өт».

Балаларға төбеден және айналмалы соқпақтан жоғары, төмен жүгіруді қамтамасыз ету.

Қалаға, көшеге серуенге шыққанда қауіпсіздікті және балаларды бақылауды қамтамасыз ету.

Балаларға құрдастарымен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызу.

Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және тосып алу, еңбектеу, өрмелеу сияқты қимылдардың негізгі түрлерін орындау барысында тұрақты дағдыларды қалыптастыру үшін мүмкіндік жасау.

Балалардың бұлшық ет күштерін қажет ететін әрекеттерге қатысу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету. Мысалы, бір аяқпен секіру, секіртпемен секіру, допты қағып алу, аласа кедергілерден аттау, қолынан келетін еңбек түрлеріне қатысу.

Ұсақ қол моторикасы

Баланы ұсақ қол моторикасы дағдыларын қолданатын әрекеттерге қатыстыру (дастарқан мәзірін дайындау, түймелерді іріктеу, карточкалық лото ойынын ойнау - бала заттарды ұстайтын, тексеретін, жинайтын, айналдыратын, бұрмалайтын және т.б. ойындар).

Баланың ұсақ қол моторикасы дағдыларын жетілдіретін күнделікті көркем әрекет түрлерімен айналысуға жағдай жасау. Мысалы, бор, қарындаш, қайшы, желім, заттаңбаларды ұсыну.

Қол мен көз қимылдарын үйлестіру әрекеттерін қатыстыратын ойын мүмкіндіктерін қамтамасыз ету (жиегін сызу, суретті аяқтау, суретті қайта салу, мозаика жасау және т.б).

Ересектер және басқа балалармен ойнау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Жалпы дамыту жаттығулары

Балалардың барлығы жаттығуларды бірдей қарқынмен және әрқайсысы жеке ырғақпен бірлесіп орындауы үшін мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау.

Ептілік, шыдамдылық, тепе-теңдік қалпын сақтауды қажет ететін қимылдарды орындауға жағдай туғызу.

Қол мен аяқ қимылдарын үйлестіру ойындарына қатысу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету.

Дененің бір жақ жартысы қатысатын қолдың, аяқтың, қолдың білегі, аяқ саусақтарының қимылдарын қамтамасыз ету.

Дене бітімін дұрыс ұстау, тепе-теңдік қалпын сақтау, сапта тұрғанда өз орнын табу және қимылдың мәнерлілігін, иілімділігін, билеу, еркін жүру және жүгіруді дамыта отырып, дененің барлық бөліктері қимылдайтын би және басқа жаттығу түрлеріне үйрету.

Спорттық жаттығулар

Спорттық жаттығулар мен ойындар үшін жағдай жасау.

Балаларды түрлі материалдармен және құрал-жабдықтармен: шана, шаңғы, коньки, велосипед, роликті коньки және т.б. қамтамасыз ету.

Қыста қардан төбешік жасау, қамал соғу, қар үйінділерін жасау, мұз айдынына су құю, мұз жолдарын жасау.

Күніне шамамен 60 минуттан, бір мезгілде 15 минуттан аспайтын дене қимылдарын орындауды қамтамасыз ете отырып, дене шынықтыру әрекеттерін ұйымдастыруға балаларды қатыстыру.

жүктеу 4,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау